Просмотр содержимого документа
«Ресурсты? орталы?ты? ж?мысы туралы баяндама»
Кокаев Зайден Кизилбаевич
«Күйкен орта мектебі» мемлекеттік мекемесі, Бейнеу ауданы
Ауыл мектебін дамыту жағдайындағы әдістемелік қызметтің ролі.
Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы басты міндеттердің бірі – еліміздегі шағын жинақты мектептер қызметін дамыту болып табылады. Бүгінгі қоғам жағдайындағы шағын жинақты мектептердің іс-тәжірибелеріне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, басты проблема ретінде мектептердің материалдық жай-күйі, мүмкіндік дәрежесі, ішкі ресурстары мен қолжетімділік деңгейі басты назарға алынды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Егер ауыл – республика экономикасы дамуындағы маңызды фактор болса, ауыл халқы – еліміздің қоғамдық-саяси тұрақтылығының факторы болып есептеледі» деген сөзі де осыны меңзесе керек. Сондықтан ауылды сақтап қаламыз десек, оның мектебіне үлкен қолдау көрсетіліп, материалдық-техникалық базасын нығайтуға және кадрлармен, оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуге үлкен мән берілуі қажет.
Ауылдағы шағын жинақты мектептердің қызметін жетілдіру, ондағы оқу-тәрбие жұмысын инновациялық бағытта ұйымдастыру мәселесі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында басым бағыттардың бірі болып белгіленіп, осы мектептердің инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын жаңарту, білім беру үдерісін оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуді жақсарту көзделген.
«Тірек мектебі» ресурстық орталығы мемлекеттік білім беру стандартының деңгейін орындау, оның ішінде ауылдық жердегі мектеп оқушыларының білім сапасын көтеру және 12 жылдық білім беруге өту барысында бейіндік оқытуға көшуді қамтамасыз етудің бірден-бір мүмкіндігі болып табылады.
Ресурстық орталық ауыл жағдайында білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, сапалы білім беруді қамтамасыз етеді.
2013-2014 оқу жылынан бастап аудандық әкімдіктің 2012 ж қарашадағы №140 қаулысымен «Күйкен орта мектебі» ММ–і базасында ресурстық орталық құрылып, жұмыс істеп келеді. Аудандық білім бөлімінің 06.09.2013 жылғы №158-нқ бұйрығымен тірек мектебінің магниттік мектептері болып Сам мектеп - балабақша кешені және Тұрыш мектеп - балабақша кешені бекітілді.
Ресурстық орталық
Магниттік мектептер
Мұндай жаңа жүйе ауылдық жердегі шағын жинақталған мектептегі оқушылардың сауаттану мен әлеуметтенуіне, бағытталған білім беру ісінде педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамытуына көмектеседі.
Ресурстық орталықтың мақсаты: жан-жақты базалық және бағдарлы білім беру мен тәрбиелеу негізінде ауыл балаларының қабілетін, қызығушылығын және жас ерекшелігін ескере отырып, сапалы біліммен қамтамасыз ету.
Біздің ресурстық орталықтың жұмысы екі кезеңнен тұрады: сессиялық және сессия аралық. Бір оқу жылында 10 күннен 2 сессия ұйымдастырылып келеді.
Ресурстық орталық сессиясы барысында кіріктірілген білім беру кешені ұйымдастыру дәстүрге айналып отыр, сессияларға тәжірибелі, жоғары санатты пән мұғалімдері тартылады.
Барлық сабақтар ресурстық орталықтың мақсатына сай ақпараттық техникаларды және техникалық құралдарды тиімді пайдалану арқылы өткізіледі.
Сессия кезінде элективті курстардың жүргізілуі – оқушыға да, мұғалімге де ұтымды, оқушыларға болашақ мамандығына бағдар алды дайындықтың, қызығушылығына қарай таңдаудың болуы, белгілі бағыттағы білім, біліктілігін толықтыру, элективті курстар бойынша білім алудың өзгешілігі. Мұғалімдер оқушыға таңдау мүмкіндігін туғызып, пәндер бойынша белгілі бағытта тереңдетіп оқыту жағдайын пайдаланады, оқушыны шығармашылықпен ізденіске баулып, өзінің кәсіби потенциалын толық пайдалануына, кәсіби тұрғыда шыңдалуына негіз қалыптастырады.
Сессия кезінде оқушыларға мұғалімдер білім алу үшін барлық жағдайды жасап отыр. Бірінші сессия оқу жылының қараша айы ішінде өткізіледі. Сессияға Тұрыш мектеп - балабақша кешенінің оқушылары мен Сам мектеп - балабақша кешенінің оқушылары қатысып, сессия бойынша оқушы біліміне мониторинг жасалады. Сессияда оқушылардың бос уақыттарын ұтымды және әрі жоғары көңіл – күйде өткізуіне ерекше мән беріледі. Ашық пікірлесу, сайыс сабақтар өткізу, көрмелерге апару тәрізді қызықты шаралар жүзеге асырылады. Ресурстық орталықтың білім беру жүйесі білім бөлімімен бекітілген оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған.
2014-2015 оқу жылында Тірек мектебінің педагогикалық ұжымы оқушыларға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бағдарламасы негізінде білім мен тәрбие беруде біршама жұмыстарды жүзеге асырды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» - деген.
Мектепте 143 мұғалім оқушыларға білім беріп келеді.
Олардың 6 жоғары, 32 бірінші, 33 екінші санатты, қалғандары әртүрлі деңгейдегі мұғалімдер.
Педагогикалық ұжым үшін жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғандығы анық. Жасөспіріммен жұмыс жасай отырып, оның елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанына деген патриоттық сезімін ояту - әрбір мұғалімнің мақсаты. Осы тұрғыда қызмет жасап келе жатқан педагогикалық ұжымның толағай табыстары айтарлықтай.
Тірек мектебі оқушылары танымдық сайыстар мен пәндік олимпиадалардан жүлдегер атанып, мектептің жақсы атын шығара білді.
Республикалық VII Республикалық «Жырлайды жүрек» атты Мұқағали Мақатаевтың балалар ән-жыр байқауы бойынша 10 «Б» сынып оқушысы Хожабаева Мөлдір 2 орын, аудандық 1 желтоқсан ҚР тұңғыш Президенті күніне орай «Менің Президентім» атты байқауынан ынталандыру алды.
Аудандық «Ақберен» республикалық байқауының аудандық кезеңінде «Ақындар айтысы» бөлімі бойынша 10 «А» сынып оқушысы Алешов Азамат 1 орынға ие болды.
Республикалық мектеп оқушылар арасында шахматтан «Ақбозат» Республикалық жарысынан 11 «А» сынып оқушысы Избасаров Бауыржан ынталандыру алды.
Химия пәні бойынша пәндік олимпиададан 10 «А» сынып оқушысы Айжанов Нұрсұлтан аудандық пәндік олимпиададан 1 орын, облыстық пәндік олимпиададан 3 орын иеленді.
Орыс тілі пәні бойынша 11 «А» сынып оқушысы Бердібаев Құдайберген аудандық пәндік олимпиададан 1 орын, облыстықтан 3 орын, ал 10 «Ә» сынып оқушысы Бердалиева Нұрсауле аудандық пәндік олимпиададан 3 орын иеленді.
География пәні бойынша 11 «Ә» сынып оқушысы Джумамуратов Ақжол аудандық пәндік олимпиададан 3 орынға ие болды.
Физика пәні бойынша 11 «А» сынып оқушысы Искаков Мухтар аудандық олимпиададан 3 орын алды.
Информатика пәні бойынша 10 «Ә» сынып оқушысы Хайтбаев Сауран аудандық олимпиададан 3 орын алды.
Математика пәні бойынша 11 «Ә» сынып оқушысы Сейдуллаева Салтанат аудандық олимпиададан 3 орын иеленді.
Тірек мектебінде материалдық – техникалық базаны нығайту мәселесі көзделген. Пән кабинеттері заман талабына сай жабдықталған.
Кез-келген жаңашыл үрдістің шешуші кезеңі материалдық - техникалық базаны нығайту болып табылады. Тірек мектебіне әрдайым аудан әкімшілігі тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Десек те, алдағы уақытта дидактикалық материалдарды көбейтіп, оқу-әдістемелік құралдармен толықтыра түсу көзделіп отыр. Жалпы, болашақта жасап отырған жұмыстарымыздан бұдан да гөрі оң нәтиже күтеміз. Өткен оқу жылы ішінде Ұлттық бірыңғай тестге 12 оқушы қатысып, оның 6 – тауы жоғары оқу орнының білім гранттарына ие болды.
Тірек мектебінде жоспарлы түрде оқушыларға білімді өздігінен алуға, ойлауға салыстыруға, талдауға және өз таңдауын жасауға ерік беріледі. Жыл сайын бірнеше рет әдістемелік көмек беру мақсатында Тұрыш мектеп – балабақша кешені мен Сам мектеп - балабақша кешенінде іссапарда болып, оқушылармен етене жақын танысып, оларға әдістемелік көрнекі құралдармен сабақ өткізіп келеміз. Әдістемелік көмекті көбірек қажет ететін оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыру бағытында жұмыстар жүргізіледі.
Бүгінгі мақсат – дамушы емес, дамыған мемлекеттермен терезе теңестіру. Олай болса, сол елдермен тереземізді теңестірер ұрпақ тәрбиелеу – тірек мектебі педагогтарының мақсаты мен міндеті.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті,- делінген. Сол үрдістен шығу - педагогика саласында жүрген барша қауымның міндеті.