kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?ркі ?ркениеті ж?не ?аза?стан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?ркі ?ркениеті мен ?аза?стан арасында?ы м?дениетті? ?згешелігін сипаттау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?ркі ?ркениеті ж?не ?аза?стан»

«ТҮРІК ӨРКЕНИЕТІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН»

ЖОЛМУХАМБЕТОВА ВЕНЕРА ЖУМАШЕВНА

ЖАҢАӨЗЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ

Қазақстанды мекендейтін әр түрлі ұлт өкілдерінің тіліне құрмет көрсету, олардың ана тілінде білім алып, төл мәдениетін дамытуына жағдай жасау – мемлекетіміздің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі.
Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі.
Нұрсұлтан Назарбаев

Өз уақытында еуразиялық континентте бұрын көпшілік қауым үшін де, ғылым үшін де беймәлім болып келген өзіндік ерекше және күшті өркениет болған ол түрік өркениеті.Тек тәуелсіздікке қол жеткеннен соң ғана, сондай-ақ шетелдік түркітанушылық зерттеулер қоғам өміріне кеңінен тарағанда ғана, Орталық Азия мен Еуразия ғалымдарының таңқаларлық ашулары ғана еуропацентристік көзқарастардың пердесін түріп тастап, түркілердің әлемдік қазынаға қосқан қомақты үлестері туралы кеңінен айтуға мүмкіндік туды. Бүгінгі таңда түркілердің әлемдік мәдениет пен өркениетке қосқан үлесін толықтай ашып көрсететін бұндай материалдар өте аз. Әлемдік мәдениеттегі түркілердің орны бүгінде толықтай өз бағасын алып болған жоқ. Оның көптеген «тарихи жазбадағы беттер», яғни әр саладағы түркілердің жеткен жетістіктері әлі де оқылмаған күйінде қалуда. Бүгінде оның шынайы тарихы неғұрлым толықтай және жан-жақты зерттелсе, соғұрлым оның әлемдік тарих, мәдениет пен өркениеттегі орны анық әрі дәлелді бола түседі. Біздің пікірімізше, прототүркілер мен түркілер ғаламат зор терриорияларды жаулап алып, үлкен империялар құрып қана қойған жоқ, сонымен бірге өздерінің артына ұлы өркениет пен мәдениет қалдырып кетті. Ал осы қазына бүгінгі күні негізделе зерттеліп, толықтай бағасын алып, көпшілік қауымға ұсынылуы тиіс. Бүкіл ғалым-қоғамтанушылар алдында үлкен тарихи, мәдени-өркениеттік негізді көтеру мен меңгеру міндеті тұр.

Біздің ойымызша, қазіргі қоғамдық ғылымдардағы жаңа ашылуларды, түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлестерін тек айтып, жазып қана қоймай, соның негізінде түркі халықтарының тарихы мен мәдениетінің жаңа концепциясын құруымыз қажет. Біздіңше, Қазақстан жастарын патриоттыққа тәрбиелеуде, бұны бүкіл білім мен тәрбие жүйесіне енгізуде өте зор маңызға ие болмақ. Біз өзіміздің шынайы тарихымызды білуіміз қажет.

Прототүркілерден бастау алатын төл тарихымызды тануымыз қажет. Атақты ғалым-түркітанушы, белгілі қоғам қайраткері Садри Мақсуди 1917 жылы былай деп айтқан болатын: «Біздің аталарымыз ұлы өркениетті тудырған. Түркі халықтарындағыдай мәдени потенциал ешбір халықта жоқ. Біз бұны бүкіл әлем алдында дәлелдей аламыз». Бұл тұрғыда дәлел болар деректер жеткілікті.

Түркілер — әскери өнердің хас шебері

Белгілі саяхатшы Марко Поло түркілердің әскери өнері турасында өте маңызды мәліметтер қалдырды:
1. Соғыс алдындағы психологиялық даярлық. Татарлар әскер алдында жалынды сөздермен, баяу ән мен екі ішекті аспаптағы музыкасымен, дауылпаздардың дыбыстарымен ұрысқа дайындалған.
2. Қарсы барлауды ұйымдастыру. Әс-кердің төрт қанатында екі жүз барлаушы тосыннан болатын шабуылдың алдын алады. Кейін орыс генералдары түркілердің осы тактикалық амал-тәсілдерін арьерад, авангард деп өздеріне көшіріп алады.
3. «Дала тактикасы» деп аталатын әдіс. Жаудан қашып бара жатып қымсынбайды, қаша жүріп, бұрылып тұрып атады. Аттарын ит секілді үйреткен, ал жаулары жеңдік деп ойлайды, бірақ жеңіліс табады: аттары мен адамдары қуып бара жатып, оққа ұшқан. Татарлар жау аттары мен адамдарын атып түсірісімен, бұрыла салып қайта шабады да, жеңіске жетеді.
4. Әскер құрылымы. Көпшілікке жүйесіз көрінетін далалықтардың әсері негізінде нақты сап пен белгілі бір құрылымға ие. Әскердің құрылымының негізінде 10 саны тұрады: «Жүз мың – бұл түк, он мың – түмен, мыңдық, жүздік, ондық». Әрбір әскер өз командиріне, ұрыс кезінде жүзбасының, мыңбасы, түменбасының басқаруында болады. Осыдан қатаң, темірдей тәртіп, әрбір жауынгер жоғары жауапкершілікте болады.
5. Шабуыл. Негізгі мәні – жаумен жақындаспай, алыстан техниканы істен шығарып, мүмкіндігінше көп адамды жою. Түркілердің әскери өнері туралы мысал ретінде Әмір Темірдің жорығын айтуға болады. Үндістанға жасаған жорығында Дели қаласының маңында алғашқы қақтығыс болады. Темір әскеріне қарсы соғыста үнділер алғашқы күні алпысқа жуық әскери пілдерді пайдаланады. Бұл өте қорқынышты және күтпеген әдіс болатын, Темір әскері бірінші күні-ақ жеңіліске ұшырайды. Ұлы Ескендір де бір кездері осындай шабуылға ұшыраған болатын.
Түркілердің үлкен жетістіктері ретінде олардың бай тілдері туралы айтсақ болады: Рафаэль Мухамметдинов былай деп жазды: «Түркі тілі мағыналық түбір тұрғысынан алғанда әлемдегі ең бай тілдердің бірі. Бұл тұрғыда бірде-бір еуропалық тілдер түркі тіліне тең келе алмайды. Бүгінгі таңда әлемдегі ең бай тіл ретінде саналатын неміс тілінде шамамен тоғыз жүздей түбір сөздер кездеседі. Ал басқалары осы түбір сөздерден шыққан туынды сөздер болып табылады. Ал түркі тілінде ұмытылған және ескірген сөздердің барлығын қосқанда сегіз мыңға жуық жеке лексикалық бірліктер бар. Егер осы тілдік байлық басқа ұлттардағы секілді саналы түрде қайта жанданатын болса, түркі тілі әлемдегі ең бай тілдердің біріне айналар еді».

Арғы тарихтың бедерінде күллі әлемге із қалдырған түркі дүниесінің бүгінгі күні де дүниежүзілік өркениетте ерекше орны бар екені белгілі. Жалауын жоғары ұстап, намысын ешкімге таптатпаған ежелгі түркі халықтарының қазіргі ұрпақтары бір-бірімен рухани туыстық қарым - қатынасты жақсы жолға қойған. Түп негізі бір, тілегі ортақ, түркі жұртын тек бір-бірін қиналмай ұғысатын тіл ғана жақындастырып қоймайды, олардың етене араласуына бастау-негізі тамырлас өнердің де ықпалы аз болмайды. Түркі өнері - түркілік рухты қозғайтын айрықша кұбылыс.

Әдебиеттің тарихына ұлы ойшылардың, ғалымдардың және ақындардың есімдері енген. Әбунасыр әл-Фараби – көптеген ғылымдар мен өнердің, математика, сәулет, музыканың негізін қалаушы, Махмұд Қашғари құнсыз «Диуани-лұғат-ат-түрік» (Түрік сөздерінің сөздігі) шығармасының авторы, Ходжа Ахмет Яссауи үздік діни өлеңдер жинағы «Диуани-и-Хикмет» авторы, Орталық Азия және Қазақстан халықтарының «Құтадғұ-білік» көрнекті шығармасының авторы Жүсіп Баласағұн.

Қазақ ғалымдарының біріншісі, әлем мәдениетіне өз үлесін қосқан Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов. Ол қазақ және қырғыз елдерінің аңыз бен ертегілерін, дәстүр мен салттарын, тіл және діндерін зерттеген. Шоқанның жазған «Қырғыз-қайсақ ордаларының Үлкен ежелгі аңызында» «Қазақтардағы шамандықтың іздері», «Қашғари туралы жазбалар», «Даладағы мұсылмандық» және басқада ғылыми еңбектерінде жүйелі түрде қазақ және басқа да түрк тілді қандастарымыздың мәдениетін баяндаған.

Еуразия құрлығының нақ жүрегіндегі шетсіз-шексіз далада,  биік таулар мен мыңжылдық көлдер аралығында  көшпенділер ортасында өзіндік ерекшелігі бар, табиғатты қадір тұтатын айрықша мәдениет өмірге келді. Ол моңғол және түрік халықтары мәдениетінің қосындысынан пайда болып, кейінірек ислам және парсылық дүниетаным әсерімен байи түсті. Ол кезде әлі Қазақстан мемлекеті болмаған еді. Алайда, сол заманның өзінде көп ғасырлық ортақ мәдениет қалыптаса бастады. Еркін деген ұғымды білдіретін “қазақ” атауының өзі кейінірек пайда болды (14-15 ғасырларда).

Білім жөнінен артық, басқа өздері сияқтылар арасында осынау мәдениеттің алатын орынын  анықтауға деген айрықша құштарлықтан, қандай да болсын біртұтас, ділі де, тілі де  бір, (түркітілді), мекендеген жерлері ұқсас Дала тайпаларының бірлестігін құру қажеттілігі пайда болды. Осылайша, мемлекеттің пайда болуына алдына-ала жол ашқан, көшпенділердің кеңістік пен уақыт жөніндегі үнемі қозғалыс жағдайындағы күрделі таным білімі және рухани ұғымдарына негізделген еркін мәдениеті туды. Қазіргі кезде мәдениет: түпнұсқалық қазақ мәдениеті (дәстүрлер, салт-жоралғылар, тіл, және т.б. сақталған) және бүгін біздің елде тұрып жатқан көптеген (130-дан астам) этностың ерекшеліктерін сіңірген қазақстандық мәдениет боп дамуда. Бүгінгі Қазақстан мәдениеті – қазақстандық  халықтың тұрмыс-салттары мен әр алуан рухани және материалдық формада айқын байқалатын эстетикалық құндылықтарының кешені.

Еуразиялық сахарадағы көшпелілер Дала арқылы өтетін «Ұлы Жібек жолы» сауда ғана емес, мәдениет тоғысу жолы болды. Көшпелі өмір адам мен табиғаттың қадірін білуге дағдыландырды. Даланың өзіндік этикасы мен менталитеті қалыптасты. Түркі әлемінің мемлекеттік жүйесі түркі өркениеті дәлел.

Түркі өркениетінің әлемдік тарихқа қосқан үлестерін төмендігідей ұлгіде жүйелесек:Тәңірлік дүниетанымды қалыптастырды, Зәрдүш (Зороастр діні тарады;   металл қорытудың ежелгі орталығы болды;

       Түркі жазуы болды және жыл мезгілін маусымға бөліп, осы күнгі календарьлық дүниетанымды қалыптастырды;

      Ерекше әскери құрылымы, әскери өнердің шебер үлгілерін қалдырды;
      Архитектуралық өнердің өзіндік үлгісін қалдырды: Айша бибі, Алашақан, Сырлытам, Қарахан, Жошыхан, Аяққамар, Жұбанана, Болғанана, Ботағай мавзолейлері т.б. Би-шешендер бай ауыз әдебиетін қалдырды. Әуез (музыка өнері) шарықтады. Тек қана Қазақ хандығы тұсында 5000-дай күй (аспапты музыка) дүниеге келген;

Қазақстан тәуелсіздігін алып жеке дара экономикасы дамып келе жатқан, ішкі сыртқы саясаты барынша алға жалжыған, барыс елдерінің қатарына қосылу үшін талпынып келе жатқан елімізде жүзден аса ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, өздерінің мәдениетін дамытып, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін берік сақтап отыр.  

 Қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр жалпы мұсылман қауымнның әдет-ғұрыптары бірдей болмаса да, ұқсас келеді.  Мысалы, түркі тілдес халықтар секілді түріктер де туыстық жақындықты әке жағынан есептейді. Жүзге, руға бөліну оларда жойылып кетті дегенмен, үш төрт ұрпақ өтіп кетсе де кейбір әулеттер өздерін Надир балалары, Али балалары т.б деп атайды.  

 Түріктерде ер адамдар әйел адамдардан әрдайым жоғары тұрады. Ұл балаларға кішкентай кезінен бастап санасына «Сен ер жігітсің, әйел затынан қай кезде де жоғары тұрып, өз артықшылығыңды біліп жүр» деп үйретеді екен. Жоғары болу дегендері  ұрып соғуды емес, әрдайым қорғап қолдап, қамқор болуды, әйелдердің нәзік жанды келетіндігін меңзейді. «Cennet annelerin ayaklarin altindadir», яғни Жәнәттың кілті аналарымыздың аяғының астында  деген мақалды әрбір түрік жадында ұстап, төрт ұйқысын төрт бөлген ана сүтін ақтауға, әжесі мен апасын, әпкесі мен қарындасын құрметтеп, аялап, сыйлап өтуді парыз санайды. 

«Үлкенге ізет, кішіге міндет» демекші, түріктердің жасы үлкені кішіге ақыл айтып, дұрыс жол нұсқайды, ал кішісі тыңдап, үлкенге ізет көрсетеді.Тарихтан түріктердің лауазымы мен қызметіне, тұрмыс жағдайы мен қоғамда алатын орнына қарай паша, хазретлери, бей, шейх, эфенди, аға, ханым деп атау дәстүрі бар екендігін білеміз. Алайда, кемалистердің қолдауымен «бай» деп ер адамдарға,, «баян» немесе «ханым» деп әйелдерге айтылатын жаңа сыпайы атаулары ұсынылған. Қазіргі таңда түріктер ұғымында «бей, мырза, эфенди» т.б. атаулар әл-ауқатымен, ақыл-парасатымен сый құрметке ие болған, жан-жағына билігі жүретін беделді азаматқа лайықты. Түріктер «жаным» деген сөзді жасы кішілерді еркелеткенде, құрбыларына, өзі жақсы көретін адамдарға, тіпті ерлер ерлерге де айта береді. Сонымен қатар «ики гөзүм», «кузум» деген сөздерді де жиі қоданады. Әке-шешесімен қоса атасы мен әжесі тұратын үлкен шаңырақ «хане» деп аталады.

Дүниеге ұл баланың келуі түріктер үшін қуаныш, оны ұрпақ жалғастырушы деп аса құрметпен қарайды. Жаңа туған сәбиге әркім өз шамасына қарай той жасайды. Барлық мұсылмандар сияқты бала бес жастан асқанда міндетті түрде сүндетке отырғызу салты болады.  Отбасы мүшелері үшін бұл ең маңызды күндердің бірі болып саналады. Осы қуанышқа орай сүннет дүүнү, яғни сундетке отырғызу тойын жасап, үйлеріне ақ дастархан жайып, қонақ шақырады. 

 Қазақ бауырлары сияқты түріктер де күрес өнерін жетік меңгерген ұлттардың бірі. Ұл баланы жастайынан күреске баулиды. Түріктер осы күрес балуандары арқылы әлемге танылып отыр.  Қазақстан күрес құрамаларының арасынан да түрік балуандарын кездестіруге болады. 

Қазақтар сияқты түріктерде де құда түсу салты бар. Қыздың келісім беру, бермеуі жігіт үшін үлкен сынақ. Сол себепті жігіт қыздың ойын білу үшін алдын ала алма беріп жібереді. Қыз көнген болса, жауап ретінде өз орамалын салып жібереді. Алайда екі жастың қосылуы тікелей әкенің қолында. Ұлдың әкесі туыстары арасынан екі-үш сыйлы азаматты ертіп, қыздың әкесіне жолығып, дастарқан басында келген шаруасын айтады. Түріктер арасында қыз жағы іштей келіскенімен, әдеп сақтап, бірден келісе салмау салты бар. "Қызым тым жас" дегенді тілге тиек етеді. Жігіт жағы үшінші рет келгенде ғана өз келісімдерін беріп, батасын береді. Ризалық белгісі ретінде жаңа құдаларға сый-сияпат көрсетіп, дастарқанға палау, халва, шербет қояды. Ас соңында қалыңмал мәселесін шешіп, үйлеріне тарқасады. 

«Түркі әлемі әлі толық зерттелмеген терең тұңғиық. Сондықтан, түркітілдес халықтардың тарихын, мәдениетін зерттейтін, оқу-ағарту жүйесін үйлестіретін арнайы орталық құру керек. Біздің ұлы бабаларымыз Алтайдан Ақ теңізге дейінгі Ұлы далада өз билігін жүргізді. Бізге өшпес қаһармандық эпос және мол рухани қазына қалдырды. Тұңғыш рет әлемге өнеге болған ортақ шаңырақ - киіз үйді, темірді, шалбарды, жебені, етікті және өкшені, үзеңгіні ойлап тапты. Осындай батырлық эпосты дүниеге танытудың кезі келді деп ойлаймын. Ол үшін жалпыға ортақ Түркі академиясын құру қажет», - деген болатын саммитте Н. Назарбаев. Осы орайда Қазақстан басшысы бұл шаруа барша түркі жұртының ортақ міндеті екендігіне тоқтала келе: «Сондықтан түркі тілдес әрбір мемлекет қолдап, атсалысса, көмегін берсе, бұл академияны бүкіл түркі дүниесінің қасиетті жері Түркістанға орналастыруға болар еді немесе келіп-кетуге оңай дейтін болсақ, Астанада ашуға болады»- деп атап көрсеткен еді.


Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Егемен Қазақстан

  2. С.Әбушәріп .Түркістан тарихы – Алматы: «Білім»2001ж.

  3. Интернет материалдары

  4. Келімбетов Н. «Ежелгі дәуір әдебиеті». Алматы, 1986.

  5. Әуезов М. Шығармалар. ІІ том. Алматы, 1996.

  6. «Ежелгі дәуір әдебиеті». Алматы, 1991.

  7. Батырлар жыры. І том. Алматы, 1986.

  8. Аманжолов К. Түркі халықтарының тарихы: 2-3кітаптар – Алматы: 1997,1999ж.ж.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?ркі ?ркениеті ж?не ?аза?стан

Автор: Жолмухамбетова Венера Жумашевна

Дата: 23.05.2016

Номер свидетельства: 329847


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства