kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ш?к?рім ж?не ХІХ ?асырда?ы ?аза? тарихыны? м?селелері Ш?к?рім ж?не ХІХ ?асырда?ы ?аза? даласыны? жа?дайы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Еліміз т?уелсіздігін алып, тарихымыз?а, д?ст?ріміз бен ?ткенімізге жа?аша талдау жасап, т?л тарихымызды ?зіміз зерделеуге ?олымыз жетті. Айта алма?ан, д?ріптей алма?ан талай азаматтарымызды ?айта жа??ыртып, кеткен ?ателіктер мен саясатты? шырмауымен жасал?ан ?адамдар?а жа?аша ба?а беріп жат?ан ке? тынысты, ашы? ойлы заманны? замандасымыз.

Б?л жолда ке?інен к??іл б?ліне баста?ан ?р т?рлі ?ылыми салалармен ?оса, Семей ??ірінде ерекше ма?ыз?а ие – ш?к?рімтану ?аза?станды? ?ылымда ?зіндік орын?а шы?а бастады. Б?гінгідей т?рлі м?дениеттер то?ысында?ы жа?андану ?рдісіне ба?ыт б?р?ан заманда ?лтымызды? рухани ?ресін биіктеткен т?л?аларды? ?алдыр?ан м?расына ?айта ??ілу оны? та?ылымды? м?нін ?айта зерделеу заман тудырып отыр?ан ?ажеттілік Мектептегі жылдар», ?ызыла?ашта?ы «А??у» ?ыздар ансамблі, Скотоимпортта?ы «Желто?сан», С?лу сары, А?жал, Новореченск, Георгиевкада?ы республикалы? «Арай» фестиваліні? лауреаттары ?.Ау?анбаев, ?.Рымбаев бас?ар?ан вокалды – аспаптар ансамбльдері, Маяковский, Жамбыл атында?ы, Георгиевка, Белтерек мектептеріндегі халы? ?лт-аспаптар оркестрі зор беделге ие болды, оларды? концерттік ба?дарламалары ?лкен табыспен ?тіп жатты. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ш?к?рім ж?не ХІХ ?асырда?ы ?аза? тарихыны? м?селелері Ш?к?рім ж?не ХІХ ?асырда?ы ?аза? даласыны? жа?дайы »


Шәкәрім және ХІХ ғасырдағы қазақ тарихының мәселелері

Шәкәрім және ХІХ ғасырдағы қазақ даласының жағдайы


Темирханова Шынар Мухтархановна

«Бақыршық орта мектебі» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі, Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Әуезов кенті

Еліміз тәуелсіздігін алып, тарихымызға, дәстүріміз бен өткенімізге жаңаша талдау жасап, төл тарихымызды өзіміз зерделеуге қолымыз жетті. Айта алмаған, дәріптей алмаған талай азаматтарымызды қайта жаңғыртып, кеткен қателіктер мен саясаттың шырмауымен жасалған қадамдарға жаңаша баға беріп жатқан кең тынысты, ашық ойлы заманның замандасымыз.

Бұл жолда кеңінен көңіл бөліне бастаған әр түрлі ғылыми салалармен қоса, Семей өңірінде ерекше маңызға ие – шәкәрімтану Қазақстандық ғылымда өзіндік орынға шыға бастады. Бүгінгідей түрлі мәдениеттер тоғысындағы жаһандану үрдісіне бағыт бұрған заманда ұлтымыздың рухани өресін биіктеткен тұлғалардың қалдырған мұрасына қайта үңілу оның тағылымдық мәнін қайта зерделеу заман тудырып отырған қажеттілік.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ, елінің қоғамдық өмірінде, мәдениеті мен өнерінде, ұлттық әдебиетінде аса игі жаңғырулар бой көрсетті. Халқымыздың аса көрнекті ақындарының бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы да, міне, осынау өркенді ортада өсіп, ержетті. Ол қоршаған әлеуметтік, рухани-мәдени өмірге белсене араласып кетіп, өз кезеңіндегі қоғамға толықтай сіңісіп, айналасындағы адамдарға, болашақ оқырмандарға гуманистік, демократтық идеялар уағыздап қана қоймай, тарихи құнды тарих, философия, поэзия мен аударма, эстетика салаларында еңбектер жазып, мол мұра ретінде қалдырып кетті.

Шәкәрім Құдайбердіұлы өмір сүрген XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезеңі қазақ халқы үшін аса бір күрделі кезең еді. Бірнеше реформалар арқылы қазақ даласында Ресейдің отарлық үстемдігін орнатқаннан кейін, мындаған орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныстандырып, ел тұрмысында жаңа экономикалық қатынастар орныға бастады. Ол қазақ қоғамының рухани болмысына, мәдени өміріне де ықпалын тигізбей қалған жоқ. Шәкәрім шығармаларында шытырман қайшылықтарға толы қоғам өмірінің барлық қатпарларын, халқымыз бойындағы жағымсыз қылықтардың табиғатын ашып, талдау жасайды, тұжырымдайды. Шәкәрімнің бай әдеби мұрасында өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық көріністері ақыл-ой ізденістері, талғамды тырымдары із қалдырды.

ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдың басында, қазақ қоғамындағы әлеуметтік жағдай Ресей империясындағы саяси–әлеуметтік жағдаймен тікелей байланысты болды деп толықтай айта аламыз. Патша үкіметінің озбыр саясатына шыдай алмаған оның қол астындағы барлық халықтардың тағдыры, ортақ қиындықты бастан кешірді. Сол кезде Ресей жерінде де, қазақ топырағында да көзі ашық, көкірегі ояу адамдар бұл жағдайдан шығудың жолын іздеп, халықтың ауыр хал күйін жан тәнімен түйсінді. Әсіресе, Ресей жерінде Л.Н. Толстой өзінің бүкіл шығармашылығын сол замандағы халықтың тағдырына арнап жазып, өз шығармаларында бүтіндей бір дәуірдің бейнесін, хал күйін суреттеп кеткен еді. Ол патшаға бірнеше рет хат жазып халықтың мұң мұқтажын жеткізген болатын. Сол кезде, қазақ қоғамында, Л.Н. Толстойдың шығармалары, қазақ тіліне аударылып, ұлы ойшыл халық көсемі ретінде ерекше құрметке ие бола бастады. Қазақ топырағынан Л.Н. Толстойдың адамгершілік қағидалары мен халыққа деген ілтипатын ерекше жоғары бағалаған ойшылдардың бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы еді. Бұл екі ұлы елдің біртуар перзенттерінің өз туған халқының рухани мәдениетін толытырып, байытуда үлестері зор.

Патша үкіметінің озбыр саясаты, қазақ жерінде де Ресейдегі жағдайды тудырды. 1905 жылғы төңкеріс кезінде, Қазақстанның түпкір–түпкірінен, патша саясатына қарсы петициялар жарияланып жатты. Петицияның мазмұнындағы талап тілектер ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының, соның ішінде Шәкәрімнің де арман тілегімен үндесіп жатты.

Қоғамдағы қарама–қайшылыққа толы кезеңде Шәкәрім іштей халықпен бірге болды. Ол халықтың рухани еркіндігін аңсады.

Патша үкіметі Қазақстанның кең даласындағы ен байлықты өзінің шикізат қоймасына, елді өндіріс тауарларын сататын сауда аймағына айналдырғанын. Патша әкімшілік органдар бастықтары мырзалық жасап, қазақтың шұрайлы жерлерінің әр десятинасын он тиыннан оңды–солды сатты. Отарлау саясаты қазақтардың тек материалдық жағдайын ғана емес, сонымен бірге рухани адамгершілік мүддесін де қысымға салғанын зеррттеушілер талай жазған болатын.

Шәкәрім ендігі жерде қазаққа өз мәдениетін сақтап қалу үшін халықтың санасын оятуды қажет деп білді.

Ақын өз халқының басындағы кемшіліктерді ең алдымен европалық, әлемдік ғылым-білімнен шет қалуының салдары деп білді:

Жер жүзі жабылғанда ғылым жаққа,
Қазақ жүр құмарланып құр атаққа,

- деп күйзелді. Бұл тұстағы ақынның түсінігінде оқу мен білім іздеу, ғылым табу - адамзат баласын нәрлі бастаудан сусындатып, алдыңғы бағытқа жеткізетін асыл қазына, адам бойындағы жамандықтың тамырына балта шабатын ең қуатты қару.

Ақын туған  халқын жарық сәулеге үндеумен ғана шектелмейді. Ел тірлігіндегі кеселді құбылыстарды ашады, алға жылжуға бөгесін, кертартпа сананы әшкерелейді, діни және рухани соқырлықтың мән-мағынасын ашуға тырысады. Көзіңді аш, оян, есінді жи деп бастап, ғылым-білімге, өнер жолына үндейтін өлең жолдары енді бақыт — күресте, шын — мақсат — бас бостандығы, ел еркіндігінде жатыр дейтін замана шындығынан, халық арманы, тарихи жағдай ауқымынан туындаған жаңаша ұранға айналады.

Шәкәрім Құдайбердіұлы өз бетімен ғылыми – білім биігіне жоғары көтерілген әмбебап ғұлама еді. Сол кездегі қазақ қоғамы дамудың ішкі заңдылықтарына қарай әлеуметтік, экономикалық қайшылық, қақтығыстар, күрес тартыстар шиелінесте, қазақ даласында қалыптасқан қоғамдық ой-сана тынымсыз ізденіске түскен Шоқан, Абай, Ыбырай салған ағартушылық арна –дәстүрін әрімен қарай жалғастырды. Өткен тарихты жырға қосып, ұлтын сүюге шақырып, дін мен білім жолдарын, сондай – ақ, адамгершілік қасиеттерді уағыздау – ақынның басты мақсаты.

Шәкәрім Құдайбердіұлының гуманистік, қоғамдық-ағартушылық бағыттағы қызметі дегенімізде, жалпы оның ел өміріндегі әлеуметтік-саяси істерге сонау ерте бастан, жас жігіттік шағынан араласқанын атап айтқан жөн. Мысалы, оның болыстыққа тағайындалып, ел басқаруының өзі – ол патшалық Ресейдің далалық өлкедегі жүргізген саяси іс-шараларына, сол кездегі қазақ ауылдарының өміріндегі үлкенді-кішілі істерге үнемі араласып отырды деген сөз. 1878 жылы Семей облысына қарасты Шыңғыстау өңірінде болыс сайлау науқаны өте шиеленісті жағдайда өтеді. Шыңғыстау болысындағы жеті старшын елдің әрқайсысы өз атқамінерлерін болыстыққа ұсынып, қысқасы, екі партияға бөлініп, бір-біріне дауыс бермей отырып алады. Ұлы Абайдың ақыл-кеңесі және Семейден келген жоғары лауазымды бір шенеуніктің араласуымен, сол жолы жасы енді ғана жиырмаға іліккен жігіт Шәкәрім алғаш рет үш жылға Шыңғыстауға болыс болып тағайын­далады. Ол өзінің осы ел басқару саласындағы қоғамдық қызметін 1878-1880 жылдар аралығында атқарады.

XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың алғашқы ширегінде қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтық, ағартушылық идеяларды уағыздаған Абайдың реалист дәстүрін жалғастырып, артына мол мәдени мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердиев ақын, жазушы, аудармашы, филослоф, шежіреші болып мәңгі тарихымыздың асыл қазынасы болып қала бермек. Ал біз өз кезегімізде, ол бай қазынаны ұмытпай, дәріптеп, ұрпақтан ұрпаққа мәңгі рухани қазына ретінде жеткізе беруіміз керек.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс

Автор: Темирханова Шынар Мухтархановна

Дата: 19.10.2015

Номер свидетельства: 241587


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства