kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тарих п?нінде тарихи танымды? ойындарды ?олдануды? тиімді жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

?азіргі а?парат ?асырында білімді азамат болу ?шін, ?мір бойы ізденіспен ?туі керек, XX ?асыр ?ндіріс ?асыры болса, XXІ ?асыр а?паратты? технология ?асыры, б?секеге ?абілетті іргелі мемлекетті? б?секеге ?абілетті ?рпа?ын т?рбиелеу ?стаздар ?ауымыны? мойнында?ы ?лкен міндеттерді? бірі.

?аза? ж?ртшылы?ын тол?андыратын ?зекті м?селелерді? е? негізгісі – елімізді? болаша?ы. Елімізді? ?ркен жайып ке?ге ??лаш сермеуі ?шін басты м?селе жас ?рпа?ты? білімді де т?рбиелі болып жетілу екені белгілі. Сол себепті о?у-т?рбие ?рдісіне жа?а инновациялы? ?діс-т?сілдерді енгізу о?ушыларды? білімге деген ?ызы?ушылы?ын, талпынысын арттырып, ?з бетімен ізденуге, шы?армашылы? е?бек етуге жол салу керек. «Саба? беру ?йреншікті жай шеберлік емес, ол ?немі жа?адан жа?а табатын ?нер», - деп т?лімгер-?алым Ж.Аймауытов к?рсеткендей, п?нні? п?нменділігін арттыруда ?стазды? р?лі зор.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тарих п?нінде тарихи танымды? ойындарды ?олдануды? тиімді жолдары»



Тақырыбы: Тарих пəнінде тарихи танымдық ойындарды қолданудың тиімді жолдары


Қазіргі ақпарат ғасырында білімді азамат болу үшін, өмір бойы ізденіспен өтуі керек, XX ғасыр өндіріс ғасыры болса, XXІ ғасыр ақпараттық технология ғасыры, бəсекеге қабілетті іргелі мемлекеттің бəсекеге қабілетті ұрпағын тəрбиелеу ұстаздар қауымының мойнындағы үлкен міндеттердің бірі.


Қазақ жұртшылығын толғандыратын өзекті мəселелердің ең негізгісі – еліміздің болашағы. Еліміздің өркен жайып кеңге құлаш сермеуі үшін басты мəселе жас ұрпақтың білімді де тəрбиелі болып жетілу екені белгілі. Сол себепті оқу-тəрбие үрдісіне жаңа инновациялық əдіс-тəсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу керек. «Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңа табатын өнер», - деп тəлімгер-ғалым Ж.Аймауытов көрсеткендей, пəннің пəнменділігін арттыруда ұстаздың рөлі зор.


Оқытудың сан алуан түрлері мен əдістерін қолдану сабақтың тиімділігін арттырады. Оқушылардың барлығы да жақсы оқығысы келеді. Бірақ олардың ой қабілеттері, тілді меңгеруі бағдарламадағы материалды игеруге бірдей емес. Сондықтан оқушыға білім бере отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру қажет. Қазіргі заманғы уақыт талабы –ұстаздардың жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруі, оны оқу-тəрбие үрдісіне енгізуі. Өйткені, жаңа педагогикалық технологияны меңгеру оқытушылардың іскерлігін, ізденісін туғызып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашса, оқушылардың білім сапасын арттыруға өз үлесін қосады.


Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу – бүгінгі күннің мақсаты. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде оқытушылардың инновациялық іс-əрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды мəселелердің бірі. Жаңа технологияны меңгеру – оқытушының кəсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық жəне басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі əсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып оқу-тəрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.


Əр сабаққа дайындық – оқытушының ізденісінің нəтижесі, сабақты ыңғайына қарай түрлендіре түссе, əр сабақта жаңа əдіс-тəсілдерді қолданса, сабақтың мазмұны ашылады. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді деп есептеймін.


Оқытушы біркелкі əдістен табан алмай шектеліп қалуға болмайды. Өз іс-əрекетін тиімді ұйымдастырып отырған қазіргі кездегі оқытушының міндеті жоғарыда айтылған мүмкіншіліктерді пайдалана отырып əр оқушыға білім беруде. Мен тарих пəнінде оқушыларға сапалы білім беруде тарихи танымдық ойындар əдісін пайдаланып жүрмін. Тарих пəнін оқыту, ұрпақтар бойына дарыту көп ізденістерді, сан түрлі əдістемелік тəсілдерді қажет етеді. Ізденетін мұғалімдер болса ғасырлар қойнауында тұнып жатқан бай шежірелер баршылық. Оны талмай ізденудің, жан - жақты талдаудың нəтижесінде күнделікті баспасөз құралдарынан табуға болады. Жиырма бірінші ғасыр мұғалімі, оның ішіндегі Тəуелсіз, зайырлы Қазақстанның тарих пəні мұғалімі жан жақты, білімді, өз ісін өте жақсы білетін ұлттықидеологиямен сусындаған азаматтар болуға тиісті. Ендеше бұл көп ізденісті, талмай еңбектенуді қажет етеді.

Қазақстан тарихынан даярлаған творчестволық тапсырмалар, методикалар, дидактикалық материалдар мұғалімге оқушылардың білімін іс үстінде тексеруге, ал оқушылар өздерінің қаншалықты тарихи білімді екендіктерін анықтауға мүмкіндік туады. Солардың бірі тарихи танымдық ойындар.


Тарихи танымдық ойындар – сабақ процесіндегі ең нəтижелі жұмыс түрі. Олар көбінесе сабақта білім толықтыру, дүние танымды кеңейту үшін қолданылады. Сабағымда қолданып жүрген бірнеше тарихи танымдық ойындардың түрлерін ұсынамын.


Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдылықты үйрету мен қатар, мəдениетті сөйлесуге, ептілікке, тапқырлыққа баулиды жəне бұл сабақта балалардың белсенділігі артады, бір


  • бірімен бəсекеге түсу арқылы оқуға, көп білуге ынтасы өседі. Ол тəрбиеге де, оқу ісіне де зор ықпалын тигізері сөзсіз.


Мəселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бəйге», «Көкпар», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Теңге алу», «Аударыспақ», «Орамал тастау», «Көкпар», «Асық», «Сиқырлы қоржын»т. б. балалардың еңбекке деген қарым

  • қатынасы мен қабілеттерін арттырады.


Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тəрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды əсіресе, «Бəйге», «Көкпар», «Теңге алу», «Көш», «Қарлы кесек», «Кім жылдам?» секілді танымдық, ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек. Оқушылармен жұмыс жасау түрлері əртүрлі, мысалы, «Атажұрт» интеллектуалдық тарихи – танымдық ойыны - оқушылардың білім деңгейін байқауға, тез ойлауға, есте сақтауға, өз ойын жан - жақты толық жеткізе білуге, қосымша ізденуге, өз ойын мəдениетті түрде қалыптастыруға, «Екі тілді қатар үйренейік» ойыны – екі тілді қатар үйреніп, меңгеруге,


«Орнымды тап» ойыны – оқушының ойға сақтау қабілетін дамытуға, білімін тиянақтауға, «Кім табады?» танымдық ойыны - балалардың тез ойлау, тілін, есте сақтау қабілеттерін дамытуға, «Сиқырлы сөз» ойыны – оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға, өз пікірін ашық айта білуге, «Экономика əлеміне саяхат» жəне «Тарих əлеміне саяхат» танымдық ойындары – оқушылардың білімін іс үстінде тексеруге, белсене араласа алатын қабілетін дамытуға, ұтымды əрі нəтижелі шешім табуға үйретеді.


«Тарих əлеміне саяхат» танымдық ойыны. Бұл ойында оқушылар əртүрлі тарихи қалаларға немесе тарихи ескерткіштерге саяхат жасайды. Саяхат барысында оқушылар неғұрлым, бұл тарихи ескерткіш немесе қала жайында, оның мəдениеті мен атақты адамдары жайында көп мағлұмат жинауы керек. Бұл саяхат басқа дəуірге, оның атмосферасына еніп, оның тарихи жүйелілігіне, оқиғалардың бір-бірімен байланысына терең үңіледі. Оқушылар бірнеше экспедициялық топтарға бөлініп, əртүрлі елдерге, архивтерге, құнды құжаттарға, əдебиеттерге сапар шегеді. Экспедиция барысында оқушылар рөлге бөлінеді, мəселен, тарихшы, экспедиция бастығы, барлаушы, фотограф, журналист, т.б., жəне экспедиция қажет құралдармен жабдықталады – оқулықтар, əдебиеттер, карта, қосымша материалдар жəне т.б. Қорытындысында бұл зерттеулері жайында қысқаша,


қызықты информация даярлау керек

Мұндай саяхат оқушылардың пəнге деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық ынталануын дамытады.


Сондай-ақ оқушылардың оқу-танымдық жұмыстарының нəтижесін

технологиялық тұрғыдан қадағалау сол жұмыстардың нəтижесін əділ, обьективті түрде бағалаудан көрінеді. Бағалау – білім, ептілік жəне дағдылардың игерілу дəрежесін анықтау. Еріксіз көтеріңкі баға шəкіртті қуантады, қанаттандырады, сонымен бірге, оның жұмысқа деген немқұрайлығын да пайда етеді. Əсіресе, əділетсіз қойылған бағаның əсері күшті: ол баланың оқуға деген ықыласын арттыруы да, не тіпті, оқудан бас тартуға ықпал жасауы да мүмкін.


Танымдық ойындардың түрлеріне қарай топтарды əртүрлі əдістермен бағалауға болады. Мəселен, топтарды психологиялық тұрғыда бағалау, яғни, геометриялық фигуралар адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Əр топ геометриялық фигуралар арқылы бағаланады. Топтарды капиталдағы жиналған ақша қоры арқылы бағалау, яғни мұнда əр сұраққа жиналған ақша қоры саналып, есептелініп, көп ақша жинаған топ жоғары бағамен бағаланады. Ақша оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырады.


Шығармашылық қабілеті дамыған тұлға қалыптастыру - қазіргі оқу үрдісінің ең басты талаптарының бірі.


Қорыта айтқанда, шығармашылық тұлға қалыптастырудың бір жолы ең алдымен оқушылардың танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастырумен жүзеге аспақ. Шығармашылық қабілет əр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз - оқушыға оның бойында жасырын жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.


«Адам ұрпағымен мың жасайды» дегендей, басты мақсатымыз ұрпақ тəрбиесі. Білім беру тəрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үрдісі. Сондықтан тұңғыш Президентіміз Н.Ə. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» Жолдауындағы «Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек ұрпаққа көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз», - деген сөзін басшылыққа ала отырып, оқушының өзіне сенімін арттырып, өз бетімен жұмыс жасауына, шығармашылығын одан əрі арттыруына бағыт беру керек.





Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі









Баяндама




Тақырыбы: Тарих пəнінде тарихи танымдық ойындарды қолданудың тиімді жолдары

Орындаған: Қошманова Ж.Б.































Қызылорда, 2016ж.















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Тарих п?нінде тарихи танымды? ойындарды ?олдануды? тиімді жолдары

Автор: ?ошманова Жадыра

Дата: 17.02.2016

Номер свидетельства: 294647


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства