kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лт к?семі - Алихан!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Алихан Б?кейхан?лыны? - 150 жылды?ына арналады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лт к?семі - Алихан!»

ББК 63.3(5каз)

«Ұлт көсемі – Әлихан Бөкейхан»

Жолмухамбетова Венера Жумашевна

Тарихшы

тарих пәнінің оқытушысы,ЖҚКжЖТК,Жаңаөзен,Маңғыстау

[email protected]



«Мемлекет халықтың әл-ауқатының деңгейін арттыру үшін қаншалықты күш-жігер жұмсаса да, егер әрбір қа¬зақ¬стандық өз тағдырының еңбек¬сүй¬гіш қожайынына айналмаса, ел¬дегі бар жақсылардың бәрін қадірлеп, оларды одан әрі еселемесе, ол артпайды»

(Н.Ә.Назарбаев)


Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы – Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ол 1866 ж. жиырма бесінші наурызда бұрынғы Семей облысының Қарқаралы уезіне қарасты Тоқырауын болысының жетінші ауылында туған. 1894 ж. Санкт-Петербургтегі Орман институтын бітіргеннен кейін, Омбыдағы орман шаруашылығы училищесіне математика пәнінен оқытушы болып орналасты. 1896 – 1903 ж. Щербина экспедициясы жұмысына қатысты. 1905 ж. «Халық бостандығы» (конституциялық-демократиялық) партиясының мүшелігіне, ал 1906 ж. оның Орталық комитеті құрамына енді. 1906 ж. Бөкейханов Бірінші Мемлекеттік думаға Семей облысы қазақтары атынан депутат болып сайланды. 1906 ж. Омбыда шығатын кадеттік «Голос степи», «Омиш» және «Иртыш» газеттерінде, 1908 ж. Петербургте жарық көрген меньшевиктік «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттерінде редакторлық қызмет атқарды. Сол жылы Самараға жер аударылып, 1909 –17 ж. Дон егіншілік банкі бөлімшесінде жұмыс істеді. 1912 – 17 ж. «Қазақ» газетін ұйымдастырып, оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне Бөкейханов зор еңбек сіңірді. 1917 ж. жиырмасыншы наурызда Уақытша үкіметтің Торғай облысы комиссары және Түркістан комитетінің мүшесі қызметіне тағайындалды. Оның жетекшілігімен 1917 ж. шілдеде Бірінші жалпықазақ съезі өткізіліп, «Алаш» партиясы құрылды. 1917 ж. бесінші – он үшінші желтоқсан күндері Орынборда жалпы қазақ съезі болып, қазақ облыстарын бүліншіліктен сақтау мақсатында уақытша «Ұлт Кеңесін» құрып, оның аты «Алашорда» болсын деген шешім қабылданды. Жиырма бес орыннан тұрған бұл үкіметтің төрағасы болып көпшілік дауыспен Бөкейханов сайланды. Азамат соғысы басталып кеткеннен кейінгі кезеңде Бөкейханов бастаған Алашорда өкіметі кеңес билігіне қарсы күресіп, ақ казактар мен патша генералдарының жағында болды. Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына қатысқандарға жариялаған кешірімнен кейін ол 1920 – 27 ж. Қазақ АКСР Егіншілік халық комиссариаты коллегиясының мүшесі, ұлттар істері жөніндегі Халық комиссариаты жанындағы Орталық баспаның (Мәскеу) ғылыми қызметкері, Ресей Ғылым академиясының ғылыми қызметкері болды. 1927 жылдың бірінші қазанынан бастап Мәскеуде, ОГПУ (Біріккен мемлекеттік саяси басқарма) орындарының бақылауында болды. 1937 ж. КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясының негізсіз үкімі бойынша ату жазасына кесіліп, сол жылы жиырма жетінші қыркүйекте Мәскеу қаласында қаза тапты. Бөкейханов қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, шаруашылығын, төрт түлік малын, жер-суын жан-жақты зерттеген санаулы ғалымдардың бірі. Ол қазақ мемлекетінің пайда болуының тарихи кезеңдерін, даму заңдылықтарын терең зерттеген және халықтың ауыз әдебиеті мұраларынан үлгі алмай ұлттық әдебиеттің өркендеуі мүмкін емес деп түсінген. Ол ауыз әдебиеті туындыларын жинауға көп күш салды. Сондай-ақ Бөкейханов тұңғыш абайтанушы ретінде Абайдың өлеңдері мен нақыл сөздерін жинақтауға ат салысты. Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің тұңғыш жинағын редакциялап, жинақтың 1909 ж. Санкт-Петербургте басылып шығуына ат салысты. Бөкейхановтың кейінгі ұрпаққа қалдырған әдеби мұрасының ең көлемдісі – көркем аударма. Ол қазақ және орыс тілдерінде қатар жазған публицист. Оның қаламынан шыққан мақалалар Санкт-Петербургтің «Сибирские вопросы», «Биржевые ведомости», «Новая жизнь» секілді басылымдарынан жиі көрініп тұрған. Бөкейхановтың атқарған ісі, кейінгі ұрпаққа қалдырған аманат-мұрасы әлі де жан-жақты талданып, зерттелуде.

1903 жылы Петербургте жалпы атауы «Ресей. Өлкеміздің жалпы географиялық сипаттамасы» болған еңбектің 18-томы шығады. Қазақстанға арналған осы томның авторларының бірі Бөкейханов болды. Ол «Қырғыз (яғни қазақ) халқының аумақта тарауы, оның этнографиялық құрамы, тұрмысы және мәдениеті» тарауын жазған болатын. Бұл тарауда ол «халық әдебиетінің» материалдарын мысалға ала отырып, әсіресе, «ҚозыКөрпеш және Баян сұлу» поэмасын талдап,қазақ халқының мәдениетіне жалпы сипаттама береді. Ол Абайды қазақ поэзиясының «жаңа ағымының өкілі» ретінде жоғары бағалайды. Бөкейханов бұдан кейін де орыс оқырманын Абаймен таныстыруға тырысты және де бұл кездейсоқтық емес, себебі ХХ ғ. басындағы қазақ елінің өзін-өзі билеуі үшін күрескен қазақ зиялыларыөз ой-пікірлерінің Абайдың идеясына жақындығын айрықша баса айтып, ұлттық сана-сезімді оятып, арттыру үшін өткен уақыттың мәдени мұрасын кеңінен меңгеруге ынталанды.

1905 жылы Әлихан Бөкейханов Ресейдің земство және қала кайраткерлерінің Мәскеуде өткен съезіне делегат болып қатысты. Сол съездің биік мінберінен сөз сөйлеген ол өз халқының мүддесін, соның ішінде қазақ тілінің мәртебесін қорғап, былай деп мәлімдеді: «Мен Оралдан Алтайға, Сібір темір жолы желісінен Омбыға дейін... созылып жатқан орасан зор аумақта тұратын қырғыз деген халықтың өкілімін... Бізде... қырғыз тілінде оқытатын мектептерге қысым жасалады... шаруалар бастықтары (олардың басым көпшілігі бұрынғы ротмистрлер) әкімшілік және құқықтық істі қарау кезінде қырғыз тілін қолдануға мүлде жол бермейді. Қырғыздар ана тілінің еркін қолданыста болуына өте мұқтаж...» Ә. Бөкейханов халықтың біртуар перзенті, қазақ ұлт-азаттық қозғалысының шын мәніндегі көсеміне айналды. Омбы жандарм басқармасы бастығының мойындағанындай, ол «барлық митингілер мен петициялардың және үкіметке қарсы үгіттердің ұйытқысы, даладағы... қазақтардың барлық мәдени-саяси қозғалысының көшбасшысы және жетекшісі» болды.

1910-1914 жылдары «Жаңа энциклопедиялық сөздікте» («Новый энциклопедический словарь») бірқатар ғылыми мақалалары жарық көріп, «Қазіргі мемлекеттердегі ұлттық қозғалыс формалары» («Формы национального движения в современных государствах») жинағында «Қазақтар» мақаласын жазады. Қазақтардың ұлттық сана-сезімін оятып, олардың арасында оқыту-ағарту ісін ұйымдастыруда «Қазақ» газетінің дүниеге келуі айрықша рөл атқарды. Бұл іске Ә.Бөкейхановпен қатар А.Байтұрсынов және М.Дулатов ат салысты.

Бұл демократияшыл, отаншыл және прогресшіл қазақ зиялы қауымының туғанын білдірген тамаша үштік болатын. «Қыр баласы» лақап атымен «Қазақ» газетінде Бөкейхановтың «Дума партиялары», «Дума және қазақтар», «Август Бебель» атты мақалалары жарық көрген. 1916 жылы ол бүкілресейлік земстволықсъезінің артта қалған елдер бөлімшесін басқарды. Орталық билікпен қатар қызмет ететін және оны елеулі түрде толықтыратын жергілікті өзін-өзі басқару ретінде земство идеясы Бөкейхановтың саяси бағдарламасының маңызды бөлігі болды. Оның аты «Поляр жұлдызы» Санкт-Петербургтік масондық ложасының есім тізімінде тұр деген мәліметтер бар. Самаралық масондар тобының негізі құрылған уақыт Бөкейханов пен Керенскийдің кездесу уақытымен сәйкес келеді. Сондай-ақ 1917 жылы Ә.Н. Бөкейхановтың Қазақстан бойынша Уақытша өкіметтің комиссары ретінде тағайындалуы сол уақытта билік еткен масондық бауырластықтың еркімен болған деген де пікір бар. 1910 жылы негізі құрылған «Түрен» («Малая медведица») ложасының екінші атауы «Керенский ұйымы» болды. 1905 жылдан кейін Ресейде пайда болған масондық қозғалыс француздық масондықпен тығыз қарым-қатынаста болды. Әдетте, Керенскийдің тұсында жергілікті әкімшілдік масондық байланыстар арқылы тағайындалып, ең алдымен «бауырлар» ұсынылатын болған. Масондық ұйым өзі билік жүргізген буржуазиялық партиялар секілді патшаның шексіз билеушілігін құлатып, саяси билікті қолына алуды мақсат еткен. Ә.Н. Бөкейхан дәл осы масондық арқылы өз мақсаттарына: Ресеймен бірге және оның қолдауымен өз парламенті бар, өзін-өзі басқаратын, яғни қаржыны өзі басқару құқығы және өзінің заңнамасы бар, сондай-ақ дербес мемлекеттің басқа бірқатар артықшылықтары бар Қазақстан автономиясына қол жеткізбекші болады.

1913 жылы Ә. Бөкейханов ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілері А. Байтұрсынов және М. Дулатовтармен бірге тұңғыш жалпыұлттық баспасөз ұйымы — «Қазақ» газетін ұйымдастырды. Газет беттерінде халыққа білім беру, ұлттық сана-сезімді ояту хақында көптеген құнды дүниелер жарық көрді. Ә. Бөкейханов ғылыми жұмыспен де белсене айналысты. Мәселен, ол Орыс географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің жұмысына қатысты. Ол екі тілге бірдей жетік еді, қазақша да, орысша да еркін жазды. Оның қаламынан көптеген тарихи және этнографиялық туындылар, атап айтқанда, «Қырғыздар» («қазақтар» - авт.), «Сұлтан Кенесары Қасымовтың тарихына қатысты материалдар», «Қарқаралы уезіндегі қырғыздардың рулық құрылымы», Абай қазасына арналған «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» атты қазанамалық мақаласы, тағы басқа зерттеулері жарық көрді.

1913—1918 жылдары «Қазақ» газетінде редактор болып, халық өмірінің көкейтесті мәселелерін көтереді, елді өнер-білімге үндейді. А. Байтұрсынов Алаш қозғалысы тұсында күрестің алғы шебінде болады. Кеңес өкіметі кезінде ол қазақ халқының сауатын ашып, ағарту жолына біржола түседі. Көптеген өлең-жырларында халықтың арман-тілегін, мұң-мұқтажын жырлады, халықты өнер-білімге, мәдениетке шақырды. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын сынады, ел-жұртты миссионерлердің жүгенсіз қылығынан сақтандырды. Оның өмірі өз халқына адал қызмет етудің, ел-жұртының мәдениеті мен әдет-ғұрпына, тарихына деген сүйіспеншіліктің айқын үлгісі. Ол өзінің бір мақаласында былай деп жазды: «Менің мақсат-мұратым - қазақ халқының материалдық жағдайын жақсарту, мүмкін болғанынша мәдениетін көтеру. Мен осы мақсатты қамтамасыз ететін үкіметті қолдауға әрқашан әзірмін».

А.Байтұрсынов

М.Дулатов

Ә.Бөкейханов

Кеңес өкіметі автономия идеясын жоққа шығармағандықтан, Ә. Бөкейхан өзінің мәдениет саласында заңды негізде қызмет атқаруға мүмкіндігі бар деп санады. Бірақ Ә. Бөкейханның және ұлттық сана-сезімі оянған басқа зиялылардың мәдени қызметінің өзі жай оппозиция немесе басқаша көзқарас емес, «кеңес өкіметіне қарсы контрреволюциялық күрес» ретінде бағаланды.

Ә. Бөкейхановтың саяси мұрасының негізі — ұлттық және мемлекеттік өзін-өзі билеу идеясы, бұл идеяны Бөкейхановтың өзі мен оның жақтастары құрап, оны жүзеге асыруға аямай күш салып, 1917 жылдың желтоқсанында «Алаш Орда» мемлекетін жариялады. Ақыры соңында осы үшін өздерінің өмірлерінен айырылды.Қазақ зиялылары қазақ халқының империя құрамында өзгелермен тең құқықты болуына қол жеткізу жолында күресті. Олар қазақ мемлекеттілігін қалпына келтірудің әдіс-амалдарын қарастырды, өз халқының отаршылдық езгіден азаттық алу жолындағы күресіне көмектесуге ұмтылды. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, М. Шоқай, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Ә. Ермеков, Ж. Ақбаев, О. Әлжанов, т.б. танымал тұлғалар ұлтты басқа халықтармен терезесі тең даму жолына бастай білді. Ұлт зиялылары қазақ қоғамының оянуына жәрдемдесіп, халықтың құкықтық, эстетикалық санасы мен өнегелі ой-өрісіне зор ықпал етті. Олар өз үлгі өнегесімен қазақтың болашақ қоғам қайраткерлері М. Жұмабаев, С. Сәдуақасов, Қ. Кемеңгеров, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, А. Сейітов, X. Болғанбаев сияқты көптеген жас ұрпақты тәрбиелеп өсірді.

Әлихан Бөкейханов 1917 жылдың 21—26 маусымында Орынборда I Бүкілқазақ съезін өткізіп, «Алаш» партиясы атқару комитетінің төрағалығына сайланады. Сол жылы Орынборда өткен «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезінде «Алашорда» үкіметі құрылып, Ә. Бөкейханов оның төрағасы болып сайланды. Кеңес өкіметі кезінде ол бірыңғай ғылыми, әдеби, аудармашылық қызметпен айналысады. Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, публицист Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов бүкіл саналы ғұмырын өз халқын отаршылдық езгіден азат етуге, тәуелсіз мемлекет құруға, ел-жұртына білім беріп, оны гүлдендіруге арнады. Жазықсыз қуғынға ұшырап, 1937 жылы ату жазасына кесіледі. 1989 жылы ақталды.







Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан тарихы. Очерк.— Алматы, 1994.

2. Қазақстан тарихы. 5-томдық. 1—3 т.— Алматы, 1996, 1997, 2002.

3. Қазақстанның жаңа жəне қазіргі заман тарихы: Оқулық /Ред.басқ. Қ.С. Қаражан.— Алматы, 2005.

4. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы.— Алматы, 1995.

5. Нұрпейісов К. Алаш һəм Алаш-Орда.— Алматы, 1995.

6. Егемен Қазақстан

7. Ә. Бөкейхан «Таңдамалы» Алматы, Қазақ энциклопедиясы , 1995.

8. Қозыбаев М.Қ. «Ақтаңдақтар ақиқаты.» Алматы, Қазақ Университеті 1992.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?лт к?семі - Алихан!

Автор: Жолмухамбетова Венера Жумашевна

Дата: 22.05.2016

Номер свидетельства: 329499


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства