kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?БТ-?а тиімды дайындау

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? хал?ыны?  келешегі –б?гінгі мектеп о?ушыларында.
?азіргі заманны? негізгі талабы – ?мірден ?з орнын та?дай алатын, ?зара ?арым-?атынаста ?зін еркін ?стап,кез-келген орта?а тез бейімделетін,белгілі бір ?ылым саласынан білімі мен білігін к?рсете алатын, ?з ойы мен пікірін айта білетін,м?дениетті жеке т?л?аны ?алыптастырып т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?БТ-?а тиімды дайындау»

Еңбекші жалпы білім беру орта мектебі





Тақырыбы:

ҰБТ-ға тиімді дайындалу









Тарих пәнінің мұғалімі:

Джумабекова Айгүл Құлатайқызы











ҰБТ-ҒА ОҚУШЫЛАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ

Қазақ халқының келешегі –бүгінгі мектеп оқушыларында.
Қазіргі заманның негізгі талабы – өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап ,кез-келген ортаға тез бейімделетін ,белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін,мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастырып тәрбиелеу.
ҰБТ дегеніміз – мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін бүгінгі білім сапасын көтеру және басты бағыт болып табылады.
Ұлттық бірыңғай тестілеу- жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушылардың қорытынды аттестатталуының бір түрі.Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай, оны іс-жүзінде қолдана алуы керек. Осы себептен ҰБТ-ға оқушыларды дайындауда тиімді әдістер мен тәсілдерді үнемі іріктеп отыру қажет. Қазіргі кезде ҰБТ дайындау мұғалімнің шығармашылығын, жауапкершілігін, ізденушілігін талап етеді
ҰБТ өткізудің қажеттілігі:
– білім беру ұйымдарын объективті бағалау, олардың нақты рейтингісін көрсету, оқушылардың және мұғалімдердің білім алудағы жоғары нәтижелеріне талпынысын тудыруға ынталандыру.
ҰБТ-ның мақсаты:
ҰБТ- жоғары білім алуға барлық бітірушілердің тең дәрежеде қол жеткізуі, білім берудің сыртқы тәуелсіз бағалау жүйесін құру.
ҰБТ-ның жоғары нәтижесі 11-сыныпта ғана пайда болмайды. Қазіргі мектепте мұғалімнің өз еңбегінің нәтижесіне деген жауапкершілігі қалыптасқан. ҰБТ-ға дайындаудың басты тұлғасы – оқытушы.

Мұғалімге қойылатын талаптар :
- Оқушылардың білім алу себептерін айқындау,
- Пәндік оқытуды ұйымдастыру
- Тиімді технологияларды қолдану.
Кемшілігі:
- Тест қорытындысында кемшіліктер анықталады
- Тестік бақылауда оқушылардың шығармашылық қабілетін бағалай алмаймыз
- Уақыттың аздығына байланысты кемшілік болады
- Жауап беру кезінде кездейсоқтық болуы әбден мүмкін
Артықшылығы:
- Білім беруші мекемеге тәуелсіз бақылау жүйесі,
- Білім мазмұнына жалпыға бірдей білімді бағалау шкаласының қолданылуы,
- Әр оқушының білімі мен әр мұғалімнің біліктілік деңгейін шынайы айқындап, оларға талап қою арқылы сапалы білім беруге қолайлы жағдайдың жасалуы.
Ерекшелігі:
-Стандартты түрде жалпы білім тексеріледі
-Әділетті,оқушылар бірдей жағдайға қойылады, тікелей сабақ беретін мұғалім
қатыспайды, оқушының мектебі тұратын орны ешқандай ерекшелік белгісін алмайды.
-Тестік бақылау кең көлемді оқу материалын қамтиды
-Бағалауы нақты
-Экономикалық жағынан тиімді (тексеретін адамдар саны ,уақыты)
-Оқушыларды есте сақтау, қайталау, белгілі уақытқа оқып, үлгіру қасиеттеріне тәрбиелейді.


Сонымен мұғалім ҰБТ-ға дайындалуда қандай мақсат қоюға тиіс?
Мақсаттары:
1. Оқушылар сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тиіс;
2. ҰБТ-ға сапалы дайындық ұйымдастыру;
3. Оқушыларды 100% оқу үлгеріміне талаптандыру;
4. ҰБТ-ның сапасын және орташа ұпайын жоғарылату.

Жылдық жоспар дайындап алу

ҰБТ нәтижесіне қандай жағдайлар әсер етеді?
- Күнделікті жүйелі жұмыс ұйымдастыру;
- Интерактивті технологияларды қолдану,
- Жеке тұлғаның даралығын дамыту;
- Оқушылардың білім алу себептерін қалыптастыру.
Мұғалімнің жұмысында көп қиындық тудыратын орташа оқитын оқушы емес, потенциалды және қауіп тудыратын балалар, өйткені тест сұрақтары орташа оқитын оқушыларға бағытталған. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін және білім сапасын көтеру жұмыстарын келесі кезеңдерден көруге болады.
1-кезең. Диагностикалық:
- Бақылау жұмыстарын өткізу арқылы оқушылардың білім деңгейлерін анықтау,
-Өткен жылдағы ҰБТ нәтижесі мен байқау тестілердің сараптамаларын жасау арқылы қиындық тудыратын мәселелерді анықтау;
-ҰБТ-ны өткізу ережелерімен және ұсыныстарымен танысу.
2-кезең. Практикалық:
- Тест жинақтарымен жұмыс;
-Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар;
-Топтық және жеке дайындық;
-Тестпен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану.
3-кезең. Синтетикалық (анықтаушылық):
- Тақырыптар бойынша бақылау тестілері,
- Мониторинг;
- Қатемен жұмыс парағын жүргізу;

Жұмысты неден бастау керек?

Сыныпқа жеке папка дайындадым. Оның ішінде: ҰБТ нәтижелерінің жеке парағы, қателерді талдау парағы , сонымен қатар әр оқушының жеке ереже дәптері бар.
Бірінші, әр оқушы мониторинг парағын алғаннан соң, өзіне мақсат қояды.Тест нәтижелерін белгілегеннен соң қатемен жұмыс жасалады.Қатемен жұмыс парағы бойынша түрлі жұмыс жасауға болады
Мысалы:
-терминдерді еске түсіру,жаттау;
-анықтамаларын еске түсіріп жазу;
-мысалдар келтіру;
-бірін-бірі тексеру және өзін тексеру.
Мектепішілік байқау –тестілеу нәтижелерінің мониторингі өткізіледі. Оқушылардың ұпайлары салыстырылып отырады.
Оқушыларға психологиялық көмек:
ҰБТ-мен қорқытуға болмайды
• Оқушы өз күшін және өз мүмкіндігін нақты білуі керек
• Алдына мақсат қою
• Қате жібермеуден қорықпау
• Тест тапсыру техникасына үйрету
• Өз уақытын бақылауға үйрету
• Тапсырма қиындықтарын жеңе білу

11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау бойынша жүргізілетін жұмыс түрлері:
1. 11-сынып бағдарламасы бойынша әр тарауды қамтыған 25 сұрақтан тест құрастырылады (тақырыптық тесттер жинағы)
2. Әр тарауды оқып бітіргеннен кейін тест өткізіледі. Тест тапсырмалары тарих бойынша Мемлекеттік білім беру стандартына сай құрылу тиіс.

3.Қате жіберілген сұрақтар, тақырыптар бойынша қосымша сабақтар өткізілу керек.
Келесі кезеңде жекелеген сұрақтарды қалай тез орындауға болатынын талдап түсіндіру:
-сұрақты асықпай, түсіне оқу
-сұраққа қатысты материалды еке түсіру.


Тест оқушылардың білімін салыстыруға , білім беру жүйесінде оқушылармен бірге жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызады. Бағдарламалық материалдан тыс ауық-ауық өткізіліп отыратын осындай жұмыстар оқушылардың барлық пәндер бойынша сауаттылығын арттыруға біршама септігін тигізеді.
Қорытындылай келе,мынаны айтқым келеді.Әлемдік тәжірибеде ТМД елдерінде тестілеу әдісінен артық тәсіл әзірше жоқ екен.ҰБТ-орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтиханымен біріктірілетін жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі.
ҰБТ тиімділігі мынада деп көрсеткім келеді:
1.Барлық мектеп бітірушілердің біліміне ортақ талап қояды.
2.Мектептердің білім сапсына нақты баға беріледі.
3.Адамның араласуынсыз білімді бағалауды әділетті жүргізуге жұртшылықтың көзін жеткізеді.
4..Тестілеу арқылы бағдарламадағы білім мазмұнын қамту жоғары деңгейге жетуде.


Сондықтан ұстаздар қауымы,қашанда үздіксіз білім бере алатынымызды жадымыздан шығармайық.Ел болашағы-білімді жастардың қолында.сол себепті білімді ұрпақ,жеке тұлға қалыптастыру-біздің ең басты мақсатымыз болсын.

































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?БТ-?а тиімды дайындау

Автор: Джумабекова Айгуль Кулатаевна

Дата: 16.05.2016

Номер свидетельства: 327054


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства