kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы: "Т?реке? ауыл университеті" Баяндама

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кел, балалар, о?ылы?

О?ы?анды к??ілге

Ы?ыласпен то?ылы?

О?ыса?ыз балалар

Шамнан шыра? жа?ылар

Іздегені? алдынан 

Іздемей а? табылар

А? киімді денелі а? са?алды

Со?ыр мыл?ау танымас тірі жанды

?сті басы а? ?ырау т?сі суы?

Бас?ан жері сы?ырлап келіп ?алды

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: "Т?реке? ауыл университеті" Баяндама»



. Тұрекең ауыл- университеті.

Тұрар Жалғасбайұлы кезінде елге сіңген еңбегімен қадірлі болып, әкелік парызын абыроймен өтеп, жолдас-жораларының алдында өлшеусіз беделге ие болып, азаматтық қыруар еңбегінің жемісін татып, қоғамға сыйлы, әулетіне қадірлі бола білген жан еді. Елдің экономикалық дамуына, оқу-ағарту саласына өзіндік үлес қосқан Тұрекеңді тарихтан хабары бар маңғыстаулықтар түгел таниды.

Маңғыстау өңіріндегі ұстаздардың ұстазы атанған Тұрар Жалғасбайұлы туралы

жақсы адам жайында жазсаң, жаның жадырап, ойың тазарып, бір жоғың түгелгендей күй кешесің.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері «Еліне еңбегі сіңген» деген айдармен көптеген азаматтардың кітаптары, естелік, мақалалары шығып жатыр. Ол игі шаралар өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, адалдыққа, әділет­тілікке, еңбекқорлыққа баулуға үлес қосады деп білемін. Көптеген естелік иелері, кезінде қызметтес болған азаматтар Тұрекеңнің өмірі мен қызмет жолдарындағы кездескен нақтылы және күрделі мәселелерді шешудегі іскерлігіне тоқтай келіп, оның қарапайымдылығын, кішіпейілділігін, сауаттылығын, ақылының тереңдігін, жалпы азаматтық тұлғасының биіктігін ерекше атап айтады.Халық ағарту жұмысы Маң­ғыстау өңірінде кеңестік билік орнағаннан кейін, 1920-жылдардың басынан қолға алынды. Оған дейін Форт-Александровск қаласындағы орыс-түзем мектебіне екінің бірі қабылдана бермеді. Оның үстіне ұлттық кадрлар да жетіспеді. Ал ауылдық жерлерде балалар діни сауат ашу мектептерінде оқитын.

Тұрар Жалғасбайұлы 1914 жылы Маңғыстау ауданының 15-ауылында дүниеге келген. Білім алуы 1925 жылы араб әліпбиін үйренуден бас­талып, А.Байтұрсынұлының төте жазуын үйрететін мұсылмандық мектепті бітіреді. 1928 жылы немере ағасы, Адай округтік халық сотының бірінші судьясы Қалым Қожықұлы Кетіктегі «Көк школда» бастауыш білім алуына мүмкіндік жасайды. 1930 жылдың басында мектеп латын алфавитіне көшеді. Сол жылдың жазында он бестен енді ғана асқан жасөспірім Тұрар Жанұзақ маңынан ашылған латынша сауаттандыру мектебінде 40 ересек адамды оқытып шығарады. Бұл оның халық ағартушыларының қатарына қосылуының басы еді. Осыдан бастап оның саналы ғұмыры тұтасымен Маңғыстаудың жаңа білім жүйесін ұйымдастыру, құру және оны дамытуға арналды, яғни Тұрекеңнің бұдан арғы өмір жолы мен қызметін бүкіл еліміздің, соның ішінде Маңғыстау өңірінің ағарту саласының тарихи кезеңдерінен бөліп алуға келмейді. 1930 жылғы 14 тамызда Қазақ Орталық Атқару Комитеті жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқуды енгізу туралы қаулы алды. Осыған сәйкес Кетік (Форт-Шевченко) қаласында мұғалімдер даярлайтын бес айлық курс ұйымдастырылады. Бітірушілер және басқа да сауатты азаматтар 8-15 жастағыларды оқыту және халықты сауаттандыру үшін ауылдық кеңес орталықтары мен елді мекендерге жіберілген болатын. Сол кезеңнің «бастауыш білім берудің алғашқы қарлығаштарының» бірі Тұрар Жалғасбайұлының 60 жылдан астам тарихы бар ұстаздық еңбек эпопеясы осылай басталған еді. Осы мерзімде Т.Жалғасбайұлы Маңғыстау түбегінің бұрын мек­теп болмаған көптеген елді мекен­деріндегі қазіргі заманғы білім ошақ­тарының бірінші рет ашылуын әрі ұйымдастырушы, әрі басшы, әрі мұғалімі болды.Атап айтқанда, 1931-34 жылдары Жанұзақ-Қоңырорпа (Қызан), Шебір, Жармыш елді мекендерінде жаңа бастауыш мектептерді ашуды ұйымдастырып, сол мектептердің меңгерушісі әрі мұғалімі болып қызмет атқарды. 1935-37 жылдары сол кездегі Маңғыстау ауданының орталығы Форт-Шевченко қала­сындағы С.Киров атындағы орта мектепте оқытушы болып жасады. Кеңес Одағында жаппай орталау білім міндеттілігі енгізілгенде, Т.Жалғасбайұлы 1937-39 жылдары Маңғыстау ауданы бойынша алғашқы Ауыздыбас орталау (жеті жылдық) мектебінің ашылуын ұйым­дастырып, сол мектептің директоры қызметін атқарды. 1939-42 жылдары Шевченко аудандық оқу бөлімінде мектеп инспекторы болған кезінде оның ұйымдастырушылық, басқарушылық тәжірибесі аудан көлеміндегі мектептердің оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру мен жақсарту ісіне пайдаланылды. Табан­­ды қызметі мен өз бетімен білімін көтеруінің нәтижесінде мек­теп басқару жұмыстарына жоға­рылатылады. 1942-1946 жылдары Маңғыстаудағы ең ірі оқу ордасы – С.Киров атындағы орта мектептің директорлығы қызметін абыройлы атқаруы Тұрекеңнің жұмысына берілген әділ баға әрі үлкен сенім еді. Бұдан кейінгі еңбек және қо­ғамдық қызмет жолы жаңадан енші алған Маңғыстау ауданының білім жүйесімен тығыз байланыс­ты болды. 1946-50 жылдары осы ауданның Тұщықұдық мектебінде директор қызметін оны Шайыр мектебінің басшысы (1950 жылдан) етіп тағайындағанға дейін атқарды. Барлық қиыншылықтарға қарамастан Шайыр ауылында орталау мектеп пен қоғамдық интернат ашылуына, кейін 1969 жылдан бастап 10 жылдық мектеп ашуға көптен-көп еңбек сіңірген ардагер азамат. Тұрар ағай өндірістен қол үзбей жүріп, 1948 жылы мұғалімдер институтын бітіріп, Гурьев педагогикалық институтының физика-математика факультетін аяқтады. Маңғыстауда сол кезде Тұрекеңнен оқып, тәрбие алмаған азаматтар кемде-кем болар. Мен ауданның 4-5 мектебінде 20 жылдан астам үзіліссіз мектеп директоры болып істедім. Сол барған мектептерімнің көпшілігінде бұрын әртүрлі мерзімдерде Тұрекең басшылық жасаған болып шықты. Қандай басшы болсын, әуелі сол мектептің іс қағаздарымен таны­сады. Менен бұрын Тұрекең басшылық еткен мектептердегі іс қағаздары – педагогикалық кеңес хаттамалары, өндірістік жоспар, жоғарғы халық ағарту органдарына жолданған әртүрлі ақпарлар, мұғалімдер мен оқушылардың жеке істерін жүргізу, т.б. құжаттар өте сауатты, тұжырымды дайындалғаны бірден көзге шалынатын. Сондықтан мен көбінесе сол Тұрекең жүргізген іс қағаздарын қараушы едім. 1971-1974 жылдары осы ағамен Шайыр орта мектебінде жұмыстас болуды тағдыр жазды. Менің өзімнің жұмыс тәжірибемде әуелі бұрын мектеп басқарған ұстаздарды жеке қабылдап, олардың қандай ұсы­ныстары мен іске аспаған жос­парлары болды, жұмысты қалай ұйымдастырғанды жөн деп санайды, мектеп жұмысына тиімді қандай ұсыныстары бар және басқа да мәселелер жөнінде кеңесіп, іс тәжірибелерін зерттейтінмін. Сондай кеңесу кезінде Тұрекең жұмысыма сәттілік тілей отырып, оқушылардың білім сапасына мықты бақылау орнату, олардың білімін бағалағанда пайыз қумау, ұстаздардың жұртшылық алдындағы беделін көтеру, олар­дың материалдық-тұрмыстық жағдайларына үнемі назар аударып, қиын тұстарына жергілікті шаруашылық орындары арқылы көмек етуді ұйымдастыру, ауылдың жағдайын толық зерттеу, қандай істе де мектеп басшысының үлгі болуы, т.б. жөнінде ақыл-кеңестерін айтты. Мектепте математика пәнінен сабақ беретін Т.Жалғасбайұлы өзгелерге үнемі сабаққа үлкен дайындықпен келетіндігімен, қандай болсын бар көрнекілікті (әртүрлі сызбалар, күрделі есептерді құрастыруға бағытталған нұсқаулықтар, білімін карточкамен тексеру, жылжымалы тақтаны пайдалану, т.б.) іске асыру арқылы замана ағымына орай жұмыс істейтіндігімен, сабақ­қа үнемі ерте келіп, сабақ аяқтал­ғаннан кейін де мектептен кеш кете­тіндігімен, сыпайы мінезімен, балаға да, мұғалімдерге де дауыс көтермейтіндігімен, өзге де озық қырларымен үлгі болды. Облысқа, ауданға белгілі Тұрар Жалғасбайұлы кешегі өткен ауыр жылдарда осы мектептің негізін қалаған басты ұйымдастырушысы да, ұстазы да болды. Сол кезде оқып жүрген оқушылар да, қатардағы мұғалімдер де, ауыл халқы да Тұрар ағай сабақ бергенде құлағыңа құяды, оны одан әрі бүкіл дене мүшелеріңе дейін жеткізіп, сіңіріп жібереді. Өмір бойы естен кетпестей етеді деп айтатын еді» деп жазса, бүгінде өзі де ардагер ұстаз атанған Н.Арықбайұлы «Т.Жалғасбайұлы 1950 жылы Шайыр мектебіне директор болып келгенде мен 6-сыныпта оқитын едім. Тұрекең математикадан дәріс берді. Сол кездің өзінде ол қазіргі озық педагогикалық технология әдістерін пайдаланады екен. «Қиын әрі күрделі пән» деп есептелетін математикаға оқушылардың ынтасын арттырып тәрбиелеуде ол балалардың жеке ерекшеліктері мен икем-қабілетін есепке ала отырып оқыту әдісін сол кезде-ақ іске асыра алған екен. Оқушыларды өз еңбегінің нәтижесіне ықыластандыру үшін оларды жарыстыра отырып, сабақ ұйымдастыратын. Әдетте математикадан бақылау жұмысының жүргізілуіне оқушылар аса құлшына қоймайды ғой. Себебі, қорқыныш басымдау болады. Ал біз Тұрекең ағай беретін математикадан болатын бақылауды ықыласпен күтетінбіз. Ол бақылауды тез, дұрыс орындаған оқушыны еңбегіне сәйкес марапаттаудың түрлі тәсілдерін қолданатын» дейді. Ол кездердегі аға буын ұстаз­дардың барлығы да жан-жақты болатын. Сонау мұғалімдердің жетіспеген кездерінде мұғалім математикадан да, қоғамдық пәндерден де, тіпті орыс тілінен де сабақ беретін. Сондықтан олар өз білімдерін осыған сәйкес үнемі көтеріп отыруға мәжбүр болатын-ды. Сол сияқты Тұрар аға да жан-жақты, әмбебап ұстаз болды. «Тол­қыннан толқын туады» дегендей, Тұрекең ұстаздардың ұстазы еді. Заманының нағыз жалынды насихатшысы болды. Өзі ұзақ жыл қызмет еткен Шайыр ауылындағы «Правда» атындағы колхозда 1958 жылдан бастап 1964 жылға дейін бас­тауыш партия ұйымының хатшысы сияқты жауапты қоғамдық жұмыстар атқарды. Еліміздің тәуелсіздік алған ал­ғашқы жылдарында 80 жасқа қараған ардагер ұстаз өз бетімен мектеп оқушыларына араб әліпбиін үйрету мақсатымен ақысыз үйірме ұйымдастырып, олардың бойында имандылық, адамгершілік, отансүйгіштік қасиет қалыптасуына айрықша көңіл бөлді. Әуесқой шәкірттер арабша аты-жөндерін жазумен қатар мақалаларды оқи алатын дәрежеге жетті. Өмірінің соңына дейін көзі көреген, қоғамдық белсенділігі жоғары қалпында өтті. Республикалық, облыстық және аудандық ақпарат құралдарында тарихи, танымдық, өмірлік тәжірибе тақырыптарында, өлкеміздің тарихы, жер-су аттары, білім беру жүйесінің даму кезеңдері, алғашқы сауат ашу кезіндегі ұстаздардың өмір деректері туралы, 1930-1937 жылдары репрессияның өлкеміздегі қасіреті және жастар тәрбиесі туралы терең ойлы мақалалар жазды.Ол еліміздің болашағы білімді ұрпақта екендігін, ал оларды дайындау өзі сияқты мұғалімдердің иығындағы ауыр да ардақты борышы екенін жете түсінді. Сондықтан да Маңғыстаудағы оқу-ағарту саласында кездескен қиыншылықтарды қайыспай көтерді және жеңе білді. Сонау сауатсыздық жайлаған заманда Маңғыстаудың ойындағы елдің еңсесін көтеріп, сауат ашу мектептерінен бастап қызмет еткен Тұрекең сияқты абыз ағалардың халық алдындағы еңбегін болашақ ұрпақ ұмытуға тиісті емес. Тұрекең- салмақты, ақылына парасаты сай жан еді. Жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу ісімен қатар халықтың тәрбиешісі, ақылгөйі бола алды. Топ ортасында, той –жиындарда да салиқалы пікір айтып, замандастары алдында ақсақалдық өнеге көрсетіп, абыздық беделін аңғартатын. Әділдікпен турашылдықты айтып, «ешкімге қиянат жасамай,ешкімнің ала жібін аттамаңдар» дейтін. Әділеттілігі мен парасатына, көп білетіндігіне қарай «Тұрекең- ауылымыздың университеті» деп, ауылдастары одан ақыл кеңес сұрайтын. Алпыс жылдан астам ұстаздық етіп бойындағы барын, асыл нәрін шәкірттеріне дарыта білген Қазақстан Республикасының халық ағарту ісінің үздігі Тұрар Жалғасбаевтың атымен мектептің аталуы, жастар үшін, мұғалімдер қауымы үшін зор өнеге болатыны сөзсіз.







Е. Өмірбаев атындағы орта мектебі


















Тұрекең ауыл- университеті

баяндама







Дайындаған: Раева Қ






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Та?ырыбы: "Т?реке? ауыл университеті" Баяндама

Автор: Раева Камаш Нурболгановна

Дата: 30.03.2016

Номер свидетельства: 312156


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства