kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Коучинг «Сыни т?р?ысынан ойлау» модуліні? ?діс-т?сілдерін практикада ?олдана білуге ?йрету.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Коучинг на тему «Сыни т?р?ысынан ойлау»  модуліні? ?діс-т?сілдерін практикада ?олдана білуге ?йрету. В данной работе раскрывается суть приёмов критического мышления. Критическое мышление одна из наиболее интересных технологий позволяющая развивать мыслительные навыки учащихся.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«коучинг «Сыни т?р?ысынан ойлау» модуліні? ?діс-т?сілдерін практикада ?олдана білуге ?йрету. »

«Назарбаев зияткерлік мектебі» курсының

ІІІ деңгей бағдарламасы бойынша тыңдаушысы,

тарих пәнінің мұғалімі Ж.М. Молдабаева


Семинар жобасы

Топ: №7 ОМ мұғалімдері Күні: 08.01.2015ж



Коучинг тақырыбы

«Сыни тұрғысынан ойлау» модулінің әдіс-тәсілдерін практикада қолдана білуге үйрету.



Мақсаты

«Сын тұрғысынан ойлау» модулінің мақсаттарымен ,әр түрлі әдіс-тәсілдерімен,негізгі түсініктерімен танысу және оларды практикада қолдануға бағыттау



Күтілетін нәтиже

«Сын тұрғысынан ойлау» модулінің әр түрлі әдіс-тәсілдері туралы біледі,оларды оқу процесінде мақсатты түрде қолданады.



Түйінді идеясы

Сын тұрғысынан ойлау



Дереккөздер

Презентация,маркерлер,әр түсті стикерлер, үлестірмелі материалдар



Шебер-сынып кезеңдері

Кезеңдер мазмұны

Қатысушылар іс-әрекеті

Уақыт

Ұйымдастырушылық кезең

Кезең мақсаты: Тыңдағанымды өз практикамда қолданып, қатысушылардың назарын аударып, қызығушылықтарын арттыру.

Міндеттері:Қатысушылардың назарын сабаққа аудару;Қатысушылардың жедел жұмысқа кірісе алуын қамтамасыз ету

Кіріспе бөлім: Кезең мақсаты тыңдаушылардың қызығушылығын ояту

Мен: Қайырлы күн, құрметті әріптестер. Сіздерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Бүгін сіздермен тарих сабағында СТО модулінің тиімді жолдарын анықтаймыз .

Кіріспе сөз.

Сонымен құрметті әріптестер, негізгі жұмысымызға кірісейік.

Сіздерде тәрбие, батылдық сөзіне қандай ассоциация туындайды. Ой-пікірлеріңізбен бөліссеңіздер.Тәрбиеде отбасы, мектеп, қоғамның ықпалы зор екенін айтып отырсыздар. Онда төмендегідей мәтінмен жұмыс істейміз.

Кіріспе сөзден кейін мұғалімдерге мәтін үзінділері жазылған қағаз қиындылары үлестіріледі


Тыңдаушылар диалогқа түсіп белсенділік көрсетеді. Сұрақтар қояды.Сабақта ұйымдасқан түрде, тиімді жұмыс жүргізуге бағыт алады.

























Негізгі бөлім

Әдіс пен формасы: топтық, жұппен, жеке

Мүмкін әрекеттер: егер шебер немесе қатысушы қойылған мақсатқа жетпеген жағдайда : қателіктерді түзету, материалды қосымша түсіндіру жұмыстары.


  1. Топтарға берілген мәтінді оқып, кейіпкердің ерлігімен танысады.

Топ ішінде жұптық жұмыс жүреді Жұптар кесте толтырады. «РАФТ» стратегиясы

  1. Толтырылған кестені топ ішінде біріктіреді.

Ортаға салады



  1. Мәтін бойынша талдау, талқылау жұмыстары. «Блум түймедағы» әдісімен жүреді

        1. Жай сұрақ. Оқиға қайда орын алды?

        2. Айқындауыш сұрақтар. Сіз осы қарапайым жылқышының өз елін жаудан құтқара алады деп ойлайсыз ба?

        3. Интерпретациялық сұрақтар. Сіздің ойыңызша, осы Шырақтың әрекеті келер ұрпаққа берер тәрбиесінің мәні неде?

        4. Практикалық сұрақтар. Бұл мәтіннің қазіргі өмірмен байланысы қандай?

        5. Шығармашылық сұрақтар. Егер Шырақтың ойы іске аспаған жағдайда, оған ешкім сенбеген жағдайда оқиға қалай өрбіген болар еді?

        6. Бағалау сұрақтары. Мәтіндегі түйінді ой не?



Жауаптарын ортаға салады.



Топтан бір-екі адам оқиды.


Мұғалімді мұқият тыңдап, сұраққа жауап береді және әрекетке көшеді. Топ ішінде белсенді диалог,жұппен жұмыс, жүреді.

Тыңдаушылар әр түрлі деңгейлі сұрақтарға жауап береді.

Әр топ мүшелері берілген тапсырма бойынша жұмыс істеп ортаға өз идеяларын салады. Идеялар талқыланады . Ортақ жауап жазылады.


































Қорытынды кезең.
Мақсаты: тыңдаушылардың алынған ақпаратты игеруін тексеру .


Құрметті мұғалімдер, бүгінгі жұмыс барысында біздер сабағымызда СТО модулінің тиімді жолдарын табуға ұмтылдық.



Рефлексия


Мұғалідер өзіндік анализ, рефлексия және т.б.







.




Мектеп мұғалімдеріне арналған «Сыни тұрғысынан ойлау» модулінің әдіс-тәсілдерін практикада қолдана білуге үйрету» тақырыбында өткізілген коучингтің есебі.

Өтілген күні: 08.01.2015ж

Қатысқандар саны : 15 мұғалім

Тарих – мектепте оқытылатын негізгі қоғамдық пәндердің бірі. Жеке тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін тарих пәнінің орны ерекше. Сабақ – оқытудың негізгі үрдісі, оны есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру әрбір мұғалімнің өзіндік шеберлігін қажет етеді. Сондықтан пән мұғалімі қазіргі оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін, жетістіктерін пайдаланып сабақтың сапасын, ғылымилығын арттырып, оқушының өзіндік ойлау қабілетін дамытып, шығармашылыққа бағыттауы қажет. Мен өз сабақтарымда жаңа заман талабына сай «Сын тұрғысынан ойлау» модулі негізінде оқыту технологиясын қолданамын. Сол себепті мен мектеп мұғалімдеріне коучинг-сабақ өткізу үшін осы модульді таңдап алдым.

Менің коучиг-сабағыма мектептің әр санаттағы мүғалімдері, жас мамандар қатысты. Коуч пен мұғалімдер арасында сенімді қатынас болу үшін, жақсы көңіл күй керек, сол үшін мен мұғалімдердің бір-біріне жылы лебіздерін айтуды ұсындым.

Менің коуч-сабағымның мақсаты: әріптестеріме «Сын тұрғысынан ойлау» модулінің мақсаттарымен ,әр түрлі әдіс-тәсілдерімен,негізгі түсініктерімен танысу және оларды практикада қолдануға бағыттау.

Алдымен әріптестерімді INSERT стратегиясын қолдану арқылы мұғалімдерге геометриялық фигураларды (төртбұрыш, шеңбер, үшбұрыш) тарату арқылы үш топқа бөліп алдым. Содан кіріспені слайд арқылы ары қаратай түсіндіре кеттім.

Сонымен құрметті әріптестер, негізгі жұмысымызға кірісейік.

Сіздерде тәрбие, батылдық сөзіне қандай ассоциация туындайды. Ой-пікірлеріңізбен бөліссеңіздер.Тәрбиеде отбасы, мектеп, қоғамның ықпалы зор екенін айтып отырсыздар. Онда төмендегідей мәтінмен жұмыс істейміз.

1.Кіріспе сөзден кейін мұғалімдерге мәтін үзінділері жазылған қағаз қиындылары үлестіріледі. Топтарға берілген мәтінді оқып, кейіпкердің ерлігімен танысады.

2.Топ ішінде жұптық жұмыс жүреді. Жұптар кесте толтырады. «РАФТ» стратегиясы

3.Толтырылған кестені топ ішінде біріктіреді.

Ортаға салады, өз ойларын ортаға салады.



Мәтін бойынша талдау, талқылау жұмыстары. «Блум түймедағы» әдісімен жүреді

Жай сұрақ. Оқиға қайда орын алды?

Айқындауыш сұрақтар. Сіз осы қарапайым жылқышының өз елін жаудан құтқара алады деп ойлайсыз ба?

Интерпретациялық сұрақтар. Сіздің ойыңызша, осы Шырақтың әрекеті келер ұрпаққа берер тәрбиесінің мәні неде?

Практикалық сұрақтар. Бұл мәтіннің қазіргі өмірмен байланысы қандай?

Шығармашылық сұрақтар. Егер Шырақтың ойы іске аспаған жағдайда, оған ешкім сенбеген жағдайда оқиға қалай өрбіген болар еді?

Бағалау сұрақтары. Мәтіндегі түйінді ой не?

Блум түймедағын толтыруда

Топтан бір-екі адам оқиды.

Коучта сыни тұрғысынан оқыту модулінің стратегияларын пайдалана отырып, мұғалімдердің ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым.

Коучингтің соңына қарай арамыздағы тарих пәнінің мұғалімі Қошқарбаев Думан Тоқановичті «ыстық орындыққа» отыруын ұсындым. Отырған мұғалім өзіне қойылған сұрақтарға сыни тұрғыдан ойлай отырып, жауап беріп ерекше қабілеттерін жүзеге асыра отырып, өзін көрсете білді. Яғни осы жұмыс нәтижесінен әріптестерімнің коуч тақырыбын қаншалықты меңгергендерін өлшеуіме мүмкіндік туды. Нәтижесінде «Сыни тұрғыдан ойлау модулін» әрбір сабақта кіріктіру оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту болып табылатынына әріптестерімнің көздері жетті.

Ыстық орындық стратегиясы

Қорытынды: Коучинг соңында мұғалімдерден интервью, кері байланыс алдым. Әріптестерім өз ойларын жинақтай келе өз ойларымен бөлісті.

Сыни тұрғыда ойлау модулінің әр түрлі стратегияларын пайдалана отырып төмендегідей нәтижелерге қол жеткізуге болатынын білдік:

- оқушылар өздерінің білім беру қызметін өздері басқаруға үйренеді;

- білім мәдениеттілігі мен маңыздылығын түсініп, қажетті іс-әрекетті белсене және өз бетінше орындауға талпынады;

- білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып және ұжымдасып мұғалім көмегінсіз атқарады;

- құр мәлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып, сұхбат жүргізеді;

- ой-өрісі ғана емес, рухани және әлеуметтік жағынан өздерін- өздері дамытып, тәрбиелейді.

Сондай-ақ оқушылардың бір- біріне деген құрметпен қарауы, бірін-бірі тыңдау дағдысы, өз ойларын еркін айту дағдысы қалыптасады. Оның нәтижесінде оқушылардың да, өздерінің де биік –биік белестерден көрінетінімізге кәміл сенетіндерін айтты.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Молдабаева Жанна Маратовна

Дата: 17.04.2015

Номер свидетельства: 202473


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства