1. Кетпендi егiншiлiк: A) Қалайы дәуiрде пайда болды. B) Тас дәуiрде пайда болды. C) Темiр дәуiрде пайда болды. D) Қола дәуiрде пайда болды. E) Мыс дәуiрде пайда болды. |
2. « Дұшпанға қатал, досқа адал» грек ғалымдарының ойынша, бұл: A) Сақ жауынгерi туралы айтылған ой. B) Сақ көсемi туралы айтылған ой. C) Сақ абызы туралы айтылған ой. D) Сақ егiншiсi туралы айтылған ой. E) Сақ патшасы туралы айтылған ой. |
3. Сақтарға қарсы соғыста жеңiлiп, өлтiрiлген парсы патшасы: A) Дарий. B) Зарина. C) Томирис. D) Кир. E) Александр Макенонский. |
4. Пугачев көтерілісінен кейін Кіші жүзде басталған көтерілістің басшысы: A) Сырым. B) Бекет. C) Махамбет. D) Исатай. E) Жанғожа. |
5. Қамыстан не ағаштан жасалған музыкалық аспап: A) Қобыз. B) Даңғара. C) Сыбызғы. D) Шаңқобыз. E) Домбыра. |
6. Абылай хан қай жылы дүние салды? A) 1771 жылы. B) 1748 жылы C) 1773 жылы D) 1781 жылы. E) 1711 жылы. |
7. «Барлық Азия елдері үшін Орда кілт пен қақпа, себебі Орда Ресейге тәуелді болуы керек» - деп айтқан: A) I Павел. B) Елизавета Петровна. C) I Александр. D) I Петр. E) I Николай. |
8. Абылай ханның кеңесшісі, әрі Қазақ хандығы дербестігінің жаршысы: A) Қорқыт. B) Үмбетей. C) Бұқар. D) Қазанғап. E) Тәтіғара. |
9. Жоңғария қартасын жасаған тұтқындағы швед: A) И.Муравин. B) И.Г.Ренат. C) Д.Гладышев. D) Н.П.Рычков. E) Я.Гуляев. |
10. Ф.И.Голощекин ұсынған идея: A) «Азық-түлік салғырты». B) «Индустрияландыру». C) «Әскери коммунизм». D) «Кіші Қазан». E) «ЖЭС». |
11. Оғыз мемлекеті өмір сүрген кезең: A) V ғасырда. B) ІV ғасырда. C) VІІ ғасырда. D) ІХ ғасырда. E) ІХ-ХІ ғасырларда. |
12. Жалайырларда ұлыстардың ішкі істерін лауазымды адамдар жүргізген. Бұл лауазым иелерін хан өзі тағайындап, атақ берген: A) Гурхан. B) Шерби. C) Ұлысбегі. D) Тәйжі. E) Түмен. |
13. Қарақытайларда мемлекет билеушісі Гурханға харадж салығын төлегендер: A) Әскери басшылар. B) Ірі қала әкімдері. C) Шаруашылық басшылары. D) Салық жинаушылар. E) Үстем тап өкілдері. |
14. 1208 жылы қарақытайлар қандай тайпадан жеңіліс тапты? A) Керейіт тайпасынан. B) Қыпшақ тайпасынан. C) Оғыздардан. D) Монғол тайпасынан. E) Наймандардан. |
15. Қарахан мемлекетінің негізін қалаған жүйе: A) Рулық. B) Үлестік. C) Сатылық бағыну жүйесі. D) Иқталық. E) Вакфтық. |
16. XI ғасырда Қазақстанның қыпшақ мемлекетінің құрамына кірмеген бөлігі: A) Жетісу. B) Ішкі орда. C) Солтүстік бөлігі. D) Орталық бөлігі. E) Батыс бөлігі. |
17. Түріктер өздерінің әліпбиін жасар кезде нені негіз етіп алғанын табыңыз. A) Ру тайпаларының атын. B) Қытай жазуын. C) Адамның қимылын. D) Төрт түлік малдың қимылын. E) Ру тайпаларының таңбасын. |
18. Ежелгі Қытай деректері бойынша "түрік" сөзінің шығу тегі. A) яғбу B) теле C) тегін D) жағбу E) шад |
19. Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс болды: A) 1783-1797 жылдары. B) 1837-1847 жылдары. C) 1836-1838 жылдары. D) 1773-1775 жылдары. E) 1867-1868 жылдары |
20. XX ғасырдың басында “Қазақ” атты апталық газетінің ұйымдастырушысы: A) Ә.Бөкейханов. B) М.Дулатов. C) М.Сералин. D) А.Байтұрсынов. E) С.Сейфуллин. |
21. Халық қолдауымен Жанқожа батыр Хиуа бекінісін құлатты: A) 1842 жылы. B) 1843 жылы. C) 1841 жылы. D) 1840 жылы. E) 1844 жылы. |
22. 1916 жылы 10 мыңнан астам қазақ-қырғыз көтерілісшілері басып алған елді мекен: A) Ыстықкөл. B) Ұзынағаш. C) Бішкек. D) Наманган. E) Тоқмақ. |
23. Амангелді бастаған көтерілісшілердің жазалаушы отрядымен болған қайғылы ұрысының мекені: A) Аққұм маңы. B) Батпаққара жазығы. C) Доғал-Үрпек түбі. D) Жетісу өңірі. E) Торғай қаласы. |
24. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде Торғай уезінің қыпшақтары хан етіп сайлады: A) К.Көкімаевті. B) О.Шоңовті. C) Т.Бокинді. D) Ә.Жанбосыновты. E) А.Имановті. |
25. Уақытша үкіметтің Ресей жерінде ұлттық келісім орнатуға бағыттаған шешімінің бірі: A) Тыл жұмысына алынған бұратаналарды отанына қайтару туралы шешім. B) Азаматтардың бостандығы мен құқықтарына кепілдік беру туралы шешім. C) Әр азаматтар өз тілдерінде білім алуға мүмкіндік туғызу туралы шешім. D) Аз ұлттарға автономия беру мәселесі. E) 1917 жылғы 20-наурыздағы азаматтардың дін ұстануына немесе ұлтқа жататындығына байланысты құқықтарын шектеудің күшін жою туралы шешім. |
26. Адамдар алғаш металдан құрал сайман жасауды: A) б.з. I мыңжылдығында үйренді. B) б.з.б. III-II мыңжылдықта үйренді. C) б.з.б. V-IV мыңжылдықта үйренді. D) б.з.б. II-I мыңжылдықта үйренді. E) б.з.б. IV-III мыңжылдықта үйренді. |
27. Көлемі 850 мың шақырым жерді алып жатқан аймақ: A) Жетісу. B) Кіші жүз. C) Ұлы жүз бен Кіші жүз. D) Ұлы жүз. E) Орта жүз. |
28. 1917 жылы билікке келген большевиктерге негізгі қарсылас, яғни оппозиция болған саяси күш: A) Алаш партиясы. B) Кадеттер партиясы. C) Ислам партиясы. D) Түркістан федералистер партиясы. E) «Үш жүз » партиясы. |
29. «Алашорда» үкіметі таратылды: A) 1920 жылы 9- наурызда. B) 1920 жылы 11-желтоқсанда. C) 1920 жылы 2-қыркүйекте. D) 1919 жылы 20-наурызда. E) 1919 жылы 18-ақпанда. |
30. Бұл мемлекет Маңғыстау мен Үстіртте қыстап, Жем, Сағыз, Ойыл, Қобда, Жайық өзендерінің аңғарларын жайлаған: A) Оғыз. B) Найман. C) Қыпшақ. D) Қарахан. E) Қимақ. |