kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?лы Отан со?ысы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?лы Отан со?ысы

?лы Отан со?ысы (1941—1945) — Ке?ес Ода?ыны? нацистік Алмания?а ж?не оны? еуропалы? ода?тастарына (Мажарстан, Италия, Румыния, Финландия, Словакия, Хорватия) ?арсы ж?ргізген со?ысы; Екінші Д?ниеж?зілік со?ысты? е? ма?ызды ж?не шешуші б?лігі.

«?лы Отан со?ысы» ??ымы

«?лы Отан со?ысы» ??ымы 1941 жыл?ы шілдені? 3-інде Сталинні? радио ар?ылы с?йлеген с?зінен кейін пайда болды. Сталин ?з с?зінде «?лы» ж?не «отан» деген с?здерді б?лек-б?лек, бір-бірімен байланыстырмай ?олданды. «?лы Отан со?ысы» с?з тіркесі к?птеген бас?а тілдерде де ?олданылады (орыс. Вели?кая Оте?чественная война?, а?ылш. Great Patriotic War, нем. Großer Vaterländischer Krieg), кейбір авторлар «Екінші Д?ниеж?зілік со?ысты? шы?ыс майданы» деген с?з тіркесін ?олданады (б?л Германия ?олдан?ан «шы?ыс майдан» деген ??ым?а жа?ын).
Со?ысты? ал?ышарттары: Германия

1929 жылы бастал?ан б?кілд?ниеж?зілік экономикалы? да?дарысты? салдарынан 1933 жылы Германияда билік басына NSDAP («?лтшыл-социалистік неміс ж?мысшы партиясы») келді. Германияда Бірінші Д?ниеж?зілік со?ыста жіберіп ал?ан есесін ?айтару?а дайынды??а кірісіп кетті.

Бірінші д?ниеж?зілік со?ыста же?іске жеткен елдер (А?Ш, ?лыбритания, Франция) ж?ргізген араласпау саясатыны? ар?асында Германия ?зіне Версаль келісімінде ?ойыл?ан талаптарды орындауды м?лдем то?татты. Оны? ?стіне А?Ш-ты? компаниялары Германияны? ?арулануына ?олайлы жа?дай жаса?ан ?аржы ж?не материалдарды жіберіп отырды. 1926-33 жылдары Ке?ес Ода?ын Липецк ж?не ?азан ?алаларында?ы полигондарда герман ?арулы к?штеріні? офицерлерін дайындау?а атсалысты.

1936 жылы Германия Версаль келісіміні? бір бабын б?зып, Рейн айма?ына ?скерлерін кіргізді. Сол жылы ол Испанияда?ы азамат со?ысына араласып, б?лік шы?ар?ан Франконы? ?скерлеріне ?скери ?олдау к?рсете бастады.

1933 жылы билік басына ?лтшыл-социалистер келгеннен кейін Германияда антикоммунистік ж?не антике?естік к?з?арастар к?шейе бастады. 30-шы жылдарды? ортасынан бастап герман ?кіметі міндетті т?рде жа?ын арада КСРО-мен со?ыс болатыны туралы жариялай бастады. Германияны? ?скери доктринасы Ке?естер Ода?ын ы?тимал ?арсылас ретінде ?арастыра бастады. 1938 жылы герман армиясында ЖШ??-ні? («Ж?мысшы ж?не шаруаларды? ?ызыл ?скері») ?скери техникасы, ?скери ?ызметкерлеріні?айырым белгілері ж?не тактикасы зерттеле бастады.

1938 жылды? наурыз айында Австрияда референдум ?ткізіліп, Германия оны ?зіне ?осып алды (?ара?ыз: Аншлюс). 1938 жылы Германия, Италия, Англия мен Франция арасында жасал?ан Мюнхен келісімі бойынша Германия?а Чехословакияны? Судет айма?ында т?ратын немістерді ?ор?ау ма?сатымен сол айма?ты ?зіне ?осып алу?а р??сат берді. Кейін Германия Чехословакияны? ?ал?ан б?лігін де оккупациялады (Польшаны? ?атысуымен).

1939 жылды? ?ысында Германия Польша?а «Данциг м?селесін» шешуді ?сынды. Польша бас тартты. ?итлер осы м?селені Польша?а ?арсы со?ысу ?шін ?олданды.

1939 жыл?ы тамыз айында Германия мен Ке?естер Ода?ыны? арасында шабуыл жасаспау туралы келісім жасалды. Келісімні? ??пия ?осымшасы бойынша Германия мен КСРО Еуропаны ?зара ы?палдар айма?ына б?лісіп алды.

1939 жыл?ы ?ырк?йекті? 1-інде Германия Польша?а ?арсы со?ыс бастады. Б?дан кейін ?лыбритания мен Франция Германия?а со?ыс жариялап Польша?а ?олдау к?рсетті. Екінші д?ниеж?зілік со?ыс басталып кетті. Герман ?скерлері 2 аптаны? ішінде поляк ?арулы к?штерін тал?андап, поляктар ?оныстан?ан шы?ыс шекарасы Керзон сызы?ына дейін жетті.

1940 жылы Германия Дания мен Норвегияны (Дания-Норвегия операциясы), сосын Бельгия, Недерланд, Люксембургті ж?не Францияны? жартысын жаулап алды. Франция тізе б?гуге м?жб?р болды (Франция жоры?ы).

Францияны? тізе б?гуінен кейін ?лыбритания Германияны? жал?ыз ?арсыласы болып ?алды. Германия о?ан бітім жасасу?а ?сынды, біра? ?лыбритания б?л ?сынысты ?абылдамай тастады. 1940 жыл?ы шілдені? 16-сында ?итлер ?лыбританияны? жеріне басып кіруді ?йымдастыру туралы директива?а ?ол ?ойды («Те?із арыстаны операциясы»). Біра? герман ?скери те?із к?штеріні? басшылы?ы британиялы? те?із к?штеріні? ?уатыны? зор екендігіне ж?не вермахтта десантты? операциялар т?жірибесіні? жо?ты?ын тілге тиек етіп, ?скери ?уе к?штеріні? ?уеде басымдылы??а ие болуын талап етеді. ?лыбританияны? ?скери-экономикалы? ?леуетін ?лсірету ?шін, хал?ыны? са?ын сындыру ?шін, басып кіруге дайынды? ?шін ж?не британиялы?тарды? ?арсыласу?а деген еркін жою ?шін 1940 жылды? тамызынан бастап немістер британиялы? ?алаларды ?уеден бомбылау нау?анын бастайды (Британия шай?асы).

А?ылшындар бомбылауды? н?тижесінде бейбіт т?р?ындарды? арасында к?п адам шы?ынын бастан кешіруге м?жб?р болса да, олар неміс ?скери ?уе к?штерін к?п шы?ын?а ?шыратып, «Британия шай?асынан» же?імпаз болып шы?ты. 1940 жылды? желто?сан айынан бастап ауа райыны? к?рт нашарлауынан герман ??К (Л?фтваффені?) шабуылдарыны? ?ар?ыны ?атты б?се?сіді. Немістер ?здеріні? басты ма?саттары — ?лыбританияны бітімге келуге м?жб?р етуге ?ол жеткізе алмады.

1940 жыл?ы шілдені? 31-нде жо?ар?ы ?скери басшылы?пен ?ткізген ке?есінде ?итлер Ресейді 1941 жылды? к?ктемінде тал?андау керек, себебі егер Ресей тал?андалса, онда ?лыбританияны? со??ы ?міті ?шеді, с?йтіп ол да тізе б?гуге м?жб?р болады деп жариялады[1]. 1940 жылды? шілде-желто?сан айларында КСРО-мен со?ысты? бірнеше жоспары ?арастырыла бастады, соны? ішінде ОК?-ны? (?скерді? бас штабы), генерал Э. Марксты?, Зоденштернні? жоспарлары ж?не та?ы бас?а жоспарлар ?арастырыла бастады. К?п тал?ылауды?, ?скери-штабты? ойындарды? ж?не ?итлерді? ?з ке?сесінде, ??рлы? ?скеріні? штабында ж?не бас?а да штабтарда ?ткізілген тал?ыласуларды? н?тижесінде 1940 жыл?ы желто?санны? 5-інде генерал-полковник Ф. Гальдер ?сын?ан жоспарды? («Отто жоспары») т?бегейлі жобасы ма??лданды.

1940 жыл?ы ?ырк?йекті? 27-сінде Германия, Италия мен Жапония «?штік пакт» деп аталатын келісімге ?ол ?ойды. Ол келісім бойынша осы елдер ы?пал ж?ргізу айма?тарын б?лісіп алып, ?зара ?скери к?мек к?рсетуге келісті. 1940 жылды? ?араша айында ?ткізілген ке?ес-герман келісс?здерінде неміс дипломаттары осы пакт?а ?осылуды Ке?естер Ода?ына да ?сынды. Ке?е ?кіметі егер Германия Ке?естер Ода?ыны? ?з ?скерлерін Румыния, Болгария, Финляндия ж?не Т?ркия?а енгізуге келіссе, онда ?осылу?а дайынбыз деп жауап берді. Немістер б?л шарт?а келіспеді.

Осыдан кейін ?итлер КСРО-?а шабуылды? жоспарын бекітті. 1940 жыл?ы желто?санны? 18-нде ?арулы к?штерді? (ОКВ-ны?) бас ?олбасшылы?ы ?итлерді? ?зі ?ол ?ой?ан, КСРО-мен болайын деп жат?ан со?ысты? негізгі ма?ынасы ж?не стратегиялы? ба?ыт-ба?дары баяндал?ан № 21 директиваны жіберді («Барбаросса» жоспары). КСРО-мен со?ысты? жоспары 1941 жыл?ы ?а?тарды? 31-інде шы?арыл?ан «?скерлерді стратегиялы? топтау мен орналастыру туралы директива» деген директивада егжей-тегжейлі баяндалды. О?ан ?ол ?ой?ан ??рлы? ?скеріні? бас ?олбасшысы В.Браухич болды.

1940 жылды? ая?ында неміс ?скерлерін басып алын?ан Польшаны? жеріне жылжыту басталды. Сонымен бірге осы ?скерді жылжыту ?лыбритания?а басып кіруді б?ркемелеуге арнал?ан операция ?ана деп Ке?ес ?кіметін алдап-арбау?а ба?ыттал?ан дезинформация нау?аны басталды.

?арашаны? 20-сында ?штік ода??а Венгрия, ?арашаны? 23інде — Румыния, ?арашаны? 24-інде — Словакия, 1941 жылы — Болгария, Финляндия ж?не Испания ?осылды.

1941 жыл?ы наурызды? 25-інде ода??а Югославия да ?осыл?ан болатын, біра? наурызды? 27-сінде британиялы? жансыздарды? т?рткісімен Белградта ?скери т??керіс орын алып, билік басына Симовичты? ?кіметі келді. Ол ?кімет жас ІІ-ші Пётрді патша деп жариялап, Югославияны? бейтарапты?ын жариялады. с?уірді? 5-інде Югославия КСРО-мен досты? ж?не шабуыл жасаспау туралы келісімге ?ол ?ояды. Германия соны болдырмау ?шін Югославияда ?скери жоры? ?ткізіп, Грекияда же?іліске ?шырап жат?ан Италия ?скерлеріне к?мектесуді шешеді. Сол себепті КСРО-?а шабуыл кейінге ысырылды.

1941 жыл?ы с?уірді? 6-сында ірі ?алаларды, темір жол желілерін ж?не аэродромдарды жой?ын бомбыла?аннан кейін Германия мен Венгрия Югославия?а басып кірді. Осы кезде италиян ?скерлері немістерді? ?олдауымен Грекияда шабуыл?а к?шті. Югослав ?скері с?уірді? 17-сінде тізе б?кті.

Югославияны тал?анда?аннан кейін немістер мен италиянды?тар бар к?штерін Грекия?а тастады. Афины ?аласы с?уірді? 27-сінде жау ?олына т?сті.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?лы Отан со?ысы"»

Ұлы Отан соғысы

Ұлы Отан соғысы (1941—1945) — Кеңес Одағының нацистік Алманияға және оның еуропалық одақтастарына (Мажарстан, Италия, Румыния, Финландия, Словакия, Хорватия) қарсы жүргізген соғысы; Екінші Дүниежүзілік соғыстың ең маңызды және шешуші бөлігі.
Мазмұны
1 «Ұлы Отан соғысы» ұғымы
2 Соғыстың алғышарттары: Германия
3 Соғыстың алғышарттары: КСРО
3.1 КСРО-ның жалпы жағдайы
3.2 КСРО-ның 1939-1940 жылдардағы кеңеюі
3.3 Кеңес барлау мекемелерінің ескертулері
3.4 Кеңес Одағының соғысқа дайындық ретінде жасаған шаралары
3.5 Алдын алу соғысына дайындық туралы болжам
4 Шайқастары және операциялары
5 Шығындар
6 Сілтемелер
7 Тағы қараңыз
8 Сыртқы сілтемелер
8.1 Естеліктер

«Ұлы Отан соғысы» ұғымы

«Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. «Ұлы Отан соғысы» сөз тіркесі көптеген басқа тілдерде де қолданылады (орыс. Вели́кая Оте́чественная война́, ағылш. Great Patriotic War, нем. Großer Vaterländischer Krieg), кейбір авторлар «Екінші Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы» деген сөз тіркесін қолданады (бұл Германия қолданған «шығыс майдан» деген ұғымға жақын).
Соғыстың алғышарттары: Германия

1929 жылы басталған бүкілдүниежүзілік экономикалық дағдарыстың салдарынан 1933 жылы Германияда билік басына NSDAP («Ұлтшыл-социалистік неміс жұмысшы партиясы») келді. Германияда Бірінші Дүниежүзілік соғыста жіберіп алған есесін қайтаруға дайындыққа кірісіп кетті.

Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен елдер (АҚШ, Ұлыбритания, Франция) жүргізген араласпау саясатының арқасында Германия өзіне Версаль келісімінде қойылған талаптарды орындауды мүлдем тоқтатты. Оның үстіне АҚШ-тың компаниялары Германияның қарулануына қолайлы жағдай жасаған қаржы және материалдарды жіберіп отырды. 1926-33 жылдары Кеңес Одағын Липецк және Қазан қалаларындағы полигондарда герман қарулы күштерінің офицерлерін дайындауға атсалысты.

1936 жылы Германия Версаль келісімінің бір бабын бұзып, Рейн аймағына әскерлерін кіргізді. Сол жылы ол Испаниядағы азамат соғысына араласып, бүлік шығарған Франконың әскерлеріне әскери қолдау көрсете бастады.

1933 жылы билік басына ұлтшыл-социалистер келгеннен кейін Германияда антикоммунистік және антикеңестік көзқарастар күшейе бастады. 30-шы жылдардың ортасынан бастап герман үкіметі міндетті түрде жақын арада КСРО-мен соғыс болатыны туралы жариялай бастады. Германияның әскери доктринасы Кеңестер Одағын ықтимал қарсылас ретінде қарастыра бастады. 1938 жылы герман армиясында ЖШҚӘ-нің («Жұмысшы және шаруалардың Қызыл Әскері») әскери техникасы, әскери қызметкерлерініңайырым белгілері және тактикасы зерттеле бастады.

1938 жылдың наурыз айында Австрияда референдум өткізіліп, Германия оны өзіне қосып алды (қараңыз: Аншлюс). 1938 жылы Германия, Италия, Англия мен Франция арасында жасалған Мюнхен келісімі бойынша Германияға Чехословакияның Судет аймағында тұратын немістерді қорғау мақсатымен сол аймақты өзіне қосып алуға рұқсат берді. Кейін Германия Чехословакияның қалған бөлігін де оккупациялады (Польшаның қатысуымен).

1939 жылдың қысында Германия Польшаға «Данциг мәселесін» шешуді ұсынды. Польша бас тартты. Һитлер осы мәселені Польшаға қарсы соғысу үшін қолданды.

1939 жылғы тамыз айында Германия мен Кеңестер Одағының арасында шабуыл жасаспау туралы келісім жасалды. Келісімнің құпия қосымшасы бойынша Германия мен КСРО Еуропаны өзара ықпалдар аймағына бөлісіп алды.

1939 жылғы қыркүйектің 1-інде Германия Польшаға қарсы соғыс бастады. Бұдан кейін Ұлыбритания мен Франция Германияға соғыс жариялап Польшаға қолдау көрсетті. Екінші дүниежүзілік соғыс басталып кетті. Герман әскерлері 2 аптаның ішінде поляк қарулы күштерін талқандап, поляктар қоныстанған шығыс шекарасы Керзон сызығына дейін жетті.

1940 жылы Германия Дания мен Норвегияны (Дания-Норвегия операциясы), сосын Бельгия, Недерланд, Люксембургті және Францияның жартысын жаулап алды. Франция тізе бүгуге мәжбүр болды (Франция жорығы).

Францияның тізе бүгуінен кейін Ұлыбритания Германияның жалғыз қарсыласы болып қалды. Германия оған бітім жасасуға ұсынды, бірақ Ұлыбритания бұл ұсынысты қабылдамай тастады. 1940 жылғы шілденің 16-сында Һитлер Ұлыбританияның жеріне басып кіруді ұйымдастыру туралы директиваға қол қойды («Теңіз арыстаны операциясы»). Бірақ герман Әскери теңіз күштерінің басшылығы британиялық теңіз күштерінің қуатының зор екендігіне және вермахтта десанттық операциялар тәжірибесінің жоқтығын тілге тиек етіп, Әскери әуе күштерінің әуеде басымдылыққа ие болуын талап етеді. Ұлыбританияның әскери-экономикалық әлеуетін әлсірету үшін, халқының сағын сындыру үшін, басып кіруге дайындық үшін және британиялықтардың қарсыласуға деген еркін жою үшін 1940 жылдың тамызынан бастап немістер британиялық қалаларды әуеден бомбылау науқанын бастайды (Британия шайқасы).

Ағылшындар бомбылаудың нәтижесінде бейбіт тұрғындардың арасында көп адам шығынын бастан кешіруге мәжбүр болса да, олар неміс әскери әуе күштерін көп шығынға ұшыратып, «Британия шайқасынан» жеңімпаз болып шықты. 1940 жылдың желтоқсан айынан бастап ауа райының күрт нашарлауынан герман ӘӘК (Лүфтваффенің) шабуылдарының қарқыны қатты бәсеңсіді. Немістер өздерінің басты мақсаттары — Ұлыбританияны бітімге келуге мәжбүр етуге қол жеткізе алмады.

1940 жылғы шілденің 31-нде жоғарғы әскери басшылықпен өткізген кеңесінде Һитлер Ресейді 1941 жылдың көктемінде талқандау керек, себебі егер Ресей талқандалса, онда Ұлыбританияның соңғы үміті өшеді, сөйтіп ол да тізе бүгуге мәжбүр болады деп жариялады[1]. 1940 жылдың шілде-желтоқсан айларында КСРО-мен соғыстың бірнеше жоспары қарастырыла бастады, соның ішінде ОКҺ-ның (әскердің бас штабы), генерал Э. Маркстың, Зоденштерннің жоспарлары және тағы басқа жоспарлар қарастырыла бастады. Көп талқылаудың, әскери-штабтық ойындардың және Һитлердің өз кеңсесінде, құрлық әскерінің штабында және басқа да штабтарда өткізілген талқыласулардың нәтижесінде 1940 жылғы желтоқсанның 5-інде генерал-полковник Ф. Гальдер ұсынған жоспардың («Отто жоспары») түбегейлі жобасы мақұлданды.

1940 жылғы қыркүйектің 27-сінде Германия, Италия мен Жапония «Үштік пакт» деп аталатын келісімге қол қойды. Ол келісім бойынша осы елдер ықпал жүргізу аймақтарын бөлісіп алып, өзара әскери көмек көрсетуге келісті. 1940 жылдың қараша айында өткізілген кеңес-герман келіссөздерінде неміс дипломаттары осы пактқа қосылуды Кеңестер Одағына да ұсынды. Кеңе үкіметі егер Германия Кеңестер Одағының өз әскерлерін Румыния, Болгария, Финляндия және Түркияға енгізуге келіссе, онда қосылуға дайынбыз деп жауап берді. Немістер бұл шартқа келіспеді.

Осыдан кейін Һитлер КСРО-ға шабуылдың жоспарын бекітті. 1940 жылғы желтоқсанның 18-нде қарулы күштердің (ОКВ-ның) бас қолбасшылығы Һитлердің өзі қол қойған, КСРО-мен болайын деп жатқан соғыстың негізгі мағынасы және стратегиялық бағыт-бағдары баяндалған № 21 директиваны жіберді («Барбаросса» жоспары). КСРО-мен соғыстың жоспары 1941 жылғы қаңтардың 31-інде шығарылған «Әскерлерді стратегиялық топтау мен орналастыру туралы директива» деген директивада егжей-тегжейлі баяндалды. Оған қол қойған құрлық әскерінің бас қолбасшысы В.Браухич болды.

1940 жылдың аяғында неміс әскерлерін басып алынған Польшаның жеріне жылжыту басталды. Сонымен бірге осы әскерді жылжыту Ұлыбританияға басып кіруді бүркемелеуге арналған операция ғана деп Кеңес үкіметін алдап-арбауға бағытталған дезинформация науқаны басталды.

Қарашаның 20-сында Үштік одаққа Венгрия, қарашаның 23інде — Румыния, қарашаның 24-інде — Словакия, 1941 жылы — Болгария, Финляндия және Испания қосылды.

1941 жылғы наурыздың 25-інде одаққа Югославия да қосылған болатын, бірақ наурыздың 27-сінде британиялық жансыздардың түрткісімен Белградта әскери төңкеріс орын алып, билік басына Симовичтың үкіметі келді. Ол үкімет жас ІІ-ші Пётрді патша деп жариялап, Югославияның бейтараптығын жариялады. сәуірдің 5-інде Югославия КСРО-мен достық және шабуыл жасаспау туралы келісімге қол қояды. Германия соны болдырмау үшін Югославияда әскери жорық өткізіп, Грекияда жеңіліске ұшырап жатқан Италия әскерлеріне көмектесуді шешеді. Сол себепті КСРО-ға шабуыл кейінге ысырылды.

1941 жылғы сәуірдің 6-сында ірі қалаларды, темір жол желілерін және аэродромдарды жойқын бомбылағаннан кейін Германия мен Венгрия Югославияға басып кірді. Осы кезде италиян әскерлері немістердің қолдауымен Грекияда шабуылға көшті. Югослав әскері сәуірдің 17-сінде тізе бүкті.

Югославияны талқандағаннан кейін немістер мен италияндықтар бар күштерін Грекияға тастады. Афины қаласы сәуірдің 27-сінде жау қолына түсті.

1941 жылғы мамырдың 1-інде Һитлер КСРО-ға шабуыл маусымның 22-сінде бастауды түбегейлі шешті.

Негізі, бар орыс әскері біздің шекараларымызда шоғырланып тұр. Ауа райы жылыған кезден бері көп жерлерде қорғаныс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Егер жағдайлардың қысымымен мен неміс авиациясын Англияға қарсы жібере қалатындай болсам, онда Ресей оңтүстік пен солтүстіктен бізге қысым жасай бастайды деген қауіп бар. Солай бола қалған жағдайда әуеде басымдық бізде жоқ болғандықтан мен тек үндемей шегіне беруге ғана мәжбүр боламын. Авиацияның жеткілікті қолдауынсыз мен Шығыстағы дивизиялардың көмегімен орыстардың қорғаныс бекіністеріне шабуылды жасай алмас едім. Осы қауіпке назар аудармаса, онда біз бүкіл 1941 жылды жоғалтып алуымыз ықтимал, соның өзінде де жағдай жақсыға қарай өзгермес еді. Керісінше, Англия өзінің орыс серіктесіне сеніп, бітімге келуге одан бетер қарсыласатын болады. Оның үстіне олардың осы үміттері орыс қарулы күштерінің дайындығы артқан сайын күшей беретін болады. Ал 1942 жылдан бастап америкалықтардың соғыс материалдарын жаппай жөнелтуі басталатынын алыңыз…

Ақыр соңында мен сізге тағы бірдеңені айтқым келіп еді… Мен осы шешімге келгелі бері өзімді іштей азат сезініп отырмын. Мен осы шиеленісті шешуге қаншалықты талпынсам да, Кеңестер Одағымен ынтымақтас болу менің өзімді зәрде қылатын еді. Себебі бұл менің бүкіл өткен өміріме, менің дүниетанымыма, өзімнің бұрынғы барлық борыштарыма қарама-қайшы келетін. Осы ауыр жүктен енді құтылғаныма бақыттымын.

Германияның экономикасы мен бар тіршілігінің милитаризациясы, жаулап алған елдерінің өнеркісібі мен стратегиялық қорларының немістердің қолына түсуі, жаулап алынған және одақтас елдердің арзан жұмыс күшін қолдану Германияның әскери-экономикалық қуатының елеулі түрде артуына әкелді.

