kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жа?аша о?ыту -заман талабы" педагогикалы? о?у

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ай п?нді о?ытса? та,  о?ыту  процесі  о?ыту  ?дістері  ар?ылы  ж?зеге  асады. ?р  саба?ты  о?ытуда  ?діс  т?сілдерді  де  та?дап   алып  пайдаланамын. Мен т?жірибемде  жиі  ?олданылып  ж?рген  ?дісті?  бірі - ойын  технологиясы. Дидактикалы?  ойындарды?  ма?саты  мен  міндеттері : Баланы?   ынтасын    саба??а  аудару?а, к??іл ?ой?ызу?а, ?абылдауын же?ілдетуге, білімді  игеруге  к?мектеседі.

?орыта  келе  мынандай  басты  ба?ыттарды ата?ым  келеді:

1.Саба?ты?  ма?сатыны?  д?рыс  ?ойылуы;

2.Топ?а  б?ліп  о?ыту

3.С?ра?ты?  д?рыс  ?ойылуы

4.?діс т?сілдерді?  тиімділігіне  м?н беру

5. Саба? со?ынан талдау  жасалып, келесі  саба?та  кемшіліктерді  жою?а  ба?ыттау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жа?аша о?ыту -заман талабы" педагогикалы? о?у »





Аудандық педагогикалық оқу









«Жаңаша оқыту - заман талабы»

















Жылқыбекова Жаңагүл – тарих пәнінің мұғалімі



№ 28 мектеп





Бүгінде Қазақстан мемлекеттік және ұлттық дамудың жаңа сапалық деңгейіне көтеріліп келеді. Бұл орайда барлық мүмкіндіктер іске қосылуда. Қоғамның экономикасын әлемдік деңгейге көтеру білім беру жүйесін дамытуға тәуелді. Осы ретте Қазақстан Республикасы, әсіресе, тәуелсіздік кезеңінен соң әлемдік деңгейден артта қалмау үшін білім беру жүйесінде әлемдік білім деңгейіне көтерілу, оқытудың жаңа әдістерін қолдау сияқты маңызды, әрі түбегейлі жаңаша міндеттер қойылып отыр.

Сондықтан да, бүгінгі күні білім беру жүйесінде оқыту үрдісін тың иделарға негізделген мазмұн және технологиялармен қамтамасыз ету міндеті тұр, ол- Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық саяси өміріне белсенді араласуға дайын құзіретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету.

Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, білімді, жан- жақты дамыған маман болу мүмкін емес. Мұғалімнің теориялық білімі толық болып, педагогикалық әдіс - тәсілдерді жеткілікті меңгеріп, ақпаттық коммуникациялық технологияларды тиімді қолдануы табысты мұғалім болуына жетелейді.

Осыған қарап, ХХІ ғасырда мұғалімге қойылатын талаптар зор екенін көреміз. Еліміздегі жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте қажет екендігін мемлекетіміздің Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, жаңа технологиялық әдіс - тәсілдерді мектеп өміріне енгізу, оны әр пән мұғалімінің тиімді пайдалана білуі бүгінгі таңда білім сапасын арттырудың бірден - бір жолы. Мұғалім оқушының өзін- өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға атсалысу керек. Өйткені, бұл тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке үйлестіруге апаратын сара жол. Бүкіл дүниежүзіндегі болып жатқан осындай құндылықтардың өзгеруі жасұрпақты жаңа ғасырға дайындау міндетімен байланысты.

Орта білім беру саласында жоғары табысқа қол жеткізетін анағұрлым тиімді оқу стратегиялары арасында сындарлы теорияны басшылыққа алатын тәсіл Батыс елдерінде кеңінен тараған. «Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең ұғыну қабілетін арттыру , мектепте сіңірген білімдерін өмірде, әртүрлі жағдайда тиімді пайдалана білуін көздейді».

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасының мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез- келген құбылыс пен заттарға , әрекет пен мазмұнға сын тұрғысынан қарап, көптеген піірдің ішінен біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.

Менің ойымша сыни тұрғыдан ойлауға үйрету оқушылардың қай нәрсеге болса да терең оймен қарап, салыстыра талдау жасап, көзқарасын білдіру, өзіндік менін қалыптастыру, өз ойын тұжырымды жеткізе білуі. Жалпы айтатын болсақ, сын тұрғыдан ойлау дегеніміз – баланы ойлауға үйрету Ойлау арқылы бала көп нәрсеге қол жеткізуі мүмкін! Шығыс даналығы былай дейді: «маған айтсаң , ұмытып қаламын, көрсетсең есімде қалады. Ал өзім істесем, үйреніп алам». Яғни, баланың қызығушылығын ояту, ынтасын жетелеу арқылы оқыту, үйрету қажет деген сөз. Сын тұрғысынан ойлауда ең басты назар аударатын мәселе сұрақтың дұрыс қойылуы.

Сұрақтарға жауап беру арқылы оқушыларда ойлану үдерісі жүретіндей тақырыпты өзіндік ойымен жеткізетіндей ықпал жасалуы керек. Төменнен жоғарға деңгейге жеткізу үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыруы шарт.

Білім сапасы – норма ретінде қабылданған кейбір оқу және оқыту шарттарына жатқызылған білім беру саласындағы тұлға тарапынан да, әлеумет тарапынан да да қажеттіліктерді қағаттандыру деңгейінің бағасы. Барлық сабақта инетактивті тақтаның көмегімен слаид –ұсынылымдар мен сабақтың белгілі бір кезеңінде қарастырылған оқу материалы салыстырылып қарастырылып отырады. Тарихты оқыту- өзара байланысты және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі үдеріс. Ол оқыту мақсаты – оның мазмұны – білім беру және оны игеруге басшылық жасау - оқушылардың оқу әрекеті оқыту нәтижесі деген тізбекті құрайды. Сабақ барысында қазіргі оқытудың ең тиімді тәсілі топқа бөліп оқыту арқылы оқушыларды бірін – бірі оқытуға, бір- біріне көмек көретуге, бірлесіп жұмыс жасауға үйрету. Мұндай әдіс сыныптағы әсіресе А деңгейлі оқушылардың сабаққа деген ынтасының артқандығын байқауға болады. Өйткені, топтың көмегімен өзін жайлы сезінеді. Сондықтан әрбір мұғалім сыныптағы төмен деңгейлі оқушыларды үнемі ынталандырып отыруды ұмытпағаны дұрыс. Мен өзімінің пәнім тарих сабағының басым бөлігі мәтінді оқуға бағытталғандықтан, оқушылардың оқу деңгейін бағалап және оқыған мәтінді талқылағандары жөн деп санймын. Мысалы мен Қазақстан тарихы 9-сыныпта «Тың және тыңайған жерлерді игеру тақырыбы» бойынша «дебат» ойыны арқылы өткіздім. Сыныпты үшке бөліп, «Жақтаушы» , «Даттаушы» «Бақылаушы» бойынша өз позицияларын қорғауға тапсырма бердім. Екі «Жақтаушы» және «Даттаушы» топтарына мынадай тақырыпты : «Тың игерудің Қазақстан халқының шаруашылығы мен тұрмысын жақсартуға пайдасы зор» . «ия», «жоқ» деген өз көзқарастарын қорғай отырып, сабақтың негізгі мақсаты білімді иегеру бойынша жақсы аша білді. Топтық жұмыстарда ол – алтын қазғанмен бірдей, Уақыт жетпейді. Кейде бір мәселені талқылауда оқушылар уақыттан шығып кетеді. Интерактивті тапсырмалар кезең – кезеңге бөліп тастауға келмейді. Өйткені оның аяқталғаннан гөрі, орындалғаны маңызды. Бастысы – сан емес, сапа. Сондықтанда оқушылар тақырып бойынша өз ойларын аяқтағанша күтуге тура келді. Сабақты түсініп қана қоймай сол тақырып туралы өзіндік талдау жасалып, сол саясатқа өз бағасын берді. Тақырыпты өз мәнінде терең меңгеру үшін осындай дағдыларды қалыптастыру қажет. Сонымен бірге үй тапсырмасын сұрауда «кім жылдам?», «Тұлғаны таны», «Аяқталмаған тезис» сынды әдістерді пайдалансам, сабақты бекітуде «тарихи сынақхат», «сәйкестендіру» сияқты әдістерді көбірек қолданамын.

Қай пәнді оқытсақ та, оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Әр сабақты оқытуда әдіс – тәсілдерді де таңдап алып пайдаланамын.Мен өз тәжірибемде жиі қолданып жүрген әдістің бірі – ойын технологиясы. Педагогика саласында пайдаланатын ойындарды – дидактикалық ойындар дейді. Дидактикалық ойындардың мақсаты мен міндеттері: баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға , қабылдауын жеңілдетуге, білімді игеруге көмектеседі. Сабаққа эмоциялық бояу береді.

Сонымен бірге, мұғалім өтізілген күнделікті сабақтан соң сабаққа талдау жасап, кеткен кемшілктерді жою үшін, келесі сабаққа мақсатты айқын анықтап алу қажет. Үнемі ізденісте, сыныптағы әрбір оқушыға сабақ барысында қолайлы ортаны туғыза отырып, олардың деңгейін жоғары көтеру бағытында жұмыстар жасап отырса, мұғалімнің еңбегі өз жемісін берері хақ.

Қорыта келе мынандай басты бағыттардыайқындап атағым келеді.

1.Сабақ мақсатының дұрыс қойылуы;

2.Топқа бөліп оқыту ;

3. Сұрақтың дұрыс қойылуы;

4. Әдіс – тәсілдердің тиімділігіне мән беру;

5.Сабақ соңынан талдау жасалып, келесі сабақта кемшіліктерді жоюға бағыттау;

Барлық мұғалімдер осы кезеңдерді мұқият назарға алса, заманға сай оқушы шығарады деп есептеймін.







Пайдаланылған әдебиеттер:





  1. «Қазақстан тарихы: «әдістемелік журнал» №9.2012 ж



  1. «Қазақстан тарихы: «әдістемелік журнал» №11.2013 ж














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
"Жа?аша о?ыту -заман талабы" педагогикалы? о?у

Автор: Жыл?ыбекова Жа?аг?л Алдажар?ызы

Дата: 16.03.2015

Номер свидетельства: 187159


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства