kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ТАРИХ П?НІН О?ЫТУ БАРЫСЫНДА А?ПАРАТТЫ? ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ?ОЛДАНУ

Нажмите, чтобы узнать подробности

М??алімні? айналысатыны – ?немі ?оз?алып, ?згеріп, ?сіп – ?ркендейтін тірі адам бол?анды?тан біркелкі ?діспен табан алмай шектеліп ?алу?а болмайды. Саба? беру ?йреншікті жай шеберлік емес, ол ?немі жа?адан жа?а табатын ?нер. Ж?сіпбек Аймауытов О?ытуды? басты ма?саты – о?ыту мен т?рбиелеуде жеке т?л?аны т?рбиелеу, заман а?ымына ?арай ?мір с?ру ?шін оларды? азаматты? к?з?арасын ?алыптастыру. Елбасы Н.Назарбаев «Тарих ?ткенні? саба?ы, алдында?ыны? кейінгіге ?негесі» дегендей, болаша?ымызды? іргесі берік болуы ?шін, елімізді? ?ткен тарихын ме?герте отырып, ?мірлік ?станымдарын бекітіп, к?кірегі ояу, тарихи саналы азаматты т?рбиелеу тарих саба?ыны? негізгі міндеттері болып табылады. Азаматты? к?з?арастарын ?алыптастыру ?шін тарих саба?тарында: О?и?алар?а д?рыс ж?не ?те сауатты сипаттама беру; О?ушыларды? жеке ой - пікірлерін айт?ызу ар?ылы а?и?ат?а к?здерін жеткізу; Тарихи о?и?аларды? ?азіргі заманда?ы елімізді? дамуына ?андай ?андай ?сер еткенін ж?йелеуге ?йрету; ?азіргі заман?ы ?о?амды? к?з?арастармен таныстыру, оларды д?рыс т?сіну ?шін ба?ыт беру керек. ?азіргі заманда?ы тарих п?ніні? міндеті – а?ыл-ой потенциалы жетілген, ?ткенді есте са?тай алатын адамды жасау ?ана емес, ?зіні? ?лтты? бастауын жа?сы білетін, б?л д?ниеде ?зіні? орнын таба алатын т?л?аны ?алыптастыру. Кез келген ортада еркін пікір алмаса алатын, ?з к?з?арасын д?лелдеп, ?ор?ай алатын белсенді азамат т?рбиелеу ?шін о?ыту ?дерісінде жа?а т?сілдерді тиімді пайдалану ар?ылы іске асыру?а болады. [1]
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ТАРИХ П?НІН О?ЫТУ БАРЫСЫНДА А?ПАРАТТЫ? ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ?ОЛДАНУ»

ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ

Жаумбаева Айша Ерлановна

Тарих пәні мұғалімі

Зеленов ауданы

Қасым Ахмиров атындағы ЖОББМБ


Мұғалімнің айналысатыны – үнемі қозғалып, өзгеріп, өсіп – өркендейтін тірі адам болғандықтан біркелкі әдіспен табан алмай шектеліп қалуға болмайды... Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңа табатын өнер.


Жүсіпбек Аймауытов


Оқытудың басты мақсаты – оқыту мен тәрбиелеуде жеке тұлғаны тәрбиелеу, заман ағымына қарай өмір сүру үшін олардың азаматтық көзқарасын қалыптастыру. Елбасы Н.Назарбаев «Тарих өткеннің сабағы, алдындағының кейінгіге өнегесі» дегендей, болашағымыздың іргесі берік болуы үшін, еліміздің өткен тарихын меңгерте отырып, өмірлік ұстанымдарын бекітіп, көкірегі ояу, тарихи саналы азаматты тәрбиелеу тарих сабағының негізгі міндеттері болып табылады. Азаматтық көзқарастарын қалыптастыру үшін тарих сабақтарында:

  • Оқиғаларға дұрыс және өте сауатты сипаттама беру;

  • Оқушылардың жеке ой - пікірлерін айтқызу арқылы ақиқатқа көздерін жеткізу;

  • Тарихи оқиғалардың қазіргі замандағы еліміздің дамуына қандай қандай әсер еткенін жүйелеуге үйрету;

  • Қазіргі заманғы қоғамдық көзқарастармен таныстыру, оларды дұрыс түсіну үшін бағыт беру керек.

Қазіргі замандағы тарих пәнінің міндеті – ақыл-ой потенциалы жетілген, өткенді есте сақтай алатын адамды жасау ғана емес, өзінің ұлттық бастауын жақсы білетін, бұл дүниеде өзінің орнын таба алатын тұлғаны қалыптастыру. Кез келген ортада еркін пікір алмаса алатын, өз көзқарасын дәлелдеп, қорғай алатын белсенді азамат тәрбиелеу үшін оқыту үдерісінде жаңа тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы іске асыруға болады. [1]

«Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді дана халқымыз. Ұрпақ жарастығы миллион жылдарды қамтып келеді. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман» - деп М.Дулатов айтқандай, тәуелсіз еліміздің тірегі – білімді ұрпақ емес пе. Сол білімді ұрпақты тәрбиелеу, оқыту ұстаздың басты парызы болып табылады.

Ауыл мектебінің даму моделінде жас ұрпақты қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, көпұлтты мемлекетімізге халықтар арасындағы өзара түсіністікпен ынтымақтастықты нығайтуда мектептегі елжандылық тәрбиесінің дәрежесі өте маңызды орын алады. Ауыл мектептеріндегі оқу-тәрбиені нарықтық экономика жағдайына бейімдеу мақсатында әлемдік өркениетін озық үлгілерін ұлттық тәрбие беру процесінде пайдалану, ата- ананың рөлін күшейту, оқу-тәрбие ісіне жаңа технологияларды енгізу - негізгі өзекті мәселелер.

Кейінгі жылдары ауылдық мектептер компьютерлермен жабдықталып, интернет жүйесіне де қосыла бастады. Сонымен қатар, ауыл мектептерінде оқушылардың білім сапасын жақсартуда мектеп жұмысы да бір қалыпқа келтіріле бастады. Алайда мемлекет тарапынан шешілетін біршама мәселелер де бар.

Ауылдық мектептерде білім беруде инновациялық ұйымдардың аз болуы, жалпы білім беретін пәндердің терең оқылмауы да оқушы білімінің төмендеуіне кері әсер етеді.

Білікті мамандардың жетіспеуі, мектеп қорында оқу-әдістемелік, оқу-танымдық, сыныптан тыс кітаптардың жетіспеуі де – басты мәселелердің бірі. Ауыл мектептерінің осындай материалдық-техникалық базасы көптеген мектептерде оқу-тәрбиелік процесті балалар мен жасөспірімдердің міндетті деңгейде ұйымдастырылуына кедергі жасайды.

«Ауыл мектебі» бағдарламасында көрсетілгендей, бағдарламаның міндеті: оқу-әдістемелік жағынан олардың барлық ерекшеліктерін ескере отырып қамтамасыз ету; шағын комплектілі мектептерде оқу-тәрбие процесінде арнайы әдістемелер мен техникаларды енгізу.

Қазіргі кезде ауыл мектептерінде сапалы білім алу оқушылардың өмірлік дағдыларды меңгеруіне бағытталуда, сондай-ақ озық технологияларды қолдану өзекті мәселе екендігі белгілі.[2]

Тарих сабағында оқушы белсенділігін арттыруда жаңа технологиялардың ең тиімдісін қолдану туралы тоқталғым келеді. Қазіргі таңда оқушының қызығушылығын ояту үшін, заман талабына сай сабақ өткізудің жаңа технологияларына сүйенген жөн. Қазіргі оқушы барлық ғаламтор жүйесінде жұмыс жасау, теледидар, планшет, телефонмен, түрлі бағдарламаларды меңгерген, оларда жұмыс жасауды біледі. Бір ғана оқулықпен баланың қызығушылығын ояту мүмкін емес. Бала қазіргі кезде көру, есту мүшелері арқылы тез қабылдайды, оларға ұзақ, яғни, бірнеше беттен тұратын, тілі ауыр, хронологиялық даталарға толы тарихи мәліметті меңгерту қиынға соғады. Тарих пәнін оқыту кезінде тарихи оқиғаны оқушыға жеткізуде жоғарыда айтылған жаһандану технология жетістіктерін қолданған дұрыс. Оқушы ең кемі 8-10 беттен тұратын мәтінді оқуға құлықсыз. Әуелі оқушының қызығушылығын оятып, содан соң тарихи оқиғаны меңгерткен тиімді. Қазіргі таңдағы тарих пәні ұстаздарының бұл проблемалық мәселесіне айналып отыр.

Жоғарыда айтылған міндеттерді орындау үшін белгілі бір технологияға сүйене отырып, сабақ жоспарын құру шарт. Ал технология дегеніміз – белгілі бір істегі адамның әдісі, шеберлігі. Осы шеберлік арқылы мұғалім өз сабағын оқушыға жоғары сатыда жеткізуіне болады. Өзгелердің үлгісін өз сабағына пайдалана білсе, оған өзіндік өзгерісін қосып отырса, оқушыны оқытудағы жетістігі сол болмақ. Қазіргі уақытта технологияның 50-ден астам түрі қолданыста жүр, ізденіс үстіндегі ұстаз осы технологиялардың элементтерін қолдана отырып, нәтижелі сабақтарға қол жеткізеді.

Жүсіпбек Аймауытов айтқандай: «Мұғалімнің айналысатыны - үнемі қозғалып, өзгеріп, өсіп-өркендейтін тірі адам болғандықтан біркелкі әдістен табан алмай шектеліп қалуға болмайды... Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңа табатын өнер», ауыл ұстаздарына әрқашан ізденіс жұмыстарын жиі жүргізіп отыру керек. Ізденіс үстіндегі мұғалімдер өз сабақтарының сәтсіз өткен сабақтарға өзіндік талдау жасап, өз кемшілігін түзетуге әрекет жасау керек. Білім мен тәрбие беруде педагогикалық, ынтымақтастық, ғылыми – әдістемелік, жаңа тың ізденістерге ілесе отырып, жаңашылдыққа талпынып отыру шарт. Әр сабаққа шығармашылықпен, ізденіспен дайындалу керектігі жылдан жылға дәлелденіп келеді. Яғни, оқушыны жалықтырмайтын, қабілетін арттыратын жағдай туғызуымыз керек.

Қазіргі білім беру саласында технологиялардың ең қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану – басты талап.

Қазіргі дамыған елдерде компьютер күнделікті өмір талабына айналып отыр. Компьютерлік технология көптеген оқыту бағдарламалардың тууына және олардың дамуына ықпал етеді. Қазақстан тарихын компьютердің көмегімен үйрету әрі ыңғайлы да тиімді, бүгінгі талапқа сай және өте қолайлы. Компьютерлік технологияның бір артықшылығы – оқу өз еркімен мәтіннің мазмұны бойынша сызба, кесте, диаграмма құрып, флеш-фильмдер қарап, әртүрлі тапсырмалар орындайды. Өз еркімен, ынталана меңгерген жұмыстың нәтижесі жоғары болады. Себебі, оқушылар арасында жүргізілген сауалнаманың қорытындысы бойынша компьютердің көмегімен өткен сабақтар, олардың 100%-не өте ұнайды. Осы технологияны пайдаланбаған жылдардағы оқушылар білімін қазіргі диагностика көрсеткіштерімен салыстырсақ, 20-30 % -ке жоғары екенін байқауға болады. [3]

Компьютермен сызба, диаграмма,үлгі, жоба жасау арқылы оқушылардың мәтінді меңгерген деңгейі белгіленеді. Оқушылар сұрақ қойып, жауап бере алады, сабақ кезеңіне мақсат қойып, оны қорытындылау, бағалау әдісін біледі. Мұғаліммен оқушы арасындағы байланыс сұрақ-жауап, әңгіме арқылы өткізіледі. Оқушы мен оқушы арасындағы байланыс бірін – бірі тексеру, тапсырманы топпен жұппен орындау арқылы ұйымдастырылады.

Компьютер көмегімен өткен сабақтарда баланы тәртіпке шақыру проблемасы болмайды, себебі өтілген материал өте тығыз, тапсырманы орындау тәсілі әртүрлі болғандықтан, оларды орындау оқушылар қызығушылықпен орындайды. [4]

Жоғары да айтылған әріптестерімнің пікірімен толық келісуге болады. Өз тәжірибемде осы ұсыныстарын қолданып көрдім. Нәтижесін көрсетіп жатыр. Балалардың тарих пәніне деген қызығушылығы артты. Күнделікті сабақ өткізу барысында тыңғылықты ізденген мұғалімнің сабақ өткізу сапасы арта түседі.

Тарих ғылым және пән ретінде білімнің аса маңызды саласына жатады. Өйткені ол бүкіл адамзаттың тарихын, жүріп өткен жолын, жинаған тәжірибесін баяндайды. Тарихты білу әрбір адамға қажет әрі пайдалы. Сонда ғана адам өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы орнын, істейтін қызметін дұрыс анықтайды, келешегінде болжай алады. Белгілі ойшылдардың, ғұлама ғалымдардың тарихтың маңызы туралы айтпағандары кем де кем. Әбу Насыр әл-Фараби: «Тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу келешекті болжау қиын» - десе, Н.М.Карамзин: «Тарих- әрбір ұлттың ең басты кітабы»-дейді.

Тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты түрлендіре отырып, оқушылардың өз қабілетін таныта, дамыта түсу бағытында әрқилы әдістер негізінде пайдалану тиімді.

Әр ұстаздың жұмысына өзгеріс енгізуі заман талабына сай міндетті болуы керек. Оқытудың проблемалық мәселесіне байланысты өз педагогикалық тәжирибемізге өзгеріс енгізіп отыруымыз шарт. Қазіргі кезде, бағдарламаның жеті модулі оқу процесінде табысты қолданып жүр. Олар:

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;

  2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

  3. Оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалау;

  4. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;

  5. Талантты және дарынды балаларды оқыту;

  6. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;

  7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Бұл модульдердің барлығы сабақ өткізу барысына өте қолайлы. Оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияны басшылыққа ала отырып, алты модульді сабақ өткізуде кірістіре шебер қолдана білу.

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға ізденуге өз жұмысының нәтижесін көріп өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білу қажет. Сабақты сәтті ұйымдастырудағы басты мақсат, оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып бүгінгі заман талабына сай білім беру. Сабақтың сәтті өтуі біріншіден мұғалімнің біліміне, іскерлігіне, тәжірибесіне байланысты болса, екіншіден, сабақ материалына, ал үшіншіден, сынып типіне, төртіншіден, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасқа байланысты. Сабақты тартымды әрі сәтті өткізе білу мұғалімдер қауымынан көп ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті және тапқырлықты қажет етеді.

Ізденушілік пен білімділікті оқушы бойынан талап ететін болсақ, онда оқушыға үнемі бағыт беріп отыру керек. Әрине, оқушылар арасында қабілетті, дарынды оқушылар мен енжар, жалқау оқушылар кездесіп жатады. Жалқау, енжар оқушының сабаққа қабілетін ояту үшін дәл осы ақпараттық технологияның пайдасы бар. Яғни, ол оқушыны немен қызықтыруды ойласақ, ол өз бойындағы дарынын көрсете алады. Қазіргі таңдағы жалқау, енжар бала ол ғаламтор, теледидар, планшет, телефонға тәуелді бала. Пайдасынан зияны көп әлеуметтік желілерде отыратын оқушы, яғни оқулық оқуға уақыты жоқ. Оның қызығушылығын ояту үшін информатика пәнімен тарих сабағын байланыстырып, компьютерлік бағдарламалар (Microsoft Office PowerPoint, слайд шоу, видео ролик, аудио) арқылы жасалатын ізденіс тапсырмалар беру. Мысалы: оқушының Абылай хан туралы мәліметтер жинақтап, презентация құруы. Яғни, бұл жоба құрастырудың бастамасы, мұғалім бағыт бере отырып, бұл шағын жобаны, ғылыми жұмысқа айналдыру арқылы оқушының қызығушылығы, іздену қабілеті арта түседі. Осылайша, ақпараттық технологияның элементтерімен оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады. Яғни, «Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді»-деген Ж.Дистервергтің тұжырымдамасы тегін айтылмаған.

Ақпараттық технологияның тиімді жақтары өте көп. Технологияда интерактивті тақта, электронды оқулық, тестпен жұмыс Activote , кесте, тірек сызба, онлайн сабақтар, мультимедиялық бағдарламалар арқылы, сонымен қатар, бірнеше жолдарымен жұмыс жасауға болады. Сабақта компьютерлік желіні интернет ресурстарымен толықтырып отырудың өзі – білім берудегі ақпараттандыру үдерісінің іс жүзіне асқанын көрсетеді.

Ғаламтор арқылы тарихи оқиғаға тән деректі фильмді көрген оқушыда тарихи оқиға туралы түсінік қалыптасады. Сонымен қатар, әсіресе, электронды оқулықтың да пайдасы зор. Электрондық оқулықтарды оқытуда пайдаланудың негізгі дидактикалық мақсаты – білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау. Көп функционалдық электрондық оқулықтардың бізге беретін мүмкіндіктері:

  • Оқушылардың өз бетінше білім алу қызметін ұйымдастыруға;

  • Әр түрлі ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау,оқыту қызметін ұйымдастыру процесінде қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалау;

  • Оқушылардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін, білім, дағды, іскерлік деңгейлерін,сабаққа дайындық деңгейін бақылауға;

  • Оқытуды басқаруға, оқу қызметінің, тестілеудің нәтижесін бақылау процесін автоматтандыруға интеллектуалдық деңгейіне қарай тапсырмалар беруге;

  • Оқушылардың өз бетінше оқу қызметін жүзеге асыру үшін жағдай жасауға;

  • Қазіргі заманда ақпараттық ағымдарды басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өз тәжірибемде электрондық оқулықтарды пайдалану бала білімін тексеру барысында оң нәтижелер береді, әр оқушы өзінің деңгейлік тапсырмаларын орындай отырып, өзін бағалай алады. Яғни, бала бойындағы кемшілігін түзетуге тырысып, келесі сабақта жақсы нәтиже көрсетуге тырысады. Бұл әрекет оқушының есте сақтау қабілетін дамытады.

Әсіресе, электорндық оқулықты құрастырған кезде графиктік ақпарат көбірек қамтылуы тиіс, себебі ол оқушының ақпаратты тез әрі көрнекті түрде қабылдауына жағдай жасайды. Электронды оқулықтардағы әдістерге тоқталатын болсақ:

  • мультимедиялық технологияларын қолданып оқыту, есту арқылы оқушының зейіні дамиды, сөйлеу және тыңдау мәдениеті қалыптасады;

  • тірек сызба, кесте ойлау, көру арқылы есте сақтауды дамытады;

  • сұрақ-жауап әдісі аналитикалық шығармашылық ойлауды дамытады;

  • тарихи диктант жүйелі түрде ойлауға бағыттайды;

  • картамен жұмыс іскерлікке, еңбекке баулиды;

  • салыстыру ой икемдігімен шапшаңдығы, шешім қабылдау қабілеті артады.

Әдістеменің ерекшелігі: оқытудың компьютерлік әдістерін «интерактивті» деп атайды, себебі олардың мұғаліммен оқушының әрекетіне «дыбыс беру», олармен диолог «жүргізу» қабілеті бар. Бұл компьютерлік оқыту әдістемесінің ең негізгі ерекшелігі болып табылады.

Интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу ұстазға да, оқушыға да қолайлы әрі тиімді. Оқушыны ұстаздың жалаң сөзінен гөрі көз алдындағы тақтадан көріп жатқан бейне көп қызықтырады. Бұл – оқушының білімге деген қызығушылығын арттыратын таптырмас құрал болып табылады. Әсіресе, күнделікті сабақта барлық оқушыларға интерактивті тақтаның тиімділігі:

  • Қажетті ақпаратты ала алады;

  • Білім сапасына әсері зор;

  • Оқиғаны оқығаннан, көзбен көрген тиімді;

  • Оқушының ойлау, ой-өрісі кеңейеді;

  • Өз білімін өзі тексере алады.

Интерактивті тақта оқушының шығармашылық қабілетін дамытатын бірден – бір құрал. Ол арқылы оқушы ізденіс жұмысымен бөлісе алады. Ізденіс жұмысы оқушының білімін, шығармашылық қабілетін қалыптастырады, сол ізденіс жұмысымен интерактивті тақта арқылы қорғап, жариялай алады.

Интерактивті тақта ішіне орнатылған Activstudio бағдарламасының тест сұрақтарын дайындау қосымшасы, Activote тестілеу құрылғыларының жетістіктері мыналар болып табылады:

  • Шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді;

  • Дәстүрлі тестілеуден айырмашылығы – көрнекілігі, тартымдылығы;

  • Тест сұрақтарын дайындаудабірнеше түрлі нұсқаларды қолдану мүмкіндігі ерекшелігіне қарай түрлі қылып жасау оқушыны жалықтырмайды, қызықтыра түседі.

Бұл бағдарламалар, яғни тестілеу құрылғылары оқып үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Бұл яғни, ақпараттық технологияның екі бағытын айқындай түседі, бірінші интерактивті тақта білім, білік, дағдыны игеру үшін ресурс болып табылады, оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасаса, екінші оқу үрдісін ұйымдастырудағы тиімділікті арттыратын қуатты құрал болып табылады.

«Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының элементтерін ақпараттық технологияға кірістіру арқылы оқушылар тыңдаушылардан белсенді, ізденуші, ойланушы дәрежесіне дейін көтеріледі. Мұғалім – осы әрекетті ұйымдастырушы, бағыттаушы. Ой салу – ұстаз тарапынан, ойлану-шәкірт тарапынан, ойланту-(ойлауы жетіспей жатқан оқушыға түрткі жасап, ойлантуға, ізденіс жолына алып келу) ұстаз тарапынан, бір шешімге келу – оқушы тарапынан жүзеге асады. Тарих сабағында оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруда СТО технологиясының маңызы зор. Себебі оқушылар әртүрлі ақпарат көздерімен сусындап өз түйінін айта білуі керек. СТО технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, өткізген сабақтардың берер әсері мол. Оқушылардың белсенділігі артып, келесі сабақты асыға күтеді. Олардың тарихты оқуға деген қызығушылығы мен қажеттілігі қалыптасады. [5]

Басқаша айтқанда оқу бар, бірақ сонымен бірге оқуды үйрету де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. Кейінгі оқу үдерісінде мұндай ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану оқушыға:

  • білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге;

  • жеке ойлау үдерісін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге;

  • міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;

  • нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі.

Осы төрт тармақты іске асыру үшін оқушылардан оқуды үйрену талап етіледі. Мұғалімдер өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады. Әңгімеге арқау болған бөлімнің негізгі идеясы ақпарат беріледі дегенге саяды, бірақ білім мен түсінік оқушы бойында қалыптасады, ал мұғалім – бұл үдерісте көмек көрсететін жан. [6]

Қазіргі таңда мектептердегі материалдық базалардың жетіспеушілігінен тарихи карта тапшылығы ақпараттық технология астарында шешімін тауып жатыр, интернет желі арқылы барлық тарихи кезеңге тән карталарды жүктеу арқылы оқушыға жеткізуге болады. Оқушының картамен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырады. Бұлда бір қол жеткізген технология жетістіктерінің бірі деуге болады. Жүктелген карта арқылы оқушы интерактивті тақтада қалам немесе маркер арқылы жазу, белгілеу мүмкіндіктеріне қол жеткізе алады, яғни контур картамен жұмысты интерактивті тақта арқылы жүзеге асырады.

Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңашылдықты талап етеді. Оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастыруда компьютер және ақпараттық технологияларды қолданады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары болмақ. Қазіргі уакытта сабақ материалына байланысты көптеген компакт-дискілер бар. Тарихи пәніне байланысты компакт – дискілермен оқушы сол кезеңге тән оқиғалармен танысып, жұмыс жасай алады. Дискіден алатын мәлімет жүйелігімен бірізділігімен ұтымды. Яғни, оқушының тарихи оқиғаны көзімен көріп, сол тарихи уақыт жетегінде болғандай сезінеді. Бұл тарихи мәтінді құр оқығаннан әлдеқайда тиімдірек.

Осындай ақпарат құралдарын пайдалана отырып, мен сабақ барысында оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне, ынтасына қарай топқа бөліп, өз бетімен еңбектенуге, ізденуге, шығармашылыққа баулып, қорытынды жасауға машықтандырамын, оқушының ақыл-ойын дамытып, өзіндік дүниетанымын қалыптастырамын, сабаққа ынтасын арттырып, тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беремін. Сабақ барысында оқушыларды біліммен қаруландырып қоймай оларды қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін, өмірге ғылыми көзқарасын дамытуға өткізілген сыныптан тыс жұмыстар: «Атажұрт», «Жас тарихшылар» сияқты танымдық ойындарын өткізуде ақпараттық технологияны қолданамын.  Оқушылардың сауаттылығын арттыру, алған білімдерін тиянақты болуын қадағалау үшін сыныптан тыс жұмыстар жүргізіп,  оқушыны қызықтыратындай тарихи ойындар сұрақ-жауап шешу, сөзжұмбақ құрастыру пәнге қызығушылығын арттырып, пән аралық байланысты нығайту қажет. Қорытындылау кезінде тақырыпқа байланысты сөздік қорларын молайтып, өткен тақырыптың мазмұнын толық ашу үшін сәйкестендіру кестесін толтырғызып, сабақты бекітемін. Әр тарауды өткен соң, өздік жұмыс, тестік тапсырмалар өткізу арқылы тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеріп, тақырыпты толық меңгере алмаған оқушылармен қосымша сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар жүргіземін. Тест түрлері оқушы білімін бекітуге қайталауға, жүйелеуге мүмкіндік береді. Сонымен қоса мұғалім мен оқушылардың уақытын үнемдеуге оқу жұмысын ұйымдастыруға жағдай жасайды. Жалпы  оқушылардың  ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы:

1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы, ынтасы оянады.

2. Шығармашылық қабілеттері артады.

3. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.

4.Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.

Ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасыр – ақпараттану ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Қазіргі таңдағы ақпараттық қоғамдағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары екені дәлелденді.

Қорыта айтқанда, жаңа ақпараттық технологияларды тарих сабағында қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:

- Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;

-Сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;

-Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға, үлгерімі төмендердің өзін өзі көрсетуіне мүмкіндік туады;

-Жеке тұлға ретінде өзін дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби шеберлігін қалыптастыруға көмектеседі;

-Тіл байлығын, тарихи сөздік қорын дамытады;

- Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге, шығармашылыққа үйретеді;

-Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге, өзінің ізденісін көрсету мен бөлісуге тәрбиелейді.

Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді азаматты қалыптастырады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Біздің міндетіміз- бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу»- деген ойын басшылыққа ала отырып жаңа заман форматындағы құзіретті тұлғаны тәрбиелеу ұстаз міндеті деп есептеймін.







Пайдаланылған әдебиеттер



  1. «Қазақстан журналы» 2009 жыл,(25 бет)

  2. «Білім» Ғылыми – педагогикалық журналы. №6(30) 2006. «Ауыл мектебі» бағдарламасы.

  3. Б.А. Торғынбаева. Дамыта оқыту технологиялары. – Алматы, 2002 жыл

  4. «Білім – Образование» журналы, №6(30)2006 жыл, К.Ә.Тілегенова .

  5. Қазақстан тарихы қазақстан мектебінде №4/34-2012

  6. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 69 бет

Интернет ресурстары:

  1. Интерактивті оқыту технологиясының әдісі /bilim-all.kz

  2. Инновациялық әдістер мен оқытудың ақпараттық технологиялары /Sabaktar.kz

  3. Тарих сабақтарында ақпараттық технология элементтерін қолдау / infourok.ru






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
ТАРИХ П?НІН О?ЫТУ БАРЫСЫНДА А?ПАРАТТЫ? ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ?ОЛДАНУ

Автор: Жаумбаева Айша Ерлановна

Дата: 20.02.2016

Номер свидетельства: 296388


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства