kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Рухани жаңғыру – жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие берудің негізі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бүгінгі таңдағы Қазақстан жайында оқушылардың рухани азаматтық сезімін қалыптастырудың, адамгершілікке негізделген ұлтаралық береке-бірлікті, ынтымақтастықты нығайтудың маңызы зор.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Рухани жаңғыру – жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие берудің негізі»

Рухани жаңғыру – жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие берудің негізі

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы ұлттың алдағы кезеңдегі жүріп өтер айқын жолын көрсеткен тарихи құжатқа айналды. Сана сезімі биік, дүниетанымы мол, парасаттың, мәдениеттің, салт-дәстүрдің құндылығын түсінген адамға бұл мақалада ұлттың алдағы кезеңдегі жүріп өтер бағыт жолы айқындалған.

Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, білім беру және мемлекеттік жастар саясаты туралы заңдардың қабылдануы жастар тәрбиесі  мәселесіне жаңаша ойлаумен қарауды талап етеді. Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында «Тәрбие үрдісінде қазақстандық патриотизм, гуманизм, адамгершілік идеяларын қалыптастыру негізінде құру керек» деп баса көрсетті. Бала бойына адамгершілік тәрбиесін сіңіру мақсатында жалпы педагогтардың іс-тәжірибесінде қолданылып жүргені бәрімізге аян. Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы – бүгінгі мектеп қабырғасында отырған бүлдіршіндер екені мәлім. Олардың қамын ойлау баршамыздың парызымыз. Кез- келген мектептің мақсаты мен мұраты  өркениетті елдердің қатарынан көріну, жер мен жер байлықтарын ысырапқа салмай игере білетін ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып, елдің өткенін, ұлттың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, табиғат ерекшеліктерін етене таныстыру қажет.

Ұрпаққа берілетін ең өзекті идеясына халықтың адами қасиеттері тұғыр болуы тиіс. Қай халық болсын өзіне ғана дараланып тұратын ерекшелігінің бірі - тәрбие. Тәрбие - мәңгілік және адамзаттық. Бұл ерекшеліктер ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мирасқа қалып отырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді. Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті. Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады.

Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру ата - ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет - ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс - тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.

Бүгінгі таңдағы Қазақстан жайында оқушылардың рухани азаматтық сезімін қалыптастырудың, адамгершілікке негізделген ұлтаралық береке, бірлікті, ынтымақтастықты, бейбітшілікті нығайтудың маңызы зор. Осыған байланысты оқу- тәрбие үрдісінде оқушыларды отансүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа, елін, жерін қорғауға, шыншылдыққа тәрбиелеу қажет. Қазіргі жағдайда рухани - азаматтық тәрбиенің өлшемдік көрсеткіштері:

  • Өзін-өзі мемлекеттің азаматы ретінде сезінуі;

  • Отанына деген сүйіспеншілік сезімінің болуы;

  • Мемлекеттік рәміздер мен халықтың дәстүрлерін білу;

  • Халықтың өткен тарихын білудің қажеттілігі;

  • Қазақ халқының әдет-ғұрыптарын сақтау, мәдениеті мен дәстүрлерін зерделеу қажеттілігі болып табылады.

Тұлғаны рухани –азаматтыққа тәрбиелеудің маңызы зор екенін осыдан көруге болады. Адамгершілік тәрбиенің, адам бойында осы жақсы қасиеттердің болуы, жанұяға, өскен ортасына байланысты. Бала ісінің дұрыс екенін қоштап, оң бағыт беріп, теріс жерін дереу жөндеп, демеп жіберу ата - ана мен тәрбиешіге жүктелер міндет. “Адам бойында жақсы қасиеттер көп болса, оған бақ та, бақытта қонады” деген сөзге сүйенсек, жағымсыз қылық - қасиеттер болса одан арылту қажет. Көптеген қайырымды істер жасап, жақсы мінез - құлықтарды өн бойыңа жинап, ақылдылық танытсаң, міне адамшылдық болғаны.
Қорыта келгенде, уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер баланы тәрбиелеу осы заман талабына сай үйлесімді деңгейді қайта құруды міндеттейді.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Рухани жаңғыру – жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие берудің негізі

Автор: Панияз Шолпан

Дата: 30.11.2018

Номер свидетельства: 488331


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства