Сыни т?р?ыдан ойлау ар?ылы о?ушыларды? шы?армашылы? арттыру
Сыни т?р?ыдан ойлау ар?ылы о?ушыларды? шы?армашылы? арттыру
Баяндамада сыни т?р?ыдан ойлау ар?ылы о?ушыларды? шы?армашылы?ын арттыру жолдары ?арастырыл?ан. ?лгілі технологияларды ?олдану ар?ылы к?тілетін н?тижеге ба?ыттал?ан о?ушыны? шы?армашылы?ын дамыту.
§Жа?ашылды? я?ни инновация – жа?алы?, ?згеріс деген ??ымды білдіреді. Инновация ??рал, ?діс, процесс ретінде ?лдебір жа?алы?ты е?гізу деген с?з.
Педагогикалы? процессте инновация о?ыту мен т?рбиені? т?сілдері, т?рлері, ма?саты мен мазм?нына, м??алім мен о?ушыны? бірлескен ?ызметін ?йымдастыру?а жа?алы? енгізу деген ??ымды танытады.
Жа?ашылды? ?здегінен пайда болмайды, ізденуді? н?тижесінде пайда болады
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сыни т?р?ыдан ойлау ар?ылы о?ушыларды? шы?армашылы? арттыру »
«Өз тарихын сыйламаған халық өзін де сыйламайды»
Н.Ә.Назарбаев
Баяндама тақырыбы: Тарих пәнін оқыту жүйесінде инновациялық әдістер мен білім білім беру технологияларын пайдалану
Баяндама мақсаты:Тарих сабағында инновациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушыларға сапалы нәтижеге жеткен білім беру
Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория.
Жаңашылдық яғни инновация – жаңалық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал, әдіс, процесс ретінде әлдебір жаңалықты еңгізу деген сөз.
Педагогикалық процессте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізу деген ұғымды танытады.
Жаңашылдық өздігінен пайда болмайды, ізденудің нәтижесінде пайда болады
Қазіргі кезде оқыту үрдісін жоспарлаудың, қолданудың және бағалаудың жүйелі әдісі ретінде жаңа педагогикалық технологиялар түрлері көбейе түседі. Сондықтан осындай жаңартылған педагогикалық технологиялар ішінен өз қажеттісін таңдап алу – әр мұғалім үшін жауапты да, іскерлікті қажет ететін іс.
В.И.Шепельдің айтуы бойынша, технология – өнер, шеберлік, біліктілік жағдайын зерттеуге бағытталған іс-әрікеттердің жиынтығы ұғымын білдіреді.
Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңарып отырса, жеткіншектерге оның әсері мен ықпалы ерекше болады. Олардың эмоциялық сезім-түйсіктеріне әсере ете білген ізденістерден көп пайда болатыны айтпаса да түсінікті. Ақыл-парасаттан гөрі сезім-түйсігі ұшқыр балаларға көп жағдайда бағдарламалы тақырыпты тәсілдер арқылы түсіну пайдалы. Бұл үшін мен өз сабақтарымда технологиялық оқыту бағдарламаларның оқыту бөлімдеріндегі модульді оқыту,сатылай кешенді талдау технологиясы, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологиярының элементтерін пайдаланамын.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану тиімді. Бағыттаумен оқушылар өз бетінше білімді игереді, кейбір практикалық іскерліктерін қалыптастырады. Сын туралы ойлау әдістері:белсенділікке, бірлестік іскерлік дағдысын қалыптастыруға, басқаларды тыңдай білуге, қарым-қатынас жасай білуге үйретеді, өз ойын тұжырымдай біледі, қажет болса көзқарастарын өзгертеді, ел алдына шығып өз ойың ашық айтуға, практикалық іс-әрекеттерге үйретеді.
Озат технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами келбет қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Оқу-тәрбие үрдісін тиімды ұйымдастыруға көмек теседі. Инновациялар оқушының қабілетін арттыруға өз үлесін қосады.
Дамыта оқыту арқылы жүргізілетін сабақтар оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады. Бұндай сабақтар оқушының өз мүмкіндігіне жол ашып, жеке қабілетін дамытады.
Мысал ретінде мен «1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасы» тақырыбындағы сабағымды ұсынамын.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Сабақтың мақсаттары мен міндеттері:
1986 жылғы Алматы оқиғасының себептерін, сипатын, қозғаушы күштерін білдіру;
Желтоқсан құрбандарының ерлігін әркез құрмет ұстап, оларға тағзым білдіру, танымдық қабілетін арттыру.
Оқушыларды ұлттық рухқа, ұлтжандылыққа, патриоттыққа адамгершілікке тәрбиелеу.
Тарихи деректерді ұғыну, ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Көрнекілігі:
Сызбалар: Тәуелсіздік шыңы, Блиц турнир ойыны, Кубизм стратегиясы, ой толғау
Мағжан атамыздың көрегендік, әулиелік сөздерінің бүгін көк байрағымызға бейнеленіп желбіреуі халқымыздың рухының биіктігі іспетті.
Ұрпақ үні – Ұлт мәртебесі
Жаңа сабаққа кіріспе
Желтоқсан оқиғасының себебі, басталуы, сипаты, барысы
Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы
Оқиғаны сатылау:
Себебі
Басталуы
Сипаты
Барысы
Тарихи маңызы
Осы кешенді талдау арқылы оқиғаны баяндадым.
«Ой толғау»(Желтоқсан менің жадымда) Оқушыларды өз білгендері туралы айтқызу. 4 оқушыны мамандық иелері: тарихшы, саясаткер, заңгер, сарапшы етіп күні бұрын тапсырма берілген болатын. Осы оқушылар өз білгендерін айтып шықты.
Ой толғаушылар
Тарихшы - Желтоқсан оқиғасының шығу себебіне тоқталды
Саясаткер – Желтоқсан оқиғасындағы бейбітшілік шеруінің саяси сипатта болғанын айтты өтілуі туралы
Заңгер – Желтоқсан оқиғасындағы заңсыздық әрекеттерге тоқталды
Сарапшы – Желтоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығын қорытындылады.
Мағынаны ашу кезеңі
Блиц турнир ойыны арқылы тарихи фактілерге тоқталу.
Жылдар сөйлейді
16 желтоқсан
1986 жыл 17 желтоқсан...
Сандар сөйлейді
2... – Екі адам өлім жазасына кесілді.
12... – Жоғары оқу орындарының ректорлары қызметінен босатылды.
99... – Адам сотталды.
246... – Студент оқудан шығарылды.
1200... – Адам жұмыстан құылды.
1720... – Адам жарақатталды.
8500... – Желтоқсан оқиғаысына қатысқан адамдар ұсталып, жаза тартты.
Желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асановалардың бейнесі Қазақстан жастарының жүрегінде мәңгі сақталды.
Сабақты бекіту.
Кубизм стратегиясы арқылы
Кубтың алты қырымен алты тақырыпта тапсырма беру арқылы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын, мағынасын ашуға жұмыстанамын.
«Кубизм стратегиясы»
1-қыры: Желтоқсан қозғалысының себептерін саралаңыз?
2-қыры: Қозғалыстың тарихи маңызын 1916 жылғы ұлт-азаматтық көтерілістің тарихи маңызы мен салыстыр?
3-қыры: Оқиғаны үзінді арқылы суретте?
4-қыры: Тәуелсіздік үшін құрбан болған жастардың есімін атаңыздар?
5-қыры: 1986 жылғы оқиғаны 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің жалғасы ретіндегі көтеріліс дегенді қалай түсінесіз?
6-қыры: Желтоқсан оқиғасының тарихи мәні неде?
«Тәуелсіздік шыңы» ойыны.
Азаматтықтың ақ таңы атты,
Тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Ішкі Бөкей Ордасындағы
шаруалар көтерілісі
Ұлт-азаттық қозғалыс
Кенесары Қасымұлы бастаған отаршылдыққа қарсы көтеріліс
Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі
Желтоқсан оқиғасы
Осы ойындар арқылы сабақты қорытындыладым.
Нәтижесінде оқушыны ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады.
9 сыныптарда семинар сабағын өткізгенде оқушы диалогтық сөйлеуін дамытуға көмектесіп, түп деректермен дербес жұмыс істей алуын қалыптастарады. Мен 1 апта бұрын семинардың тақырыбын, жоспарын, қаралатын мәселелер мен әдебиеттер тізімін хабарлаймын. Мысалы «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында» тақырыбында қабілетті оқушыларға ұсынамын, қабілеті орташа оқушыларға қысқаша хабарлама дайындауды ұсынамын. Бұл сабақ нәтижесінде оқушы өзінің оқығанын, үйренгенін айтып беруге, ойларын тиянақтай алуға, іздене білуге, тіл дамыта отырып дұрыс сөйлеуге үйренеді, қабілеті орташа оқушылар тақырыпты өмірмен байланыстыра білуге үйренеді.
Сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану нәтижесінде өзім дәріс беретін сыныптарды тарих пәнінің көрсеткіштері:
2010 жылы оқушым Өсербай Айдана Қазақтың Мемлекеттік Қыздар педагогика университетінің тарих факультетінің грант иегері;
Қорыта айтқанда, алға қойған мақсатым осы технологияларды пайдалана отырып, болашақта біз тәрбиелеген жеке тұлға әлемдік стандартқа сай, заман талабына төтеп беретін, тәрбиелі жігері оттай лаулаған, 2030 жылға зымырандай самғайтын, саналы, салауатты, ұйымшыл, еңбекқор инабатты, патриот білім мен тәрбиеде өзгелерді мойындатқан үлгілі тұлға дәрежесіне жеткізу көзделіп отыр.