Мақала. Тақырыбы: Әуезов кентінің әлеуметтік жағдайы
Мақала. Тақырыбы: Әуезов кентінің әлеуметтік жағдайы
Кәсіпорын дәстүрлі түрде Әуезов кентіндегі және Шалабай ауылындағы орта мектептің 4 оқушысына Қазақстанның жоғары оқу орындарына оқу үшін оқу грантын бөлді, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін өктізілетін іс-шаралар мен сайыстарды тұрақты түрде қаржыландырып келеді, сондай-ақ Әуезов кенті мен Шалабай ауылындағы орта мектептердің оқушыларына олимпиадаларға және жарыстарға баруларына, және көптеген басқа жағдайларына материалдық көмектер көрсетеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мақала. Тақырыбы: Әуезов кентінің әлеуметтік жағдайы»
Әуезов кентінің әлеуметтік жағдайы
«Полиметалл» Компаниясы бүгінде бастапқы күмісті шығарушылардың арасында бірінші орынды және Ресейдің алтын өніруші компанияларының арасында екінші орынды алады, сондай-ақ ол Қазақстан Республикасындағы жеті ірі алтын өндірушілердің бірі болып табылады – оның үлесі 6,2%-ды құрайды. 2009 жылдан бастап компания Қостанай облысындағы «Варваринское» кенорнында жұмыс істейді.
2014 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданындағы «Қызыл» жобасы сатылып алынды.
2016 жылдың екінші жарты жылдығында компания жұмыс істеп тұрған кенорындардың бірі, Қостанай облысының Жетіқара ауданында орналасқан «Коморовкское» кенорнын сатып алу туралы келісімді аяқтады.
2014 жылдың қыркүйегінде «Полиметалл», кен қоры бір тоннаға 7,7 граммнан келетін 226 тонна алтыны бар деп бағаланатын Қазақстанның «Бақыршық» және «Большевик» ірі кенорындарын біріктіретін «Қызыл» алтынды жобасын сатып алу жөніндегі келісімді аяқтады.
Жобаға сәйкес, кенорнында 10 жыл бойы құрамында алтыны бар кенді ашық әдіспен өндіреміз, ал содан соң жерасты өндіруіне өтеміз. Карьердің өнімділігі жылына 1,8 млн тонна, ал кеніште - 1,2 млн тоннакен өндіруді құрайды. Кенді флотациялық байыту әдісімен өңдейтін және одан құрамында алтыны бар концентратты алатын боламыз. Алынған концентраттар Амур тау кен-металлургия комбинатына өңдеуге жөнелтілетін болады.
Амур тау кен-металлургия комбинаты «Полиметалл» компаниясының меншігі болып табылады және әуел бастан берік кендерге арналып жобаланған. Келешекте «Қызыл» жобасының кенін өңдеуді есепке алғанда, АКМК-ның қуаттылығымөлшермен 50 пайызға артатын болады.
Бүгін құрамына «Бақыршық» және «Большевик» енетін «Қызыл» жобасында өнімділігі жылына 1,8 млн. тонна кенді өңдеуге есептелген кен-байыту кешенінің құрылысын салу жұмыстары қарқынмен жүріп жатыр. Инвестициясы 80 млрд. теңгеден артық соманы құрайды.Бұл жобаны аяқтап және 2018 жылдың үшінші тоқсанында іске қосуды жоспарлап отырмыз.
Сондай-ақ, кенорнында геологиялық барлау жұмыстары және вахталық кент құрылысын салу жұмыстары және кәсіпорын үшін қазіргі заманға сай қазандық салу жұмыстары жүргізілуде.
Фабрика толық қуаттылығына 2019 жылы шығады және карьерді пайдалану кезеңінде орташа алғанда 10 тоннадан артық алтынды концентрат түрінде, ал жерасты кенішін пайдалану кезінде – 8 тоннадан артық деп жоспарланып отыр.
Кен өндіруді бастау 2017 жылдың екінші жарты жылдығына жоспарланған. Ашық тау-кен жұмыстары аяқталғаннан соң 2026 жылы, яғни 10 жылдан кейін жерасты тау-кен жұмыстары басталады және кен өндіру 2039 жылға дейін жалғасатын болады.
Полиметаллдың жобаларды дамытудағы кешенді тәсілдемесі, оларды жүзеге асырудың табыстылығын анықтайды. Компанияның инвестициясының негізгі бағыттары: өндірістің тиімділігін арттыру, логистиканы жақсарту, инфрақұрылымды құру.
2015 жылдың қарашасында компания кен қорлары мен минералдық ресурстарды жаңадан бағалай отырып, «Қызыл» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін аяқтағанын да атай кеткен жөн.
Техникалық-экономикалық негіздеменің нәтижелері бойынша жобаның бірінші кезеңдегі дамуына 322 млн долларинвестиция тарту жоспарланып отыр. Бұдан өзге, 2018 жылға дейін 69 млн долларды тау-кен – күрделі құрылыс жұмыстарына инвестициялау жоспарлануда.
Ағымдағы жылдың сәуір айының аяғында кенорнында бақыршық кенішінің тарихикен үйінділерін қайта көшіру жұмыстары басталды және дайындық аршу жұмыстары жүргізіледі. Қазір карьерде жүк көтергіштігі 136 тоннаға дейін болатын 8 самосвал «БелАЗ-75139», 90 тоннаға дейінгі жүкті көтеруге күші жететін 6 самосвал «Komatsu HD-785-7», 1 бульдозер «Komatsu D275A», 2 бульдозер «Komatsu D375A», шөміштері 12 текше метр болатын 2 экскаватор «Komatsu PC-2000» және 3 электрлі экскаватора ЭКГ-15М жұмыс істеуде.
Қала құрушы және әлеуметтік жауапты кәсіпорын бола отырып, Бақыршы тау-кен өндіру кәсіпорны тұрғындар үшін жайлы жағдайлар туғызуға да көп көңіл бөледі. Жұмыс істеп жатқан уақытының ішінде кәсіпорын тұрғындар үшін барынша маңызды болып табылатын жобаларды қолдау үшін инвестиция сала отырып, ауданның экономикалық және әлеуметтік өміріне қазірдің өзінде салым жасады, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджетке дер кезінде салық төлеп отырады.
2014 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі аралықта әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық туарлы Шығыс Қазақстан облысының және Жарма ауданының әкімдігімен жасалған меморандумдарың аясында әлеуметтік-маңызды жобаларға 324 млн теңгеинвестиция салынды және салынуда.
Ірі әлеуметтік жобалардың бірі болып Жарма ауданының Әуезов кентінде орналасқан «Аққу» бала бақшасын қайта құру және барлық қажетті жабдықтармен және жиһазбен жабдықтау болып саналады. Инвестицияның жалпы сомасы 240 млн теңгені құрайды. 2016 жылдың қараша айының басында бала бақша пайдалануға берілетін болады. Бала бақша ашылғаннан кейін кентте жаңа жұмыс орындары ашылады, және бұл нысан одан әрі қызмет көрсету және оны ұсату үшін Жарма ауданы әкімдігінің балансына берілетін болады. 180 балаға есептелген бала бақша, кенттің мектепке дейінгі жастағы тәрбие беру мекемелеріне деген қажеттілікті толықтай жабады.
Сондай-ақ 2016 жылдың тамыз айында жеке меншік – мемлекеттік әріптестік аясындаШығыс Қазақстан облыстық әкімдігімен әлеуметтік-маңызды жобаларды қолдау және мкемлекеттік бағдарламалар мен «Парыз» бағдарламасы аясында аймақта инфрақұрылымды дамыту үшін өзара ынытмақтастықтың жаңа меморандумына қол қойылды.
2016 жылы кәсіпорын Әуезов кентіндегі дәрігерлік амбулаторияның ішкі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлді. Шалабай ауылындағы Н. Крупская атындағы мектепке шағын автобус сыйға тартты. Әуезов кентіндегі «Бақыршық» орта мектебінде ішінара жөндеу жұмыстарын жүргізду және жылу жүйесін ауыстырды, сондай-ақ еркін күреспенайналысуға арналған спорт залын жөндеуден өткізді.
Кәсіпорын дәстүрлі түрде Әуезов кентіндегі және Шалабай ауылындағы орта мектептің 4 оқушысына Қазақстанның жоғары оқу орындарына оқу үшін оқу грантын бөлді, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін өктізілетін іс-шаралар мен сайыстарды тұрақты түрде қаржыландырып келеді, сондай-ақ Әуезов кенті мен Шалабай ауылындағы орта мектептердің оқушыларына олимпиадаларға және жарыстарға баруларына, және көптеген басқа жағдайларына материалдық көмектер көрсетеді.
Бұдан өзге, Жарма ауданындағы Әуезов кентінің инфрақұрылымын дамыту мақсатында, жалпы сомасы2 млрд теңгеден асатын 5 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
1.«Борсақ-Әуезов» бағытындағы айналма автожолдың құрылысы жөніндегі Жоба. Инвестиция сомасы894 млнтеңгеденартықтықұрайды.Жоба 2016 жылы аяқталды.
«Қызыл су» су таратқышының құрылыс салу және жаңа су таратқыштың құрылысын салу, моральдық және физикалық жағынан тозығы жеткен су құбырларын жаңа су құбырларымен ауыстыру және су айдағыш мұнараны ауыстыру Жобасы. Инвестиция сомасы295 млн теңгеденартықты құрайды. Жоба 2016 жылдың аяғына дейін жүзеге асырылатын болады.
Жабық электр бөлгіш қондырғылардың құрылысын салу және кенттің электр желілерін жаңғырту Жобасы. Инвестиция сомасы629 млн теңгеденартықты құрайды.Жоба2017 жылдың аяғына дейін жүзеге асырылатын болады.
2.Кентті жылумен қамтамасыз ету үшін Әуезов кентіндегі тозығы жеткен қазандықтың орнына, қазіргі заманғы қазандықтың құрылыс алу Жобасы. Бұл нысан 2017 жылы пайдалануға берілетін болады. Инвестиция сомасы279 млн теңгеніқұрайды.