Қазақстан республикасының « Білім туралы заңында», «Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептер мазмұнының тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім берудің дамыту тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», Қазақстан Республикасының Президентінің « Қазақстан халқына жолдаулары» т.б құжаттарда бүгінгі білім берудің алдына қойған талаптар, іске асыру шаралары анықталған. Бүгінгі Қазақстанның қоғамдық өміріндегі тарих ғылымы саласында болып жатқан батыл өзгерістер тарихи білімге деген қызығушылықты арттырып отыр. Расында да, бүгінгі Қазақстанның тұрақты дамуы өткен тарихты обьективті тұрғыдан жалғастыра білумен байланысты болса, оның болашағы да тарихтың шынайылығымен анықталды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы біздің еліміз азаматтарының тарихи білімін көтеруге ерекше көңіл бөлінуде. Тәуелсіз Қазақстанның келешегі болған жас ұрпақты тәрбиелеу, олардың санасына ұлттық рух пен патриоттық тәрбие қалыптастыруда. Отан тарихының орны мен мүмкіншіліктері шексіз. Өйткені, тарих халықтың рухани мұрасы, Отанымыздың өткені, ұрпақтарымыздың мектебі саналады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Патриоттық тәрбие - студентке нақты қадам"»
Патриоттық тәрбие - студентке нақты қадам
Жас қазақстандықтарға патриоттық тәрбие беруде білім беру ісінің инновациялық дамуына ерекше орын бергеніміз жөн. Бұның өзі оқытудың интерактивті әдістері мен жаңашыл технологияны оқу үрдісіне кеңінен қолдануға жағдай жасайды, жаңаша оқыта алатын білімдар ұстаздарды қажет етеді. Осы орайда, тарихты оқыту барысында оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдерін меңгеру, педагогикалық технологияның қыр-сырын терең білу, оны күнделікті сабақта өз тәжірибесінде пайдалана білудің орны ерекше.
Қазақстан республикасының « Білім туралы заңында», «Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептер мазмұнының тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім берудің дамыту тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», Қазақстан Республикасының Президентінің « Қазақстан халқына жолдаулары» т.б құжаттарда бүгінгі білім берудің алдына қойған талаптар, іске асыру шаралары анықталған. Бүгінгі Қазақстанның қоғамдық өміріндегі тарих ғылымы саласында болып жатқан батыл өзгерістер тарихи білімге деген қызығушылықты арттырып отыр. Расында да, бүгінгі Қазақстанның тұрақты дамуы өткен тарихты обьективті тұрғыдан жалғастыра білумен байланысты болса, оның болашағы да тарихтың шынайылығымен анықталды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы біздің еліміз азаматтарының тарихи білімін көтеруге ерекше көңіл бөлінуде. Тәуелсіз Қазақстанның келешегі болған жас ұрпақты тәрбиелеу, олардың санасына ұлттық рух пен патриоттық тәрбие қалыптастыруда. Отан тарихының орны мен мүмкіншіліктері шексіз. Өйткені, тарих халықтың рухани мұрасы, Отанымыздың өткені, ұрпақтарымыздың мектебі саналады. Тарихы жоқ бірде-бір халықтың бүгіні болмағандай келешегі де болмайды. Тарих адамдарды ойландырады, болған тарихи жағдайлар мен құбылыстарды талқылап, парақтайды, ой елегінен өткізеді және олардан өмірлік қорытындылар шығарып алуына негіз болады. Жас ұрпаққа өткен тарихымыз туралы тарихи білім беру мен тәрбие бермей халық санасында ұлттық сезім мен сананы, отан сүйгіштікті қалыптастыру мүмкін емес. Сондықтан да Тәуелсіз Қазақстанның білім жүйесінде Отан тарихын тереңдетіп оқыту уақыт талабы болып тұр. «Қазақстанның Болашағы - бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан болашақта сол деңгейде болады» деген Н. Назарбаевтың сөздері, тарихшы ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілікті жүктеді.Отан тарихынан оқу орындарының сапалы білім беру үшін ең қажетті екі жағдай болуы шарт. Біріншісі - сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету, ал екіншісі - педагогикалық инновация.
Қазақстан тарихын оқытуда тарихи білім беру мақсатын, мазмұнын, технологиясын нәтижеге бағдарланған білім беруге бағыттау бүгінгі күні өзекті мәселе болып табылады. Мұнда мұғалімнің де студенттің де оқыту процесінің мақсаты мен міндеттерін, мәнін дұрыс анықтауында, студенттің білім алудың не үшін қажет екендігін терең түсінуінде. Мұнда, бірінші орынға студенттің белсенділігі, қабілеттілігі, өзіндік ерекшеліктері, әрекет құралдары шығады. Студент өздігінен білім алу, іздену , қорытынды жасап талдау үшін оның өзіндік тәжірибесіне сүйене отырып, білім алу технологиясын меңгертуге көңіл аударылады. Осы ретте, зерттеу Қазақстан тарихын оқыту үрдісіне жаңа технологияларды ұтымды пайдалану оқушыны танымды әрекетті субъектісі ретінде қалыптастыру, бәсекеге қабілетті сапалы білімге, оқушының өзіндік алатын білімнің қажеттілігін, мәнін дұрыс түсінуге, оқушының шығармашылық-ізденушілік қабілеттерінің артуына септіген тигізетінін көрсетті.
Инновация дегеніміз-жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз-тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновациялық үрдісті мазмұнды дамыту, жаңаны ұйымдастыру, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологияларын қамтитын құбылысты айтады.Бүгінгі таңда білім беру саласында әртүрлі сипаттағы және бағыттағы «инновациялар» енгізілуде. Азды-көпті мемлекеттік реформалар жүргізіліп, оқыту әдістері мен технологияларына жаңалықтар кіруде
Жаңа онжылдықта елді жаңғыртудың басты нысананың бірі сапалы білімге қол жеткізу, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, ақпаратты технологияны ұтымды пайдалану болып табылады. ҚР-ның Президентi Н.Назарбаев жыл сайынғы Жолдауларда: «Білім беру әлемдік стандарттарға негізделіп, сапалы бiлiм беру қызметiн көрсетуге қол жеткiзуiмiз көзделіп отыр»…«Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс…», «Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі», «Оқу жастарға тек білім беріп қоймай, сонымен бірге олардың әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйретуі тиіс», «Қазақстандағы білім беру жүйесін жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүргені көкейге қонымды: білім беру мекемелерін оңтайландыру; оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту; білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру»,- керектігіне баса назар аударды
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – студент-жастарға ақпараттық білім негіздерін беру, ақпараттық технологияны интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы ретінде пайдалану, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Қазіргі білім беру жүйесінде ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникациялар белсенді қолданылуда. Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты–студент-жастарды қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік тәжірибесінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дара тұлға тәрбиелеу.
Бүгінгі жаһандану үрдісінде ақпараттар ағымынан адамның өзіне қажетті ақпаратты саралап, пайдалана білуі-қазіргі таңдағы негізгі мәселенің бірі. Өйткені, ақпарттық құралдар оқулық мазмұнын көрнекілендіреді, қажетті ақпаратқа қол жеткізеді, білімді пайдалану мен жинақтаудың мүмкіндіктерін арттырады. Осы орайда, жастарға сапалы білім мен тәрбие беру, оқытудың инновациялық әдістемелерін енгізу арқылы, студентті қажетті ақпаратты іріктеуге, талдай білуге, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалана білуге үйрету маңызды. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастырудың алғышартты болып табылады. Тарихты оқыту үдірісінде қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы зор.
Тарихты оқыту үрдісінде ақпараттық технологияның мүмкіндігін ұтымды пайдалану:
— жастардың өз бетінше білім алуын ұйымдастыруға; — әр түрлі ақпаратты жинау, өндеу, сақтау, объектілерді, құбылыстарды модельдеу, оқыту қызметін ұйымдастыру үрдісінде қазіргі замануи ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға; — студенттердің білім, дағды, біліктілігін, сабаққа дайындық денгейін бақылауға; — оқытуды басқаруға, оқу үрдісінің, тестілеудің нәтижелерін бақылау үрдісін автоматтандыруға, интеллектуалдық түрлі деңгейдегі тапсырмалар беруге; — түрлі ақпарат көздерінен керекті материалды өздігінен іздеп табуға, ақпаратты сауатты жазуға үйренеді, өздігінен сурет, түрлі сызбалар мен карта, графиктер, кестелер т.б. жасауға, яғни студенттердің өз бетінше жұмысын ойдағыдай іске асыру үшін жағдай жасайды.
Болашақ мамандар әлемде болып жатқан білім саласындағы заманауи жайттарды оқып үйренеді, білім мен тәжірибе алмасады.
Жалпы алғанда, студенттер алғашқы оқу жылдары Қазақстан тарихы пәнімен жан-жақты танысады. Бұл пәнді оқып-үйрену студенттерге еліміздің басынан өткізген сан қилы аумалы-төкпелі кезеңдерден, қазіргі егемендікке қол жеткізген кездегі бүгінгі еркін тыныс-тіршілігінен өте бай мәліметтер береді.
Отан тарихын оқу барысында студенттердің көз алдынан сонау ерте заманнан осы күнге дейінгі тарихтағы: қайшылықтар, қаһармандық, жасампаздық істер мен қайғылы оқиғалар, әр алуан, адамзат тарихы тұтас күйінде, толық өтіледі.
Студенттер «Қазақстан тарихын» оқып үйрену барысында алған теориялық білімдерін тарихты оқыту әдістемесі мен тарихты оқытудағы ақпараттық технология пәндерімен тереңірек танысқанда және педагогикалық практика кезінде іс жүзінде пайдалануға мүмкіндік туады.
Жаңа қазақстандықтарды тәрбиелеуде білім беру ісінің инновациялық дамуына көңіл аударған жөн. Бұның өзі оқытудың интерактивті әдістері мен жаңашыл технологияны оқу үрдісінде кеңінен қолдануға жағдай жасайды, жаңаша оқыта алатын білімдар ұстаздарды қажет етеді.
Семинар сабақтарында студенттерді жеке топтарға бөліп, проблемалық тапсырмаларды бірлесе отырып өздігінше талдау, шешу жұмыстарын ұтымды өткізу олардың белсенділігін арттыруға көмектеседі. Жалпы студенттердің көпшілігі компьютерді жақсы меңгерген, қажетті ақпаратты жылдам, сауатты таңдап алып, өздігінше түрлі рефераттар, баяндамалар, хабарламалар дайындау біліктері қалыптасқан. Семинарда студенттер теориялық материалмен қатар, тарихты оқытуда ақпараттық технологияны пайдаланып, сабақ үлгілерін дайындап, оған презентация жасайды, ал басқалары оны одан әрі жетілдірудің жолдарын, кемшіліктерін анықтап, талдайды. Әр студент өзі дайындап келген сабақ үлгілерін интерактивті тақтадан немесе компьютерден көрсетіп, негіздейді. Сабақ үлгілері бойынша кестелер, сызбалар, диаграммалар, түрлі деңгейдегі тапсырмалар мен тестер, иллюстративтік материалдарды дайындайды. Студенттер дайындап келген сабақ үлгілері бойынша интерактивті әдіс-тәсілдердің тиімділігін дәлелдеп, бір-бірімен жарысқа түседі, бәсекелестік жағдайында әріптесін озып шығуға дағдыланады. Бұндай практикалық жұмыстар студенттердің мектепке барар алдындағы педагогикалық практикаға дайындығын жетілдірсе, екіншіден сабақта белсенділігін дамытуға, ақпараттық сауаттылығын арттыруға себін тигізеді.
Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", "отансүйгіштік", " патриотизм", ұғымдары сол заманның ақиқаты - наным - сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы-қазақстандық патриотизм болды.
Жалпы айтқанда тарих сабағында қолданған өте тиімді тәсілдер ұсынғым келеді.
Сабақтың басталуы барысында
Мазмұнды сұрау
«Бар-жоқ»
«Бағдар шам»
Өзара білімін тексеру
Өзара сұрау
ОШЖ
Кездейсоқ ойын
Театрландыру
Үй тапсырмасын талдау
Кенет шешім
Қиялдау!
Таң қалдыр!
Жаңа сабақ барысында
Теорияның қолайлылығы
Пресс-конференция
Мәтінге сұрақ
Қатені тап!
Баяндама
Іскерлік ойын «Көзқарас»
Іскерлік ойын «Ғылыми-зерттеу зертханасы»
Қиялдау!
Театрландыру
Бекіту барысында
Жаттығу ойыны
Іскерлік ойыны «Жете білушілік»
Іскерлік ойыны «Көзқарас»
Іскерлік ойыны
Бақылау жұмы сына жаттығу
Ауызша бағдарлан ған жауап
Өзара сұрау
Өзара білімін тексеру
Қатені тап
Пресс-конференция
«Бар-жоқ»
Ойға шабуыл
Қайталау сабақтарында
Өзіндік тірек
Қорытындыны қайталау
Кеңейтілген қайталау
Өзіндік мысалдар
Тақырып тардың тоғысуы
Дәрежелі жауап
Үй тапсырмасын талдау
Іскерлік
Іскерлік ойын «Жете білушілік»
Сұрау –қорытын дылау
Іскерлік ойын «Көзқарас»
«Бар-жоқ»
Бақылау сабақтары барысында
Бағдаршам
Тізбек-сұрау
Ақырын сұрау
Бағдарланған сұрау
Мазмұнды сұрау
Фактілік диктант
Блиц-бақылау
Үй тапсырмалары бойынша бақылау
Таңдаулы бақылау
Үй тапсырмасын сұрау барысында
Топтамалы тапсырма
3 деңгейлі тапсырма
Қызықты үй тапсырмалары
Ерекше тапсырма
Мазмұнды тапсырма
Шығарма шылық іс болашаққа
Сабақтың аяқталу кезінде
Сұрау-қорытындылау
Кенет шешім
«Психологтік» роль
«Қорытынды лаудың» ролі
«Адвокат» ролі
Үй тапсырмасын талдау
Мұғалім әр сабақты емес бүкіл тақырыпты жоспарлайды. Жоғарыдағы сабақ құрылымына толық толталсам.
«Бар – жоқ» ойыны Белгілі бір тақырып бойынша мұғалім жұмбақ жасырады (зат, сан, әдеби немесе тарихи тұлға, т.б.). Оқушылар оны шешуге тырысып сұрақтар береді. Мұғалім «Бар», «Жоқ» - деп қана жауап береді.
Мазмұнды сұрау.Оқушылар өздерінің дайындық дәрежесін өздері бағалап, оны мұғалімге хабарлайды.Сұрақ: «Бүгін кім сабаққа «өте жақсы», «жақсы», «қанағат» дайындалды» - деген мұғалімнің сұрағына оқушылар қол көтеру арқылы өз білімдерін өздері бағалайды
«Бағдаршам»-Сабақты сұрау кезінде оқушы өзінің қандай дайындықта екенін білдіру мақсатында картоннан жасалған ұзын таяқшасын көрсетеді. Таяқшаның бір жағы қызыл, екінші жағы жасыл.
Өзара білімін тексеру - Мұғалім жаттығу бақылауының сұрақтарын бере отырып оқушылардың жауаптарын тыңдамайды.
Сынып екі топқа бөлінеді. Мұғалім сұрақ қояды. Бірінші топтың оқушылары екінші топтың оқушыларына сұрақтың жауабын айтады. Әрбір оқушы өзінің сыныптасының жауабын тыңдайды. Мұғалім, немесе өте жақсы оқитын оқушы жұрыс жауабын айтады. Екі жауапты салыстыра отырып екінші топ тағы оқушылар жауабына баға қояды.немесе «+», немесе «-» қояды. Келесіде ереже бойынша екінші топтағы оқушылармен жұмыс жүргізіледі.
Кездейсоқ ойын- Мұғалім бір нәрсені оқушыға лақтырып беру арқылы үй тапсырмасын, немесе қайталау сұрақтарын қояды (сүйек, асық, қағаздан жасалған самолет т.б. болуы мүмкін).
Ойға білімдік шабуыл- ойға білімдік шабуыл арқылы шығармашылық тапсырмасын шешуге болады. Ойға шабуылды бастамас бұрын оқушыларға түсінік беру қажет.
Өзара сұрау-Оқушылар бір-бірлерінің жауабын тыңдап, баға қояды.
Таң қалдыр! Мұғалім бір таныс оқиғаны таң қалдыратындай етіп таныстырады.
Кенет шешім- Сабақ басында мұғалім бір қызықты мәселені, фактіні жасырады, оның шешімі жаңа сабақ өтілу барысында шешіледі. Қызықты фактіні, мәселені сабақ аяғында береді. Келесі сабақты сол мәселеден, фактіден бастайды.
Қатені тап!-Жаңа тақырыпты түсіндіргенде мұғалім әдейі қате жібереді. Оқушылар қатені тауып мұғалімге айтады. Оқушы қателері бар мәтінді алып, қателерін жөндеп, «мұғалім» ролін орындайды.Мәтіндер басқа оқушылармен немесе үлкен сыныптағы оқушылармен дайындалуы мүмкін.
Пресс – конференция-. Мұғалім тақырыпты толық ашпай, оқушыларға өзіне сұрақ қою арқылы тақырыпты толық ашуға мүмкіндік туғызады.
ҒЗЗ– ғылыми зерттеу зертханасы.
Баяндаманың жоспарын талқылайды, үнпарақтар дайындайды. Проект орындаған кезде «ҒЗЗ» маңызы зор
Іскерлік ойын«Көзқарас»- әртүрлі көзқарасты жақтаушы оқушылар;
Бақылаушылар – мұғалім және бірнеше оқушылар.
Ойын шарты: 2 топтан қатысушылар өз көзқарастарын дәлелдейді.
Ойынға дейін: мұғалім тақырыпты білгілеп, оқушылар қажетті фактілермен таныстырады.
Қатені тап! - Жаңа тақырыпты түсіндіргенде мұғалім әдейі қате жібереді. Оқушылар қатені тауып мұғалімге айтады. Оқушы қателері бар мәтінді алып, қателерін жөндеп, «мұғалім» ролін орындайды.Мәтіндер басқа оқушылармен немесе үлкен сыныптағы оқушылармен дайындалуы мүмкін.
Өзіндік тірек-Топ үлкен парақта тірек конспектісін жасайды. Үй тапсырмасы ретінде жақсы оқитын тірек конспектілерін өтілген тақырыптар бойынша дайындап, сабақта тренер ретінде топпен жұмыс жүргізеді.
Тақырыптардың тоғысуы-Оқушылар әр түрлі өздері құрастырған гипотизалар, идеялар арқылы жаңа тақырыпты бұрынғы өтілген тақырыптармен байланыстырады.
Сұрау – қорытындылау-
Сабақтың аяғында мұғалім сұрақтар қою арқылы тақырыпты қайталайды.
Мысалы:
Сабақта қандай мәселе басты болды?
Не қызық болды?
Қандай жаңалықпен таныстыңдар?
Нені үйрендіңдер?
Әр сұраққа бірнеше оқушы жауап беруі мүмкін.
«Бағдаршам»- Сабақты сұрау кезінде оқушы өзінің қандай дайындықта екенін білдіру мақсатында картоннан жасалған ұзын таяқшасын көрсетеді. Таяқшаның бір жағы қызыл, екінші жағы жасыл.
Ақырын сұрау- Бақылау немесе топпен жұмыс істеу кезінде мұғалім кейбір біреу немесе бірнеше оқушыдан ақырын дауыспен әңгімелесу арқылы сабақ сұрайды.
Фактілік диктант- Фактілік диктант 5-7 негізгі сұрақтардан өткізеді. Парталарда таза парақтар мен қалам. Сұрақтардың ішінде 1-2 қайталауға арналған. Жұмыс өте жоғары талапта өткізіледі.
3 деңгейдегі үй тапсырмасы- Мұғалім – 2-3 деңгейдегі үй тапсырмасын береді. 1 деңгей – қажетті минимум. Әр оқушы орындай алатын тапсырмалар.
2 деңгей – жаттығу ретінде. Пәнді жақсы білуге құштар оқушылар орындайды. 3 деңгей – шығармашылық тапсырма өз қалауларынша дайындайды.
Кенет шешім - Сабақ басында мұғалім бір қызықты мәселені, фактіні жасырады, оның шешімі жаңа сабақ өтілу барысында шешіледі. Қызықты фактіні, мәселені сабақ аяғында береді. Келесі сабақты сол мәселеден, фактіден бастайды.
Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері: Сұхбат(интервью),Баспасөз конференциясы ,Іскерлік ойын, Миға шабуыл , Әңгімелесу (диалог), Жекпе-жек (ринг), Әңгіме (беседа), Дөңгелек үстел, Ток – шоу «Сөзбе сөз», «Айтуға оңай» , «Біз», «Біздің шындық»
Мысалы, «Мемлекеттік тіл өз мәртебесінде ме?» тақырыбын талқылауда
студенттердің нақты ойлары мен пікірлерін айқындадық. Олар мемлекет тілді тек қарапайым ғана білу жетіліксіз, яғни болашақта жоғары белестерге жету үшін терең білуге қажеттілігін ұғынуда. «Жастар және дін» тақырыбын шешу арқылы еліміздегі түрлі ұлттардың діни нанымдарын құрметтеу және өздерінің көзқарастарын қалыптастыруға тәрбиелеу басты мақсат болды
“Қаламыздың жастары патриот па?” тақырыбында Қала жастарының қандай болуы керектігін, не нәрсеге ұмтылу керектігін т.б тілге тиек етті
Күтілетін нәтижелер:Өзін-өзі реттейді;Өз көзқарасы мен ойын жеткізуге дағдыланадыпроблемаларды шешу; Түсіну дәрежесін анықтай алады
өзіне сенімділігі артады;Сөздік қоры,ойлау жүйесі дамиды; Оқушылар өздігінен оқуға үйренді.
Әдебиеттер тізімі:
1. Тәкенов Ә. Қазақ тарихының зары //Қазақ тарихы,1996,№1,5-7б 2. Назарбаев Н. Бәсекеге қабілеттіліктің кілті білімде. Абай атындағы ҰПУ-інде Алматыдағы ЖОО ректорларымен кездесуіндегі сөзі. //Егемен Қазақстан, 2005,8 қыркүйек
3. Тұрлығұл Т. Отан тарихының мектепте оқытылғанына -50 жыл. //Қазақ тарихы, 2008. №4,55б
4. Тұрлығұл Т. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы,2004,260б 6. Дүйсенов С. Алғашқы ғылыми еңбектер шықты. //Қазақ тарихы,2009,№6,81б.