kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Т?УЕЛСІЗДІК – КЕШЕ К?ННІ? ТАРИХЫ МЕН Б?ГІНГІ К?ННІ? БЕЛЕСІ»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Талай — талай ?ас батырлар жанын ?иып, ?ор?ап ?ал?ан, талай арулар махаббат ??рбаны бол?ан, талай ?зегі ?ртенген ?кінішті жандар мен ?уаныштан ж?регі жарыла шаттан?ан пенделерді? ку?гері бол?ан ?асиетті Отанымыз – ?аза?стан! ?аза?стан — т?уелсіз ел. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Т?УЕЛСІЗДІК – КЕШЕ К?ННІ? ТАРИХЫ МЕН Б?ГІНГІ К?ННІ? БЕЛЕСІ»»

«Тәуелсіздік – кеше күннің тарихы мен бүгінгі күннің белесі»



«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып — көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»

(Н. Назарбаев)

Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл — бүлкіліндей естіледі бізге. Иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі. Ол – өлең, ол – ән, ол – сұлулық, ол – асқақ арман, ол – шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында. Жарастығымыздың да, жақсылығымыздың да, тыныштығымыздың да қиясы, махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан.

Талай — талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан! Қазақстан — тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл — тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын.

Менің туған жерім – Қазақстан Республикасы. Бұл – бай тарихпен, көне мәдениетпен және ерекше табиғатпен ұлы мемлекет. Осы тамаша табиғатын-ай! Бурабайдың қатты қарағайлары, тың жердің алтын егіндері, Ұлы даланың ақшыл бетегесі – барлық менің Қазақстаным. Менiң Қазақстаным — ел ыстық қалаулы сонымен аяулы, маңызды, асыл. Ғасырлар көп оның жауларынан қоныстандырып, меңгерiп, қорғап қалуы және бүгiн өмiршең бiзге мұраға тапсыру үшiн бабаларымызға керек болды. Еңбек, тер және қандар, қуаныш және бейнеттер неше өткен ұрпақтар үлесiне тидi. Жоңғарлармен соғыстар, патшалықтың қиын кезеңі, Ұлы Отан соғысы – қазақ халқы көп қайғыларды көзі көрді.

1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қабылданды. Осы жылда біздің тәуелсіздігімізге 24 жыл орындалады. Сөз жоқ, Қазақстан халқы үшін ұлы күн.

Бұл барлық еңбекқорлықтың, халықтардың достықтың нәтижесі. Қазіргі Қазақстан – егемен, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Әрине, бізге қайда ұмтылу бар. Ғылымды даму, ауылдарды демеу, жемқорлықты жою керек. Бірақ, барлық Қазақстан жетістіктері алда болады. Мен сенемін!

Біздің елбасымыз – Н.Ә.Назарбаев дана адам, шебер саясатшы, нағыз отаншыл. Ол – Ата Заңның гаранты. Біздің Ата Заңымыз – негізгі тәуелсіздіктің нышандарының бірі. Қазақстанда өз мемлекеттік рәміздері бар. Олар: ту, елтаңба, әнұран. Олар егемендікті, бостандықты, дәстүрлерді, тәуелсіздікті көрсетеді. Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі өміріміз — Қазақстанның болашағы, оның мүмкіндіктері мен мақсаттары. Тәуелсіз болу – өз тағдырына жауап беру деген сөз. Дүниеде барлық адам, барлық халық тәуелсiздiк пен бостандықты, теңдiктi аңсайтыны анық. Сол жолдағы тынымсыз күрес әлемнің кей түкпірінде әлi де жалғасып жатыр. Тәуелсiздiк ұғымының терең астарын тарих қойнауынан, ата-бабамыздың өткенiнен, оның санғасырлық арманынан iздегенiмiз абзал. Елбасы Н.Назарбаев айтқандай, «Қазақстанның бүгіні мен болашағы – халқымыздың ынтымақ-бірлігінде, ырыс-құтты тірлігінде». Сол бірліктің арқасында еліміз экономикалық даму мен әлеуметтік жаңару, жаңғырудың даңғыл жолына түсті. Кешегі Астана Саммитінде де әлем жұртшылығы еліміздегі ынтымақ-бірліктің қуаты мен құндылығына көз жеткізді. Жалпы, дер кезiнде айтылған сөз – тарихи ерлiк, тындырылған шаруа – тарихи әрекет. Тек сондай өрелi iзденiс қана халқымызды босағада қалдырмай, төрге алып шыға алады. Мұны көптi көрген көне тарих талай дәлелдеп те бердi. Әрi ол Елбасының саясаттағы ұдайы iзденiстерiн де айғақтайды. Осындай ізденістер мен еңбектің нәтижесінде жүзеге асқан, әлем жұртшылығының жоғары бағасын алған. Астана Саммиті еліміздің абырой-беделін арттыра түскені анық.

Ғасырлар бойы бабалар көксеген тәуелсіздік туын желбірету бақыты бүгінгі заманда тірлік кешіп жатқан біздерге бұйырыпты. Қазiргi басты мiндет те, басты парыз да тәуелсiздiктi көздiң қарашығындай сақтау әрi оны одан әрi нығайту болып табылады. Ел, халық мүддесiн қорғап, қазақ халқы мен Қазақстандағы өзге ұлт өкiлдерi бiрiгiп, тәуелсiздiк мүддесiне негiз, тiрек қаласақ тәуелсiздiк рухы мемлекетiмiздi тұғырландыра түседi. Бүгінгі таңда біздің еліміз әлемдік өркениетте өзінің айшықты орнын алған мемлекетке айналды. Қазақстан өзінің экономикалық дамуының жаңа үрдістерімен де сыртқа таңылып, өз ішінде сан ұлттардың ынтымағын жарастырған ел екендігін көрсетіп, саяси тұрақтылықтың арқасында өрелі биіктерге қол созды.

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп, өз алдына ел қылуда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ халқының тұңғыш Елбасы болды. Ол кісінің бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Елдің елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Бүгінгі күні Назарбаевтың есімі дүние әлемінің көрнекті мемлекеттік қайраткерлерінің қатарында бірге аталады. Бұл тегінен болмаса керек. Және де Түркияның астанасы Анкарада Назарбаевтың ескерткішінің

орнатылуы, Иорданияның астанасы Амман қаласындағы бір көшенің Назарбаевтың есімімен аталуы қазақтың бір ұлы, қазақтың перзенті, тәуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өз дәуірінің және бүгінгі кезеңнің ұлы көшбасшысы екендігін айқын дәлелдесе керек. Назарбаевтың есімі мен ісі адамзат тарихының беттеріне мәңгі жазылғандығын айтқан да ләзім. Алдымызда тәуелсiздiктiң 20 жылдық белесi келе жатыр. Тарих үшiн бұл қас-қағымдай ғана уақыт. Әйтсе де, осы өте қысқа уақыт аралығында Қазақстан өз тәуелсiздiгiн әлем жұртшылығына мойындата алды. Сонымен бiрге, әлемдiк қоғамдастықтың белсендi мүшесiне айналды. Алып державалармен терезесi тең әрiптестiк қатынас орнатты. Мұның бәрi – азға қанағат тұтқан, көпке салауат айтқан халқымыз бен ел көшiн бастаған Елбасы, Ұлт Көшбасшысы, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасы.

“Дүние дамуымен есептегенде, жиырма жыл деген көп те емес шығар. Бiрақ, бiз үшiн үлкен кезең, тұтас бiр дәуiрмен бара-бар. Олай болатыны, тәуелсiздiк – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетiн арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты. Сол себептi тәуелсiздiктiң әрбiр жылының бiз үшiн мәнi бөлек, маңызы айрықша”, – деуi арқылы да Мемлекет басшысы егемендіктің қадiр-қасиетiн биiктете түстi.

Яғни, тәуелсіздігіміздің әрбір жылы ерекше маңызды екендiгiне ешкiм шүбә келтiре қоймас. Осы тәуелсiздiктiң арқасында қол жеткен жетiстiктерiмiзге көз жұма қарау – ақиқатқа қиянат. Тәуелсiздiк – тәттi сөз ғана емес, ұлттық жауапкершiлiк. Тәуелсiздiк бәрiнен де қымбат, бәрiнен де қастерлi. Еліміздің тәуелсіздігі - ата-бабамыздын асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс. Қазақ елінің басына бұл ғасырдың тартқан сыйы мен тартуы да мол, қайғы мен қасіреті де аз емес. Қаншама қиындықты бастан өткерседе, еліміздің бар мақсаты халық болып бірігіп, тәуелсідікке қол жеткізу болатын. Сан түрлі ұлт пен ұлыстан біріккен еліміз. Азаматтыққа XX ғасырдың соңғы он жылдығында ғана әрең қолын жеткізді. Тәуелсіздікпен бірге ел тарихына, көп ұлтты Қазақстан мемлекетіне ұлы жаналықтар қоса кірді. Ұлы байтақ жері бар сабырлы да еркін халқы бар үлкен мемлекеттің өзгеге ұқсамайтын тарихы, қалыптасу, даму жолы да ерекше болды. Ата- бабадан қалған ұлан- ғайыр жерді игеріп, дербес мемлекет ретінде өз билігімізді сақтай отырып, өзгеге көңіліміз ашық, дастарханы, қолы жомарт халық ретінде дамып жатқан еркін елміз.

Осы бір аумалы- төкпелі заманда елдің елдігін танытқан Елтаңба, аспан түстес көк Байрақ, рухты оятар Әнұранымыз қабылданды.Елбасымыздың елдікті орнатумен қатар, есімі тарихта қалған ұлылардың абыройын көтеруін қалай мадақтасаң да жарасып тұр. ЮНЕСКО көлемінде Абай, Махамбет, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев тойлары әлемдік дәрежеде тойланды. Тарих құндылықтары да назардан тыс қалған жоқ. Осы уақыт ішінде Түркістанның 1500 жылдығы, Тараздың 2000 жылдығы тойланды.БҰҰ-ның қолдауымен Қазақстан көптеген халықаралық конференциялар мен жиындар өткізді. Мәселен, 2003, 2006 және 2009 жылдары Астана қаласында Әлемдік және

дәстүрлі діндер басшыларының І, ІІ,ІІІ съездері өткізілді. Бұл Қазақстанның жер байлығымен қоса, рухани байлығының дамуын көрсетеді. ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында біз үшін аса маңызды оқиғалардың бірі- әлемнің ешбір елінде жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясының дүниеге келуі. Бүгінгі таңда Ассамблея- жай ғана емес, өміріміздің ажырамас бөлігіне, бірлігіміз бен тұрақтылығымыздың кепіліне айналды және әр этносқа өз тілін, дінін және салт-дәстүрін өркендетуге мүмкіндік беруінің өзі Қазқстанның болашағы зор ел екендігін таныта түсті. Жүздеген ұлттардың өкілдері бір- бірімен тату өмір сүріп, ынтымағы жарасқан елге айналуының бастау арнасында Елбасының елдікке негізделген саясаты жатыр. Бүгінгі Қазақстан – әлемдік аренадан өз орын ойып алған, Азия мен Еуразияны мойындата білген өжет елдің мекені. Қазақ мемлекеті өз тәуелсіздігін алғаннан бері әлемдік қауымдастықтың біразына мүше болды, көптеген елдермен елшілік қарым – қатынас орнатты. Елдің абыройын, ұлан – байтақ жеріміздің тұтастығын қорғайтын құжаттар мен шартқа қол қойылды. Тәуелсіздік алып келген жетістік те, оң өзгерістер де мол. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік! Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі табыстарының бәрі де тәуелсіздіктің нәтижесі. Соның бірі – Астана. Елордамыз Алатау баурайындағы әсем ару Алматыдан Арқа төсіндегі жаңа ақорда Астанаға келіп орнықты. Аз уақыт ішінде көркейіп, түрленген, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі Астанамыз да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұр. Бас қала, орман қала – жас қаламыз өнер – білім мен мәдениет пен ғылымның ордасына айналуда. Жаңа астанамыз бүгінгі күн өзінің зәулім құрылысымен ғана емес, рухани орталықтарымен де көркейіп келеді. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, ел болғандығының арқасында әлем оралысына шығуы.

Президентіміз белгілеген «Қазақстан- 2050» бағдарламасы және жыл сайынғы Жолдауы біздің адаспайтын жолымыз, айқын да ашық бағдарымыз. Биылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әдеттегідей тәуелсіз еліміздің өткен жылғы қол жеткен табыстарына, еліміздің әлемдік аренадағы алар орнына тоқтала келе Қазақстанның ертеңі мен болашағы жолындағы өтуге тиіс асуларына жан-жақты тоқталды.

Биылғы жылы елімізде ЕҚЫҰ(Еуропалық Қауымдастық Ынтымақтастық Ұйым) Саммиттің өтуі дүниежүзіне қазақ елін танытты. Қысқы Азияда ойындарының өтуі біздер үшін үлкен жеңіс болды. Тәуелсіздігіміздің жиырма төрт жылдығы қазақстандықтар үшін айрықша оқиға. Ол ата – бабаларымыздың қанымен, ерлігімен, қайратымен, қуғын – сүргіндерде арманда кеткен аяулы ағаларымыз бен апайларымыздың рухымен қолымыз жеткен Тәуелсіздік, оны күнделікті қорғау, қолдау қажет.

Еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек ету, оқу оқып, білім игеру, жас тәуелсіз мемлекетіміздің ірге тасын бекіту, ұлттар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту ең басты парызымыз!

Сонау ел басына түскен нәубет жылдары тарыдай шашырап кеткендердің елге оралған сәттегі туған жерді, ата — бабаларының кіндік қаны тамған топырақты

құшарлана сүйген сәттегі бейнелерін көргенде қалайша толқымассың?! Міне, ежелден еркіндікті аңсаған азат халқымыз тәуелсіздігінің 24 жылдығын тойлайды. Қазақстан, тәуелсіз мемлекет ретінде, дүние жүзіндегі барлық елдерге түгелдей дерлік танылды.

Тәуелсіздік! Тәуелсіздік деген қастерлі сөз екен — ау! Шыдамадым қапасқа, Кеңшілікке қаштым. Көндікпедім матауға, Асау атша бастым. Уһ, шырқап, зымырап, Сұңқардай зулап ұшайын!

Ұшайын!- деп, дүние құндылығы бостандықта екенін Сәкен Сейфуллин атамыз да жырлап өтті. Бәрінен бұрын адамның жан дүниесі, рухы мен ар — ұжданы азаттықты тілейді екен. Сол халқым өз табиғатына тән тіршілік кешкісі келсе, несі айып? Ақыры бұғау біткенге сыймай, шідер біткенді шірей тартып, халқымыз тәуелсіз ел дербестігіне қол жеткіздік.

Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, діннің, әдет – ғұрыптарымыздың, салт — сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті деген ойдамын!!!






Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні // http: kk.wikipedia.org/wiki

2. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. — Алматы: Раритет, 2010. — 448 б.

3. Сұлтанов Қ. Серпінді кезең. — Астана: Елорда, 2005. — 608 б.

4. Абрахманов С. Тәуелсіздік шежіресі. — Алматы: Атамұра, 2006. — 392 б.

5. Назарбаев Н.Ә. Нұр Отанның дамуында жаңа белес басталды. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтің «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан. — № 21 — 18—қаңтар. — 2008.

6. Абдулпаттаев С. Халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты. — Алматы: Қарасай, 2006. — 216 б


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Т?УЕЛСІЗДІК – КЕШЕ К?ННІ? ТАРИХЫ МЕН Б?ГІНГІ К?ННІ? БЕЛЕСІ»

Автор: Нурбергенова Индира Татарбековна

Дата: 27.05.2016

Номер свидетельства: 330644


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства