kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тарих саба?ында «сыни т?р?ыдан ойлау» модулін ?олдануды? тиімділігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                       Кіріспе

  • Егеменді елімізді? жар?ын болаша?ы болар жас ?рпа??а тере?, мазм?нды білім беру мен ?лтын с?йер патриот азамат етіп т?рбиелеу – б?гінгі ал?а ?ойыл?ан басты міндет. Ерте?гі ел тізгінін ?стар азаматтар – б?гінгі мектеп о?ушысы.Елбасымыз Н.?.Назарбаевты? «Тарих – жа?сы м??алім, ол халы?ты? ?зін-?зі ??рметтеуге ?алай ?тетінін есіне т?сіреді» деген айшы?ты ойы Конфуцийді? «Тарих?а ?арап, жа?аны жасау?а ?абілетті адам м??алім болу?а лайы?ты» деген т?жырымымен ?ндесіп жат?анды?ы білім мен ?лтты? т?рбиені? таусылмас ?азына мен парасат ?оры екенін ай?ындайды. Елбасыны? «Д?ниеде т?уелсіз ?аза? елі бар. ?лемде егемен ?аза?стан бар. Оны? к?п ?лты, тату, ынтыма?шыл хал?ы бар. ?уатты экономикасы, сенімді саяси ж?йесі бар. Е? бастысы - б?гіннен н?рлы, б?гіннен кемел болаша?ы бар. Сол к?нге деген берік сенімі бар» деген т?жырымы барлы? негізге ие.?шінші мы?жылды?ты? басында а?паратты? кезе?ге ?адам басты?. ?Р білім беру мемлекеттік стандартыны? т?жырымдамасында ай?ын к?рсетілгендей, ?о?амымызды? жа?а ?леуметтік тапсырыстары, ?з кезегінде о?у ба?дарламаларын ?згертуді, о?ытуды? жа?а технологияларын енгізуді к?здейді. Б?гінгі ма?сат – ?рбір о?ушылар?а т?бегейлі білім мен м?дениетті? негіздерін беру ж?не оларды? жан-жа?ты дамуына ?олайлы жа?дай жасау болып отыр.Сонды?тан да мен баяндама та?ырыбын: «Тарих саба?ында  «сыни  т?р?ыдан  ойлау»  модулін  ?олдануды?  тиімділігі» деп алдым.
  •   П?нді о?ытуда?ы негізгі ма?саттарыма то?талатын болсам:
  • 1.     О?ушыларды?  тарихи о?и?аларды, ?рдістерді тере? т?сінуге, салыстыра білуге,е? м?нді ??ымдарды саралап алуына, тарихи о?и?аларды? тарихта?ы орнын ба?алай білуге да?дыландыру;
  • 2.     Сыни т?р?ыдан ойлай алу?а, ойлау да?дыларыны? ?алыптасуын,е? ?тымды жауапты іздестіре білуге баулу;
  • 3.     П?нге деген танымды? ?ызы?ушылы?тарын, о?у?а деген ?мтылыстарын ?алыптастыра отырып, іскерлігін дамыту;
  • 4.     ?з бетімен а?параттар   іздеуге   да?дыландыру;
  • 5.     О?ушыларды ?азіргі заман?ы жа?а теаларды ?олдана білу білімдерімен ж?не да?дыларымен ?аруландыру, о?у ?рдісінде ке?інен ?олдану;
  • Б?л ма?саттарды ж?зеге асыруда, тарих саба?тарында о?ушыларды? п?нге деген белсенділігін арттыру ма?сатында ?з іс-т?жірибемде к?біне жа?а технология ?дістері мен элементтерін ?олданамын.Тарих – с?з саба?ы, к?бінде с?здік ?дістер ар?ылы білім беретін п?н. Сонды?тан е? алдымен «Сыни т?р?ыдан ойлау» технологиясы бойынша, ?ш кезе?нен т?ратын модульдік саба?ты пайдалана отырып,о?ушыларды? ойлау ?абілеттерін дамыту ?ажеттігін  к?рсетеді Жа?а саба?ты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы ар?ылы о?ушылармен бірлесе ж?мыс жасау?а болады. Саба?ты? ?ай ??рылымында болмасын осындай стратегияларды ?олдан?анда «Мен не ?там?», ж?не «О?ушы не ?тады? деген с?ра?тарды есінен шы?армауы керек.«Ма?ынаны тану» кезе?інде о?ушыларды ?ш топ?а б?лгенннен  кейін,жа?а  та?ырыпты  т?сіндіру  ма?сатында  «Джигсо» ?дісін  ?олдана отырып, жа?а та?ырыпты  ?шке б?ліп  беріп,о?ушылар ?здері  жеке-жеке  та?ырыпты  о?иды.О?у ?шін  белгілі бір  уа?ыт беріледі.Сосын ?ш топ о?ушылары бір-бірімен ауыса отырып  т?сінгендерін  келесі топтар?а т?сіндіру ?шін б?лінеді.
  • ?орытынды
  •  
  •            Тарих – ?ткен  кезе?дердегі  хал?ымызды?  ж?ріп ?ткен   іздері  саналатын ?аза?  хал?ыны?  барлы?  тарихы  мен  м?дениетін  ?мірлік  ?азынасында  са?тап  келген,болаша?ына аманат  етіп  тапсыратын  барлы?  а?паратты  бойына  жинап  ал?ан те?десі  жо?  ж?йелі ??ым.
  •             ?зім ж?ргізген т?жірибемнен айтарым, сыни  т?р?ыдан  ойлау модуліні?  ?діс-т?сілдердін ?олдана отырып ?ткізген саба?ты? о?ушы?а берері мол, н?тижесі ?те жо?ары.  Себебі о?ушыларды? барлы?ы дерлік  саба??а ?атысады, ?здеріні? ойын еркін айтады, бірін-бірі ты?дайды, салыстырады, сол саба?тан ?зінше бір т?йін жасап, ?з бетінше білім алады. Ал т?рбиелік жа?ына келер болса?, о?ушылар ?йымшылды??а, тез шешім тауып, ты?ыры?тан шы?у?а, ?зіне ба?а беруге ?мтылады, ?йренеді.
  • Сонымен  сыни  т?рыдан  ойлау  модулі  бойынша мынадай ?орытынды т?жырымдар жасалады:
  •  – шы?армашылы? ойлауды, сын т?р?ысынан ойлауды дамытады;
  • - рухани д?ниесін байытады;
  • - о?ырманды?ын к?шейтеді;
  • - ауызша – жазбаша тіл м?дениетін дамытады;
  • - ойлау, елестете алу ?аблетін ?алыптастырады;
  • - к?з?арасын тере?детете алуды ?йренеді;
  • - ?зінше ба?алап, ой т?йе  алады;
  • - ойын  еркін жеткізе  алады;
  • - танымды? о?у ау?ымын ке?ейтейте  алады;
  • - шы?армашылы? ізденісіне жол ашылады;
  • - тарих  п?ніне деген ?ызы?ушылы?ы  артады;
  • ?р технологияны ?олдану ар?ылы белгілі бір жетістіктерге жетеміз.
  • М?ндай технологияларды ?олдану-біріншіден о?ытушы ?тады, я?ни ол саба?ты тиімді ?йымдастыру?а к?мектеседі, о?ушыны? п?нге деген ?ызы?ушылы?ы артады, екіншіден о?ушы ?тады, себебі оны? та?ырып бойынша танымы ке?ейді. Осылайша білім беруді? ?алыптас?ан ?дістемесіне о?ытуды? жа?а технологиясы т?р?ысынан ?згерістер енгізілсе, білім сапасы арта т?спек деп ойлаймын.Болаша? ?рпа?ты? жеке т?л?а болып ?алыптасуында білім беру ж?йесін ізгілендіру, инновациялы? ?рдісте тиімді пайдалану ?азіргі заман талабы.
  • На?ыз ?з ісіні? шебері ?ана жо?ары жетістіктерге ие бола алады. Ал білікті маман болу ?шін к?п ізденіс керек. ?р о?ушыны? ж?регіне жол тауып, оларды білімге ?ызы?тыру-бізді? міндетіміз. Білім беру кезінде бала білім алады, сана сезімі ?седі, жа?сы ?дет-??рып?а, м?дениетке, ?дептілікке, ?лкен –кішіні сыйлау?а ?йренеді. Саба?ты? ?ызы? ?туіне к?птеген факторлар ?сер етеді. Е? ?ажеттісі, м??алімні? ?діскерлік шеберлігі. Сол ?шін м??алімге ?ажет ?лкен ?асиет-?з ісін с?юі ж?не балаларды с?юі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тарих саба?ында «сыни т?р?ыдан ойлау» модулін ?олдануды? тиімділігі »

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы

Созақ ауданы

А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі




Тарих сабағында «сыни тұрғыдан ойлау» модулін қолданудың тиімділігі














Избаева Салтанат Ералиевна

Тарих пәнінің мұғалімі








Шолаққорған 2013-2014 оқу жылы


Кіріспе



Егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең, мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу – бүгінгі алға қойылған басты міндет. Ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушысы. 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих – жақсы мұғалім, ол халықтың өзін-өзі құрметтеуге қалай өтетінін есіне түсіреді» деген айшықты ойы Конфуцийдің «Тарихқа қарап, жаңаны жасауға қабілетті адам мұғалім болуға лайықты» деген тұжырымымен үндесіп жатқандығы білім мен ұлттық тәрбиенің таусылмас қазына мен парасат қоры екенін айқындайды. Елбасының «Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар. Әлемде егемен Қазақстан бар. Оның көп ұлты, тату, ынтымақшыл халқы бар. Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы - бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге деген берік сенімі бар» деген тұжырымы барлық негізге ие.

Үшінші мыңжылдықтың басында ақпараттық кезеңге қадам бастық. ҚР білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасында айқын көрсетілгендей, қоғамымыздың жаңа әлеуметтік тапсырыстары, өз кезегінде оқу бағдарламаларын өзгертуді, оқытудың жаңа технологияларын енгізуді көздейді. Бүгінгі мақсат – әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау болып отыр.Сондықтан да мен баяндама тақырыбын: «Тарих сабағында «сыни тұрғыдан ойлау» модулін қолданудың тиімділігі» деп алдым.

Пәнді оқытудағы негізгі мақсаттарыма тоқталатын болсам:

1.     Оқушылардың тарихи оқиғаларды, үрдістерді терең түсінуге, салыстыра білуге,ең мәнді ұғымдарды саралап алуына, тарихи оқиғалардың тарихтағы орнын бағалай білуге дағдыландыру;

2.     Сыни тұрғыдан ойлай алуға, ойлау дағдыларының қалыптасуын,ең ұтымды жауапты іздестіре білуге баулу;

3.     Пәнге деген танымдық қызығушылықтарын, оқуға деген ұмтылыстарын қалыптастыра отырып, іскерлігін дамыту;

4.     Өз бетімен ақпараттар   іздеуге   дағдыландыру;

5.     Оқушыларды қазіргі заманғы жаңа теаларды қолдана білу білімдерімен және дағдыларымен қаруландыру, оқу үрдісінде кеңінен қолдану;

Бұл мақсаттарды жүзеге асыруда, тарих сабақтарында оқушылардың пәнге деген белсенділігін арттыру мақсатында өз іс-тәжірибемде көбіне жаңа технология әдістері мен элементтерін қолданамын.Тарих – сөз сабағы, көбінде сөздік әдістер арқылы білім беретін пән. Сондықтан ең алдымен «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша, үш кезеңнен тұратын модульдік сабақты пайдалана отырып,оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту қажеттігін көрсетеді.


«Сен маған шәкіртіңді көрсет, мен сені танимын»

А.Дистерверг


2.1 Сыни тұрғысынан ойлау модулін пайдаланудың тиімділігі


Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек. «Қызығушылығын ояту» кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында тест жұмыстарын өткізу арқылы оқушы білім деңгейін қадағалау керек. Тәжірибе кезеңінде жаңа әдістерді пайдалануды реттілікпен қолдана білгендігін көздеген едім.Ынталы түрде әр сабағымды жақсы , тиімді өткізуге тырыстым және тізбектелген сабағымның бір үлгісін төмендегідей талдап көрсетуді ұйғардым .

1. Кіріспе

2. Жаңа материалдың таныстырылымы

3. Жаңа материалды қолдау

4. Қорытынды бөлімі



Оқушылар үй тапсырмасын орындауда



Жаңа сабақты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға болады. Сабақтың қай құрылымында болмасын осындай стратегияларды қолданғанда «Мен не ұтам?», және «Оқушы не ұтады? деген сұрақтарды есінен шығармауы керек.





«Мағынаны тану» кезеңінде оқушыларды үш топқа бөлгенннен кейін,жаңа тақырыпты түсіндіру мақсатында «Джигсо» әдісін қолдана отырып, жаңа тақырыпты үшке бөліп беріп,оқушылар өздері жеке-жеке тақырыпты оқиды.Оқу үшін белгілі бір уақыт беріледі.Сосын үш топ оқушылары бір-бірімен ауыса отырып түсінгендерін келесі топтарға түсіндіру үшін бөлінеді.




Оқушылар «Джигсо» әдісі арқылы берілген мәтінді оқып,бір-біріне түсіндіріп жатыр



Оқу- адамның саналы өміріндегі басты әрекет. Оқу әрекеті мұғалімнің басшылығы арқылы оқушының сана- сезімін дамытуға бағытталады.

“Әрбір бала- болашақ данышпан» деген ойлы қағидаға мән берсек, яғни табиғи таланттарды ашу, жас талапкерлердің жарқырап көрінуі үшін мұғалімге жүктелер міндет аз емес. Ол міндет- оқушылардың шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін, ой- өрісін дамыту үшін аянбай еңбек ету, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту.

Түсіндіру жұмыстары жүргізіліп біткен соң,оқушылар түсінгендерін постер бетіне түсіруге кіріседі.


Оқушылар түсінгендерін постерге түсіру барысында






Осы идеяларды дамыту үшін оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларына қана отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай жасау, негізгі құндылық – оқушы және оның жеке тұлғасы. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік рухани, азаматтық, басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін- өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Сын тұрғысынан ойлау әдісі оқытуда дамыту технологиясына жатады. Бұл илюстративті түсіндірмелі, ішнара іздену, пікір сайыс ойын, шығармашылық, өзін өзі дамыта оқыту әдістерінің бірі.

Оқушылар постер қорғау үстінде






Сын тұрғысында ойлау әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра отырып, оқушылардың жеке, топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл стратегия оқушының жекелеген мүмкіндіктерін ашуға бағытталған. Бұл әдістің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Оқушылардың ауызша, жазбаша тілін, ойлау есте сақтау қабілеттерін, әрбір ақпаратты сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сынай қарауы шығармашылық қабілетін дамытады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту арқылы

– әр оқушы сабаққа толық қатыстырылып, деңгейін анықтай алады;

– Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін арттырады;

– Қызығушылығын оятады;

– Сұрақ қойып, өз ойын еркін айтуға ;

– Мазмұнын толық түсінуге жағдай туғызады.



Оқушылар постерлерін бағалауда







«Сын тұрғысынан ойлау» ұғымының белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.

Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Оның қандай стратегиялары болмасын оқушылардың өз ойын еркін айту, пікір талас жүргізу, өз бетінше тұжырым жасау, мәселені шеше білу басқалармен қандай деңгейде болса да, қарым-қатынас жасап, қажет жерде өз көзқарасын өзгерту, ойын қорғай білу, топ алдында дұрыс мәдениетті сөйлеу, т.с.с. қабілеттерін дамытады.




















2.2 Сыни тұрғыдан ойлау модулінің маңызы

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деген түсінік береді. Бұл модуль арқылы маңызды мәселелерді талқылауға болады және білім беру үшін тиімді болып табылады. Бұл оқушылардың да,мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Сыни тұрғыдан ойлау көбіне қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс – әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Бұл жолдағы ең оңай тәсіл балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру.

Бізде балалардың қызығушылығын оятып, олардың сыни тұрғыдан ойлауларын, дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатын, әлемнің түрлі бөліктеріндегі және заманның түрлі кезеңдеріндегі балаларға айтуға болатындай да мысалдар жеткілікті. Сыни тұрғысынан ойлау модулін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігімен қатар оқушыларға деген сенімділік күшті болу керек деп ойлаймын: оқыту үрдісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекетіне әсер етеді дегендей менің сабақтар топтамамдағы сыни тұрғысынан ойлаудың Выготскийдің сындарлық тұрғыдан оқытуды түсіну оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер негізінде алынғандығын көрсетуге болады. Выготскиидің пікірі бойынша , оқушылар нақты мақсаттарды көздеген ,көбірек білетін қайраткер жандармен әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдылары дамитынына тоқталған.

  1. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялардың бірі – сын тұрғысынан ойлау модулі. Бұл модул Кеңес өкіметі кезінде 1973 жылдан,  Қазақстанда 1997 жылдан бері таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау,яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады. Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. Кезінде жоба ретінде ұсынылып, көпшіліктің қолдауын тапқан бұл технологияда  Выготский, Пиаже, Эльконин-Давыдовтардың,  басқа да ғалымдардың еңбектерінің ең құнды жерлер  сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында,яғни, стратегияларында. Стратегия дегеніміз - философия, әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ, сабақта көрініс тауып, идеялар тоғысып, біріктірілген іспетті.


Сыни тұрғыдан ойлау модулінің ішкі құрылымы 3 моделден тұрады







ІІ. Мағынаны тану


ІІІ. Ой-толғаныс

І.Қызығушылықты ояту


І .Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру.

ІІ.Мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.

ІІІ.Ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады.

Енді  СТО мен дәстүрлі сабақтарды салыстырсақ:

СТО  сабақтарда

Дәстүрлі сабақтарда

Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жұмысты жақсы ұйымдастырады.

Оқушы  бірден жұмысқа кірісіп кетпейді.

Өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттері, белсенділіктері  басым болады.

Белсенділік орташа, мұғалімнің көмегін керек етеді.

Шығармашылық қабілеттері артады, топтағы әр оқушының жауапкершілігінің басымдылығы айқындалады.

Шығармашылығы бірқалыпты, ынта-ықыластарын білдіре қоймайды.



 «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша мақсаттары мен  тәсілдерінің мәліметтер кестесі: 

Кезеңдері

Шақыру

Іске асыру

Рефлексия

Мақсаты

- Оқып үйренушінің өткен білімі мен тәжірибесін өзекті ету.
- Оқушылардың іс-әрекетін белсенді ету.
- Оқу іс-әрекетіне уәж (негіздеме) қалыптастыру.
- Оқу іс-әрекетінде оқып үйренушілердің жекелей мақсаттарын қою.

- Оқып үйренушімен жаңа білімді алу.
- Белгілінің жаңамен арақатынасын білу, түсінігін қалыптастыру және білімдерін жүйелеу.
- Жұмыс тәсілін ақпаратпен үйрену.
- Шақыру кезеңіне қойылған мақсаттарын қолдау.

- Жаңа білімді беру.
- Пән туралы бүтіндей көрініс жасау.
- Мәселе өрісін кеңейту, оқу іс - әрекетінде жаңа мақсаттарды қою.
- Оқып үйренушінің пәндегі дамуын бағалау және өзін-өзі бағалау бойынша жұмысы.

Тәсілдері

- «Миға шабуыл» 
- Болжам (сурет, портреті бойынша)
- Қажетті сөздер бойынша болжам
- Альтернативті тест (дұрыс  немесе дұрыс емес пікірлер)
- Сұрақтар, мәтіннен тауып жауап беруге болатын жауаптар тұжырымы
- Кластер
- Кесте «Б–Б–Б»

- insert әдісі бойынша белгілеумен мәтінді оқу
- Астын сызу арқылы қажетті сөздерді көрсету

- insert таңбалау кестесі
- Шығармашылық жұмыс – синквейн
қажетті сөздерге,дұрыс және дұрыс емес пайымдауға  қайта оралу.  
- Досына хат жазу, күнделік жүргізу.
- Қажетті сөздерден кластерді бітіру.
- Шатысқан қисынды тізбектер

Нәтижелер

- Маңызды тәжірибе
- Белсендірілген білім
- Қалыптасқан уәж (негіздеме)

- Жүйелі білім
- Шақыру кезеңіндегі баяндалған мақсаттарын нығайту.

- Берілген білім
- Пән бойынша қалыптасқан бүтіндей көрініс
- Келешекте қызмет бабында көтерілуіне қойылатын мәселелер

Қорытынды


Тарих – өткен кезеңдердегі халқымыздың жүріп өткен іздері саналатын қазақ халқының барлық тарихы мен мәдениетін өмірлік қазынасында сақтап келген,болашағына аманат етіп тапсыратын барлық ақпаратты бойына жинап алған теңдесі жоқ жүйелі ұғым.

Өзім жүргізген тәжірибемнен айтарым, сыни тұрғыдан ойлау модулінің әдіс-тәсілдердін қолдана отырып өткізген сабақтың оқушыға берері мол, нәтижесі өте жоғары. Себебі оқушылардың барлығы дерлік сабаққа қатысады, өздерінің ойын еркін айтады, бірін-бірі тыңдайды, салыстырады, сол сабақтан өзінше бір түйін жасап, өз бетінше білім алады. Ал тәрбиелік жағына келер болсақ, оқушылар ұйымшылдыққа, тез шешім тауып, тығырықтан шығуға, өзіне баға беруге ұмтылады, үйренеді.

Сонымен сыни тұрыдан ойлау модулі бойынша мынадай қорытынды тұжырымдар жасалады:

– шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамытады;
- рухани дүниесін байытады;
- оқырмандығын күшейтеді;
- ауызша – жазбаша тіл мәдениетін дамытады;
- ойлау, елестете алу қаблетін қалыптастырады;
- көзқарасын тереңдетете алуды үйренеді;
- өзінше бағалап, ой түйе алады;
- ойын еркін жеткізе алады;
- танымдық оқу ауқымын кеңейтейте алады;
- шығармашылық ізденісіне жол ашылады;

- тарих пәніне деген қызығушылығы артады;

Әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жетеміз.
Мұндай технологияларды қолдану-біріншіден оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы арта түспек деп ойлаймын.Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді пайдалану қазіргі заман талабы.

Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады. Ал білікті маман болу үшін көп ізденіс керек. Әр оқушының жүрегіне жол тауып, оларды білімге қызықтыру-біздің міндетіміз. Білім беру кезінде бала білім алады, сана сезімі өседі, жақсы әдет-ғұрыпқа, мәдениетке, әдептілікке, үлкен –кішіні сыйлауға үйренеді. Сабақтың қызық өтуіне көптеген факторлар әсер етеді. Ең қажеттісі, мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі. Сол үшін мұғалімге қажет үлкен қасиет-өз ісін сүюі және балаларды сүюі.





















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Тарих саба?ында «сыни т?р?ыдан ойлау» модулін ?олдануды? тиімділігі

Автор: Избаева Салтанат Ералиевна

Дата: 16.04.2015

Номер свидетельства: 202146


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства