kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тарих п?ні бойынша дамыта о?ыту идеясы негізіндегі ?діс-т?сілдер ж?йесіні? ма?ыздылы?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

??зіргі та?да ?аза?станда білім беруді? ?зіндік ?лтты? ?лгісі ?алыптасып келеді. Заман талабына сай о?ыту ?шін иновациялы? технологияларды? ма?ызы зор.

   «Технология»- грек с?зі, бізше «?нер,шеберлік» дегенді білдіреді. Жалпы «педогогикалы? технология ??ымыны?» ?азір 100-ден аса балама аны?тамалары кездеседі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тарих п?ні бойынша дамыта о?ыту идеясы негізіндегі ?діс-т?сілдер ж?йесіні? ма?ыздылы?ы »

Алматы облысы Қарасай ауданыҮшқоңыр ауылындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Нуралина Еркеназ Жанымхановна

Тарих пәні бойынша дамыта оқыту идеясы негізіндегі әдіс-тәсілдер жүйесінің маңыздылығы

Қәзіргі таңда Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасып келеді. Заман талабына сай оқыту үшін иновациялық технологиялардың маңызы зор.

«Технология»- грек сөзі, бізше «өнер,шеберлік» дегенді білдіреді. Жалпы «педогогикалық технология ұғымының» қазір 100-ден аса балама анықтамалары кездеседі.

Дамыта оқытудың негізгі кезеңдерін шартты түрде анализ, синтез және интерактивтік оқыту деп үш топқа бөлуге болады. Анализ салыстыру, ой қозғау, миға күшсалу, талдау, зерттеу, сараптама жасаудан тұратын болса, Синтез елес құшағында, болжау, түрлендіру, абстрактілі-логикалық ойлау болып табылады. Үшінші топ интерактивтік оқытуға пікірталас, рөлді ойындар, дебат, тренинг, коммуникативтік ойындар жатады.Тарихи білімді меңгеру дегеніміз тез түсіну, есте сақтау, қайталап беру ғана емес, сол білімді пайдалана білу, тереңдету негізінде оқушылардың білімді пайдалана білуі, оқушылардың білім деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету.Сондай-ақ оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен қабілет ұғымының мәнін терең түсінуді талап етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе олар қоғамдық тарихиіс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап көрсетеді.Ал шығармашылық мәселесін терең зерттеген Я.Н. Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені, әрбір жаңалық, әсіресе интелектуалдық тұрғыдағы баланы жаңа техникалық сапаға көтереді.Сонымен қатар қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан Республикасын дамыған елдермен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі,өз бетімен іс-әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын табатын шәкірт дайындау ұстаздың міндеті болып табылады.Осы мәселелерді ескере отырып, дамыта оқыту идеясы негізінде мынадай әдіс-тәсілдер жүйесін топтастырған дұрыс.

Әрбір ұлттың өзіндік ерекшелігі, салт-дәстүрі болады, пікірсайыс біздің халықтық педогогикаға жақын. Қазақ халқы шешендік өнерді жоғары бағалаған. «Өнер алды-қызыл тіл»-деп, сөз бастаған шешенді қол бастаған батырмен қатар қойған. Шешендік өнер тапқыр ойдың тұтқасы болып саналатын, қазақтың қанына біткен қасиет. Бұл қасиет тауып сөйлей білуді,ойды жүйелеп айтуды, ойлылықты, ақыл парасатты қажет етеді. Ақыл көзі ойда жатыр. Логикалық жүйемен дұрыс ойлай білу,дұрыс жүйелеп сөйлей білу мәдениетін қалыптастырады. Тарих сабағында пікір сайыс әдісін көптеген тақырыптарда пайдалануға болады.

-Қазақ хандығының Ресей империясының құрамына кіруінің пайдасы мен зияны

-Е.Пугачев көтерілісіне қазақтардың қатысуы ақталады,ақталмайды.

-Әмір Темір басқыншыма, әлде сәулет өнерші ме?

-Қазақстандағы тың игерудің пайда зияны т.б

Тарих пәнінің құрамдас бір бөлшегі тарихи термидермен жұмыс болып табылады.Ұғымдар сөз-терминдер түрінде қалыптасады. Термин белгілі бір сөздің қандай мағына беретінін, оның басьтапқы мәнінбілдіреді. Әрбір жаңа термин мазмұнын ашуды қажет етеді. Оқушылардың санасында сөздер біріңғай қабылданған жағдайда ғана оқып үйренген материалдың мазмұны да біріңғай болады. Сондықтан термин сөздерді оқушының енжар сөздік қорынан белсенді сөздік қорына ауыстыруға бағытталған арнайы жұмыс жүйесі керек. Терминдер әр түрлі тәсілдермен түсіндіріледі. Егер ол заттық ұғымды білдіретін болса, оның бейнесін немесе макетін көрсетуге болады. Немесе суретті көрсете отырып, заттың, құралдың пайда болуын түсіндіреді. Мысалы: Жетіген-жеті ішекті музыкалық аспап.

Терминдерді түсіндергенде сөздің этимологиясына мән беру керек. Мысалы, теңге-тең, билік-би-лік.

Мектепте оқытылатын гуманитарлық пәндердің ішінде аса маңызды білім саласы тарих пен әдебиет байланысының негізі кең. Тарихи оқиғаның барлығы дерлік әдебиеттен тиісті дәрежеде орын алып отырған. Қазақстандағы жұмысшылардың ауыр тұрмысын, орыс және қазақ жұмысшыларының езушілерге қарсы күресін көрсетуде Ғ.Мүсіреповтың «Ояған өлке» романынан үзінді келтірген жөн. Үйлесімді әрі ұтымды пайдаланылса бұл әдіс оқушының өз халқына, сал-дәстүріне, Отанға деген париоттық сезімін оятады.

Тарих сабағында ойын тәсілдерін пайдалану оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып,көлемді немесе қиын тақырыптарды меңгеруін жеңідетеді.Мұндай әдіс-тәсіл арқылы меңгерілген білім есте жақсы сақталады. Мәселен, «Әліппе», «Тарихи домино», «Жұлдызды сәт», рөлдерді бөлісіп көрініс қою т.б

Келесі мәселе оқушылардың азаматтық жауапкершілігі шешім қабылдай білуі, қоғам дамуының проблемаларына сыни көзқарастың болуы, еңбек нарығына белсенді түрде бейімделуге қабілет. Олар:

-Толеранттылық –басқа ұлттардың салт дәстүрін құрметтеу және түсіністікпен қарау тұлғааралық қатынастағы тіл табысушылық.

-Когнитивтілік-өз білімін үнемі жетілдіруге дағдылану,шешімін іздеу түсінігін білдіру нақты өмірдегі оқиғалардың себеп салдарын өздігінен тану.

-Дүниетанымдық-әлем туралы біртұтас көзқарасты қалыптастыру, қоғамдағы орнын дұрыс таба білу, отаншылдық, қазақ халқының салт-дәстүрін, адам құқықтарымен бостандықтарын,қоғамдық өмірдің демократиялық принциптерін құрметтеу.

Сонымен қандай нәтижеге қол жеткізуге болады?

Оқушылар:

-өз-өзіне сенімді, пікірін ашық айтуға дағдыланады;

- өз ойларын сауатты жеткізе білуге үйренеді;

- Сабақты меңгеруде мұғалімге тәуелдік азаяды;

- Өз беттері мен материалды меңгере алатын халге жетеді;

Жалпы дамыта оқыту идеясы негізінде жасалған бұл әдіс-тәсілдер жүйесі оқушының өз бетімен ізденуіне жол аша отырып, білім сапасын қалыптастырады.

















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тарих п?ні бойынша дамыта о?ыту идеясы негізіндегі ?діс-т?сілдер ж?йесіні? ма?ыздылы?ы

Автор: Нуралина Еркеназ Жанымхановна

Дата: 28.02.2015

Номер свидетельства: 180035


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства