kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лихан Б?кейханов ЮНЕСКО аясында б?кіл?лемдік дара т?л?а

Нажмите, чтобы узнать подробности

?лихан Б?кейханов ЮНЕСКО аясында б?кіл?лемдік дара т?л?а деп танылды

АСТАНА. ?азА?парат - 2016 жылы ?лихан Б?кейхановты? 150 жылды? мерейтойы ЮНЕСКО аясында ?тетін болды. Халы?аралы? ?йым кезекті 38-сессиясында осындай ?аулы ?абылдады. Енді жауапкершілік - ?аза?стан ?кіметі мен Алаш к?семіні? ?мірін, сан ?ырлы ?ызметін, ба?а жетпес м?расын зерттейтін ?алымдар мойнында.

ЮНЕСКО Бас конференциясыны? 2-18 ?араша аралы?ында ?ткен 38-сессиясы «Мемлекет ж?не ?о?ам ?айраткері ?лихан Б?кейхановты? ту?анына 150 жыл толуына арнал?ан мерекелік шаралар?а ?атысу туралы» Ат?арушы ке?есті? ?сынысын бекітті. Ол ж?нінде ?аза?станны? ЮНЕСКО-да?ы ?кілетті у?кілі Сатыбалды Б?рша?ов хабарлады.

Б?л туралы «Егемен ?аза?стан» республикалы? газетінде жариялан?ан ма?аласында Л.Н.Гумилев атында?ы Еуразия ?лтты? университеті «Алаш» ?ылыми-зерттеу институтыны? директоры С?лтанхан А???лы баяндайды.

«Б?кіл?лемдік шынайы да??ты ?айраткер» деп таныл?ан ?лихан Б?кейханов кім?

?лихан Н?рм?хамед?лы Б?кейханов (05.03.1866 - 27.09.1937) - со??ы хан-с?лтандарды? бірі - Б?кейді? тікелей ?рпа?ы. Б?кейді? 1816 жылы хан та?ына отыруынан тура 50 жыл ?ткен 1866 жылы 5 наурызда д?ниеге келген.

Сонау Омбыда о?ы?ан 1886-1890 жылдары-а? ?лихан Б?кейханов Ресей империясыны? отарлы? езгісінде отыр?ан алты алашыны? тарихын, м?дениетін, к?шпелі шаруашылы?ы мен к?сібін зерттей келе, отаршыл империяны? ж?ргізіп отыр?ан жырт?ышты?, озбырлы? саясатына ?оса ту?ан хал?ыны? т?рмыс-тіршілігіне деген сыни к?з?арасын білдіре бастайды. «?ыр хал?ы, - деп жазады ?ыр ??лы (ал?аш?ы ла?ап аты - С.А.) - ?лихан 1889 жылы «Дала уалаяты газетінде» жары? к?рген бір ма?аласында, - бос ж?реді. Бос отыр?ан бастарына ауыр сын тума?ан со? мехнат-ж?мыс?а иленбей мал шаруасыменен к?нелтіп ж?рді. Мал ба?у ?з ж?німенен ж?ре береді. ?лгенге шейін (?ле ?лгенше.С.А.) бір ?аза? мал ба?уды т?зеуге ойла?ан жо?, ?анша заманнан бері ата-бабаны? жолыменен ж?реді де отырады».

Сол жыл?ы екінші бір ма?аласында ?лихан ?аза? ?о?амында заманына лайы? м?дениетті?, адамгершілік, моральды? ??ндылы?тарды? ая?­асты бол?анын ?кінішпен атап к?рсетеді. Орыс империясыны? аяусыз езгісінен к?не д?уірден келе жат?ан т?л м?дениетін ?мыта бастап, жер-суы­нан айырылып ??рдым?а ентелеген ?аза? ?о­?амында, оны? пікірінше, шексіз т?тынушылы? пен байларды? ?алы? б??араны ?анауы, болыс билігі ?шін руаралы? талас-тартыс, «к?шті ру» немесе «жа?сы ?аза?тарды?» «нашар ?аза?тарды» аяусыз езіп-?анауы ке? етек алып отыр?анын: «Бізді? ?ыр?а бір ж?ні жо? ?адат неше заман?ы р?сімдер ж?реді, - деп жазады ?.Н. (?лихан Н?рм?хамед?лы) 1889 жылы. - Біреуді к?шті кісі я к?шті т??ым деп адал-арам болса да жалпылдатып ж?реді. Бізді? заманны? законымыз, ?лы?ымыз жо?тай, ма??лы?менен ?а??ырып ж?ргендей к?шті т??ымдар нашар т??ымдарды ренжітеді».

Сонымен бірге, ?лихан «?аза? тып-тыныш жатып, еріншек, ?ешн?рсе ?ылмайды» деп ойламайды. Оны? к?міл сенімінше, ?аза?тар «?айратты, ж?мысты? б?ріне жарайды. Біра? (оларды) ?оз?ау керек».«?ыр хал?ы. ?ылым-білім жайып жат?ан ??м ?здері ?ылым-білімге к??іл б?лген себебінен кешікпей-а? жа?сылы?ты біліп, е?сесін к?теруге ая? басар, ?здеріні? с?йектеріне берген а?ылы-санасы бол?ан со?, сол. заманда бол?ан балаларымыз бізден а?ылды болып, бізді? заманымызда?ы аталарымызды? ?ыл?андарын к?ріп та? ?алар я ойламай ?атырар», - деп ?ыр ??лы алты алашыны? жар?ын болаша?ына зор ?мітпен ?арады. ?зірше, ал?аш?ы ма?алаларында ол орыс келімсектеріні? отарлау саясатыны? ?ысымымен к?шпелі м?дениет пен шаруашылы?тан бір жерге байлан?ан т?рмысты? азабын к?ріп отыр?ан ?аза?, оны? к?з?арасынша, «рухани дамуыны? балалы? ша?ында ж?р».

Омбы техникалы? училищесін ая?та?ан со?, е? алдымен ?аза? хал?ыны? ата-баба жерін келімсектерден ?ор?ау керектігін б?кіл сана-сезімімен сезген ?лихан 1890 жылы Санкт-Петербургты? орман институтына т?сіп, онымен ?арама-?атар астаналы? императорлы? университетті? за? факультеті курсын экстерн ?дісімен о?ып, 1894 жылы ормантанушы-?алым ж?не за?гер деген екі диплом алады.

?лихан Дала ж?не Т?ркістан ?лкелеріне б?лінген ?аза? еліні? жерін, ?леуметтік-экономикалы? ахуалын, халы? шаруашылы?ын, т?рт т?лік малы мен санын, таби?аты мен ауа райын зерттеген 4 ?ылыми экспедициясыны? ж?мысына ?атысады. Осы жылдары ?лихан б?кіл отаршыл империя?а таныл?ан ?алым, ?аза?стан бойынша те?дессіз білгір сарапшы ретінде танылып, ту?ан елі мен хал?ыны? тарихы, экономикасы, м?дениеті, шаруашылы?ы, оны? ішінде д?ст?рлі мал шаруашылы?ы ж?не жері туралы бірнеше іргелі ?ылыми монография, онда?ан очерк, мы?нан аса ма?ала мен е?бек жазып жариялайды. Алты алаш к?семіні? осы к?нге ?арай аны?талып жинал?ан шексіз бай м?расыны? жалпы к?лемі 16-18 томды? жина?ты ??рап отыр.

?йгілі энциклопедист ?алым, ?аза? еліні? те?дессіз білгірі, журналист, к?семс?зші

?лихан ?зіні? сан ?ырлы ?ылыми ж?не публицистік ?ызметін ?о?амды?-саяси к?ресімен ?арама-?атар ат?ару?а м?жб?р болды. 1905-1907 жылдарда?ы бірінші орыс т??керісі кезінде ол ?лт зиялыларыны? Ахмет Байт?рсынов, Жа?ып А?баев, Міржа?ып Дулатов, Райымжан М?рсек?лы, Айдархан Т?рлыбай?лы сынды алды??ы ?атарлы ?кілдерін ?з т??ірегіне топтастырып, б?гінгі к?ні «Алаш» деген атауымен белгілі ?лт-азатты? ?оз?алысыны? жа?а тол?ынын бастады.?зіні? 1910 жылы Санкт-Петербургте «?азіргі мемлекеттердегі ?лтты? ?оз?алысты? формалары» жина?ымен басылып шы??ан «?аза?тар» («?ыр?ыздар») атты ?йгілі тарихи-аны?тамалы? очеркінде ?ыр баласы - ела?асы ?зі баста?ан осы зиялылар тобын «батысшылдар» деп атайды: «Таяу келешекте ?ырда, б?лкім, екі саяси партия ?йымдастырылатын шы?ар. Оларды? бірі ?лтты?-діни аталуы ы?тимал ж?не ?аза?тарды? ?зге м?сылмандармен бірігуі оны? идеалы болып табылады. Екінші батысшыл ба?ыты осы с?зді? ке? ма?ынасында айт?анда - ?аза? даласыны? болаша?ын саналы т?рде батыс м?дениетін ж?зеге асыра отырып к?реді».

Б?гінгі та?да батысшыл зиялыларды? ат?арып кеткен ?ызметі «Алаш» ?ранды ?лт-азатты? ?оз?алысы ретінде танылса, ?лихан Б?кейхановты оны? идеялы? негізін ?алаушы, бас идеологы, саяси жетекшісі деп бірауыздан мойындайды.

«Алаш» ?оз?алысы мен оны? к?семі ?лихан Б?кейхановты? 1917 жыл?ы А?пан т??керісіне дейін, я?ни отаршыл патшалы? самодержавие т?сында ?андай ?иян-кескі к?рес ж?ргізгенін мынадай фактіден бай?ау?а болады. 1917 жыл?ы т??керіске дейінгі ж?не одан кейінгі кезе?де бір ?лиханны? ?зі 7 рет т?т?ындалып, бірнеше т?уліктен 4 ж?не 8 ай?а дейін т?рмеде отырып шы?ып, 2 рет саяси айдауда болды. Оны? ішінде Самарада 8 жылын ?ткізсе, М?скеуде шым-шытыры? о?и?алар мен ?иян-кескі к?реске толы ??мырыны? а?ыр?ы 15 жылын сарп етті.

«Алаш» ?оз?алысыны? басы-?асын­да ж?ріп, ол хал?ыны? жазбаша тарихын жазу, таныту ма?сатында ?лтыны? тарихын тияна?ты зерттеді, Алтын Орданы? за?ды м?рагері болып табылатын, бір кезде ?уатты мемлекет бол?ан ?аза? ханды?ыны? бірліктен, к?ш-?уатынан айырылып, отарлы??а т?суіні? объективті де субъективті себептерін аны?тады. Ол, сондай-а?, ХІХ ?асырды? бірінші жартысында Ресей империясыны? отарлау саясатына е? ау?ымды ?арулы ?арсылы? к?рсеткен Кенесары хан к?терілісіні? ?з ма?сатына жете алмауыны? тарихи себептерін де зер сала зерттеді. 1903 жылы Санкт-Петербургте ?лихан екі автормен бірлесіп жаз?ан «?аза? ?лкесіні? тарихи та?дыры ж?не оны? м?дени жетістіктері» атты т???ыш ?ылыми монографиясын жариялады. Б?л шы?армасында ол ?аза? ханды?ыны? тарих сахнасына шы?уын, ханды?ты? кейінірек ?ш ж?зге б?лініп Ресей империясымен ода? ??рамын деп оны? отарына айналуы, а?ыр ая?ында Сібір ж?не Орынбор ?аза?тары туралы 1822-1824 жылдарда?ы екі ережені? к?шімен ханды? институты жойылып, ?аза?ты? ?лтты? мемлекеттігінен айырыл?ан тарихын мейлінше жан-жа?ты сипаттап берді. 1910 жылы ?зіні? е? танымал «?аза?тар» атты тарихи-аны?тамалы? очеркін жариялады.

?з туындыларында ?лихан т?рлі тарихи жа?­даяттарды? салдарынан Ресей империясыны? отарлы?ына душар бол?ан баш??рт, татар, ха?ас, ?ыр?ыз, ?ырым татарлары, но?ай, алтайлы?тар сынды бас?а т?ркі халы?тарыны? тарихын, т?рмыс-тіршілігін де, ол халы?тарды? ?аза?пен арада?ы рухани, м?дени байланысын, отарлы? езгідегі ауыр халін де мейлінше ке? ?амтыды. Б?лтартпайтын м?ра?ат ??жаттары мен т?рлі естелікке ?ара?анда, 1917-1920 жылдары ?ли­хан Ресейді? ?зге т?ркі-м?сылман халы?тарыны? к?семдерімен таяу болаша?та біріккен т?ркі-м?сылман елі -Т?ркістан мемлекетін ??ру м?мкіндігін тал?ылайды. Сол кездегі ??былмалы саяси ахуалды ескере отырып, алты алаш к?семі оны «Шы?ыс Ресей м?сылмандарыны? федерациясы» деп атауды ?сынады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лихан Б?кейханов ЮНЕСКО аясында б?кіл?лемдік дара т?л?а»

Әлихан Бөкейханов ЮНЕСКО аясында бүкіләлемдік дара тұлға деп танылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО аясында өтетін болды. Халықаралық ұйым кезекті 38-сессиясында осындай қаулы қабылдады. Енді жауапкершілік - Қазақстан Үкіметі мен Алаш көсемінің өмірін, сан қырлы қызметін, баға жетпес мұрасын зерттейтін ғалымдар мойнында.

ЮНЕСКО Бас конференциясының 2-18 қараша аралығында өткен 38-сессиясы «Мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына арналған мерекелік шараларға қатысу туралы» Атқарушы кеңестің ұсынысын бекітті. Ол жөнінде Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы өкілетті уәкілі Сатыбалды Бұршақов хабарлады.

Бұл туралы «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде жарияланған мақаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының директоры Сұлтанхан Аққұлы баяндайды.

«Бүкіләлемдік шынайы даңқты қайраткер» деп танылған Әлихан Бөкейханов кім?

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов (05.03.1866 - 27.09.1937) - соңғы хан-сұлтандардың бірі - Бөкейдің тікелей ұрпағы. Бөкейдің 1816 жылы хан тағына отыруынан тура 50 жыл өткен 1866 жылы 5 наурызда дүниеге келген.

Сонау Омбыда оқыған 1886-1890 жылдары-ақ Әлихан Бөкейханов Ресей империясының отарлық езгісінде отырған алты алашының тарихын, мәдениетін, көшпелі шаруашылығы мен кәсібін зерттей келе, отаршыл империяның жүргізіп отырған жыртқыштық, озбырлық саясатына қоса туған халқының тұрмыс-тіршілігіне деген сыни көзқарасын білдіре бастайды. «Қыр халқы, - деп жазады Қыр ұғлы (алғашқы лақап аты - С.А.) - Әлихан 1889 жылы «Дала уалаяты газетінде» жарық көрген бір мақаласында, - бос жүреді. Бос отырған бастарына ауыр сын тумаған соң мехнат-жұмысқа иленбей мал шаруасыменен күнелтіп жүрді. Мал бағу өз жөніменен жүре береді. Өлгенге шейін (өле өлгенше.С.А.) бір қазақ мал бағуды түзеуге ойлаған жоқ, қанша заманнан бері ата-бабаның жолыменен жүреді де отырады».

Сол жылғы екінші бір мақаласында Әлихан қазақ қоғамында заманына лайық мәдениеттің, адамгершілік, моральдық құндылықтардың аяқ­асты болғанын өкінішпен атап көрсетеді. Орыс империясының аяусыз езгісінен көне дәуірден келе жатқан төл мәдениетін ұмыта бастап, жер-суы­нан айырылып құрдымға ентелеген қазақ қо­ғамында, оның пікірінше, шексіз тұтынушылық пен байлардың қалың бұқараны қанауы, болыс билігі үшін руаралық талас-тартыс, «күшті ру» немесе «жақсы қазақтардың» «нашар қазақтарды» аяусыз езіп-қанауы кең етек алып отырғанын: «Біздің қырға бір жөні жоқ ғадат неше заманғы рәсімдер жүреді, - деп жазады Ә.Н. (Әлихан Нұрмұхамедұлы) 1889 жылы. - Біреуді күшті кісі я күшті тұқым деп адал-арам болса да жалпылдатып жүреді. Біздің заманның законымыз, ұлығымыз жоқтай, мақұлықменен қаңғырып жүргендей күшті тұқымдар нашар тұқымдарды ренжітеді».

Сонымен бірге, Әлихан «қазақ тып-тыныш жатып, еріншек, һешнәрсе қылмайды» деп ойламайды. Оның кәміл сенімінше, қазақтар «қайратты, жұмыстың бәріне жарайды... Бірақ (оларды) қозғау керек».«Қыр халқы... ғылым-білім жайып жатқан һәм өздері ғылым-білімге көңіл бөлген себебінен кешікпей-ақ жақсылықты біліп, еңсесін көтеруге аяқ басар, өздерінің сүйектеріне берген ақылы-санасы болған соң, сол ... заманда болған балаларымыз бізден ақылды болып, біздің заманымыздағы аталарымыздың қылғандарын көріп таң қалар я ойламай қатырар», - деп Қыр ұғлы алты алашының жарқын болашағына зор үмітпен қарады. Әзірше, алғашқы мақалаларында ол орыс келімсектерінің отарлау саясатының қысымымен көшпелі мәдениет пен шаруашылықтан бір жерге байланған тұрмыстың азабын көріп отырған қазақ, оның көзқарасынша, «рухани дамуының балалық шағында жүр».

Омбы техникалық училищесін аяқтаған соң, ең алдымен қазақ халқының ата-баба жерін келімсектерден қорғау керектігін бүкіл сана-сезімімен сезген Әлихан 1890 жылы Санкт-Петербургтың орман институтына түсіп, онымен қарама-қатар астаналық императорлық университеттің заң факультеті курсын экстерн әдісімен оқып, 1894 жылы ормантанушы-ғалым және заңгер деген екі диплом алады.

Әлихан Дала және Түркістан өлкелеріне бөлінген Қазақ елінің жерін, әлеуметтік-экономикалық ахуалын, халық шаруашылығын, төрт түлік малы мен санын, табиғаты мен ауа райын зерттеген 4 ғылыми экспедициясының жұмысына қатысады. Осы жылдары Әлихан бүкіл отаршыл империяға танылған ғалым, Қазақстан бойынша теңдессіз білгір сарапшы ретінде танылып, туған елі мен халқының тарихы, экономикасы, мәдениеті, шаруашылығы, оның ішінде дәстүрлі мал шаруашылығы және жері туралы бірнеше іргелі ғылыми монография, ондаған очерк, мыңнан аса мақала мен еңбек жазып жариялайды. Алты алаш көсемінің осы күнге қарай анықталып жиналған шексіз бай мұрасының жалпы көлемі 16-18 томдық жинақты құрап отыр.

Әйгілі энциклопедист ғалым, Қазақ елінің теңдессіз білгірі, журналист, көсемсөзші

Әлихан өзінің сан қырлы ғылыми және публицистік қызметін қоғамдық-саяси күресімен қарама-қатар атқаруға мәжбүр болды. 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс төңкерісі кезінде ол ұлт зиялыларының Ахмет Байтұрсынов, Жақып Ақбаев, Міржақып Дулатов, Райымжан Мәрсекұлы, Айдархан Тұрлыбайұлы сынды алдыңғы қатарлы өкілдерін өз төңірегіне топтастырып, бүгінгі күні «Алаш» деген атауымен белгілі ұлт-азаттық қозғалысының жаңа толқынын бастады.Өзінің 1910 жылы Санкт-Петербургте «Қазіргі мемлекеттердегі ұлттық қозғалыстың формалары» жинағымен басылып шыққан «Қазақтар» («Қырғыздар») атты әйгілі тарихи-анықтамалық очеркінде Қыр баласы - елағасы өзі бастаған осы зиялылар тобын «батысшылдар» деп атайды: «Таяу келешекте қырда, бәлкім, екі саяси партия ұйымдастырылатын шығар... Олардың бірі ұлттық-діни аталуы ықтимал және қазақтардың өзге мұсылмандармен бірігуі оның идеалы болып табылады. Екінші батысшыл бағыты осы сөздің кең мағынасында айтқанда - қазақ даласының болашағын саналы түрде батыс мәдениетін жүзеге асыра отырып көреді».

Бүгінгі таңда батысшыл зиялылардың атқарып кеткен қызметі «Алаш» ұранды ұлт-азаттық қозғалысы ретінде танылса, Әлихан Бөкейхановты оның идеялық негізін қалаушы, бас идеологы, саяси жетекшісі деп бірауыздан мойындайды.

«Алаш» қозғалысы мен оның көсемі Әлихан Бөкейхановтың 1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін, яғни отаршыл патшалық самодержавие тұсында қандай қиян-кескі күрес жүргізгенін мынадай фактіден байқауға болады. 1917 жылғы төңкеріске дейінгі және одан кейінгі кезеңде бір Әлиханның өзі 7 рет тұтқындалып, бірнеше тәуліктен 4 және 8 айға дейін түрмеде отырып шығып, 2 рет саяси айдауда болды. Оның ішінде Самарада 8 жылын өткізсе, Мәскеуде шым-шытырық оқиғалар мен қиян-кескі күреске толы ғұмырының ақырғы 15 жылын сарп етті.

«Алаш» қозғалысының басы-қасын­да жүріп, ол халқының жазбаша тарихын жазу, таныту мақсатында ұлтының тарихын тиянақты зерттеді, Алтын Орданың заңды мұрагері болып табылатын, бір кезде қуатты мемлекет болған Қазақ хандығының бірліктен, күш-қуатынан айырылып, отарлыққа түсуінің объективті де субъективті себептерін анықтады. Ол, сондай-ақ, ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресей империясының отарлау саясатына ең ауқымды қарулы қарсылық көрсеткен Кенесары хан көтерілісінің өз мақсатына жете алмауының тарихи себептерін де зер сала зерттеді. 1903 жылы Санкт-Петербургте Әлихан екі автормен бірлесіп жазған «Қазақ өлкесінің тарихи тағдыры және оның мәдени жетістіктері» атты тұңғыш ғылыми монографиясын жариялады. Бұл шығармасында ол Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуын, хандықтың кейінірек үш жүзге бөлініп Ресей империясымен одақ құрамын деп оның отарына айналуы, ақыр аяғында Сібір және Орынбор қазақтары туралы 1822-1824 жылдардағы екі ереженің күшімен хандық институты жойылып, қазақтың ұлттық мемлекеттігінен айырылған тарихын мейлінше жан-жақты сипаттап берді. 1910 жылы өзінің ең танымал «Қазақтар» атты тарихи-анықтамалық очеркін жариялады.

Өз туындыларында Әлихан түрлі тарихи жағ­даяттардың салдарынан Ресей империясының отарлығына душар болған башқұрт, татар, хақас, қырғыз, Қырым татарлары, ноғай, алтайлықтар сынды басқа түркі халықтарының тарихын, тұрмыс-тіршілігін де, ол халықтардың қазақпен арадағы рухани, мәдени байланысын, отарлық езгідегі ауыр халін де мейлінше кең қамтыды. Бұлтартпайтын мұрағат құжаттары мен түрлі естелікке қарағанда, 1917-1920 жылдары Әли­хан Ресейдің өзге түркі-мұсылман халықтарының көсемдерімен таяу болашақта біріккен түркі-мұсылман елі -Түркістан мемлекетін құру мүмкіндігін талқылайды. Сол кездегі құбылмалы саяси ахуалды ескере отырып, алты алаш көсемі оны «Шығыс Ресей мұсылмандарының федерациясы» деп атауды ұсынады.

Ұлтының тарихын зерттей келе Әлихан қайғылы болса да маңызды бірнеше тұжырымға, оның ішінде тарихи және ең бастысы, саяси қорытындыға келеді. Олардың біріншісі: алты алаш­тың бірлігінен, соның салдарынан тәуелсіздігінен айырылуының ең басты сыры - бұрынғы хан-сұлтандардың Ресей империясы тарапынан отарлау қаупі төнген сәтте де өз билігіне қараған ру-жүздерді біріктіре алмауы. «Бұрынғының көбі, - деп жазды Түрік баласы (Әлиханның қазақша лақап есімінің бірі - С.А.) 1913 жылы «Қазақ» газетіндегі «Қазақ тарихы» мақаласында, - күш-қуатты тиісті орнына жұмсамай, бірінің көзін бірі шұқудан уақыты артылмады, істегенінің бәрі жәбір, залым болды; қылғанының бәрі зорлық-зомбылық еді».Сол себепті де Әлихан туған халқы алдында бұрынғы хан-сұлтандардың тікелей ұрпағы ретінде өзін айыпты сезінді, кең сахара даласында емін-еркін көшіп-қонып ғұмыр кешкен, қайталанбас салт-дәстүрі, мәдениеті бар халқын еш қарсылықсыз отарлыққа жегіп берген алдыңғы хан-сұлтандардың бар кінәсі мен халқының келешек тағдыры үшін бар жауапкерлікті өз мойнына алды. «Хан баласында қазақтың хақысы бар еді, - деп жазды Әлихан 1914 жылы жазған мақаласының бірінде, - тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қой­маймын». Әлихан соңғы демі біткенше осы сертіне адал болып қалды.

Өзінің тарихи зерттеулерінен соң жасаған алты алаш көсемінің екінші маңызды саяси тұжырымы - қарулы күрес арқылы қуатты орыс империясының отарлық шырмауынан құтылып, ұлттық мемлекетті қалпына келтіру іс жүзінде де, теория тұрғысынан да мүмкін емес. Қалың қазақты өзін өзі билеу құқына да, одан соң толық ұлттық тәуелсіздікке де қайта қол жеткізетін жалғыз жол, Алаш қозғалысы жетекшісінің көзқарасы бойынша, заман талабына сай ұлттық мәдениет қалыптастыру және қазақ қоғамын еуропалық деңгейге жетелеп жеткізу болып табылады. «Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ, - деп ашық атап көрсетті «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 3 санында тағы да сол Түрік баласы, - Осы ғасырдағы әлем жарығына қазақ көзін ашып, бетін түзесе, өзінің қазақшылығын жоғалтпағандай, және өзіміздің шарқ әдетіне ыңғайлы қылып «Қазақ мәдениеті» (Казакская культура) құрып, бір жағынан «Қазақ әдебиеті» (Казакская литература) тұрғызып, қазақшылығын сақтамақшы».

Ресейді түпкілікті қайта құру арқылы ұлттық тәуелсіздікке жету

Сонымен қатар, отаршыл Ресейдің өзін түпкілікті реформалап, оны самодержавиеден федеративтік демократиялық парламенттік мемлекетке айналдырмай, қалың қазақтың ұлттық тәуелсіздікке жете алмайтынын да Алаш қозғалысының көсемі кімнен болса да артық сезді. Сол себепті де ол 1905 жылдан Ресейдің ең ықпалды оппозициялық саяси ұйымы - Конституциялық демократия партиясына кірді. І Мемлекеттік дума депутаттығына сайланған 1906 жылы Әлихан самодержавиені құлатуды көздеген орыс масондарының «Ресей халықтарының Ұлы Шығысы» (1910 жылға дейін «Темірқазық» - «Полярная звезда». С.А.) ложасына мүшелікке қабылданды.

Әлихан «Алаш» қозғалысындағы үзеңгілестері мен пікірлестерінің алдына ұзақ мерзімге негізделген ауқымы кең стратегиялық мақсат-мүдделер қоятын. Ол мақсат-мүдделердің бір бөлігі 1905 жылғы әйгілі «Қарқаралы петициясына» ойып жазылған-ды. Олардың бірден бір жемісі - 1917 жылға дейін-ақ қазіргі заманғы әдебиеттің проза және поэзия үлгісіндегі тың туындылары - тұңғыш қазақ романдары, очерктері, әңгімелері, пьесалары, поэмалары, өлең жинақтары шыға бастады. Оның ішінде ұлы ақын Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының төл шығармалары мен Пушкин, Лермонтовтан аударған туындыларының тұңғыш жинағы, Сұлтанмахмұттың «Қамар сұлу», Міржақыптың «Бақытсыз Жамал», Спандиярдың «Қалың мал» романдары, Ахметтің И.Крыловтан аударған «Қырық алты мысалы», т.т. бар еді.

Қыр баласының өзі Батыс Еуропа, орыс, көне грек, Шығыс әдебиеттерінің үздік үлгілерін кеңінен насихаттайды, қазақ әдебиетін француз Ги де Мопассанның, ағылшын Оскар Уайльдтың, орыс Лев Толстой, Антон Чехов, Владимир Короленко шығармаларының, көне Еуропа әдебиетінен Эзоп пен Үнді мысалдарының, Қырым татарлары туралы аудармаларымен байытты. Абайдың, Шәкәрімнің шығармаларына, Міржақып, Сұлтан­махмұт, Спандиярдың романдарына сын жазып, қазіргі әдебиеттанудың, оның ішінде абайтанудың классикалық үлгісін көрсетіп, негізін қаласа, «Қара қыпшақ Қобыланды», «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Мырза Едіге» эпостарын, «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырын жинақ етіп бас­тырып, зерттеп, қазақ фольклористикасының пайда болуы мен дамуына зор серпін берді.

«Алаш» идеясының жеңісі

«Алаш» қозғалысы мен қайраткерлері­нің алдына қойған ауқымды стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін ұлт жақсыларына ғана емес, қалың бұқараға да түсінікті, сана-сезімі мен жүрегіне ұялайтын идея қажет болды.

Әлихан алты алашын ру-руға не жүзге, бай не кедейге, білімді не надан, текті не қарадан деп жік-жікке бөлген емес. Ол қазақты бір ұлт деп көргісі келді, соған жетеледі.

Қазақтың мәдени қайта өрлеуі мен ұлттық бірегейлігінің идеологиясы, ұраны, туы ретінде Әлихан ұсынған «Алаш» идеясы зор нәтижеге, жеңіске жеткізді. Бұл идея оның ойында көптен бері жүрді. Мысалға, «Қазақтар» очеркінде ол «Алаш - миф болса-дағы қазақтың ортақ атасы» деп жазса, 1913 жылы «Қазақ» газетінде: «Шыңғыс хан бүкіл мемлекетін төрт баласына бөліп бергенде, Дешті Қыпшақты, Сібірдің күнбатыс жағын, осы күнгі Сарыарқаны, Еділ-Жайық өлкесін үл­кен баласы Жошыға беріп еді. Ол күнде Жошы ұлысына қараған алты рулы ел бар еді. Сол алты рудың һәр қайсысына бөлек Шыңғыс алты ұран береді: һәр руға өзіне бөлек таңба, ағаш, қос береді. Сол күнде бүкіл Жошы ұлысының ұраны «Алаш» болыпты. Жошы ұлысында алты ру болғандықтан «алты алаш» болады. «Алаш» деген сөздің лұғат мағынасы: «отан кісісі» («отечественник») деген сөз болады. Мұны бір ақынның Абылайға айтқан өлеңінен білеміз:

Тақсыр-ау, ұнатсаңыз, қарашыңмын;
Ұнатпасаң, жай жүрген алашыңмын, -
дейді. Сол өлеңде «Алаш» отан кісісі мағынасында», - деп атап көрсетті.

1917 жылдың қарашасында Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қазақ жерінде сайлауға түскен үш партия - «Үш жүз», большевиктік социал-демократиялық жұмысшылар және «Алаш» партияларының ішінде жалғыз «Алаш» ұранды партия бақталастарын ойсырата жеңіп, 43 депутаттық мандатқа ие болды. Бұл тарихи сәт 1917 жылға қарай отарлықта отырған қазақтың «Алаш» идеясы, туы және ұранымен ұлт болып қалыптасқанын аңғартқан сәт болды. «Алаш» идеясы қазақ ұлтшылдығының идеясы, ұраны болып, ұлттық бірлік пен қайта өрлеудің туы ретінде 1930 жылдардың соңына дейін салтанат құрып тұрды.

«Алаш» идеясын алға тартқан Әли­хан: қазақ ұлтшылдығы - ол өз ұлтын, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін, ата-баба жерін, Отанды сүю, қорғау және қамқор болу деп насихаттады. Ол соңғы демі біткенше туған қазақ халқының ата-баба жеріне деген, ұлттық мемлекет құрып, өзін-өзі басқаруға деген қасиетті құқын табанды түрде қорғап, сол үшін күресіп өтті.

Сонымен бірге, 1917 жылдың жел­тоқсанында Алаш ұлттық-территория­лық автономиясын жария­лап, оның төрағасы, премьер-министрі болып сайлана келе, Әлихан Бөкейхан бұдан былай қазақтың қайта құрылған елі көпұлтты, көпдінді және сан мәдениетті, бірақ көп мәдениетімен тұтас мемлекет болатынын болжады. Автономия жариялаудың қарсаңында «Қазақ» газетіне солай деп жазды да. Оны Алаш автономиялық мемлекетінің 25 мүшеден жасақталатын Халық кеңесі - Алашорда үкіметінен 10 орынға өзге ұлт өкілдерін шақыруы айқын дәлел бола алады. Міне, сол орынның бірін орыстың көрнекті ғалымы, публицисі Григорий Потаниннің алғаны тағы бар.

«Әлекеңнің мінезі, - деп жазды туған інісі Смахан төре 18 қойын дәптерден тұратын естеліктерінде, - еш қазақпен аразбын демейтін, қастық қылмайтын, жек көретін адамымен амандаспайтын, сөйлеспейтін. Қазақтың ешнәрсесін алмайтын. Өлгенде 2,5 кез жер керек дейтін».

Иә, алты алаштың көсемі өзін 1937 жылдың шілдесінде Мәскеуде ақырғы рет тұтқынға алып, ату жазасына кескенде, қызы Қанипа - Елизавета мен немересі Ескендірге қалдырған бар «байлығы» - Мәскеудегі 7 бөлмелі коммуналдық пәтердің өзіне тиесілі бір бөлмесі, кітаптар жинағы, фотоальбом, өзінің шақшасы және қолжазбалары болыпты.

Халқының ұлттық мемлекетін қалпына келтіру жолында қасық қаны қалғанша арпалысып, бүгінгі ел шекарасының негізін белгілеп кеткен алты алаш көсеміне атылғаннан кейін өзі айтып жүретін 2,5 кез қара жер де бұйырмады. Даңқы жер жарған Алаш көсемін 1937 жылдың 27 қыркүйегінде өлім жазасына кесіп, үкімді сол күні-ақ іске асырған кеңестік билік оның сүйегін Мәскеудегі Дон зиратында өртеп, күлін 5 мыңнан астам құрбанның күлі шашылған зиратқа (ОГПУ-НКВД құжаттарында № 1 шұңқыр немесе «Ямо № 1» деп көрсетіліп келген - С.А.) түн жамылып астыртын төге салған. Ол зират Кеңес Одағы күйреп, келмеске кеткеннен кейін де құпия болып келіп, кездейсоқ жағдайда 2009 жылы ғана аңғарылды.

Әлихан Бөкейхановтың ХХ ғасыр басындағы ғылыми-публицистикалық шығармашылығы, ағартушылық, қоғамдық-саяси қызметі іс жүзінде қазақ халқының ұлттық-сана сезімінің оянып, Алаш ұлттық идеясының маңайына бірігіп, Қазақ хандығының ыдырауынан кейін қайтадан бірегей ұлт болып қалыптасуына жеткізгені сөзсіз. Мысалға, Оксфорд университетінің Орта Азияны зерттеу орталығы 1985 жылы жариялаған «Қазақтар 1917 жылға дейінгі орыстар туралы. Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, А. Байтұрсынов, Т. Рыс­құлов» (Society for Central Asian Studies. «Kazakhs on Russians Before 1917. A. Bukeykhanov, M. Dulatov, A. Baytursynov, T. Ryskulov». Reprient series № 5. Oxford, 1985.) атты зерттеуінде Әлихан бастаған батысшыл Алаш зиялыларының атқарып кеткен қызметіне «олар мәдени ренессанс», яғни «мәдени төңкеріс жасады» деген баға берді.

Қазақстанға Совет өкіметі орнатылған соң, Әлихан бастаған «Алаш» зиялылары, ресми биліктің барлық тетігінен аластатылуына қарамастан, 1930 жылдарға дейін дерлік оқу-ағарту, жоғары білім беру, ғылым және өнер саласында үстемдік етті. Осындай қысқа уақыттың ішінде Әлихан өз үзеңгілестерімен қазіргі қазақ мәдениетінің, орта және жоғары білім беру саласының, сондай-ақ ғылымның тарих, философия, этнография, әдебиеттану сынды қоғамдық, гуманитарлық және астрономия, физика, математика, жаратылыстану, т.б. салаларының негізін қалап үлгерді.

«Алаш» қозғалысының аймақтық тарихи ма­ңызы да зор болды. Атап айтқанда ХХ ғасыр басын­дағы қазақтың ұлттық қайта өрлеу қозғалысы Орта Азияны мекендеген туыс түркі халықтарының ұлттық сана-сезімін оятып, өзін-өзі басқаруға ұмтылуына күшті серпін берді. Әлиханның тапсыруымен 1917 жылдың қарашасында Мұхаметжан Тынышпаев, Мұстафа Шоқай, Серікбай Ақайұлы, т.б. Алаш қайраткерлерінің ұйымдастыруымен Қоқан қаласында Түркістан мұхтариатының пайда болуы, сол жылдың желтоқсанында Орынборда Алаш автономиялық мемлекеттің (Қыр баласы - Әлихан «Қазақ», «Сарыарқа» газеттері мен «Абай» журналында жазған мақалаларында «автономия болу - мемлекет болу» деп жазды - С.А.), ал 1918 жылы Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұловтың тікелей қатысуымен Түркістан кеңестік автономиясының құрылуы - ақыр аяғында Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстанның және Қарақалпақстан автономиясының дүниеге келуіне жеткізді.

Үкіметіміз 2016 жылы Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығын ЮНЕСКО аясында лайықты тойлау үшін мерейтойлық іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру туралы тиесілі қаулы қабылдап, оған жеткілікті қаражат қарастырады деген ойдамыз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
?лихан Б?кейханов ЮНЕСКО аясында б?кіл?лемдік дара т?л?а

Автор: ?асымхан Алуа ?лан?ызы

Дата: 23.04.2016

Номер свидетельства: 321780


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства