Просмотр содержимого документа
«"Менің туған өлкем" Сәбитқызы Әсем 9-сынып оқушысы»
Менің туған өлкем
Ауыл-адамзаттың кең дүниенің есігін ашып,өмірге келген жері. Олай дейтін себебім, бізге дейін сан толқын ұрпақтың кіндік қаны мен маңдай тері тамған –киелі мекен. Сондықтан да, дүниедегі ең құдіретті ана болса, ауыл- барлық халықтың анасы, ауасы мен суы тіршілігінің нәрі, табиғаты жанының шипасы.
Менің ауылым теміржол бойында орналасқан. ХХ ғасырдың басында теміржол бекеті болып құрылған. Ауылда сол кезде салынған су қоймасының мұнарасы, бекет үйінің құрылысы сол қалпында сақталған. Қазір біз үшін олар тарихи орындар болып табылады. Шығысында қарт Қаратау, батысында алаштың анасы- Сырдария өзені ағып жатыр. Сондықтан болар, Қаратау, Сырдария жайлы деректер көрсем, қашан қарап шыққанша асығатыным.
Тарихы тым тереңде болмаса да, ешқандай кереметке айырбастамас ауылым- Аққұм менің анам секілді болып кеткен. Ауылым шағын болса да, мен оның жазық даласымен, төрт- түлік малға төсін ашқан құтты қырларымен, жұпары аңқыған сан түрлі өсімдіктерімен мақтанамын. Шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, маған анам сияқты қамқор болып, самал желімен еркелетіп, шуағын шашқан күнімен бойыма әркез қуаныш сыйлап, қасиетті шөптерімен ауырған кезде емдеп келеді. Ауылымда- емдік қасиеті бар адыраспан, жусан секілді өсімдіктер өседі. Адыраспан адам буынының сырқырауын, аяқ-қолының қақсауын емдеп, түрлі жұқпалы аурулардың алдан алу мақсатында қолданылатын қасиетті шөп. Ал, жусан дегенде қазақтың қай баласы болсын ерекше сезімге бөлеренері хақ. Жусан –кең байтақ даланың жұпары ғана емес, адам денсаулығына да пайдалы өсімдік. Мәселен, римдіктер жусан тұнбасын асқазан ауруларын емдеуге пайдаланады. Жусаны мен адыраспаны бұрқырап, төскейінде төрт- түлік малы маңыраған ауыл- бар қазақтың мақтанышы. Елбасымыздың: «Біз кез –келген ұлттың түп-тамыры ауыл жұртында жататынын естен шығармауға тиіспіз»,- деген сөзі өте дұрыс айтылған. Өйткені ауыл- қазақтың алтын бесігі, салт- дәстүрі, өлең- жыры, өнері, мәдениеті мен адамгершілік ортасы.
Өз ойымды қорытындылап жазар болсам, ауыл-көптеген дана да дара ақын-жазушыларымызды, күйші бишілерімізді дүниеге әкелген қасиетті мекен және әрбір адамның екінші анасы. Ендеше, осындай қасиетті мекенді қорғау оны сақтап, көркейту әр адамның міндеті.
Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 23 км-дей жерде, Сырдарияның сол жағалық аңғарында орналасқан. Іргесі 1902 жылы ауа райын бақылайтын алғашқы метеорологиялық станса ретінде қаланған.Ауа райы қысы суық, жазы қапырық ыстық.Жылдық температурасы шілдеде-36-39 С қаңтарда – 35-36С
Жауын шашын мөлшері 100-190 мм .Жаз мезгілінде шаңды дауыл жиі байқалады.
Аққұм ауылының іргесі 1902 жылы патша үкіметі тұсында ауа райын бақылайтын орталық ретінде қаланған.Ауылдың байырғы тұрғындары Сыр бойын мекен еткен .1904-1905 жылдары ауданымызда Орынбор –Ташкент теміржолы салынғанда Жаңақорған,Төменарық,Бесарық бекетімен бірге Аққұм бекетіде салынды. Бекетті салуға орыс инжинерлері жетекшілік жасады.Негізгі қара жұмысқа ауыл тұрғындары тартылды.
Аққұм атауы дария ұлтанындағы ерекше құмға байланысты қойылған.Ауылда 1904-1905 жылдары теміржолмен бірге салынған ескі вокзал үйі мен су мұнарасы бар.Сумұнарасы стансаға келіп тоқтаған паровоздарға су жеткізу қызметін атқарған.Ол су негізінен құбыр арқылы дариядан тасымалданған.Патша үкіметінің барлау жұмысы негізінде жоспарланған ауарайы бекеті жұмысын толық 1928 жылы 24 маусымда бастады. Теміржол бойындағы ауа райының мәліметін Сырдария суының деңгейін хабарлау мақсатында салынған.Алғашында Қаратау етегінен 50 км қашықтық та теміржолдың оңтүстік беткейінде орналасты.1939 жылы ауыл ішіне орналастырылды.Метерологиялық сатнция қазіргі күннің өзінде ауданымыздағы жалғыз бекет болып табылады.
Теміржол іске қосылғаннан кейін халық Сыр бойынан 3 км орналасқан ауылға қоныстана бастады.Ашаршылық жылдары ауыл тұрғындарын дария бойындағы тоғайдың аң-құсы аман қалуға септігін тигізді.1941-1945 жылдарғы ұлы Отан соғысына ауыл тұрғындары өз үлестерін қосты. Ер азаматтар майданға аттанды.Бірақ теміржол қызметіне байланысты ауыл тұрғындарының көпшілігі соғысқа бармауға рұқсат етілді
1935 жылы 4 жылдық бастауыш мектеп ашылды.
1985-90 жылдары Бірлік совхозы ауыл маңында жүгері өсірді. Жүгеріні сурару мақсатында дарияға чех носос қондырғысы орнатылды.
Аул 19 Ақүйік ауылдық округіне қараған 2005 жылдан бастап Кейден ауылдық окргінің құрамында
Халқы
Аққұм халқы 1999 жылдармен салыстырғанда едәуір өскен.
1999 ж 360
2008ж 463
2018 ж 493
Халық саны жылсанап өсуде
2017 жылы ауылымызда «Ақбұллақ » бағдарламасы аясында су құбырлары қазылды
Мепункт салынып пайдалануға берілді Аққұм мешіті ашылды 100 орындық мектеп құрылысы салыну үстінде «Түркістан –Самара » тас жолынан ауылға жол салынды .Кеңес үкіметі тұсында барлау жұмыстары кезінде анықталған уран кен орындарын ашу жұмыстары ж.ріп жатыр.Қазіргі таңда алынған кен құрамында хромит пен уранның бары айтылуда