Ұлы Отан соғысының қарсаңында Германияның өзінде және жаулап алынған елдер мен одақтас елдерде жылына 439 млн тонна көмір, 31.8 млн тонна болат өндіріліп, 11 мың зеңбірек пен миномет, 11 мың ұшақ шығарылатын, ал 1941 жылдың 1-ші жартысында 1 621 танк пен өздігінен қозғалатын артиллерия қондырғысы шығарылды. Бұл деректерден Германияның өнеркәсіп қуаты жағынан КСРО-ның үстінен басымдылыққа ие болғандығы анық көрінеді.
Соғыстың алғышарттары: КСРО
КСРО-ның жалпы жағдайы

КСРО болашақта болатын жойқын соғысқа 30-шы жылдардың басынан бастап дайындала бастаған болатын. Тек ауыр өнеркәсіп қана емес, өмірдің түрлі-түрлі жақтары, идеология, бұқаралық ақпарат құралдары, тіпті орта білім беру салалары да милитаризацияланды.

Жеделтелген индустриализацияның арқасында 30-шы жылдары КСРО-да қуатты ауыр өнеркәсіп пайда болды. Ол жедел түрде қару-жарақ өндірісіне ауыса алатындай етіп ұйымдастырылды. Бірақ соған қарамастан болат, шойын қорыту, көмір, электр энергиясын, химиялық өндіріс сияқты салаларда Кеңес Одағы Германиядан артта қалып отыр еді. Үшінші Рейхтың қолына бүкіл Батыс және Орталық Еуропаның өнеркәсібі түскен соң бұл артта қалу тереңдей түсті. Кейбір техникалық бағыттарда да Кеңес Одағы Германиядан артта қалған еді. Әсіресе байланыс құралдарын және автомобиль көліктерін жасап шығару жағынан. Кеңес халқының басым көпшілігі (66 пайызы) білім деңгейі төмен дәрежедегі шаруалар болатын, ал Германия әлдеқайда урбанизацияланған, индустриализацияланған ел еді. Көптеген өнім түрлерін жасап шығарудан Кеңес Одағы Германияны артта қалдырған болатын (танкілер, ұшақтар, артиллериялық қару-жарақ, минометтер, оқ атар қару сияқтылар). Кеңес Одағының осал жағы — әскердің байланыс және басқару құралдарымен жарақтануы төмен деңгейде болды. Бұл жағынан Германиядан артта қалу елеулі болатын.

Бір айта кетерлігі — КСРО-да негізгі өндірістік қорлары мемлекеттік меншікте болғаны себебінен және КСРО экономикасы мемлекеттің қатаң қадағалауында болғандықтан өнеркәсіптің милитаризация деңгейі мен соғыс жағдайында жұмыс атқаруға қабілеті Германия экономикасына қарағанда әлдеқайда жоғары болатын. Ал Германияның экономикасы жұмылу деңгейі жағынан 1944 жылы «тотал соғыс» жарияланғаннан кейін ғана кеңес экономикасына жақындай алды. Сондықтан соғыстың басында КСРО экономикасының тиімділігі жоғарырақ деңгейде болды.

КСРО-ның партиялық жетекшілігінің Азаматтық соғыс кезінде қалыптасып, төтенше жағдайларда шаруашылық және әскери басқарудың мол тәжірибесіне ие болғанын да естен шығармау керек. Экономикасы қатаң орталықтандырылған, жетекшілігі «төтенше» шаралар арқылы іске асырылатын, жеке меншік атымен жоқ КСРО соғысқа Германияға қарағанда әлдеқайда ұтымды жағдайда болды. Осы себептер КСРО-ның сол соғыста жеңіске жеткенінің себептерінің бірі болды.

Соған қарамастан ЖШҚӘ өзінің жерінде ірі қорғаныс соғысын жүргізуге дайын еместігін көрсетіп алды. Кейінірек кеңестік тарихнамада бұл «әскери құрылыста, соғыстың басталу уақытын анықтауда жіберілген қателік, әскерді мемлекеттік шекараның маңында орналастыруды кешеуілдету» деп аталды.

1937-1938 жылдары орын алған жаппай қуғын-сүргіннің нәтижесінде ЖШҚӘ-нің басқару буыны ауыр шығынға ұщыраған болатын. 5 маршалдың 3-еуі, 15 армия генералының 13-і, 9адмиралдың 8-і, 57 комкордың 50-і, 186 комдивтің 154-і, 16 әскер комиссарының 16-сы, 28 корпус комиссарының 25-і атылу жазасына кесілді. Әскери округтар мен әскери құрамалардың басына жас, тәжірибесіз басқарушылар тағайындалды. Мысалы, соғыс басталған кезде 17 әскери округ басшыларының 7-еуі, 17 округ штаб басшыларының 4-еуі өз қызметтеріне тағайындалғандарына жарты жыл толмаған еді. 20 армия қолбасшыларынан 13-інің тағайындалғандарына жарты жыл толмай, тек 2-еуі ғана жылдан астам уақыт бұрын тағайындалды. Командирлердің 70%-ының (полк командирінен жоғары) және сол деңгейдегі саяси жұмысшылардың 75%-ының жұмыс стажы (өтілі) жылға жетпеген еді.

Зерттеушілердің пікірінше, қуғын-сүргін әскердің қорғаныс қабілетіне кері әсерін тигізді. Олардың пікірінше кадр «тазалаулары» әскердің моралдық жағдайына кері әсер етіп, кейбір азаматтардың Ұлы Отан соғысы кезінде жау жағына өтулерін қуғын-сүргінмен жуып-шаюларын мүмкін етті.

30-шы жылдардың жаппай қуғындарына тікелей қатысқан Молотовтың пікірінше, егер 30-шы жылдардың оқиғалары орын алмағанда соғыстың кезінде сатқындар мен коллаборационистердің саны әлдеқайда көп болар еді.

30-шы жылдардың аяғында өткізілген ЖШҚӘ-нің инспекторлық тексерістерінің нәтижесінде ондағы әскери тәртіп пен әскери дайындықтың өте төмен деңгейде болғаны анықталды. ЖШҚӘ-нің басқарушы буынының білім деңгейі де төмен болғандығы анық болды. Кеңес өнеркәсібі қамтамасыз еткен қуатты әскери техниканың көптігі де осы кемшіліктердің орнын толтыра алмады. Қару-жарақтың, әсіресе танк және ұшақ соққы қосындарындағы қару-жарақ мөлшері бойынша КСРО 30-шы жылдардың ортасында-ақ барлық басқа елдердің әскерлерінен де көп еді. Бірақ соғыстың басында ЖШҚӘ-нің әскери дайындығы оның қару-жарағының молдығына сай келмеді.
КСРО-ның 1939-1940 жылдардағы кеңеюі
Германия мен Кеңестер Одағының арасындағы өзара шабуыл жасаспау туралы келісім бойынша Орталық Еуропаның бөлінуі. Сол жағында — 23 тамыздағы протоколдар бойынша болжалғаны, оң жағында — іс жүзінде болған бөлініс. Сарғыш түспен КСРО-ға кететін жерлер, көк түспен Германияның үлесіне тиген жерлер, күлгін түспен Германия басып алған жерлер боялған (Варшава генерал-губернаторлығы мен Богемия және Моравия протектораты)

17 қыркүйекке қараған түні КСРО Германия мен Кеңес Одағының арасындағы өзара шабуыл жасаспау туралы келісімнің құпия протоколдары бойынша Кеңес Одағының ықпалы жүретін аймағыболып белгіленген Польшаның құрамындағы Батыс Украина мен Батыс Белоруссияға басып кірді. 1939 жылғы қыркүйектің 28-інде КСРО Германиямен Достық және шекара туралы келісім жасасты. Ол келісім бойынша екі елдің арасындағы шекара «бұрынғы поляк мемлекетінің жеріндегі екі жақтың мемлекеттік мүдделері түйісетін» сызық, яғни бұрынғы Керзон сызығы бойынша белгіленді. 1939 жылдың қазан айында Батыс Украина мен Батыс Белоруссия ресми түрде Кеңестер Одағының құрамына қабылданды.

1939 жылдың қыркүйегінің аяғы — қазанның басында Германия мен Кеңес Одағының арасындағы шабуыл жасаспау туралы келісімнің құпия протоколы бойынша КСРО-ның ықпал аймағына жатқызылған Эстония, Латвия және Литва елдерімен келісімдер жасалып, сол келісімдердің негізінде олардың жерлеріне кеңес әскерлері орналастырылды.

1939 жылғы қазанның 5-інде сол қосымша құпия протокол бойынша Кеңестер Одағының ықпалы жүретін айиаққа жатқызылған Финляндияға КСРО өзара көмек туралы келісім жасасу туралы ұсыныс жасады. Келіссөздер қазанның 11-інде басталды, бірақ Финляндия өзара КСРО-ның көмек туралы ұсынысын да, жер алмасу және арендаға беру туралы ұсынысын қабылдамай тастады. 1939 жылғы қарашаның 30-ында КСРО Финляндияға қарсы соғыс бастады. Бұл соғыс 1940 жылғы наурыздың 12-сінде Мәскеу бітіміне қол қоюмен аяқталды. Ол бітімде Финляндия бірқатар аймақтарын Кеңестер Одағына беруге келісті. Алайда Кеңестер Одағы өзінің бастапқы мақсаты — Финляндияның толық бағындыру мақсатына қол жеткізе алмады. Басында Финляндия әскері тез уақытта және аз шығынмен талқандалады деп жоспарланса да, кеңес әскерінің іс жүзіндегі шығыны орасан зор болды. Қызыл Әскердің қуатына басқа елдер күмәнмен қарай бастады. КСРО-дағы сияқты, басқа елдерде де фин армиясын төмен бағалап, қарсыласуға дәрмені жетпейді деп қарастыратын. Сондықтан Қызыл Әскердің фин әскерін соншама ұзақ уақыт жеңе алмауы оның әлсіздігі және соғысқа дайындығының төмен деңгейін көрсетеді деп қарастырыла бастады.

1940 жылғы маусымның 14-інде кеңес үкіметі Литваға, ал маусымның 16-сында Латвия мен Эстонияға ультиматум жариялады. Олардың басты талаптары — бұл мемлекеттер КСРО-ға дос үкіметтерді билік басына келтіріп, өз жерлеріне кеңес әскерлерінің қосымша қосындарын кіргізуге тиістігі болды. Бұл талаптар қабылданды. Маусымның 15-інде кеңес әскерлері Литваға, 17-сінде Латвия мен Эстонияға кіргізілді. Жаңа үкіметтер коммунистік партиялардың жұмысына салынған тыйымдарды алып тастап, кезектен тыс парламенттік сайлаулар өткізді. Үш мемлекеттегі сайлауларда сайлау тізімдеріне енгізілген жалғыз партиялар — коммунистік Жұмысшы халық блоктары (одақтары) жеңіске жетті.Жаңадан сайланған парламенттер маусымның 21-22-лерінде Эстон КСР, Латвия КСР және Литван КСР жариялап, КСРО-ның құрамына ену туралы декларациялар қабылдады. (Тағы қараңыз: Балтық бойы елдерінің КСРО құрамына кіруі (1939-1940)).

1941 жылдың жазында герман шабуылы басталған соң Балтық бойы елдерінің тұрғындары кеңес әскерлеріне қарулы шабуылдар ұйымдастырды. Бұл неміс әскерлерінің Ленинградқа жылжуын тездетті.

1940 жылғы маусымның 26-сында КСРО Румыниядан Бессарабия мен Солтүстік Буковинаны өзіне беруді талап етті. Румыния бұл талапқа келісіп, 1940 жылғы маусымның 28-інде Бессарабия мен Солтүстік Буковинаның жеріне кеңес әскерлері енгізілді. 1940 жылғы тамыздың 2-сінде КСРО Жоғарғы Кеңесінің VII-ші сессиясында Молдаван Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы туралы заң қабылданды. Молдаван КСР-сының құрамына мына аумақтар енгізілді: Кишинев қаласы, Бессарабияның 9 уезінің 6-ы (Бельцы, Бендеры, Кагул, Кишинев, Оргеев, Сорок) және Тирасполь қаласы. Бұрыңғы Молдаван Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының 14 ауданының 6-ы да Молдаван КСР-ының құрамына кірді. МАКСР-дің қалған аудандары және Бессарабияның Аккерман, Измаил және Хотин уездері Украин КСР-ының құрамына кірді. Украин КСР-ының құрамына Солтүстік Буковина да кірді.

КСРО-дан кейін Германияның одақтастары Венгрия мен Болгария да Румыниядан жер талап ете бастады. 1940 жылғы тамыз айында Румыния Трансильванияның жартысын дерлік Венгрияға, ал қыркүйек айында Добруджаның оңтүстік бөлігін Болгарияға берді.
Кеңес барлау мекемелерінің ескертулері

1941жылдың бірінші бөлігінде кеңес барлауы немістердің шабуыл дайындап жатқаны туралы хабарлаумен болды. Хабарларда қарама-қайшылықтар кездесіп отырды. Мысалы, шабуыл басталатын күн (мамырдың 1-і, 15-і, маусымның басы, 22-ші маусым), соққылардың бағыттары, соғыс жоспарлары туралы хабарлар әртүрлі болды. Осының бәрі Германияның шынайы ақпаратты жалған ақпаратпен араластырып, түрлі буындар арқылы таратқанының салдары болды.

Кеңес жетекшілері барлаушыларға әрқашан сене берген жоқ, себебі кейде олардың берген ақпараттары (мысалы, Рихард Зорге жіберген мәліметтер) расталмай отырды. Кейбір дерек көздері бойынша, Германияның соғыс бастайтыны туралы ескертулер қарама-қайшы (ал қазіргі зерттеулер көрсетіп отырғандай, кейде тіпті жалған) мәліметтер қамтып отырды. Ақпарат шынайы болған күннің өзінде одан жаңсақ қорытындылар жасалып отырды (мысалы, әскери барлаудың жетекшісі Голиковтың қате қорытындылары). Германиямен жасаспау туралы келісім, неміс әскерилерінің Британия аралдарына дайындалып жатқан шабуыл туралы әңгімелері[12] 1941 жылы соғыс болмайтын шығар деген үміт тудырып отырды[13]. Германия басқа шабуылдарының қарсаңындағыдай, ешқандай саяси талаптар жасамады.

Сталин Германияның шабуыл жасауы мүмкін екендігі туралы барлау мәліметтеріне сенбеді.[3]
Кеңес Одағының соғысқа дайындық ретінде жасаған шаралары

1941 жылдың мамыр айында әскерлер ішкі округтардан Днепрдің батысына, шекараға жақынырақ жерге жылжытыла бастады. Шекаралық дивизияларды толықтыру үшін запастан 800 000 адам әскерге шақырылды, маусымның 16-18-дерінде шекаралық округтардың резерв дивизияларын алға жылжыту басталды. Оларға шекараның маңында бекіну туралы бұйрық берілді. Бұл шаралар тым кеш жасалғандығы Германияның шабуылы басталғаннан кейін анық болды. Әскерлер неміс шабуылын жүздеген шақырымға созылған, ұйымдаспаған күйде қарсы алуға мәжбүр болды.

1941 жылғы маусымның 18-інде КСРО-ның әскери теңіз флоты мен шекара әскерлері ұрысқа әзірлік жағдайына келтірілді. ЖШҚӘ-ге бұндай бұйрық тек маусымның 21-інде ғанаберілді.

Сталиннің 1941 жылдың мамыр-маусым айларындағы әрекеттеріне талдау жасағанда мына жайттарды есте сақтау керек:




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
"?лы Отан со?ысы"

Автор: Шайменова Аделя Даулетовна

Дата: 23.04.2016

Номер свидетельства: 321785


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства