kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы: "Жа?а т?сіл" Баяндама

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кел, балалар о?ылы?

О?ы?анды к??ілге то?ылы?

О?ыса?ыз балалар,

Шамнан шыра? жа?ылар 

Іздегені? алдынан 

Іздемей а? табылар

С?р б?лт т?сі суы? ?аптайды аспан

Дым?ыл т?ман жерді бас?ан

Білмеймін той?аныма то??аныма

Жыл?ы ойнап бие ?аш?ан, тай жарыс?ан

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: "Жа?а т?сіл" Баяндама»



Тарих сабағында оқу мен оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану.



Егеменді еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар иесі - бүгінгі жас ұрпақ.Еліміздің еңсесі көтеріліп, тәуелсіз ел атанып, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезде ұлттың, елдің болашағы- жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға- ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман талабына сай болуы үшін- әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан жақты, білікті болуды талап етеді.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уарт « Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» деген екен.

Ал ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ, қазіргі заманда егеменді еліміз, тәуелсіз жеріміздің болашағы өсіп келе жатқан ұрпақ қолында. Сол ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар сан түрлі әдіс- тәсілдер қолдануда. Мұғалімдер алдында білім жүйесін, заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап білімге бүкіл оқу- әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда.

Бұл-дегеніміз мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру деген сөз. Дәстүрлі сабақ пен жаңа тәсілдермен өткізген сабақтарда айырмашылықтар ап- айқын көрінеді.

Мемлекеттің болашағы білімді ұрпақтың қолында. Білімді ұрпақты қалыптастыруда мемлекет ұстаздарға үлкен жауапкершілік артып отыр. Ұстаз ақпаратты жаңа тәсілдерді тиімді қолданып, сапалы білім беруге ерекше көңіл бөлгені жөн. Сапалы білім оқушының сабаққа қызығушылығы болған кезде ғана жүзеге асады

Тарих пәнінің ерекшелігі - оқушының білім деңгейінің жан-жақты ізденіспен толықтырып отыратын пән екеніне көз жеткізу болмақ.

Сондықтан тарих сабағында қосымша материалды пайдаланғанда

оқушылардың жас ерекшелігіне, тақырыпты түсіндіру барысында әдістемелік тәсілдердің ретпен қолданылуы басты мәселе екеніне назар аударған жөн. Оқушы тың тарихи мәліметті жақсы меңгереді, есіне ұзақ сақтайды, өз тарапынан материалдармен іздестіруге ынтасы артады. Оқушыны өз бетімен ізденуге, шығармашылықпен айналысуына бағыттайды.





Оқу ұғымының мазмұны бес санаты:

1.Оқу -білімнің сандық ұлғаюы.( көп білу)

2.Оқу есте сақтау ретінде. (есте сақталған көлемді ақпарат)

3.Оқу ақпарат жинақтаушы ретінде. (есте сақтап қажет болғанда қолданатын факт)

4.Оқу - ұғыну және оның мәнін анықтау.(пәнге қызығушылығы)

5.Оқу шынайылықты өзгеше түсіну және түсіндіру. (Әлемді басқа қырынан танып білу)

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер соның ішінде диалогтық оқыту оқушылардың өз бетімен оқудың алар орны ерекше екенін әр сабақтарымда көз жеткіздім.

Бұл тәсілдерді сабақтың әр бөлімінде, яғни кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлімдерде тиімді қолдана отырып мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушының өзара сұхбаттасуы шәкірттердің өзіндік ой пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді.

Қалай оқу керектігін үйрету болашақта оқушыларға өз бетінше білім ала білетіндей етіп өзінің оқуы үшін жауапкершілікті өз мойнына алу қажеттігін түсінуге және оған дайын болуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.

Жұптық, топтық жұмыстарда оқушылар бірінің пікірін бірі тыңдау арқылы, өздеріне баға беру арқылы өз- өздерін реттей алатынына көздері жетті.

Тақырып бойынша меңгермей қалған маңызды ақпарат болса,өзім қайта бағыттау сұрақтарын пайдалана отырып білімдерін толықтырып отырдым. Сонымен қатар диалогтық оқыту оқушы білімінің қандай деңгейде екенін көрсетеді, өз идеяларын дәлелдеуге көмектеседі, тақырып бойынша өз ойларын білдіреді, басқа адамдарда түрлі идея болатынын көрсетеді.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді әр сабағымда тиімді де ұтымды пайдалана білдім.

Сыни тұрғыдан ойлау тапсырмаларын орындау кезінде оқушы ойының ұшқырлығын дамытады, ойын ашық айта алуға, болжам жасай алуға үйретеді.

Бұрынғы әдіс бойынша бағалау бір жақты болған болса, жаңа әдіс бойынша

оқушы өзін- өзі бағалап, өзінің білген білмегенін талдау жүргізе отырып бағалай алады .Бүгінгі таңда жалпы орта білім беретін мектептердегі білім беруді жаңашаландырудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы көрініс табатын оң алғышарттары қалыптасып келеді.

Білім беруде ақпараттық- коммуникациялық технологияны пайдалану оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады. Ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесінде де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілдер,әдістемелер, технологгиялар жаңартылып отырады. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды тиімді қолдануды қажет етеді. Сабақ процесінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды енгізген кезде, теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді.

Сабақта ақпараттық технологияны қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артуына, сабақтың тартымды шығуына, уақытты үнемдеуде үлкен көмек көрсетеді.

Интерактивті тақтаны пайдалану электронды оқулықпен жұмыс жасау,

слаид түрінде көрсету оқушының есте сақтау және көру арқылы сыни ойлауына негіз болса, мен үшін уақытты тиімді пайдалануды және сабағымның көрнекілік жағын да шешті.

Дарынды оқушы алдына қашанда мақсат қойып соған жету үшін бар жігерін жұмсайды және жауапты болады. Ол кез келген ақпаратты орынды қолдана біледі.

Тапсырманы берген кезде оқушылардың жас ерекшелігі ескерілген болса, сонда кері байланыста қиындық тумайды.

Сондықтан бағдарламада, оқушымен жасалатын іс- әрекетте барлығы жас ерекшелігіне сай болуы қажет.

Жаңа әдісті пайдаланып оқудың идеясы дайын ақпаратты мұғалім емес, оқушы өздігінен ізденіп, талдау жүргізе отырып өзі-өзі бағалай алатындығында.

Ал мұғалім болса жұмысқа басшылық танытып бағыт бағдар беріп отырушы. Ескі әдісте бір жақты түсіндіру жұмысы жүрген болса, ендігі бала өздігінен жұмыс жасайды.

Болашақта әр сабақта жаңа әдістерді қолданып, яғни жеті модуль идеяларын қолдансам білімі жоғары, сыни ойлай алатын, берген білімімізді өмірде қолдана алатын, саналы, тәрбиелі оқушыларды оқытып шығарарымыз сөзсіз.


































Е. Өмірбаев атындағы орта мектеп.









Баяндама




Тақырыбы: Тарих пәнін оқытудың жаңаша әдістерін

пайдалану.











Дайындаған: Раева Қ.Н.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Та?ырыбы: "Жа?а т?сіл" Баяндама

Автор: Раева Камаш Нурболгановна

Дата: 30.03.2016

Номер свидетельства: 312150


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства