В данной статье рассматривается армяно-азербайджанский конфликт, связанный с нерешенностью проблемы Нагорного Карабаха, т.к. две независимые и суверенные государства СНГ уже долгое время находятся в состоянии войны. В связи с событиями на Украине, актуальность замороженного на неопределенный срок конфликта возрастает.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Таулы ?араба? шиелінісі »
Ж.А.Шаукенов, т.ғ.к.
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
ТАУЛЫ ҚАРАБАҚ ШИЕЛІНІСІ
Еліміздегі сараптамалық топтың айтуынша, Қазақстан Республикасының Ислам ынтымақтастық ұйымына (ИЫҰ) басшылық етуі кезеңінде ең өзекті мәселе – Таулы Қарабақ мәселесінің Таяу Шығыс шиеленісімен ұқсас екенін айтып отыр.
Осы мәселе бойынша ИЫҰ Арменияны агрессор ел ретінде айыптап, тиісті шешім қабылдамақ, бірақ осы тұста Кавказдың мәселесі ИЫҰ-на мүше елдердің барлығына дерлік маңызды проблема болып табылмайтынын айта кету керек. Оған қоса, ИЫҰ мүшеге, Оңтүстік Кавказдың айналасындағы мемлекеттер бұл мәселе бойынша әр түрлі көзқараста. Мысалы, қазір Иран армяндармен экономикалық қарым-қатынасты нығайтуда.
Таулы Қарабақ шиеленісін ИЫҰ шеңберінде қарастыру Әзірбайжан басшысының бұл мәселеге әлем елдері ұйымдарының талқылауын ұсынғаннан кейін жүзеге асты. Бұл кезде Әзірбайжанда экоомикалық қиындықтар орын алып жатқан. Армияндық лоббистер 1992 жылы АҚШ Конгресінде 907-ші "Тәуелсіздікті қолдау туралы акт" ұсынды. Бұл шешім барысында Баку американдық әкімшіліктің саяси қолдауымен бөлінетін қаржылай көмектен айырылды. Ал әзірбайжандық басшылық өз жағына әлемдік ұйымдардың назарын аудару үшін бар мүмкіндікті пайдаланды.
Таулы Қарабақ шиеленісі Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін жергілікті проблемадан әлем күштерін тартатын орталыққа айналды. Бұл Каспий аумағы мен Оңтүстік Кавказдың транспорттық мүмкіндігінің геосаясаттағы беделіне байланысты еді. Бұл мәселеде ерекеше белсенділік танытқан Түркия ғана. 1992 жылдың көктемінде Армения шекарасында түрік әскері танкін жинағанда Ресей жағы қарсылық танытып, ҰҚК негізінде одақтастық міндетінің бар екенін жәнее төніп келе жатқан қақтығысқа дайын екендігін жеткізді.
Бұл кезде Орталық Азия елдері геосаясатқа араласпау мақсатымен Әзірбайжанға айтарлықтай қолдау көрсетпеді. Қазақстан да бейтарап қалды. Сонымен қатар қазақстандық басшылық Әзірбайжан мен Арменияға өзінің делдалдық қызметін ұсынды. Ал Өзбекстан билік пен оппозиция арасындағы өзінің ішкі қайшылықтарымен алысып, Әзірбайжан мен Түркия елдерімен қарым-қатынасын бұзып алды. Түркіменстан болса Кавказ шиеленісінде өз рөлін анықтамағандықтан, халықаралық бейтараптықты мақұлдады. Түрлі күштерге иек артқан Әзірбайжан – Ресей, Түркия, АҚШ және Еуроодақ елдерімен тығыз байланысып, сыртқы стратегиясын жүргізіп жатты. Бұл кезде Әзібайжанның сыртқы саяси бағыты Каспийдің батыс жағалауы мен мұнай-газ кені арқылы географиясын кеңейтіп, нығайтуды көздеді.
Сонымен қатар бұл мемлекет Түрік саммиті, ИЫҰ, ГУАМ секілді әр түрлі форумдарда осы жайында диалог жүргізді.
Әзірбайжан мен ИЫҰ-ның бірлесіп атқарған жұмысы 1994 жылы Гейдар Алиевтің Сауд Арабиясына арнайы барып, Касабланка ұйымына мүше елдердің 7-ші саммитіне қатысқанынан бастап дами түсті. Ынтымақтастық танытып және Әзірбайжанның геосаяси дамуын негізге ала отырып, ИЫҰ-ның СІМК екі бірдей маңызды құжаттарды қабылдады. «Әзірбайжан мен Армения арасындағы қақтығыс жайында» деп аталатын шешімде, мұсылман елдері Арменияны бір ауыздан «агрессор-мемлекет» деп таныды. Осы жайында ИЫҰ БҰҰ-нан қабылданған шешім барысында табанды әрекет көрсетуін сұрады. Оған қоса әлемдік ұйымның назарын Әзәрбайжандағы ұрыс нәтижесінде босқындардың қаптап келуінен елдегі экономикалық және гуманитарлық жағдайдың төмендегеніне аударды. Ислам елдерінің СІМ мұсылман ұйымдарынан бұл мемлекетке көмек көрсетуді сұрады.
Осы Касабланкадағы ИЫҰ-ның 7-ші кездесуінде-ақ, президент Әлиев Қарабақ проблемасы жайында баяндама жасап, бұл тақырыптың саммиттің шешуші құжатына енуіне және басқа да ұжымдық форумдарда талқылануына алып келді. Әзірбайжанға да ИЫҰ қолдауы осындай ірі саммиттер мен форумдарда құжат арқылы көрсетуіне тиімді еді. ИЫҰ қабылдаған «Армения Республикасының Әзірбайжан Республикасына жасаған қарсы агрессиясы», «Мәдени және тарихи маңызы бар ескерткіштердің Армения Республикасының Әзірбайжан Республикасына агрессиясы кезінде жойылуы», «Әзірбайжан Республикасына экономикалық көмектің көрсетілуі» сынды құжаттар арқасында Әзірбайжан дипломатиясының саяси дамуына алып келді. Сонымен қатар Армения Республикасының да осы кезде өзінің сыртқы саяси ресурстарын пайдалана отырып, Шығыс мұсылман елдерімен белсенді түрде саяси жұмыс жасағанын айта кету керек.
Алайда, ИЫҰ-ға Әзірбайжанның мүшелікке өтуі бүкіл ислам ареалында Таулы Қарабақ мәселесіне бірыңғай көзқарасты қалыптастыру жағын қарастырып қойған болатын. Мұның соңы Әзірбайжан сыртқы саясатының тек ИЫҰ мен ғана емес, бүкіл мұсылман елдерімен қарым-қатынасының дами түсуіне алып келді.
Президент Ілхәм Әлиев 2005 жылы Меккеде өткен ИЫҰ-ның кезектен тыс саммитіне қатысып, бірнеше рет бас хатшы Эхсаноғлымен кездесті. Осы кезде Әзірбайжан ИЫҰ-ның дамуына өз үлесін қоспақ ниетпен түрлі ұсыныстар жасап, өз территориясында осыған байланысты іс-шараларды ұйымдастырды. Мысалы, Әзірбайжан 2014 жылы өтетін ИЫҰ басшыларын сайлауды Бакуде өткізуді және бас хатшы орынбасарына өз үміткерін ұсынды.
ИЫҰ-ның Таулы Қарабақ мәселесіне байланысты ұстанған пікірі белгілі болған соң, бас хатшылық БҰҰ-ның өкілі арқылы Әзірбайжанға Бас Ассамблея және бақа да халықаралық форумдарда қолдау көрсетті. 2005 жылдың наурызында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында «Басып алынған әзірбайжандық территориялар жайында» деген мәселе қаралды. Шешім қабылдауға жақтап дауыс бергендер саны – 39 делегат. Ал 7 елдің өкілі қарсы, 100-і бейтарап қалды.
Бұл жерде Әзірбайжанды қолдаған мемлекеттің көбі ИЫҰ-ға мүше елдер болатын. Қабылданған қжат бойынша, «Ешқандай мемлекет Әзірбайжан территориясындағы басып алуды заңды деп қабылдамасын және бұл мәселеге қолдау көрсетпесін» делінген. Бұл құжатта «Басып алынған Әзірбайжан Республикасының жерінен тез арада армян әскерін шығару», және «Әзірбайжан территориясынан босып кеткен тұрғындарды еліне қайтарып, оларға қажетті көмек көрсетілуі тиіс» делінген.
Әзірбайжан елі БҰҰ Бас ассамблеясында жағымды қолдау көрсеткенімен, ИЫҰ мен ЕҚЫҰ-ның Минск тобы, Франция және Ресей жағы шешімді қолдамады. Олардың ойынша, бұл қабылданған шешім 2007 жылы Минск тобы ұсынған «тепе-теңдік пакетіндегі» жанжалдарды шешу жолына кереғар.
Әзірбайжанның тағы бір қолдау күтетін ұйымы – түркітілдес халықтардың саммиті болып табылады. ИЫҰ-мен бірлесіп жұмыс атқарып және Таулы Қарабақ мәселесінің ушығуы түркітілдес елдердің тоғызыншы саммитінде 2009 жылы Нахичевань қаласында талқыланған. Әзірбайжан мен Армения арасындағы бұл мәселе қазір халықаралық ұйымдар мен делдалдық қызмет ұсынған мемлекеттер жұмысына айтарлықтай нәтиже алып келмеді. Қазақстан өзінің ЕҚЫҰ басшылық еткен кездері жанжалдасқан елдер арасын саяси тұрғыда реттеуге тырысқанын ескеріп, бұл мәселенің ИЫҰ-ның шеңберінде қаралуы мүмкін. Бұған қоса, ИЫҰ-ның Әзірбайжанды қолдап отырған көзқарасын да ескеру керек.