Тарих саба?ында о?ушыларды? іздену ынтасын арттыру
Тарих саба?ында о?ушыларды? іздену ынтасын арттыру
?аза?стан Республикасыны? 2015 жыл?а дейінгі Білім беруді т?жырымдамасына, я?ни «Орта білім беруді? ма?саты тере? білім, к?сіби да?дылар негізінде еркін ба?дарлай білуге, ?зін - ?зі іске асыру?а, ?зін - ?зі дамыту ж?не ?з бетінше д?рыс адамгершілік т?р?ысынан шешім ?абылдау?а білім беру ж?йесіне к?птеген жа?алы?тар енгізуде. ?абілетті жеке т?л?аны ?алыптастыру» сай ?о?амда?ы т?бегейлі ?згерістер білім беру ж?йесіне к?птеген жа?алы?тар енгізуде.
Білім туралы за??а сай м??алім о?ушы?а мемлекеттік ?лшем де?гейінен т?мен т?сірмей білім беруі тиіс, ал н?тижеге жету ?шін о?ытуды? белгілі технологиясын игеру ?ажет. Осындай с?раныстар?а сай о?ытуды? ?р т?рлі технологиялары жасалып, мектеп т?жірибесіне енуде. Мысалы, академик В.И.Монаховты? технологиясы В.К.Дьяченконы? «?жымды? о?ыту ?дістемесі», профессор Ж.А.?араевты? «Де?гейлік саралап о?ыту технологиясы» ж?не та?ы бас?алар.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тарих саба?ында о?ушыларды? іздену ынтасын арттыру »
Үшқоңыр ауылындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі
Нуралина Еркеназ Жанымхановна
Тарих сабағында оқушылардың іздену ынтасын арттыру
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Білім беруді тұжырымдамасына, яғни «Орта білім берудің мақсаты терең білім, кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамыту және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға білім беру жүйесіне көптеген жаңалықтар енгізуде. қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» сай қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне көптеген жаңалықтар енгізуде.
Білім туралы заңға сай мұғалім оқушыға мемлекеттік өлшем деңгейінен төмен түсірмей білім беруі тиіс, ал нәтижеге жету үшін оқытудың белгілі технологиясын игеру қажет. Осындай сұраныстарға сай оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енуде. Мысалы, академик В.И.Монаховтың технологиясы В.К.Дьяченконың «ұжымдық оқыту әдістемесі», профессор Ж.А.Қараевтың «Деңгейлік саралап оқыту технологиясы» және тағы басқалар.
Қазіргі мектептерде тарих пәнін оқытудың негізгі мәселелерінің бірі оқушылардың білімді өз бетінше игеруі болып табылады. Соған сәйкес мұғалімнің басты міндеті – білімнің жаңа мазмұнынан туындайтын сабақтың маңызды ерекшеліктерін анықтап, сабақтың үлгісін құру және сабақты жетілдірудің жолдарын тауып, оның сапасын арттыру. Ол үшін оқушылардың әрбіреуі тарихи оқиғаларға ғылыми тұрғыдан баға беріп, олардың сабақтастық байланысын түсінуіне жағдай жасау қажет.
Тарих сабағында оқушылардың ізденісін арттыру мақсатында педагогикалық әдебиеттерде білім берудің төмендегідей технологиялары ұсынылады: дамыта оқыту, модульдік дамыта оқыту, перспективтік оқыту, ірі – блоктік оқыту, проблемалық оқыту және тағы басқалар. Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігі мен ізденушілік қасиеттерін қалыптастыру және дарыту мәселесіне педагогтардың, психологтардың көптеген еңбектері арналған.
Оқу сапасын арттыру үшін пән мұғалімі оқушы бойындағы танымдық, ізденушілік, дамытушылық қасиеттерді дәріптеу үшін күнделікті сабақтарда жаңа технологияларды төменгі сыныптан бастап пайдалану керек. Осы мақсатта төменгі сыныптарда оқушының логикалық ойлауын дамыту негізінде «Сыни тұрғыдан ойлау» жобасы стратегияларын қолданған тиімді. Сыни тұрғыдан ойлау – ол американдық ғалымдардың идеялары негізінде құрылған жоба. Сыни ойлау дегеніміз оқушының қоршаған ортаға, ақпарат әлеміне, өзінің іс - әрекетіне сын тұрғысынан қарауын етілдіру деген сөз.
«Сыни тұрғыдан ойлау» жобасының стратегияларынпайдалану жаңа оқу материалындағы оқиға мен құбылыстарды оқушылардың өздерінің байқап, талдауларына жағдай жасайды. Демек, білім даяр күйінде берілмей, оқушылардың өздерінің ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, оқушылардың ізденушілігі мен дербес ойлауын дамыту, сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатында тарих сабақтарын түрлендіріп өткізу керек. Дәстүрден тыс сабақтарды, мысалы, жарыс, ойын, КТК, пікір – сайыс, сот сабақтарын өткізген жөн.
Оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы оқушыларды ғылыми жұмыстарға баулу, өз ойын еркін жеткізе білетін салауатты тұлғаны қалыптастыру жолындағы шығармашылықтың мәні өте зор. Ал шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет, қабілет іздете білу – мұғалімнің алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі болып есептеледі. Осы салада Ж.Қараевтың технологиясындағы оқу үрдісінде мыналарға мән берілген:
· Оқушыларға сенімділік білдіру;
· Пәнге деген қызығушылығын артыру;
· Оқушының өз біліміне сеніп, одан әрі дамытуы;
· Өзіндік шығармашылық деңгейге көтеру.
Ж.Қараевтың технологиясының тиімділігі – жаңа тақырыпты оқушылар ізденіс үстінде өздігімен меңгеруі. Жаңа тақырыпты оқушылар ізденіс үстінде өздігімен меңгеру барысында берілген жұмыстың мақсатын анық түсіну, сол жұмыстың оқушылармен еркін, өздерінің қалауымен орындалуын, қосымша тарихи әдебиеттерді пайдалану және тағы басқа қағидаларды ұстанған жөн.