сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының әлі де болса толастамай жатуының себебін анықтау және оның жолын кесу. Ұлт үмітін ақтап, Қазақстанның «Мәңгілік ел» болуына қомақты үлес қосу үшін жастарды жарқын да, даңғыл жолға түсуге тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мырзанова мария ибрайхановна»
Сыбайлас жемқорлықҚА ҚАРСЫ КҮРЕС
Бүгінгі таңда жемқорлық мәселесі тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа да елдері үшін аса өзекті мәселе болып табылады. Қай мемлекетте болса да ең қауіпті құбылыс – жемқорлықтың жайылып, парақорлықтың дендеуі. Сыбайлас жемқорлықтың өршіп тұрған кезінде қоғам ешқашан алға баспайды, керісінше мемлекеттің дамуы тежеледі. Қазақстанның бұл мәселедегі ахуалы осы қоғамның кез келгенінің алаңына айналды. Бүгінде біздің қоғамда жемқорлық пен парақорлық араласпаған сала қалмады. Себебі, сыбайлас жемқорлық ұлттық шектеулерді білмейді. Ол барлық жерлерде кең таралған. Сыбайлас жемқорлық халықты қанаудың көлеңкелі көрінісі бола отырып, адамзат қоғамының даму кезеңдерінен қалыспай келеді. Ол барлық уақытта да сынға ұшырап, айыпталып, онымен үнемі күрес жүргізіліп келеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл заңнаманың басты мақсаты қоғамдағы сыйбайлас жемқорлықты жою болып табылады. Заңнаманың қабылдануымен елімізде көптеген сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу, жолын кесу, құрықтау шаралары түрлі қоғамдық, мәдени жастарға өскелең ұрпаққа үлгі боларлықтай іс-шаралар көптеп өткізілуде. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін жалғыз заңнама мен уәкілетті органдар жұмыс жасауы жеткіліксіз. Оған барлық xалық, ел, сіз бен біз болып сыбайлас жемқорлық факторларының алдын алуымыз қажет. Сыбайлас жемқорлық өршуі елдегі кадрлардың әлсіреуіне мемлекеттің құлдырауына әкеп соғады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл заңнамасының ықпалымен азаматтардың елдегі ішкі тәртіптің сақталуымен, мемлекеттік қызметке әділ түрде орналасуға ынта жігерін оятты. Заңнаманың тағы бір ұғымы «заң бәрімізге ортақ, заң алдында бәріміз теңбіз заң бұзушылық жазасыз қалмауы тиіс» - деген үлкен әділеттілік ұғымын оятуға xалықты сендірді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кез-келген дамушы, дамыған мемлекеттердің өзекті проблемасына айналып отыр, тамырын тереңге жайған бұл індетке тамырына балта шабу үшін елдегі заң мәселесін күшейтіп лауазымды қызметкерлердің елге адал қызмет етуіне «патриотизм» ұғымын оятуға үлкен күш салынуы қажет.
Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін заңнамаларға ҚР Конституциясы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесі, Қазақстан Респбуликасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі негізгі нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттар жатады.
Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады, сондықтан, мемлекеттік қызметкерлердің қатарын мемлекеттің мүддесін жоғары дәрежеде қорғай білетін кадрлармен толықтыруды, кездойсоқ адамдардың мемлекеттік қызметке кіріп кетпеуін қамтамасыз ететін қосымша жан-жақты шараларды күшейту қажеттілігі артып келеді.
Бұл жөнінде де Елбасымыз әр жылдардағы Қазақстан халқына арнаған жолдауларында сыбайлас жемқорлықтың болашақ Қазақстан үшін қауіптілігіне баса назар аударып, халықты сыбайлас жемқорлықпен күресуге шақырды. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын жолдауында да көрініс тапты. Жолдаудың мазмұнына арқау болған 10 міндетті Елбасы Қазақстанның дамуы үшін атқарылуға тиіс маңызды істер қатарына қосты. Осы аталған 10 міндеттің тоғызынышы міндетін Елбасы «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» деп атап көрсеткен. Тоғызыншы міндеттің мазмұны бойынша: ...Жемқорлықтың алдын - алуға бағытталған күрес жалғаса беретіндігін. Қазіргі таңда көп жұмыс істеліп жатқандығын. Соңғы 3 жылда ғана жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталғандығын. Осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге көлемінде келтірген залал өтелгендігін» атап көрсетті.
Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналады. Атап айтқанда, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс. Сот және құқық қорғау жүйелерін институционалды тұрғыдан өзгерту жүзеге асырылуда. Заңнамаға қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын қорғау ісін күшейтуді, оның әсіре қатаңдығын бәсеңдетуді көздейтін нормалар енгізілді. Адвокаттардың құқықтары мен сотқа дейінгі сатыдағы сот бақылауының аясы кеңейді. Құқық қорғау органдарының өкілеттігі мен жауапкершілік шегі айқындалды. Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу керек-делінген болатын.
Сонымен қатар, Ел Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 жарлығымен Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілді, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізудегі негізгі құжат болмақ, стратегия бойынша біршама жұмыстар жасалып жатыр.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.