kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

1837 - 1847 жылдарда?ы Кенесары ?асым?лы баста?ан к?теріліс.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:. 1837 - 1847 жылдарда?ы Кенесары ?асым?лы баста?ан к?теріліс
Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: Кенесары баста?ан ?лт – азатты? ?оз?алысты? м?н ма?ынасын жете т?сіндіру, к?терілісті? с?тсіздікке ?шырау себептерін ж?не к?терілісті? ма?ызын ашып к?рсету.
Дамытушылы?: К?терілісті? себептерін, ?оз?аушы к?штерін, ма?сатын кесте ар?ылы т?сіндіру, салыстыра білу, ?з пікірін д?лелдермен т?жырымдай білу да?дысын дамыту
Т?рбиелілік: Ту?ан тарихыны? аса ма?ызды о?и?аларын тере? т?сініп, та?ылым алатын ?лтжанды т?л?а т?рбиелеу.
Саба?ты? т?рі: аралас саба?
Саба?ты? ?дісі: Т?сіндіру, кестелер, картамен ж?мыс, венн диаграммасы
К?рнекілігі: карта, слайд, эл. о?улы?, ?дістемелік журнал,  электронды?  о?улы?
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«1837 - 1847 жылдарда?ы Кенесары ?асым?лы баста?ан к?теріліс. »

Нұрым Нұрлыбек Айтуғанұлы

Абай атындағы гимназия мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік мекемесінің тарих пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:. 1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Кенесары бастаған ұлт – азаттық қозғалыстың мән мағынасын жете түсіндіру, көтерілістің сәтсіздікке ұшырау себептерін және көтерілістің маңызын ашып көрсету.
Дамытушылық: Көтерілістің себептерін, қозғаушы күштерін, мақсатын кесте арқылы түсіндіру, салыстыра білу, өз пікірін дәлелдермен тұжырымдай білу дағдысын дамыту
Тәрбиелілік: Туған тарихының аса маңызды оқиғаларын терең түсініп, тағылым алатын ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, кестелер, картамен жұмыс, венн диаграммасы
Көрнекілігі: карта, слайд, эл. оқулық, әдістемелік журнал, электрондық оқулық

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп, сабаққа назарын аудару, топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: тест арқылы тексеру, сұрақтар (бағалау)
III. Жаңа сабақ:
Жоспар:
1. Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері
2. Көтерілістің барысы
3. Кенесарының хандық билігі
4. Көтерілістің маңызы және жеңілу себептер

Кенесары Қасымұлы – саясатшы, мәмілегер, батыр, ұлт – азаттық қозғалысының қолбасшысы, Абылай ханның ісін жалғастырушы, ең соңғы хан. Ол патша үкіметінің озбыр саясатын бейбіт жолмен шешуге тырысып, патша үкіметінің Қазақстандағы өкілдеріне бірнеше рет хат жазып, өздеріне қоныстарын қайтаруды сұрайды.

Көтерілістің басталу себептері:
ХІХ ғ-дың 20жылдарында Ұлы жүздің бір бөлігі, Кіші жүздің оңтүстік өңірі Қоқан бектерінің билігінде болды. Хиуа хандығы шекті, табын, төртқара, байұлы руларына қысым көрсетті. Сыр бойына бекініс тұрғызып, қазақ халқының тыныштығын бұзды. 1822 ж. жарғыдан соң, патша үкіметінің қысым, жазалау саясаты күшейді. Қазақ халқын ежелгі мекенінен айырып, тонау саясатын жүргізді. Осыған қарсы көтеріліс бастаған Саржан Қасымұлын 1836ж. Қоқан ханы өлтірді. 1822 жылдан бастап, Кенесарының әкесі Қасым өзінің балаларымен бірге Ресейге қарсы күрес жүргізді. Қасым да, Есенгелді де азаттық үшін күрес жолында Ташкент билеушілерінің қолынан қаза тапты. Көтерілістің басты себебі: қоқандықтардың езгісінен қазақтарды азат ету, Ресейдің озбырлығын тежеу.
Кенесары әскернің жеке отрядтарын басқарған батырлар: Ағыбай, Иман, Жоламан Тіленшіұлы, Бұқарбай, Бұғыбай, Аңғал батыр, Жеке батыр Байсейіт батыр, Сұраншы батыр.
Көтеріліске әр түрлі ұлт өкілдері қатысты: орыс, өзбек, қырғыз, қазақ т. б

Көтерілістің мақсаты: Қазақстанның Абылай хан кезіндегі аумақтық тұтастығын қалпына келтіру әрі Ресейдің құрамына кірмеген жерлерді сақтап қалу. *Қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату;

Көтерілістің басты қозғаушы күші: Қазақ шаруалары. Сонымен қатар егіншілер, старшындар, сұлтандар да ат салысты.

Көтеріліс қамтылған аймақ:
Барлық үш жүзді қамтыды:
Кіші жүзден - шекті, тама, табын, алшын, шөмекей, жаппас.
Ұлы жүзден – үйсін, дулат және т. б. рулар қатысты.
Үш жүзді қамтыған тұңғыш ірі көтеріліс.

Көтерілістің тарихы маңызы: Халықтың ұлттық сана - сезімінің өскендігін дәлелдеді.

Кенесарыға қойылған талаптар:
1. Патша үкіметі белгіленген шектеулі аймақта ғана көшіп қонуға тиіс болды
2. Кенесары соғыс қимылдарын толық тоқтатып Ресейге бағынуға тиіс болды
3. Кенесарыға қылмыстық істерді қарауға рұқсат берілмеді
4. Орынбор ведмоствосына қарайтын қазақтардың барлығы Ресей империясына 1сом 50 тиын түтін салығын төлеп тұруға міндетті болды
1-топ Кітаппен жұмыс
Кенесарының хаттары:( Оқушылардың өзіне оқулықтан оқытқызамын)
«Біздің ата – бабамыз, - деп жазды Кенесары, - бізге мұра етіп қалдырған Есіл, Нұра, Ақтау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайын, Обаған, Тобыл, Құсмұрын төңірегі және Жайыққа дейінгі жерлер қазіргі патшаның тұсында бізден тартып алынып, оларға әскери бекіністер салынды. Енді біздің жерімізді күнде басып алып, оған бекіністер орнатып жатыр. Бұл әрекет халықты барынша ашындырып отыр. Мұның өзі біздің болашағымызға ғана емес, қазіргі тіршілігімізге де зор қауіп туғызып отыр». бірақ оған патшада, оның Қазақстандағы әкімдері де құлақ аспай, қайта отаршылдықты үдете түседі.
2-топ
Орынбор генерал – губернаторына жазған хаттарында: «Мен өзімнің қазақтарым егін егу, аң аулау және басқа да бейбіт кәсіптермен шұғылданған кезде ғана тыныш өмір сүре аламын» десе, енді бір хатында патша әкімдерін достық – татулық қатынаста болуға шақырады: «біз достық пен ынтымақтастықта өмір сүрсек, қандай жақсы болар еді», дейді.
3-топ
Кенесары патша өкіметімен келісу әрекетінен еш нәтиже шықпағаннан кейін, қару алып күресуге бел байлайды. Бұл туралы патша өкіметіне жазған соңғы хаттарының бірінде: «1825 жылдан 1840 жылға дейін патша өкіметінің әскерлері біздің ауылдарымызды 15 рет шауып кетті. Сондықтан біздер, қазақтар, мұндай қысымға, талан – таражға, кісі өлтірушілікке шыдай алмай, лажсыздан басымыздың ауған жағына көшіп жүрдік. Бірақ олар сондада тыныштық бермеді. Сол себептіде мен – Кенесары Қасымұлы, қаруланып алып, ұлы күресті бастауға аттандым», - дейді. Ал ағалары мен әкесі өлгеннен кейін, 1836 жылдан бастап, көтерілістің басшысы болады.
1-топ Көтерілістің барысы: хронологиялық кесте жасау:
Жылдар. Оқиғалар
1837ж, қараша: Петропавл қаласынан шыққан Ақтау бекінісі казактарына алғаш рет шабуыл жасады.
1838ж, 26 мамырда: Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жіберді.
1838ж, күзінен: Қозғалыс Кіші жүзді шарпып, оған би Жоламан Тіленшіұлы қосылды.
1841ж, тамыз: Кенесары қолының Ташкентке шабуылы жұқпалы аурудың таратылуынан тоқтатылды.

Патша үкіметінің көтеріліске қарсы жүргізген шаралары.
Орынбор генерал – губернаторы Обручев әскері жіберілді.
Сібірден Сотников тобы аттанды.(1842ж)
І Николай Старшина Лебедевтің 300 казактан тұратын тобын жіберуге келісім берді(1842).
Сұлтан Жантөреұлы, Айшуақұлы, полковник Герн, Бизанов бастаған 5 мыңдық топ ұйымдастырылды.(1843. ж. 27 маусым)
Көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлының тобын қоршап, 44 сұлтанды мерт қылды.(1843. ж)
Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін войсковолық старшина Леведев Орынборға шақырылып, сотқа берілді.(18447ж721 - 22 шілде)
Ырғыз, Торғай өзендері бойында бекіністер салынды(. 1844 - 1845. ж. ж)
1845ж. қазан, қарашада: Көтерілісшілер Созақ, Жаңа жүлек, Қорған бекіністерін алды.
1847ж, сәуірде Кенесары 10мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді
1847ж: Майтөбе түбіндегі шайқаста Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты
2-топ

"Цифрлар сөйлейді" ойыны.
1837 ж. К.Қасымұлы казак отрядына шабуыл
1838ж. Кенесары өзінің адамдарын Батыс Сібір генерал-губернаторына жіберіп, оған арнайы хат жолдады.Хатында Ақтау бекінісі мен Ақмола приказын жоюды, Омбыда тұтқында отырған өз адамдарын түгел босатуды талап етті.
1838 ж. тамыз Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жіберді.
1838 ж. 7 тамызында Кенесарының сарбаздары бекіністі өрт шығаратын жебелермен атқылады.Бекініс өртке оралды.
1840 ж. Орынбор губернаторы патша үкіметінің Кенесарыға кешірім жасауына қол жеткізді.Кенесарының тұтқынға алынған туған-туыстарының барлығы да түрмеден босатылды.
3-топ
«Кестені сәйкестендіру»
Оқушылар жылдар мен болған оқиғаларды сәйкестендіреді.(Қалам арқылы апарады)
1841 ж. Кенесары Қасымұлы хан сайланды.
1842 ж. Орынбор губернаторы Перовскийді Обручев алмастырды.
1843 ж. Ресей императоры қазақ ханына қарсы жорық ұйымдастыру жөнінде жарлық шығарды.
1844 ж. Кенесары хан сұлтан Жантөреұлының тобын қоршап, 44 сұлтанды мерт қылды.
1845 ж. Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов пен Герн келді.
1847 ж. Кенесары 10 мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді.
IV .Картамен жұмыс
1842ж. 1843ж. 1844ж. 1845ж. 1847ж.
Көтерілістің жеңілуі, тарихи маңызы
Көтерілістің жеңілу себептері
- Көптеген қазақ феодалдары Кенесарыны қолдамады
- Қазақ халқы арасында рулық алауыздықтар,
руға жіктелу басым болды.
- Көтерілісті қолдамаған ауылдарға Кенесары
аса қатты жаза қолданды.
- Қазақтар қырғыздармен, қоқандықтармен болған шайқастарда Кенесарыны қолдамады.
- Оңтүстікте Қоқан бектеріне қарсы ұйымдастырылған шайқаста әлсіреген
Кенесары қолы Ресей патша қарсы тұра алмады.
Тарихи маңызы
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс - XIX ғасырдағы барлық Қазақстан жерін қамтыған аса ірі отаршылдыққа қарсы бағытталған азаттық көтеріліс. Патша үкіметінің Қазақстан жерінде отарлау саясатын жүргізіп отырғанын дәлелдеді. Патша үкіметінің Қазақстанның оңтүстік өңірінің отарлауын біраз уақытқа кешеуілдете түсті.
Кенесары Қасымұлының өмірі мен қызметі болашақ ұрпаққа өшпес өнеге.
Құжатпен жұмыс
1.Кенесарының жіберген елшілері Қытай шебінде қандай міндет атқарды?
2.Қытай Кенесарыны және оның әскерлерін өз жеріне жіберуден неге бас тартты?
Жаңа сөздер:
Зекет - мал өсірушілер
Ұшыр - диқандардан алынатын салық
Жасауылдар - сенімді адамдары
Манап - қырғыздардың ақсүйек рубасылары
Номадтар - көшпелі қазақтар
Көтерілістің жеңілу себебі:
- Ресей билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдық мемлекет құруға мүдделі болмауы.
Руаралық қайшылықтар.
- Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға қаталдық көрсетуі.
V. Сырым мен Кенесары көтерілісінің салыстырмалы сипаты.” Венн диаграмма”
Деңгейлік тапсырмалар (таратып беру)
VI. Бекіту
Тест (Тест (1-5) жауабын бірден лупа арқылы тексеруге болады, (6-10) келесі бетін штор жауып қою арқылы қолдану)
1.1837-1847ж.ж. көтерілістегі Кенесарының әпкесі?
А) Бопай В) Сапара С) Томирис
2.К.Қасымұлы бастаған көтеріліс қай жылдары болды?
А) 1827-1837ж.ж. В) 1847-1857ж.ж. С) 1837-1847 ж.ж.
3.1844 ж. К.Қасымұлы ірі жеңіске жетті.Жеңіліске ұшыраған топты кім басқарды?
А) Лебедев В) Дуниковский С) Жантөре
4.Қай жердегі шайқаста Кенесары жеңіліс тапты?
А) Жетісу В) Тоқмақ С) Майтөбе
5.Кенесары бастаған көтеріліс қандай сипатқа ие болды?
А) Отаршылдыққа қарсы
В) Қоқан хандығына қарсы
С) Феодализмге қарсы
6.К.Қасымұлы қай жылы хандық билікті қолына алды?
А) 1837ж. В) 1845ж. С) 1841ж.
7.Кенесары көтеріліс барысында қандай мемлекет құрды?
А) Діни В) Феодалдық С) Олигархиялық
8.К.Қасымұлының көтерілісі Қазақстанның қай бөлігін қамтыды?
А) Тек қана Орта жүз В) ҰлыЖүз бен Кіші Жүзді С) Бүкіл Қазақстанды
9.1841 ж. К.Қасымұлын хандыққа сайлауға қандай оқиға себепші болды?
А) Жантөре ұлын жеңу В) Қоқан бекінісін алу С) Қырғызға жасалған жорық
10.Қай жылы Кенесары қырғыз жеріне басып кірді?
А) 1845ж. В) 1846ж. С) 1847ж.

VII. Қорытындылау

VIIІ. Үйге тапсырма: § 10. Оқу, түсінік бер
Кенесары Қасымұлымен байланысты қосымша мәліметтер оқып келу, Тест жұмысы
«Тәуелсіздік тірегім» эссе жазып келу

ІХ. Бағалау

























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
1837 - 1847 жылдарда?ы Кенесары ?асым?лы баста?ан к?теріліс.

Автор: Н?рым Н?рлыбек Айтуганович

Дата: 17.02.2015

Номер свидетельства: 174534


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства