kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ялы-Машам ауылыны? тарихы

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ялы-Машам ауылыны? тарихы

Ауыл –хал?ымызды? бойына н?р ??ятын алтын бесігі, негізгі мекен-жайы, ?лтты? рухты? ?уат алар ?айнар к?зі. Ауыл- ?нер, м?дениет пен адамгершілік ортасы.

Машам-?ялы ауылы Ар?ын руына жатады. Ар?ын ішінде ?арауыл, ?арауылдан Май?ы-М?шек-Б?лекей-Т?н?атыр-К?нсары-?ала?-Малба?ты-Жайыл?ан-Машам.Жайыл?ан кезінде  Абылайханны? батыры бол?ан, елге белгілі адам болып Т?ркістанда ?ожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген, осы Зеренді ауданыны? к?п ауылдары Жайыл?анны? ?рпа?ы. Жайыл?аннан Бикежан деген ?йелден Машам, Байд?улет, Келд?улет, Шынд?улет ту?ан. Машам ?рпа?ы ?азіргі ?ялы ауылыны? т?р?ындары. Ауыл ?ас?атау тауларыны? бауырында орналас?ан.Таудан «?улиеб?ла?» сар?ырамасы ?ысы-жазы а?ып жатады да а?ашты? арасымен ?зенге ??яды. Б?л ?зенні? аты ?ыр?зек деп аталады. Екі ?зенні? ортасында ?айы? ж?не тал а?аштары ?седі. Сол ?рбір а?ашты? басында 10-15 ??сты? ?ясы болады екен. Сол себепті еліміз ?сіп-?нсін деген ниетпен аталарымыз жа?а ?о?ысты ?ялы деп атапты. ?азір ?зенні? жанында Машам-?ялы ауылы орналас?ан.1929 жылы Машам ж?не Жа?ату?ан ауылдарыны? т?р?ындары «?ыр?зек» артелін ?йымдастыр?ан.

Ауыл 1936 жылы «?ялы» колхозы болып Верещановка деген орыс селосыны? орыны?да ??рыл?ан. Ауылды бас?ар?ан - Зайтон, С?леймен, Бект?р, Бект?рсын, Байсейіт аталарымыз бол?ан. Азаматты? со?ыс кезінде атамыз Темірболат С?леймен?лы Ке?ес ?кіметін ??ру?а аралас?ан, Мариновка селосында?ы партизан к?терілісіне ?атыс?ан ж?не ?ызыл ?скер командирыны? ?олынан арнайы аты жазыл?ан тапанша ал?ан.

Ауылды? бірінші бас?армалары М??анов ?міржан,Ескендір ?абдолла?лы  ж?не Бект?рсынов Бапан болды. Ауылды? т?рмысы жаман бол?ан жо?. Егін бітік шы?ып т?рды. Мал жайылымы ке?, су мол болды.Егістікке жер жыртып,егін егіп, ш?п шауып е?бек еткен. Ел шеті?де жел диірмені бол?ан. К?нде жел болса диірменді ?осып, бидайды ?н ?ылып нан пісіретін. Диірменді Шевченко Ефрем ж?не Шамкин Василий ж?ргізіп ж?рді.?ста Серд?лі ??штай?лы болды, темір жасайтын жер ол кезде ?зен бойында екен. Ауылда т?рт т?лік малды?жыл?ы, т?йе, сиыр, ?ой, ешкі т?рлері ?сірген.

БАПАН АТАМЫЗ

Бапан Бект?рсынов 1894 жылы Машам ауылында ту?ан. 1936-1958 жылдары аралы?ында ?ялы колхозын бас?арды. Ке?естік ?кіметті жан-т?німен ?ор?ап ба?ты. Ал?аш колхоз болып біріккенде оны? белсенді м?шелеріні? бірі болды. ?зіні? ел-ж?ртын замана н?убетінен 1937-1938 жылдары са?тап ?алды. 1941-1945 жылдары осы кісіні? бас?аруымен ел адамдары майдан?а к?мек к?рсеткен. Отан со?ысы кезіндегі, одан кейінгі жылдарда?ы ауыртпалы?тар?а ауыл адамдарыны?  ?иыннан жол табуына ба?ыт-ба?дар берген. Атамызды? еселі е?бегі ?кімет тарапынан ба?аланып, 1942 жылы Е?бек ?ызыл Ту орденімен, 1957 жылы Ленин орденімен марапаттал?ан.1941-1957 жылдары екі м?рте ?аза? ССР Жо?ар?ы Ке?есіні? депутаты болып сайлан?ан.1978 жылы 84 жасында Бапан атамыз д?ниеден ?тті, ?ялы ауылында жерленген.

Бапанны? ке?есшілері ел а?са?алдары Сейтен Зайтон?лы, Ахметов Бабыржан, Байсейітов Н?рм?ханбет, Махамбетов Аяпберген бол?ан. Ауылды ?азіргі Машам-?ялы т?р?ан жерге к?шіруге к?п ?лес ?ос?ан, арыздар жаз?ан. Елді? діні мен ділін, ел бірлігін са?тауда ауыл пір?дары Шо?ан атамызды? да е?бегі зор. 

СО?ЫС ЖЫЛДАРЫ

1941 жылы ?лы Отан со?ыс басталды.Ауылды? ер азаматтары майдан?а аттанды.

Со?ыс кезінде ?ялы ауылынан ?аза тап?ан ж?не хабарсыз кеткен азаматтар: Ахметов ?аратай (1916-1945) ж?не Ахметов ?айыр?ожа (1924-1945)  Верхняя Силезияда Бреслау ?аласында ерлікпен ?аза тауып, сол жерде жерленген. ?анапияновтар ?апар?азы (1906-1943), Ескендір (1916-1943),  ?ами (1924-26.05.1944 ж. Ленинград облысы,Карекольми станциясында ?аза тап?ан).  ?міралиндер Жаналы (1906-1943), Т?леген (1915-1943), Кенже?али (1923-1943)   ?шеуі бірдей со?ыстан орал?ан жо?. Ш?пиевтер Ма?з?ммен М?сілім, Т?тенбаевтер ?айролла ж?не ??жат, ??штаевтар Серд?лі (1897-1943) ж?не Жа?ыпар (1906), Са?анды?ов ?бдрахман (1921-1942), С?лейменов Хамза (1909-1942), М??анов ?міржан (1902-1943), Ке?есов Бахретддин, Гапошин Константин Александрович, Сексенов С?лтан?азы. Осы б?рі атал?андар елге оралма?ан, Отан ?шін ерлікпен ?аза тап?ан бозда?тар.

Е?бек Армиясында е?бек еткен Иса?лы Сар?азы, К?штаев Бег?лі ж?не Сердалин А?ыпар.                                                                                                                                               

Ауылда ?ал?ан азаматтар: Бект?ров Сабыржан, Т?тенбаев Зейнел, Ахметов Бабыржан, Байсейітов Н?рм?ханбет, Рамазанов Балтабек, Темірболатов ?аппас, Шаханов Т?шен, Сейтенов Сейіт?ожа.Со?ыс кезінде то?ыз-он жасар, жас?спірім балалар колхозда е?бек етті.Олар: Темірболатов ?б?т?ліп, Рамазанов Молдабай, ?ожа?метов Досым, Са?ынды?ов ?абду?лі, К?штаев Орынбай, Т?тенбаев Ас?ар, ?ожа?метов Не?метжан, Темір?алиев ?арып?ан, Бект?ров ?мір?ожа, Сералиев ?айырбек, ?абдуалиев Айт?ожа, Бект?ров Тас?ожа, Сады?ов М?рат, Маханбетов М?т?ліп, Ш??айыпов Есілхан, ?анапиянов Т?я?, Жа?ыпаров Болат, ?міржанов С?йінші?али, Сар?азин С?лтан, Шо?анов Майжан, Бект?ров Жантай ж?не та?ы бас?алары.

Со?ыстан аман келгендер - М??анов Ер?али, М??анов ?мір?али, С?дуов ?абден, ?апар?азин М??таш, Рамазанов Молдабек, Сердалин Бай?абыл, Зікіриянов Т?леміс, Зікіриянов М?хаметжан, Сады?ов Жолдасбек,  ?міралин Ш?ріптас, ?анапиянов ?бдірахман, Са?анды?ов ?амет.

ЕРЛІККЕ ТА?ЗЫМ

М??анов ?мір?али. Ленинград облысында Чирское селосыны бекінген жауды? ?ор?анысын б?зып ?ту ?шін  1944 жылы 31 наурызда бол?ан ?рыста ерлікпен, табандылы?пен ?зіні? ?айсарлы?ын к?рсеткен жауынгер.Одан кейін  бас?а шай?аста  жауды? о?ы мен отыны? арасында Еремино селосында фашисттерге толы алты ?йді жа?ып жіберген, одан со? жауды? екі пулеметтерін жой?ан. «?ызыл ж?лдыз» ж?не ?шінші д?режелі  «Да??» ордендарымен марапаттал?ан, Сталинні? ?з ?олынан Ал?ыс хат ал?ан.           

?міралин Ш?ріптас. Майданда 1942 жыл?ы шілде айыннан бастап бол?ан. Одер ?зеніндегі шабуылдау операциясына ?атыс?ан. Мина, жарылма?ан снарядтарды зиянсыздандыр?ан. ?ш рет жаралан?ан. Отан алдында ?з парызын орындап, ?зін ?айратты ж?не е?бекшіл адам болып к?рсетті.«Ерлігі ?шін» медалімен марапаттал?ан.

?апар?азин М??таш. 1924 жылы Машам ауылында ту?ан. ?ызыл ?скерге 1942 жылы 1 ?ырк?йекте алынып, 1943 жылы 1 ?азанда со?ыс?а аттан?ан. Со?ыста 389-ші ат?ыштар дивизиясыны? 1279 полкіні? екінші батальон ??рамында  шай?асты. 2 ?а?тарда 1944 жылы жаралан?ан. Госпитальдан кейін, бірінші Украина майданында болды. 841 минометшылар полкінде со?ысып Коломье, Турки, Ужгород, Муравск-Острава ?алаларын ал?анына ?атыс?ан. Висло –Одер шабуылдау операциясына ?атыс?ан. Со?ысты Прага ?аласында ая?та?ан. 19 ?антар 1945 жылы ЧехословакиядаКошница ?аласында ?рысты? ?атал шарттарыны ?арамай ай?ындаманы?  байланыспен ?амсыздандыр?ан. «Ерлігі ?шін»  медалімен марапаттал?ан ж?не ?шінші д?режелі«Да??» орденімен марапаттал?ан. Одан бас?а к?птеген медальдары бар. Ту?ан еліне 1947 жылы оралды.

?анапиянов Абдрахман 1902 жылы Машам ауылында д?ниеге келген. Сталинградты ?ор?анысына ?атыс?ан. «?ызыл Ж?лдыз» орденімен марапаттал?ан. Берлинге дейін жеткен жауынгер. 1978 жылы ?ялы ауылында ?айтыс бол?ан.

Садуов ?абден 1915 жылы Машам ауылында ту?ан. 1939 жылдан бастап МТС-те механизатор бол?ан. 1941 жылы майдан?а аттанып, 1-ші Украин майданында со?ыс?ан. Беларусь, Украина, Польша, Чехословакияны неміс-фашистерден босат?ан. Ж?ргізуші болып Берлинге жеткен. «Отан со?ысы» орденімен ж?не «Ерлігі ?шін» медалімен марапаттал?ан.

Осындай айбынды аталарымызды? ерлігімен ?айсарлы?ын ?мытпай ж?рміз. ?мір?али, М??таш, ?абден сия?ты аталарымызды? со?ыс жолдары, е?бек жолдары ?азіргі жастар ?шін ?лгі.

Со?ыс кезінде ауылды? балалары, ?йелдері ж?не ?ариялары    егінжайда,орманда, мал шаруашылы?ында е?бектенген. Майдан?а к?п нан,ет, ж?н, жем, с?т, май, асты?  жіберген.Со?ысты? ?иын кезінде ауыл?а  бас-к?з бол?ан Бект?рсынов Бапан, Ахмет?лы Бабыржан, Махамбетов Аяпберген, Байсейітов Н?рм?ханбет. Елде пима басып, етік табандайтын щеберхана аш?ан.  Со?амен жер жыртып, егін сал?ан. Апалы-сі?лілі Анастасия мен Ольга Шевченколар трактор ж?ргізген, Шаханова К?лс?н комбайн штурвалына отыр?ан. Сол кезде техника жетпегеннен т?йемен Шортан темір жолына дейін асты? апаратын. Бект?рсыновтар, Т?тенбаевтар, ?асеновтар  отбасылары ?ке-шешесіз ?ал?ан  балаларды асырап ал?ан.Ауылда 1942 жылы жер аударылып келген ингуш, чечен, орыс отбасылары т?р?ан. Осы к?нге дейін олар ?аза? хал?ыны? к?рсеткен к?мек-?ам?орын ?мытпайды.

1945 жылы ауылды? ер-азаматтары со?ыстан  оралды. Сол кезден бастап ?ызу е?бекке кірісті. Б?гінгі бейбіт ?мір ?шін ?ан майданда, тылда к?рсеткен е?бектері м??гі есте, ?йткені олар ба?ытты болаша?ымызды ?ор?ап ?алды. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ұялы-Машам ауылының тарихы»

Ұялы-Машам ауылының тарихы


Ауыл –халқымыздың бойына нәр құятын алтын бесігі, негізгі мекен-жайы, ұлттық рухтың қуат алар қайнар көзі. Ауыл- өнер, мәдениет пен адамгершілік ортасы.

Машам-Ұялы ауылы Арғын руына жатады. Арғын ішінде Қарауыл, Қарауылдан Майқы-Мәшек-Бөлекей-Тұнғатыр-Күнсары-Қалақ-Малбақты-Жайылған-Машам.Жайылған кезінде Абылайханның батыры болған, елге белгілі адам болып Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген, осы Зеренді ауданының көп ауылдары Жайылғанның ұрпағы. Жайылғаннан Бикежан деген әйелден Машам, Байдәулет, Келдәулет, Шындәулет туған. Машам ұрпағы қазіргі Ұялы ауылының тұрғындары. Ауыл Қасқатау тауларының бауырында орналасқан.Таудан «Әулиебұлақ» сарқырамасы қысы-жазы ағып жатады да ағаштың арасымен өзенге құяды. Бұл өзеннің аты Қырөзек деп аталады. Екі өзеннің ортасында қайың және тал ағаштары өседі. Сол әрбір ағаштың басында 10-15 құстың ұясы болады екен. Сол себепті еліміз өсіп-өнсін деген ниетпен аталарымыз жаңа қоңысты Ұялы деп атапты. Қазір өзеннің жанында Машам-Ұялы ауылы орналасқан.1929 жылы Машам және Жаңатуған ауылдарының тұрғындары «Қырөзек» артелін ұйымдастырған.

Ауыл 1936 жылы «Ұялы» колхозы болып Верещановка деген орыс селосының орыныңда құрылған. Ауылды басқарған - Зайтон, Сүлеймен, Бектұр, Бектұрсын, Байсейіт аталарымыз болған. Азаматтық соғыс кезінде атамыз Темірболат Сүлейменұлы Кеңес Үкіметін құруға араласқан, Мариновка селосындағы партизан көтерілісіне қатысқан және қызыл әскер командирының қолынан арнайы аты жазылған тапанша алған.

Ауылдың бірінші басқармалары Мұқанов Әміржан,Ескендір Ғабдоллаұлы және Бектұрсынов Бапан болды. Ауылдың тұрмысы жаман болған жоқ. Егін бітік шығып тұрды. Мал жайылымы кең, су мол болды.Егістікке жер жыртып,егін егіп, шөп шауып еңбек еткен. Ел шетіңде жел диірмені болған. Күнде жел болса диірменді қосып, бидайды ұн қылып нан пісіретін. Диірменді Шевченко Ефрем және Шамкин Василий жүргізіп жүрді.Ұста Сердәлі Құштайұлы болды, темір жасайтын жер ол кезде өзен бойында екен. Ауылда төрт түлік малдыңжылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі түрлері өсірген.

БАПАН АТАМЫЗ

Бапан Бектұрсынов 1894 жылы Машам ауылында туған. 1936-1958 жылдары аралығында Ұялы колхозын басқарды. Кеңестік Үкіметті жан-тәнімен қорғап бақты. Алғаш колхоз болып біріккенде оның белсенді мүшелерінің бірі болды. Өзінің ел-жұртын замана нәубетінен 1937-1938 жылдары сақтап қалды. 1941-1945 жылдары осы кісінің басқаруымен ел адамдары майданға көмек көрсеткен. Отан соғысы кезіндегі, одан кейінгі жылдардағы ауыртпалықтарға ауыл адамдарының қиыннан жол табуына бағыт-бағдар берген. Атамыздың еселі еңбегі үкімет тарапынан бағаланып, 1942 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен, 1957 жылы Ленин орденімен марапатталған.1941-1957 жылдары екі мәрте Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.1978 жылы 84 жасында Бапан атамыз дүниеден өтті, Ұялы ауылында жерленген.

Бапанның кеңесшілері ел ақсақалдары Сейтен Зайтонұлы, Ахметов Бабыржан, Байсейітов Нұрмұханбет, Махамбетов Аяпберген болған. Ауылды қазіргі Машам-Ұялы тұрған жерге көшіруге көп үлес қосқан, арыздар жазған. Елдің діні мен ділін, ел бірлігін сақтауда ауыл пірәдары Шоқан атамыздың да еңбегі зор.

СОҒЫС ЖЫЛДАРЫ

1941 жылы Ұлы Отан соғыс басталды.Ауылдың ер азаматтары майданға аттанды.

Соғыс кезінде Ұялы ауылынан қаза тапқан және хабарсыз кеткен азаматтар: Ахметов Қаратай (1916-1945) және Ахметов Қайырғожа (1924-1945) Верхняя Силезияда Бреслау қаласында ерлікпен қаза тауып, сол жерде жерленген. Қанапияновтар Қапарғазы (1906-1943), Ескендір (1916-1943), Қами (1924-26.05.1944 ж. Ленинград облысы,Карекольми станциясында қаза тапқан). Өміралиндер Жаналы (1906-1943), Төлеген (1915-1943), Кенжеғали (1923-1943) үшеуі бірдей соғыстан оралған жоқ. Шәпиевтер Мағзұммен Мүсілім, Төтенбаевтер Қайролла және Құжат, Құштаевтар Сердәлі (1897-1943) және Жағыпар (1906), Сағандықов Әбдрахман (1921-1942), Сүлейменов Хамза (1909-1942), Мұқанов Әміржан (1902-1943), Кеңесов Бахретддин, Гапошин Константин Александрович, Сексенов Сұлтанғазы. Осы бәрі аталғандар елге оралмаған, Отан үшін ерлікпен қаза тапқан боздақтар.

Еңбек Армиясында еңбек еткен Исаұлы Сарғазы, Күштаев Бегәлі және Сердалин Ағыпар.

Ауылда қалған азаматтар: Бектұров Сабыржан, Төтенбаев Зейнел, Ахметов Бабыржан, Байсейітов Нұрмұханбет, Рамазанов Балтабек, Темірболатов Қаппас, Шаханов Тәшен, Сейтенов Сейітқожа.Соғыс кезінде тоғыз-он жасар, жасөспірім балалар колхозда еңбек етті.Олар: Темірболатов Әбүтәліп, Рамазанов Молдабай, Қожақметов Досым, Сағындықов Қабдуәлі, Кұштаев Орынбай, Төтенбаев Асқар, Қожақметов Неғметжан, Темірғалиев Қарыпқан, Бектұров Әмірғожа, Сералиев Қайырбек, Қабдуалиев Айтқожа, Бектұров Тасқожа, Садықов Мұрат, Маханбетов Мүтәліп, Шұғайыпов Есілхан, Қанапиянов Тұяқ, Жағыпаров Болат, Әміржанов Сүйіншіғали, Сарғазин Сұлтан, Шоқанов Майжан, Бектұров Жантай және тағы басқалары.

Соғыстан аман келгендер - Мұқанов Ерғали, Мұқанов Әмірғали, Сәдуов Қабден, Қапарғазин Мұқташ, Рамазанов Молдабек, Сердалин Байғабыл, Зікіриянов Төлеміс, Зікіриянов Мұхаметжан, Садықов Жолдасбек, Өміралин Шәріптас, Қанапиянов Әбдірахман, Сағандықов Қамет.

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ

Мұқанов Әмірғали. Ленинград облысында Чирское селосыны бекінген жаудың қорғанысын бұзып өту үшін 1944 жылы 31 наурызда болған ұрыста ерлікпен, табандылықпен өзінің қайсарлығын көрсеткен жауынгер.Одан кейін басқа шайқаста жаудың оғы мен отының арасында Еремино селосында фашисттерге толы алты үйді жағып жіберген, одан соң жаудың екі пулеметтерін жойған. «Қызыл жұлдыз» және үшінші дәрежелі «Даңқ» ордендарымен марапатталған, Сталиннің өз қолынан Алғыс хат алған.

Өміралин Шәріптас. Майданда 1942 жылғы шілде айыннан бастап болған. Одер өзеніндегі шабуылдау операциясына қатысқан. Мина, жарылмаған снарядтарды зиянсыздандырған. Үш рет жараланған. Отан алдында өз парызын орындап, өзін қайратты және еңбекшіл адам болып көрсетті.«Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Қапарғазин Мұқташ. 1924 жылы Машам ауылында туған. Қызыл Әскерге 1942 жылы 1 қыркүйекте алынып, 1943 жылы 1 қазанда соғысқа аттанған. Соғыста 389-ші атқыштар дивизиясының 1279 полкінің екінші батальон құрамында шайқасты. 2 қаңтарда 1944 жылы жараланған. Госпитальдан кейін, бірінші Украина майданында болды. 841 минометшылар полкінде соғысып Коломье, Турки, Ужгород, Муравск-Острава қалаларын алғанына қатысқан. Висло –Одер шабуылдау операциясына қатысқан. Соғысты Прага қаласында аяқтаған. 19 қантар 1945 жылы ЧехословакиядаКошница қаласында ұрыстың қатал шарттарыны қарамай айқындаманың байланыспен қамсыздандырған. «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған және үшінші дәрежелі«Даңқ» орденімен марапатталған. Одан басқа көптеген медальдары бар. Туған еліне 1947 жылы оралды.

Қанапиянов Абдрахман 1902 жылы Машам ауылында дүниеге келген. Сталинградты қорғанысына қатысқан. «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған. Берлинге дейін жеткен жауынгер. 1978 жылы Ұялы ауылында қайтыс болған.

Садуов Қабден 1915 жылы Машам ауылында туған. 1939 жылдан бастап МТС-те механизатор болған. 1941 жылы майданға аттанып, 1-ші Украин майданында соғысқан. Беларусь, Украина, Польша, Чехословакияны неміс-фашистерден босатқан. Жүргізуші болып Берлинге жеткен. «Отан соғысы» орденімен және «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Осындай айбынды аталарымыздың ерлігімен қайсарлығын ұмытпай жүрміз. Әмірғали, Мұқташ, Қабден сияқты аталарымыздың соғыс жолдары, еңбек жолдары қазіргі жастар үшін үлгі.

Соғыс кезінде ауылдың балалары, әйелдері және қариялары егінжайда,орманда, мал шаруашылығында еңбектенген. Майданға көп нан,ет, жүн, жем, сүт, май, астық жіберген.Соғыстың қиын кезінде ауылға бас-көз болған Бектұрсынов Бапан, Ахметұлы Бабыржан, Махамбетов Аяпберген, Байсейітов Нұрмұханбет. Елде пима басып, етік табандайтын щеберхана ашқан. Соқамен жер жыртып, егін салған. Апалы-сіңлілі Анастасия мен Ольга Шевченколар трактор жүргізген, Шаханова Күлсән комбайн штурвалына отырған. Сол кезде техника жетпегеннен түйемен Шортан темір жолына дейін астық апаратын. Бектұрсыновтар, Төтенбаевтар, Қасеновтар отбасылары әке-шешесіз қалған балаларды асырап алған.Ауылда 1942 жылы жер аударылып келген ингуш, чечен, орыс отбасылары тұрған. Осы күнге дейін олар қазақ халқының көрсеткен көмек-қамқорын ұмытпайды.

1945 жылы ауылдың ер-азаматтары соғыстан оралды. Сол кезден бастап қызу еңбекке кірісті. Бүгінгі бейбіт өмір үшін қан майданда, тылда көрсеткен еңбектері мәңгі есте, өйткені олар бақытты болашағымызды қорғап қалды.

АУЫЛ ӨМІРІ 1950 ЖЫЛДАРДАН БАСТАП

50-ші жылдардан бастап Машам-Ұялы ауылымыз жаңара бастады. Мал, жылқы, қой, түйе басы санын өсірген. Жер жыртып, шөп шауып, егінде еңбектенген. Ауылға жарық қосқан, сол жарық таңда 2 сағат, кешке 2 сағат жанатын болыпты. Ауылда бастауыш мектеп, дүкен, клуб ашылған. Мектеп мұғалімдері Махамбетов Аяпберген, Сердалин Ағыпар, Ахметов Күнтайғожа, Серғазина Бикеш көп жыл ұстаздық еткен. Басқа ауыл-қалалардан келген жас мұғалімдербір-екі жыл оқытып кететін. 1957 жылы «Ұялы» колхозы «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған. Колхозға мәңгілікке егін-жер берілген. Мал шаруашылық базасы болған, сонда ауылдың адамдары еңбектеніп, мал өсірген. 1957 жылы колхозда 3953 гектар егін жер, 926 гектар жәйлау, 53 гектар шөп шабатың жер болған. 164 бас қара мал, 875 бас қой, 145 бас жылқы, 40 бас түйе болыпты. Егінде ер азаматтар трактор, комбайн, машина және тағы әр түрлі техникамен жұмыс істеген. Исина Қазкен апамыз түйе бағып үлкен жетістіктерге жеткен үшін Москвадағы Халық Шаруашылық Көрмесіне қатысқан. Жылқыларды қыстаққа Көксеңгір ауылына дейін айдап бағып, күні-түні көз алмайтын. Сол кездегі жылқышылар Бектұрұлы Сабыржан, Ысмайылұлы Темірғали, Сарғазыұлы Сұлтан. Мал өсірушілер Байсейітұлы Бегәлі, Жантілеуұлы Серәлі, Сейтенұлы Сейітқожа, Өмірәлин Шәріптас, Байсейітов Нұрмұханбет, Рамазанов Дәулет, Көпеев Айтмұқанбет. Ауыл бригадиры ол кездерде Рамазанов Молдабай болды. Молдабай атамыз кезінде «Қарабұлақ» совхозында агроном болып істеп, одан соң Ұялы ауылына бригадир болып ауысты. Өз ел-жұртына ерен еңбегі сіңген адам, көптеген орден және медальдармен марапатталған. Одан басқа Сағандықов Қабдуәлі, Құштаев Байғабыл, Байсейітов Нұрмұханбет атты азаматтар кезінде бригадир болды. 1966 жылы Ұялы ауылын Зеренді ауданынан Щучье ауданына жатқызған, сол кезден бастап ауыл Веденовка совхозының Исаковка бөлімшесінің бригадасы болды. Біраз уақыт өткесін 1980 жылы ауылды Зеренді ауданына тағы ауыстырған, Ұялы «Тыңның 25 жылдығы» кеңшарының бригадасы болып шықты.

Ауылдың барлық тұрғындары өз жұмысын істеп, біреуі егінде, біреуі малда, біреуі орманда еңбектенді. Темірболатова Мүгүлсім мен Қанапиянова Рәзия жем қоймасында жұмыс істеп, күніне 10-15 машина жем артатын. Совхозда жұмыс істеген механизаторлар күні-түні комбайн-трактордан түспеген, егін егіп, шөп жинаған. Күннің ыстығы мен суығында, желі мен жаңбырында еңбектенген. Барлықтары өз жұмысының шеберлері болған. Шоқанов Майжан бала кезінен еңбектеніп, комбайн жүргізген. 38 жыл механизатор болып өз ауылында жұмыс істеген, «Ленин» және «Еңбек Қызыл Ту» ордендарымен, көптеген медаль, мақтау грамоталарымен марапатталған, есімі құрмет тақтасына жазылған. Рамазанов Балтабек, Махамбетов Ыбрай, Сағандықов Қамет, Темірғалиев Қарыпқан, Төтенбаев Қайыргелді, Қанапиянов Тұяқ, Құштаев Орынбай, Махамбетов Жалмұханбет, Сердалин Қасымтай, Құштаев Таңатар көп жыл механизатор болып еңбектенген. Сердалин Қасымтай Ағыпарұлы 1975 жылдан бастап ел шаруашылығында еңбек етті. 1985- 2005 жылдары ауылда бригадир болып қызметтенді. Сейтенов Бағдат 1970 жылдан бастап жұмыс істеген, 1973 жылдан бастап механизатор. «Бірінші классты механизатор» атағы бар, «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталған. Сарғазин Дүйсенбі 1979-1985 жылдары жүргізуші болды, одан кейін 1985 жылдан бастап механизатор болып 25 жылдан астам еңбектенді. Осы ағаларының жолымен жүрген механизаторлар - Бектұров Бағлан, Шаханов Серік.

Жүргізушілер машинадан түспей жұмыс атқарған. Рульдан қолын алмай жұмыс істеп, әр түрлі жүкті тасыған. Аязды, жаңбырлы ауа райға қарамай жұмыс істей берген. Ауылда жүргізуші болғандар Сердалин Қуанышбек, Бектұрсынов Сайран, Байсейітов Келіс, Сағандықов Темірхан, Қожахметов Неғметжан, Сағандықов Қабдуәлі, Бектұров Жантай, Зікіриянов Есімжан, Қапарғазин Мұқташ. Бектұров Жантай көп жыл жүргізуші болып,соғы жылдары есепші, гараж меңгерушісі, қойма меңгерушісі болды. Қожахметов Неғметжан өмір бойы жүргізуші болған, көрші Исаковка селосына оқушы тасыған, тағы басқа әр түрлі жүк тасып еңбегі сіңген. «Еңбек Даңқы» орденімен және көптеген мақтау қағаздармен марапатталған. Осы азаматтар өз ел-жеріне ерен еңбек сіңірген.

Ауыл мектебі 4 сыныпты болды. Онда 30 жылдай Серғазина Бикеш апамыз ұстаз болған, оның оқушылары көп жетістіктерге жетіп ел атағын шығарған азаматтар болды. Ауылда ол кездегі дүкенде сатушы Әмірғожа Бектұров болды. 1933 жылы Ұялы ауылында дүниеге келген, 10 сыныптан кейін Көкшетау кооператив техникумын бітірген. Туған ауылында 1957 жылдан бастап дүкенде жұмыс істеді. Өз ісінің шебері болған, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған.

Клуб болған, клубтың меңгерушісі Зікіриянова Зәуреш болды. Ал есепші Мұқаметжанова Қайша Шәпиқызы болыпты. Сонда жастар кеш сайын жиналып би билеп, кино көретін. Ауылда тамақ пісіретің шошалалар болды, біреуінде тамақ пісіретін, біреуінде жұмысшыларды тамақтандыратын. 1986 жылы Ұялы ауылында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ескерткіш салынып, 9 мамыр, Жеңіс Күнісалтанатты түрде ашылды, батырлардың аруағына ас беріліп, дұға оқытылды.

Ауылымыздың табиғаты өте әсем. АуылҚасқатау бауырында орналасқан. Көркем Әулиебұлақ сарқырамасы ағып жатыр орман ішінде. Қалың орман, сол орманда әр түрлі ағаштар өсіп жатыр, аңдар, құстар, қалың тоғай араларында шөпке толы алаңдар бар. Орман ішіндегі шабындықтарға шапқан адамның атын қойған. «Шыныбек шабындығы», «Мүтәш шабындығы», «Тасқожа шабындығы»деп аталған шабындықтар бар.

Ұялының адамдары бала кезінен орманда өсіп табиғатты сүйген. Ауылдың атақты орманшысы Сүлейменұлы Темірболат атамыз болған. Ол Машам ауылында 1892 жылы дүниеге келген. Одан соң 1920-ші жылдардың ортасынан бастап орманшы болып еңбектенген. Беделді жұмыс істеген үшін медальдармен, мақтау грамоталармен марапатталған. «ВДНХ СССР» көрмесінде болған, «Орман шаруашылығының еңбегі сіңген қызметкері» атағының иегері болған. Қасқатау бауырында орман ішінде кордон құрып жұмыс істеген. Оның балаларыда әке жолымен жүрген. Қаппас Темірболатов аңшы, мерген, орман шаруашылығының қызметкері, Әбүтәліп Темірболатов орманшы, техник болып жұмыс істеді. Кеңес Сүлейменов Бурабай орман шаруашылық техникумын 1961 жылы бітірді. 1960 жылдан бастап орман шарушылығында еңбектенді. Орманшы, шебер-техник,инспектор болды.

Көп жыл орманшы болып Садуов Қабден еңбектенген. 1947 жылдан бастап Кіші Түкті орман шаруашылығында орман күзетуші болып жұмыс істеген. Еңбек қызметін 1977 жылы аяқтады. «Еңбек ардагері» атағының иегері болған.

Атақты орманшы Бектұров Тасқожа Сабыржанұлы 1935 жылы Ұялы ауылында дүниеге келген. 1954 жылы 7 сынып бітіріп, 1959 жылдан бастап «Қарабұлақ» колхозында жүргізуші болып істеді. 1968-1972 жылдары Бурабай орман шаруашылық техникумында білім алды. 1974 жылы Преображенский орман шаруашылығында орман күзетуші қызметін бастады. 1979 жылы Солтүстік орманшылығын басқарып,орман ішінде кордонда тұрған. 2001 жылы орманда 32 жыл еңбектеніп зейнеткерлікке шықты. Мадақтама, медальдармен марапатталған.

Шынғожа Сабыржанов 1948 жылы 22 қаңтарда Ұялы ауылында дүниеге келген. Алматы ауылшаруашылық институтын бітірді. Орман жұмысына жаның салып еңбектеніп техникқызметінен Үлкен Түкті орман шаруашылық мекемесінің директорына дейін жоғарылады. Сандықтау аудандық маслихатының хатшысы болған. Қазір Шынғожа атамыз Сандықтау ауданында зейнеткер.

Ауылда атақты орманшылырдың бірі Садуов Болаткен. Ол 1989 жылы Бурабай орман шаруашылық техникумын бітіріп, орман күзетуші қызметін бастады. Орманшыдан Солтүстік орманшылығының басшысына дейін жетті.

Көп жетістіктерге жеткен орманшы Майдан Бапанов. Ол 1943 жылы дүниеге келген. Үлкен Түкті орман шаруашылығында техник, орманшы, бас орманшы, кейін Үлкен Түкті орман шаруашылық мекемесінің директоры болып қызметтенді. Қазір ол кісі Раздольное ауылында зейнеткер. Мұқанов Төрегелді 1980 жылға дейін шебер болды, одан соң Үлкен Түкті орман шаруашылығында инспектор болып қызмет атқарды.


БАТЫР АНАЛАР

Өмірдің иесі сен, асыл ана,

Келтірген дүниеге нелер дана.

Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер анадан тарайды. Ана болу ерен еңбек. Өз баласын бағып-ана өзін ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды. Ана деген дүниенің алтын кілті, адам сәулетшісі. Осы Ұялы ауылында көп бала тауып өсірген аналар көп. Олар барлығы сол балаларға жанын салып, үстеріне шаң түсірмей, қайратты, еңбекқор, әділді, адалды, өз ел-жерін сүйетін азаматтар қылып өсірген. Ұялы ауылының көп балалы аналары: Қожахметова Балқия Мадайқызы - 14 бала, Күмісжан Әжібайқызы Сейтенова - 11 бала, Шоқанова Гүлбаршын - 10 бала, Мұқанова Балкен - 10 бала, Бектұрова Қымбат - 10 бала, Сердалина Күлбанды -10 бала, Дәмелі Шәріптасқызы - 12 бала, Темірболатова Мүгүлсім Қайырбекқызы - 9 бала, Жантілеуова Қайыржан - 8 бала, Серғазықызы Бикеш - 8 бала, Шаханова Күлсән - 8 бала, Сағандықова Нұржамал - 8 бала, Рамазанова Гүлбағила - 8 бала. Рамазанова Күлшира анамыз екі үйдің 15 баласын тәрбиелеп жеткізген, Канапиянова Разия -7 бала. Осы апаларымызға «Батыр Ана» атағы берілген, үш дәрежелі «Аналық Даңқы» орденімен, көптеген медальдармен, мадақтамалармен, алғыс хаттармен марапатталған. Осы ауылдың аналарына біз тағзым етіп бас иеміз.

ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА

Қазіргі уақытта Ұялы - шағын ауыл. Ауыл тұрғындары ата-бабаларының туған жерінде отыр. Ауыл азаматтары өз саласында еңбек етіп, қызметтеніп жүр. Ауылдың қазіргі тұрған отбасылары: Бектұровтар, Жантілеуовтар, Қанапияновтар, Қожахметовтер, Құштаевтар, Рамазановтар, Садуовтар, Сарғазиндар, Сейтеновтер, Сердалиндер, Темірболатовтар. Қожахметов Болатжан «Амандық» деген жеке ауыл шаруашылығын ашып егінжайда еңбектеніп жүр. Рамазанов Қайыржан «Жайылған» атты жеке шаруашылық ашып құс өсіріп жатыр. Байсейітов Қайрат «Нұрмұханбет» атты жеке жылқы өсіретің шаруашылық ұстап еңбектеніп жүр. Қожахметов Нұржан «Машам» деген түтік-кеспе шығаратын сауда фирмасын ұстайды. Жан-жақтағы осы ауылдан шыққан азаматтар өз ауылын ұмытпай жүр. 2015 жылы ауылда Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған концерт, митинг өткізілді. Жан-жақтан жиналған қауым, осы елдің тумалары, ұрпақтары ескерткіш алдына гүл қойып, әке-аталарының аруағына тағзым етті. Исаковка орта мектебінің оқушылары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады. Аталар әкелген Жеңіс күні Машам - Ұялы елінде осындай бір ғибраты мол мерекелі салтанатқа ұласты. Осы 2016 жылы біздің Машам-Ұялымыздың 80 жылдығына байланысты барша ел азаматтары мен қыздары ел төрінде той-думан жасап, аруақтарға бас иіп, үлкен жиын өткізсек деген ойымыз бар.


Абуталибов Аслан, Исаковка ОМ, 10-шы сынып оқушысы.

Жетекшілер: Саргазина Бижан Тұяққызы, тарих мұғалімі;

Кұсайынова Зейникамал Қаленқызы, қазақ тілі мұғалімі.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?ялы-Машам ауылыны? тарихы

Автор: Саргазина Бижан Туяковна

Дата: 16.03.2016

Номер свидетельства: 306526


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства