kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Семинар тренинг «Тарих п?ні бойынша о?ушылар біліміндегі а?ауларды жою ?шін о?ытуды? интерактивтік ?дістерін ?олдану»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: ?стаздарды жа?а технологиялы? ?дістермен таныстыру, т?жірибеде к?рсету.

 1 топ: ?ытайша десерт интерактивтік ?дісімен танысты.

Сыныпта?ы барлы? о?ушылар бір уа?ытта бірдей тапсырмаларды орындайды (есеп шы?арады; с?ра?тар, тест тапсырмаларын, жадынама, ?сыныстар, ереже, м?тін ??растырады; кесте, диаграмма толтырады т.с.с.). Тапсырманы? к?рделілігіне байланысты  орындау?а 15 минуттан 40 минут?а дейін уа?ыт беріледі. Тапсырманы орында?аннан кейін ?рбір о?ушы тізбекпен ?з ж?мысын келесі о?ушы?а береді. К?ршісіні? ж?мысын ал?ан о?ушы алдымен оны тексереді: тапсырма толы? орындал?ан ба, ?ате жо? па, нені орындай алма?ан немесе ?ате орында?ан.    Осыдан кейін ?ателерді т?зетеді ж?не т?сініктеме жазады (неге осылай болуы керек).  Сонымен ?атар ж?мысты толы?тырады: шы?арылма?ан есептерді шы?арады, ая?талма?ан тапсырманы орындайды (с?ра?тар?а жауап береді, тест тапсырмасын орындайды, с?зді, с?йлемді, абзацты толы?тырады т.с.с.).    Та?ы да ж?мысты тізбек бойынша ары ?арай келесі о?ушы?а жібереді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Семинар тренинг «Тарих п?ні бойынша о?ушылар біліміндегі а?ауларды жою ?шін о?ытуды? интерактивтік ?дістерін ?олдану» »

СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Новоселов орта мектебі





Семинар-тренинг






«Тарих пәні бойынша оқушылар біліміндегі

ақауларды жою үшін оқытудың интерактивтік

әдістерін қолдану»







Жауапты: Тарих пәнінің мұғалімі Спатаева Б.К.













Новоселовка ауылы.


Наурыз 2015 ж












Өткізілген мерзімі: 04.03.2015ж.


Өткізілген уақыты: 9.00-13.00, 14.00-17.00.


Өткізілу орыны: Новоселов ОМ


Қатысушылар: Ғ.Мүсірепов ауданының тарих пәні мұғалімдері


Күн тәртібі


09.00 -10.00 Қатысушыларды тіркеу

10.00- 10.15 Сәттілік тілеу – тренинг.

Мұғалімдер шеңберге тұрып өзін таныстырды және іс-шараға тілектер айтты.

Қатысушылар төрт «жанұялық» топқа бөлініп жайласты (3-4 мұғалім).


10.15 -10.30 Қозғамдамалық кезең: «Миға шабуыл». Мұғалімдер тарих пәні бойынша оқушылар біліміндегі ақауларды жою амалдары туралы ой пікірлерін айтып жеткізді.

10.30 – 13.00 Операциалық кезең: Сан ретімен бөлінген «жанұялық» топтағы мұғалімдер (1,2,3,4)сандарға бөлініп тапсырма тақырыбын игерді, постерге түсірді. «Жанұялық» тобында өзара түсінгендерімен бөлісті .














Мақсаты: Ұстаздарды жаңа технологиялық әдістермен таныстыру, тәжірибеде көрсету.





1 топ: Қытайша десерт интерактивтік әдісімен танысты.


Сыныптағы барлық оқушылар бір уақытта бірдей тапсырмаларды орындайды (есеп шығарады; сұрақтар, тест тапсырмаларын, жадынама, ұсыныстар, ереже, мәтін құрастырады; кесте, диаграмма толтырады т.с.с.). Тапсырманың күрделілігіне байланысты орындауға 15 минуттан 40 минутқа дейін уақыт беріледі. Тапсырманы орындағаннан кейін әрбір оқушы тізбекпен өз жұмысын келесі оқушыға береді. Көршісінің жұмысын алған оқушы алдымен оны тексереді: тапсырма толық орындалған ба, қате жоқ па, нені орындай алмаған немесе қате орындаған. Осыдан кейін қателерді түзетеді және түсініктеме жазады (неге осылай болуы керек). Сонымен қатар жұмысты толықтырады: шығарылмаған есептерді шығарады, аяқталмаған тапсырманы орындайды (сұрақтарға жауап береді, тест тапсырмасын орындайды, сөзді, сөйлемді, абзацты толықтырады т.с.с.). Тағы да жұмысты тізбек бойынша ары қарай келесі оқушыға жібереді.

Бірақ осындай жұмысты тек алдында осы тапсырмаларды өзі орындай алған оқушылар ғана, яғни оқу материалын жақсы меңгерген оқушылар атқара алады. Ал тапсырманы дұрыс орындағанына сенімсіз, немесе қате орындаған, жартылай ғана орындаған немесе мүлде орындай алмаған оқушылар не істейді? Олар да жұмысты қарап шығады және тым боды 1-2 тапсырманың орындалу тәртібін есте сақтап қалуға тырысады: осы есепті қалай шығаруға болады екен, қандай сұрақ қоюға болады екен, берілген мәселеге қатысты қандай идеялар айтуға болады екен т.с.с.

Осы интерактивті жұмыс әрбір оқушы өз жұмысын қайтадан қолына алғанша жалғаса береді. Әрбір оқушы өз жұмысын қолына алған бетте ондағы басқа оқушылар жасаған жазбаларды талдайды: жасаған ескертулер, түзетулер, түсініктемелер, толықтырулар әділ ме әлде жоқ па. Осыларға қатысты қорытындылар жасайды да, жалпысыныптық талқылауда өз пікірін айтады.

1. Әрбір кезеңге уақытты қалай тиімді бөлуге болады?

2. «Қытайша десерт» әдісінің тиімділігі неде?

3. Сіздің пәніңізді оқытуда осы әдісті қалай тиімді қолдануға болады? Шағын топта барлық мүмкіндіктерді мұқият талқылап, идеялар ұсыныңыздар



















2 топ:Мозаика интерактивтік әдісімен танысты .


Бұл әдіс аз уақыттың ішінде көп ақпаратты меңгеруге мүмкіндік береді. Ол нақты білімдерді қажет ететін күрделі мәселелерді шешудің тәсілі ретінде де қызмет ете алады.

1. Сыныпта белгілі бір мәселені шешу үшін қандай міндеттерді орындау керектігін анықтап аламыз. Мысалы белгілі бір оқу материалын меңгеру керек немесе білімді қолдана алу дағдысын дамыту керек.

2. Әрбір эксперт тобына қажетті ақпаратты дайындаймыз: өтілетін параграфтың бөлімдері, есептер жиынтығы т.с.с. Ақпаратты пайдалануға ыңғайлы болатындай етіп ұсыну керек: нақты беттерді көрсету керек, үлестірме материалдар дайындау керек т.с.с.

3. Оқушыларды топтарға бөлу үшін оқушылардың аты немесе сандар жазылған әр түсті табақшалар дайындаймыз. Әрбір оқушы екі түрлі топтың құрамына енуге тиіс болады: негізгі топ және эксперттер тобы. Негізгі топтарды нөмірлермен белгілеуге болады, мысалы 1 топ, 2 топ т.с.с.Әрбір топта 5 оқушыдан болады және олардың әрқайсысы белгілі бір тақырып бойынша (тақырыптың бөлігі, есептің тегі, түрі т.б.) эксперттер болып табылады. Әрбір тақырыптың эксперттерін түстермен белгілейміз: қызыл, көк, сары т.с.с. Сонымен, бір топта талқыланатын барлық мәселелер бойынша, яғни барлық түстегі эксперттер отыр.

4. Негізгі топта тапсырмаларды алып, жұмыс тәртібін талқылағаннан кейін әрбір түстегі оқушылар (эксперттер) өздерінің тобына тарап кетеді, яғни енді эксперттер тобы құралады. Бұл жерде олар берілген уақыт аралығында өз тақырыптарын талқылайды, бір-біріне түсіндіреді, әрқайсысы өздерінің негізгі тобына барғанда нені және қалай түсіндіріп беру керек екенін анықтайды.

5. Эксперттер өздерінің негізгі тобына оралады да эксперттер тобында дайындаған ақпаратты түсіндіріп береді. Осылай негізгі топтағы әрбір оқушы барлық эксперттер тобында талқыланған материалды меңгереді.

Сұрақ: Мұғалімнің рөлі қандай болуы керек?
























3 топ: «Карусель» интерактивтік әдісімен танысты ..

Оқушылар бір-бірінің ішінде орналасқан екі шеңбер құрады. Ішкі және сыртқы шеңбердегі әр оқушы бір-бірімен бетпе-бет тұрып жұп құрайды. Берілген уақыт ішінде (30 секунд) бір-бірімен ақпарат алмасады. Уақыт өткен кезде жүргізушінің белгісімен ішкі топ бір қадам сағат тілі бағытымен жылжып, келесі оқушымен жұп құрайды. Тағы да бір-біріне түсіндіре бастайды. Оқушылар тақырып бойынша алдын ала сұрақтар құрастырып, интервью алуға да болады.





































4 топ: «Аквариум» интерактивтік әдісімен танысты.

Сынып 5-6 оқушыдан тұратын топтарға бөлінеді.Бір топ сыныптың ортасына орналасады. Тапсырманы алып, дауыстап оқиды және дауыстап өара талқылайды. Оларды айнала орналасқан басқа топтар талқылауға араласпайды, үнсіз тыңдап отырып, дәптерлеріне жазба жүргізеді. Ортадағы топ талқылауын аяқтағаннан кейін өз орындарына барып отырады. Қалған оқушылар олардың талқылаулары туралы пікірлерін айтады. Қандай негіздемелер жасағандарына көңіл бөледі. Осыдан кейін «Аквариумға» басқа топ орналасады.

Әдіс түсінікті болған соң жанұялық тобына оралып осы 4 әдістің игеру жолдары туралы пікір алмасады.

6-9 сыныптардағы Қазақстан тарихынан тест тапсырмалары мен тарихи диктант,сөзжұмбақ,сәйкестіру, т.б.сабақта қолданатын тапсырмалармен танысу


















13.00 – 14.00 Түскі үзіліс


14.05 – 16.45 Интерактивтік әдістерді тәжірибеде қолданды. Игерген әдістерді- «Қытайша десерт», «Мозаика», «Карусель», «Аквариум» постермен көрсетті. (Бір әдіске тақырыпқа байланысты тоқталып талдау. «Қытайша десерт»,7 сынып-Қазақ хандығының құрылуы).


7 сынып бойынша тапсырмаларды талдау:


1. Сауалнама. Ерте орта ғасырлар

Сауалнама

«Түрік қағанаты»

Сұрақ

Иә

Жоқ

1

Түрік қағанаты (552-603жж) өмір сүрді?



2

Түрік қағанатының оңтүстік-шығысындағы көршісі Парсылар болып табылды ма?



3

Түріктердің оңтүстік- батысындағы көршілері Қытаймен шекараласты ма?



4

Теле сөзінің мағынасы түрік сөзімен алмасады ма?



5

Түрік қағанаты алғашқы феодалдық мемлекеттердің бірі ме?



6

Бумын қағаны алғашқы Түрік қағанатының қағаны болып табылады?



7

Жужандарды түпкілікті жеңген Мұқан хан?



8

Астанасы Суяб қаласы ма?



9

«Түрік» этнонимі парсы жазбаларында кездеседі ме?



10

609 жылыТүрік қағанаты екіге бөлінді ме?











Сауалнама

«Батыс Түрік қағанаты»

Сұрақ

Келісемін

Келіспейпін

Менің жауабым

1

704-756 жж Батыс Түрік қағанаты өмір сүрді.




2

Батыс Түрік қағанаты Түрік қағанатының ыдырауынан пайда болды.




3

Батыс Түрік қағанатының орталығы Жетісу, дегенмен ол Суяб деп те аталды.




4

Батыс Түрік қағанаты Шығыс Түрік қағанатына бағынышты болды.




5

Этникалық жүйесі «он оқ будын».




6

Негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болып табылды.




7

Батыс Түрік қағанатында басшысы қаған, бірақта елді әскербасы басқарды.




8

Яғбу, шад, елтебер деп қатардағы адамдар деп атаған.




9

Бұйрықтар мен тархандар сот істерін атқарушылар және салық жинаумен де айналысқан.




10

Жазғы ордасы Мыңбұлақ, бірақта Суябта да тұрған.














Түркеш қағанаты


Хронологиясы

Территориясы

Алғашқы ханы

Үлкен Ордасы

Кіші Ордасы

Әкімшілік саны

Аймақтардағы әскер саны

























Қарлұқ қағанаты

Мерзімі

Оқиғалар

756ж


766-775жж


840ж


940ж

























2-тапсырма. Әңгімелеу.

Суретке қандай ортағасырлық халық туралы ақпарат береді. Ол халық туралы, оның мемлекеті туралы не білесіз? Әңгімелеңіз.
























3 тапсырма. Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан

1.Ерте орта ғасыр мелекеттердің хронологиясын сәйкестендір

мемлекеттер

хронологиясы

1

Оғыз мемлекеті

552-603жж

2

Түрік қағанаты

IX cоңы - XI ғасырдың басы

3

Түргеш қағанаты

603-704жж

4

Қимақ қағанаты

704-756жж

5

Батыс түрік қағанаты

756-940жж

6

Қарлұқ қағанаты

IX cоңы - XI ғасырдың басы









2.Мемлекет билеушілерін мемлекеттеріне сай сәйкестендір

мемлекеттер

Ел билеушілері

1

Оғыз мемлекеті

Бумын қаған

2

Түрік қағанаты

Ешбар Елтеріс

3

Түргеш қағанаты

Сұлу қаған

4

Қимақ қағанаты

Мұқан қаған

5

Батыс түрік қағанаты

Күлтегін

6

Қарлұқ қағанаты

Білге қаған


















3.Мемлекет билеушілердің титулын сәйкесінше көрсет:

мемлекеттер

Ел билеушілерінің титулы

1

Оғыз мемлекеті

қаған

2

Түрік қағанаты

Жабғу

3

Түргеш қағанаты

хан

4

Қимақ қағанаты

ябғу






4.Терминдердің мағынасын ашып көрсет

ТЕРМИН

МАҒЫНАСЫ

Уақф


Зекет


Харадж


Иқта


сойырғал







5. Терминдердің мағынасын сәйкестендір

ТЕРМИН

МАҒЫНАСЫ

Тархан

әскербасы

Күл еркін

Қарапайым халық

Атабек

Қағанның тірегі

Инал

Сот істерін жүргізуші

сюбашы

Жабғудың кеңесшілері

Қара бұдын

Иналдың тәрбиешісі

Бек

Жабғудың мұрагері




6,7,8,9 сыныптардағы тесттермен,сауалнамалармен,ашық сұрақтармен,тағы басқа тарихи тапсырмалармен мұғалімдер танысты және ұтымды игеру жолдарын қарастырды.





16.45 – 17. 00 Кері байланыс кезеңі:

«Мен білдім»...

Стикерге жазу. Бүгін мен әдістермен таныстым ... Мұғалімдер топта, жұпта белсене қатысты, «Қытайша десерт», «Мозаика», «Карусель», «Аквариум» т.б. интерактивтік әдістермен танысты. Тарих пәні бойынша әртүрлі тапсырмаларды қарап игерді.т.б.

«Мен білгім келеді»... Тарих пәніндегі ақауларды жою...жолдарымен танысқым келеді. 6-9сыныптар бойынша тақырыптық тапсырмалардың үлгілері туралы біліп алдағы уақытта талқылауды жүргізу.


Қорытынды сөз.

Бүгінгі семинар тренингте жоспарланған интерактивтік әдістермен- «Қытайша десерт», «Мозаика», «Карусель», «Аквариум» т.б. танысып,тәжірибеде қолданды. 6-9 сыныптарға арналған тест,сауалнамалар,сәйкестендіру,деңгейлік тапсырмалар үлгілері ұсынылды. Осы тиімді әдістерді тарих пәнін оқытудағы кедергілерді жою маңыздылығына көңіл аударылды және сабақ барысында әртүрлі амалдарды қолдану арқылы білім сапасын көтеру .

Тарих пәнінің мұғалімі Спатаева Б.К.

20



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Спатаева Бейсенкул Курбановна

Дата: 12.03.2015

Номер свидетельства: 185178


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства