kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тарих п?ні бойынша ?БТ –?а дайынды?ты? іс- т?жірибесінен : ?діс – т?сілдері ж?не ?зекті м?селелері.

Нажмите, чтобы узнать подробности

11 сыныптарда ?БТ - ?а даярлы?ты к?шейту,  5 - 11 аралы?ында ал?ан білімдерін ?айталау, білім стандандартына с?йкес келетін білімдік ма?л?маттарды орны?тыру?а ба?ыттала отырып,  бірі??ай  ?лтты? тестілеуге ?зірлікті ширату ма?сатына ба?ытталады. Тарих п?нін  білім стандартына сай ме?гертуді? жа?аша ?діс - т?сілдері, жолдары мен  озы? технологияларды ?амти отыра   ж?йелі,  сапалы,  д?йекті, міндетті де сапа?а с?йкес білім негізденін ме?гертуде белгілі бір д?режедегі к?рсеткішке ?ол жеткізу м?мкіндігіне ба?ытталады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тарих п?ні бойынша ?БТ –?а дайынды?ты? іс- т?жірибесінен : ?діс – т?сілдері ж?не ?зекті м?селелері.»

Тарих пәні бойынша ҰБТ –ға дайындықтың іс- тәжірибесінен :

әдіс – тәсілдері және өзекті мәселелері.

Егеменді елдің ертеңгі тағдыры болашақ ұрпақ қолында. Тәуелсіздіктің тұғырын биікке асқақтататын да бүгінгі күннің оқушылары екендігін ескерсек: олардың сапалы білімі , ҰБТ – ден алатын білім көрсеткіші қоғамды толғандырып отырған өзекті мәселе. Неғұрлым оқушы білімі сапалы әрі терең болған сайын болашақ маманның қоғамды дамытуға, тәуелсіздіктің өз тұғырында нық тұруына қосар үлесі де шексіз болмақ.

Ұлттық бірыңғай тестілеу – ҚР – да қолданылатын мектеп бітірушілердің білімін сынау жүйесі. ҰБТ – дің нәтижесі жалпы және орта білім ұйымдары бойынша мемлекеттік аттестацияның қорытындысы

( грант немесе ақылы бөлімі) және қорытындысы аттестатының бағасы оның ҰБТ –да алған ұпайлар санына байланысты болатыны баршаңызға мәлім және ол көрсеткіш межелі сынаққа шәкіртін баптап, білімін нақтылап даярлап шығатын ұстаздар қауымына жүктелер ауыр жүк болып табылады.Бүгін сіздермен бөліспек болған ҰБТ – дің нәтижесін жақсартудың жолдары мен жалпы ұстаздар қауымын толғандырып жүрген өзекті және әлі де шешімін таппай жүрген күрделі мәселелер жайлы болмақ. Осы орайда елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін ұстаздар , сіздер ізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар.Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс» деген болатын.Ұлттық бірыңғай тестілеу мектеп бітіретін түлектер үшін маңызы зор, себебі әрбір оқушының 11 жыл бойғы алған білімдерінің қорытынды нәтижесіне қол жеткізетін күрделі процесс болып табылады. Ал ұстаздар үшін ең басты мақсат –ҰБТ нәтижесін жақсарту мен көтеру жолында тиімді жолды таңдай білу.Бүгін сіздермен осы бағыттағы іс –тәжірбиеммен бөліскім келеді.Жұмыс ең алдымен жылдық жоспар жасаумен басталады. Жоспар жасау кезеңінде 6-9 сынып аралығындағы берілген материалдарды қайталап , мәтіндерді қайталап есте сақтау арқылы білімді бекітуге арналған материалдар негізінде жасалады.6сыныптан бастап тақырыптық әр түрлі деңгейдегі тестер жасалады.Тақырыптық қайталауға арналған топтық, жекелеме, жұптық, арнайы жұмыстар жоспарланып, дайындалады.Жалпы ҰБТ –ге даярлық үш кезеңге бөліп дайындауға бағытталады.

ҰБТ –ге кезеңдерге бөліп дайындық жүргізудің мақсаты :

Оқушылардың алған білімдерін нақты көрсете білуде өзіне деген сенімділікті арттыру, білім стандартына сай біліктіліктерін қалыптастыра білу;

Міндеттері :

  • тарихи білім салаларына қатысты білімдерін тереңдету;

  • оқушылардың мүмкіндігін анықтай отырып, толық меңгеруде оқушыларға көмек көрсету.

  • әр оқушымен жеке жұмыс жүргізіп, білімін толықтыру.

  • тақырыптарды толық меңгертіп , білім сапасын арттыру.

  • Оқушылардың орта буында алған білім негіздерінің меңгерілуі және оның деңгейін анықтау.

  • Талапқа сай білім, білік , дағдысы қалыптасқан жеке тұлғалардың құзіреттіліктерін дамыту.

Іске асыру жолдары :

  • Жоспарға сай әзірлік жүргізу;

  • 6-9 сыныптарда өтілген тақырыптық материалдарды қайталап еске түсіру;

  • Электрондық ресурстарды пайдалану;

  • Оқушы білімін нақтылау, біліктіліктерін арттыру мақсатында тесттік жүйемен жұмыс жасау;

  • Хронологиялық кесте, дерек көздері арқылы білімдерін арттыру;

  • Оқулық материалдары мен хрестоматияда берілген мағлұмат, дерек, мәліметтер арқылы алған білімдерін бекітуге қол жеткізу.

Күтілетін нәтиже : Сапалы білімге, талапқа сай көрсеткішке қол жеткізу.

Жоғарыда атап көрсеткендей дайындықты кезеңдерге бөлу жүйесіне тоқталсақ :

1 кезең.Теориялық бөлім.

2 кезең. Практикалық кезең.( Тақырыптық жаттығу, мәліметтерді меңгерту жұмыстары жатады.)

3 кезең.Қорытынды бөлім. Өтілген тақырыптарға арналған сынақ тест жұмысы.

Енді жекелеме әр кезеңнің негізгі функциясына тоқталсақ:

1 кезең. Теориялық бөлім.

Бұл кезеңнің мақсаты : оқушыларға тақырыптың жалпы түсінігін, мәтіннің мазмұнын меңгерту.Осы кезеңде сабақ көрнекілік, оқыту әдістерінің бірнеше алуан түрлерін, тірек кестелер пайдалану арқылы түсіндіріледі. Сонымен бірге теориялық бөлімде мәтіндердің мазмұндарын қайталай отырып оқушы зейіні мен ынтасы артып, білімді игеруге қызығушылығы артады.Кешенді жұмыс нәтижесінде оқушы білімдерін толықтыратын мәлімет, дерек, мәтіндердің мазмұндарын толық меңгеруге бағытталады.

Күтілетін нәтиже : 6 -9 сыныптардағы тақырыптар бойынша оқушылардың тиянақты білімі қалыптасады.

2 кезең. Практикалық бөлім.

Бұл 2 –ші бөлімнің мақсаты : оқушылардың тақырыпты мүмкіндігінше қаншалықты деңгейде меңгергеніне көз жеткізіп анықтауға қол жеткізу.

Ол үшін сыныпта оқушылармен әртүрлі білімді бекітуге арналған тақырыптық жұмыстар жүргізіледі. Суретте көрсетілген тұлғаларды анықтау, мемлекеттердің, тайпалық одақтардың орналасқан территорияларын көрсету, сандарды есте сақтауға арналған хронологиялық кестелермен жұмыс, оқиғаларға сараптама жасау, оқиғалардың шығу себептері мен тарихи маңыздарын ашып көрсете алатын деңгейлерін артыратын тапсырмаларды топпен, жұппен, жекелеме жұмыс ретінде орындату арқылы танымдық қызметі мен ойлау қабілеті , ізденушілік қабілеттерін арттыру.Әр оқушымен жеке жұмыс жасай отыра кезеңнің мақсатын орындау.

Оқушының іс- әрекеті : жекелеме жұмыстарды дербес орындау арқылы өз білімін көрсете отырып, әлі де еске түсіру қажеттігі бар мәтіндермен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.Бұл көбінесе сабақ процесінен тыс қосымша сабақтарда жүзеге асады.Үш кезеңнің де дайындық жұмыстарына арналған жұмыстары, мәліметтерді есте сақтау барысындағы жазбалар тұтастай ҰБТ –ге арналған арнайы дәптерлерге жазылады, бұл жазба бір дәптерде жүйелі жазылып сақталса қайталап оқуда үлкен септігін тигізеді.Бұл кезеңде оқушыға үй тапсырмасы күнделікті сабақ жоспарынантыс беріледі. Сабақ барысында қолданып жүрген технологияларға тереңірек тоқталсам : модуль технологиясы бойынша тақырыпқа сәйкестендіріп оқыта үйрету ойындарын пайдаланамын.. Мәселен : Құқық сабағында «Демократия, әлде диктатура», Қазақстан тарихы сабақтарында «Білімдарлар», «Даналық ағашы», «Мәтін бөліктері» оқыта үйрету ( Қазақстанда кеңес үкіметінің орнауы тақырыбында және т.б.), «Мерзімдерді жатқа айту», «Бейнелі жады», «Баяндама» және тоқсан аяғындағы сынақ, әкімшілік сынақ, байқау тестерінің алдында «Талқылау» оқыта үйрену ойындары арқылы модуль технологиясын тақырыптарға және сыныптардағы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қолданып келемін.Жалпы технология – «шеберлік туралы ғылым» десек біз сабақта қолданып жүрген педагогикалық технология оқу үрдісімен мұғалім мен оқушының іс –әрекетімен тығыз байланысты екендігін естеріңізге сала кеткім келеді

Күтілетін нәтиже : оқушылардың алған білімдерің тұрақтандырып, нақтылау.

3.кезең.Қорытынды бөлім. Сынақ, сынақ тест алу.

Мақсаты : Осы уақытқа дейін берілген білімді іс жүзінде көрсетіп, сынап -

байқап оқушының қай тақырыпта жеткілікті мөлшерде меңгермей жатқандығын білу арқылы білімдерін толықтыруға бағытталады.Біздің тәжірибеде көбінесе 20- 25 сұрақтан тұратын А,В,С,Д,Е жауаптарынан тұратын тестерді пайдаланып жүрміз, бірақ тест сұрақтарының саны өзгермелі боуы да мүмкін. Арасында қажеттілігіне сай көпнұсқалы тест, бірнеше жауабы бар тест, ашық тест т.б да түрлерін пайдаланып келеміз.Соңғы аталмыш кезеңде оқушы алған білімдерін дәл осы кезеңде көрсетіп , іс жүзінде көрсетіп дәлелдейді.

Оқушының іс – әрекеті : сұрақтарды мұқият оқи отыра берілген сұрақтардың дұрыс жауаптарын белгілейді. Соңында мұғалім оқушы біліміне талдау жасай отыра жеткіліксіз меңгерген , түсінбеген мәліметтермен жұмысты жоспарлайды ( түсінбеген тұстарын түсіндіреді, қосымша қайталауды қажет ететін мәтіндерге үйге оқып келуге тапсырма беріледі ).

Күтілетін нәтиже : оқушы білімінің деңгейі анықталады.Бұл дайындық жүйесінің тиімділігі – оқушының білімі , қабылдау қабілеті мен есте сақтау қабілеті анықталады.Оқушы жүйелі түрде тіл білімі салаларын меңгереді. Оқушының алға қарай жоғары деңгейге көтеріліп сынақ тестілеуде жақсы нәтиже көрсетуіне септігін тигізеді.Жалпы ҰБТ –ге дайындауда қатып қалған заңдылық жоқ. Әр мұғалім өзінше дайындаудың тиімді жолдарын іздеуге тырысады. Тек бастысы ҰБТ – ге 5 сыныптан бастап даярлық жүргізсе және 11 сыныпқа дейін кешенді түрде жалғасса, оқушылардың психологиялық жағдайына назар аудара білген жағдайда ғана нәтижелі болатындығына сенімдімін.Тарих сабағында оқулық, хрестоматия, тарихи құжаттармен үздіксіз жұмыс жүргізу және сабақта карта, сызба, диаграммалар сызу, тарихи шығарма жазу , нақты бір тақырыптар бойынша жауаптар жоспарын құру, хронологиялық және синхрондық кестелерді толтыру, тарихи сөздіктерді жасау қажет.Сонда ғана пәнге деген қызығушылық артады.Біздің ғасыр – білім, ғылым, сапа ғасыры.Шебер ұйымдастырушы мұғалім бейнесі , қазіргі білім беру талаптарына сәйкес құндылығымен биіктемек.Баршаңызға осы бағытта табыс, үлкен нәтижеге қол жеткізулеріңізге тілектеспін.





























«Семей қаласының №37 гимназиясы» КММ»







Баяндама


Тақырыбы :Тарих пәні бойынша ҰБТ –ға дайындықтың іс- тәжірибесінен :

әдіс – тәсілдері және өзекті мәселелері.





Орындаған : Тарих пәні

мұғалімі Баянова Е.Е.













2015 –2016 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Баянова Енлик Егиспековна

Дата: 23.03.2016

Номер свидетельства: 308940


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства