kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ХХ ?асырды? 50-90 жылдарында?ы Жарма ауданыны? м?дени дамуы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

?о?ам дамуыны? тарихында, адамдарды? ?мірінде м?дениет ?р?ашан екпінді роль ат?арады. Ке?ес кезінде Жарма еліні? м?дени ж?не рухани дамуына, коммунисттік идеология жалауында болып келсе де, жан – жа?ты жа?дай жасалынды. 

1950 – 60 жылдарда к?ркем?нерпаздар ?йірмесі ке? ?анат жая бастады. 1957 ж. Жарма ауданды? м?дениет ?йіні? хоры, эстрада оркестрі облысты? бірінші фестивальде зор табыс?а ие болды. ?ртістер ?з ?нерін ауданнан тыс жерлерге де к?рсетіп ж?рді.

?аза?станны? 40 – жылды?ына арнал?ан облысты? бай?ауда ж?лделі ?шінші орын алды. Георгиевкадан Карпушаны?, Шардан Байдосова мен Насонованы? туындылары облыс?а ке?інен тарады, халы? оларды? ?нерлеріне с?йсіне ?ол со?ты. Осы жылдары республикалы? бай?ауды? лауреаты Бірліктегі «Арай», Шарда?ы «Жас терек», «?сем», ?арат?бедегі «Алаш», ?аражалда?ы «Армандастар», ?шбиіктегі «Е?рекей сазы», «?уен», «Мектептегі жылдар», ?ызыла?ашта?ы «А??у» ?ыздар ансамблі, Скотоимпортта?ы «Желто?сан», С?лу сары, А?жал, Новореченск, Георгиевкада?ы республикалы? «Арай» фестиваліні? лауреаттары ?.Ау?анбаев, ?.Рымбаев бас?ар?ан вокалды – аспаптар ансамбльдері, Маяковский, Жамбыл атында?ы, Георгиевка, Белтерек мектептеріндегі халы? ?лт-аспаптар оркестрі зор беделге ие болды, оларды? концерттік ба?дарламалары ?лкен табыспен ?тіп жатты. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ХХ ?асырды? 50-90 жылдарында?ы Жарма ауданыны? м?дени дамуы. »

ХХ ғасырдың 50-90 жылдарындағы Жарма ауданының мәдени дамуы.

«Бақыршық орта мектебі» КММ-нің

тарих пәнінің мұғалімі

Шынар Мұхтарханқызы Темирханова



Қоғам дамуының тарихында, адамдардың өмірінде мәдениет әрқашан екпінді роль атқарады. Кеңес кезінде Жарма елінің мәдени және рухани дамуына, коммунисттік идеология жалауында болып келсе де, жан – жақты жағдай жасалынды.

1950 – 60 жылдарда көркемөнерпаздар үйірмесі кең қанат жая бастады. 1957 ж. Жарма аудандық мәдениет үйінің хоры, эстрада оркестрі облыстық бірінші фестивальде зор табысқа ие болды. Әртістер өз өнерін ауданнан тыс жерлерге де көрсетіп жүрді.

Қазақстанның 40 – жылдығына арналған облыстық байқауда жүлделі үшінші орын алды. Георгиевкадан Карпушаның, Шардан Байдосова мен Насонованың туындылары облысқа кеңінен тарады, халық олардың өнерлеріне сүйсіне қол соқты. Осы жылдары республикалық байқаудың лауреаты Бірліктегі «Арай», Шардағы «Жас терек», «Әсем», Қаратөбедегі «Алаш», Қаражалдағы «Армандастар», Үшбиіктегі «Еңрекей сазы», «Әуен», «Мектептегі жылдар», Қызылағаштағы «Аққу» қыздар ансамблі, Скотоимпорттағы «Желтоқсан», Сұлу сары, Ақжал, Новореченск, Георгиевкадағы республикалық «Арай» фестивалінің лауреаттары Қ.Ауғанбаев, Ғ.Рымбаев басқарған вокалды – аспаптар ансамбльдері, Маяковский, Жамбыл атындағы, Георгиевка, Белтерек мектептеріндегі халық ұлт-аспаптар оркестрі зор беделге ие болды, олардың концерттік бағдарламалары үлкен табыспен өтіп жатты.

Жарық ауылындағы ұлттық аспаптар оркестрі республикада өнері асқан ұжымдардың қатарында болды. 1967 ж. құрылған шағын домбыра үйірмесі 1968 ж. оркестр болып ұйымдастырылды.

1978 ж. наурызда халық ансамблі атағына ие болды. Көркемдік жетекшілері А.Ізғұтов, М.Әйтікенов болды.

Оркестр 1978 ж. Мәскеуде болып КСРО ХШЖК – де 8 қазан күні РСФСР мен Украина өнепаздарынан соң үшінші болып өнер көрсетті. 1978 ж. КСРО, 1979 ж. Қазақ ССР ХШЖК – нің, 1978 ж. Қазақстан кәсіподақтары кеңесінің дипломдарымен марапатталды. 1977 ж. көркемөнерпаздарының бірінші бүкілодақтық фестивалінің лауреаты атанды.

1985 ж. Мәскеуде аса ірі мәдениет ошағы КСРО мемлекеттік академиялық Үлкен театры совхоз оркестрін Бүкілодақтық көркемөнерпаздар шығармашылығы байқауының лауреаты дипломымен марапаттады. Оркестрдің 33 мүшесіне, атап айтқанда, А.Зготов, Б.Әмірханов, Т.Файзуллин, Л.Жолдасбаева, Н.Әубәкірова, Ү.Ғалиева, т.б. лауреат медалі тапсырылды.

Оркестрдің алғашқы ұйымдастырушысы М.Әйтікенов, У.Айдаболов.

М.Әйтікенов те әуесқой сазгер. Оның «Есімде», «Село жастарының вальсі», «Сағыныш», «Бұлбұлым менің» әндерімен қатар «Арман асуы», «Жас қанат» атты күйлері бар. Өнер жолында сіңірген еңбегі үшін ол 1972 ж. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.

Сонымен қатар, Жарма ауданында бірнеше театрлар халыққа қызмет көрсетті, дегенмен ішінде шынымен де халық ықыласына бөленіп, «Халық» театры атанған екі татер болды. Атап өтсек, Белтеректегі халық драма театры және Михайловка халық драма театры.

Белтеректегі театр 1964 ж. драмалық үйірмеден бастаған көркемөнерпаздар ұжымы 1985 ж. халық деген мәртебелі атаққа ие болды. Белтеректіктер бір актілі шағын пьесалардан бастап, О.Бодықовтың «Қанжар мен домбыра» сияқты күрделі туындыларын сахнаға шығару дәрежесіне көтерілді. Республикалық халық театрларының байқауында үш рет (1985, 1987, 1988) құрметті атақтарын қорғап, лауреат атанды.

Михайловкада 1973 жылы селолық клубқа қарасты халық театры құрылып, 1978 жылы оған Халық драма театры атағы берілді. 1975 жылдың 15 қазанынан бастап режиссері Муканова Б. Құрамында небәрі 26 адамнан құрылған шағын коллектив Муканованың бастауымен екіактілік А.Шамкенованың «Уәде» спектаклі, Кумарованың «Кешір мені», Кумарованың «Бір бойдақтың хикаясы» атты бір актілі пьесаларын қойды. 1975 жылғы мәлімет бойынша барлығы 8 спектакль қойылды. Оның ішінде М.О.Әуезовтың «Еңлік-Кебек», Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян Сулу», А.Әбішевтің «Белгісіз батыр» пьесалары болды. Осы спектакльдерімен олар тек қана Михайловкада емес, сонымен қатар Георгиевка селосы, Жарма, Үш биік, Скотовод, т.б. совхоздарға гастрольдік іс-сапармен шыққан болатын.

1985 ж. ұйымдастырылған Қапанбұлақ ауылындағы үлкендер және балалар хорынан, үгіт бригадасынан, драма үйірмесінен, домбыра оркестрі, 2 отбасынан тұратын көркемөнерпаздар ұжымы жемісті жұмыс атқарды. Үш рет аудандық байқауларда бірінші орын алған бұл мәдениет ошағы таңдаулылар қатарында облыс, республика астанасында өнер көрсетті.

Өнер байқаулары жеңімпаздары ішінде «Октябрь» совхозы халық театры /жетекшісі – М.Иманжанов/, «Шалабай» совхозындағы халықтық атаққа ие болған ұлт аспаптары оркестрі /жетекшісі – Б.Рахпанова/ т.б. мәдениет ұжымдары бар.

Жарма ауданында 50 – ші жылдардың аяғында автоклубтар, яғни шалғайда жатқан сельхоз, совхоздарға жіберілетін арнайы агитбригадалар құрыла бастады. Әрбір автоклуб өзіне берілген аймақта қызмет етеді. Мысалы, 1972 жылғы мәліметтер бойынша район көлемінде 12 автоклуб жұмыс істеді. Ауданның мәдениет бөлімшесі жазда 350 мал өсірілетін нүктелердегі 2800 адамды, қысқы кезде 220 мал өсірілетін нүктелердегі 1969 адамдарға қызмет көрсетеді. Автоклуб №1 Михайловка совхозында орналасқан. Автоклуб №2 киномеханигі шофер Питковский армияға шақыртылды. Машина агитпоездбен бірге тұр. Автоклуб №3 Кезенсу совхозын жұмыс істейді. Автоклуб №4 Қызмет ететін ауданы – Скотовод совхозы. 10 ақпаннан бастап рейске шығады. Автоклуб №5 қызмет ететін ауданы – Жарма сельхозы. Автоклуб №6 кадрлармен мамандандырылған. Қызмет ету ауданы – Октябрь совхозы. Автоклуб №7 – киномеханик жоқ, саймандары жөндеуде. Қызмет ету ауданы – Шар совхозы. Автоклуб №8 – Қызмет ету ауданы – Шалабай сельхозы. Автоклуб агитпоезд құрамында.

1970 жылы ауданның қазіргі шекарасында 1 мәдениет үйі, 70 клуб, 71 кітапхана, оның ішінде 40 мемлекеттік көпшілікке арналған, оның 33 селолық, 3 қалалық, 2 балалар, 1 райондық кітапхана жұмыс істеді. 3 кітапхана «Ең жақсы жұмыс істеген кітапхана» деген жүлдеге ие болған – Батурин селолық, Новоречка және райондық балалар кітапханасы. 1975 ж. тағы да жаңадан 9 кітапхана ашылды. Ал аудан құрылған жылдары небәрі 2 клуб, 3 кітапхана бар болатын.

Аудан бойынша 6 вокалды инструменталдық ансамбль жұмыс істейді, соның ішінде 1971 жылы құрылған «Арай» ансамблін атап өтуге болады. Жетекшісі – С.Ахметкалиев.

1972 жылы жаңа ашылған Шар районына 14 кітапхана, 2 клуб, 2 мәдениет үйі, 4 автоклуб, 1 балалар кітапханасы, 2 қалалық типтегі кітапхана беріледі.

1966-72 жылдардағы мәдениет мекемелерінің атқарған іс-шаралары мынадай мәселелерді қамтыды: 1) Құқықтық білімді насихаттау; 2) КОКП-ның 24 съезіндегі материалдарды насихаттау; 3) Село мәдениетінің деңгейін көтеру.

Район бойынша құқықтық білімді насихаттау кең көлемде жүрді. Осы кезде тематикалық кинофильмдер қойылып, тематикалық кештер, диспут, оқу конференциялары өткізілді. Соның ішінде Шалабай совхозында 1971 жылы тамызда ұйымдастырылған декаданы атап өтуге болады. Бұл декадада 10 лекция және «Адам және құқық» журналы жайлы 18 әңгіме өткізілді. Дегенмен кейбір кинотеатрларда айлық пен декадалар мүлдем өткізілмеді. Соның ішінде Шар, Жалғызтөбе, Михайловка, Белтерек мекемелерінде 1971 жылы клубтарда құқықтық білім жайлы лекция өткізілмеді.

Кітапханаларда кітап қойылымдары, стенд-тематикалық іс - шаралар өткізілді, дегенмен, әдебиеттер саны жеткіліксіз. Сондықтан Первомай совхозында, Юбилейный, Солнечный поселкелерінде құқықтық білімді насихаттау жөнінде оқу конференциялары өткізілді.

Дегенмен, бұл саладағы жеткен жетістіктері де аз емес. Атап өтсек, 1968-1971 ж.ж. аралығында районда 3 қалалық кітапхана, яғни Жалғызтөбе, Юбилейный және Октябрьский поселкелерінде және Бақыршықта мәдениет үйі ашылды. Мекемелердің материалдық базасы күшейтілді, осылай 1969 жылы Үшбиік, Қайран, Ақдіңгек, Вознесеновка, Покровка, Ортабұлақ, Қараш, Кезенсу кітапханалары ескі мекемелерден жаңа ғимараттарға көшті. 1971 жылы мәдениет бөлімінің орталық ақша қорынан жаңа стеллаждар алуға қаржы бөлінді. Осылай жаңадан 186 стилаж алынып, Ортабұлақ, үш қалалық Енрекей, Үшбиік, Покровка, Вознесеновка, және шағын кітапханаларға бөлініп берілді.

1969 – 1970 ж.ж. көптеген кітапханалар «Ең үздік кітапхана» атағын алуда күресті. Жүлделі орындарға райондық балалар кітапханасы (зав. Сополева), Новоречкалық (зав. Бугаева), Солнечный пос. (зав. Самойлова), Батуриндік (зав. Сагимбаева), Жармалық (зав. Жоддасбаева) кітапханалары ие болды. Сонымен қатар аудан көлемінде В.И.Лениннің 100 жылдығы атап өтілді.

1973 жылы КОКП – нің 70 жылдығына арнайы өткізілген көркемөнепаздар сайысында райондық шаруашылықтардан 38 ұжым, 1260 адамдай қатысты. Соның ішінде 1 – ші орынға – Первомай совхозы, Екінші орынға – Скотовод совхозы, үшінші орынға – Расцвет колхозы ие болды. 270 – тен астам адам сыйлықтармен марапатталды. Район облыстық көріністе екінші орынға иеленді,ал қатысқан 80 адамға құрмет грамотасы берілді.

Осы жылдардағы кітапханалар жұмысына тоқталсақ, Жарма районы бойынша тек 5 кітапхана тексерілді.

1974 жылғы мәліметтер бойынша мәдениет мекемелерінің барлығы село жұмысшыларының мәдениетін дамытуды қолға алды. Мәдениет бөлімінің кеңесі осыған қатал бақылау жасады. Мысалы: Кеңесте Мәдениет үйінің район көлемінде өтетін көркемөнерпаздар көрінісі туралы дайындық жұмыстары тыңдалды. Әр квартал сайын клуб жұмысшыларымен, айына екі рет автоклуб жұмысшыларымен семинарлар өтікізіледі. Квартал сайын селолық клубтардың жұмысының қорытындысы жасалынып отырды. Нәтижесінде селолық клубтарға көп көңіл бөлінетін Разин Селолық Кеңесі – төрағасы К.С.Борзенко, Скотовод селолық Кеңесі – төрағасы М.Тулебаев.

1980 жылы мәдениет бөліміне қарасты 41 селолық кітапхана, 10 автоклуб, 12 селолық клуб, 1 аудандық мәдениет үйі жұмыс істеді.

Автоклуб меңгерушісі Сағымбаев А. мал бағушылардың арасында «Кейінгі хабарлар», «Халықаралық мәлімет» рубрикасы бойынша политинформациялар жүргізді.

80-шы жылдардың ІІ жартысында клубтық мекемелерге қызуғышылық арта түскенімен халық арасында көркемөнепаздар және көпшілік іс-шараларға қатысушылар саны азайғаны байқалды. Дегенмен мәдениет мекемелерінің жұмысшылары түрлі форма және әдістермен көпшілік арасында экономикалық және мәдени өмірдегі жетістіктерін насихаттауға тырысады.

1989 жылы Жарма ауданында 14 селолық клуб, 7 профсоюздық, 2 колхоздық, 1 аудандық мәдениет үйі, 24 қоғамдық клуб және қызыл бұрыштар бар.

Осы жылдан бастап Жарма ауданында жаңа дәстүрлер енгізіле бастады. Оның ішіне қысты шығарып салу, Наурыз мейрамын, балалар мейрамын атап өту, т.б.

Наурыз мейрамында Георгиевка селосында орталық алаңда көшелер мейрам эмблемасы – қағаздан жасалған раушан гүлдері мен транспоранттармен безендірілген. Жүргізушілері – Орта бұлақ мектебінің мұғалімі Мұхамадиев М. Және «Молшылық үшін» газетінің қызметшісі М.Зүкенов. Осы мейрамда Октябрьск совхозының қатысушылары «Алдар көсе және Шығайбай» ертегісін көрсетсе, Жарма совхозының көркемөнепаздар үйірмесінің қатысушылары «Наурыз» композициясыун орындады. Сонымен қатар, қазақ халықының ұлттық ойындары, соның ішінде қыз қуу, теңге алу, көкпар, ақындар айтысы, қазақша күрес, тоғызқұмалақ және дойбы ойындарынан жарыстар өткізілді.

Вознесеновка селолық клубында (меңгерушісі Мирасимова) жаңа туған нәрестелерді және жұбайларды тіркейтін бөлме ашылды.

Воронцовка клубында Сымбат – 89 сұлулық сайысы өтті. Бұл сайыстың жеңімпазы – Жамбыл атындағы Воронцовка мектебінің оқытушысы Ж.Зияданова атанды.

Мәдениеттің басты бір көрсеткіші – халық – ағарту ісі. Соғыстан кейінгі кезеңде басты назар сол соғыс жылдарының ауыртпашылықтары мен қиыншылықтары салдарынан мектептерді тастап кеткен оқушыларды оқуға тарту, мектеп қосымша, класс бөлмелерін салуға аударылды. Оқулықтар мен оқу құралдары жетіспеді. Мектептер тез арада жоқшылықтан қол үзіп кете алмады. Мектептерге көмек көрсету күндері, апталықтар мен айлықтар және сенбіліктер өткізу кең өріс алды. 1947 – 1949 ж.ж. Мырзағұл, Құдас, Бірлікшіл, Разин, Қапан-Бұлақ, Түрксіб селолық кеңестерінде жаңа мектеп үйлері салынды.

Халық ағарту жүйесінде осы жылдары кешкі мектептер мен сырттай оқытатын мектептер кең орын алды. Ересек балалар үшін Жарма ауданындағы алғашқы жастар мектебі 1944 жылы Ақжал мен Балажалда ашылды. Бұл мектептерде кезінде бір себептермен оқуын аяқтай алмай қалғандар енді бір жағынан жұмыс істей жүріп оқыды.

1951 жылы ұйымдастырылған Шардағы жұмысшы жастар мектебін (директоры, соғыс ардагері Нәсір Кенбаев) ширек ғасыр ішінде 1810 адам бітіріп шықты. 1940 жылы Бөкеде ашылған жеті жылдық оқу орны , 1953 жылы Орта мектеп болып қайта құрылды. Мектептің алғашқы директоры ағарту ісінің ардагері, бұған дейін педагогикалық ұжыммен жұмыс істеу тәжірибесі бар Сіләмхан Әміров тағайындалды.

Сол жылдарғы заң бойынша 7 жастан 15-16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер үшін жалпыға бірдей міндетті сегізжылдық оқу енгізілді. Сонымен қатар еңбекке баулитын политехникалық он бір жылдық мектептер құру жүзеге аса бастады.

Мектеп туралы заңдарды жүзеге асыруға аудан мұғалімдерін жұмылдыру ісінде Жарма және Шар аудандарының мұғалімдер конференциялары маңызды роль атқарды. Бұл жиындарда мектептерді қайта құру ісінің алғашқы қорытындыларын шығарып, оқуды политехнизациялау, жасөспірімдерге тыңғылықты терең білім беру, еңбекке дағдыландыру және саналылыққа тәрбиелеу жөнінде таңдаулы мұғалімдердің шығармашылық ізденулері мен бағалы тәжірибелерін терең және жан-жақты талқылап, таяу уақыттың ішінде педагогтардың білім дәрежесі мен шеберлігін арттыруға бағытталған шаралардың кең және нақты бағдарламасы белгіленді.

1959 жылы Белтеректе сегізжылдық мектеп ашылды. 1960 жылы 25 мектепте оқу шеберханасы болды, 4 мектепте машина жүргізуді үйретті, 3 мектепте физика, 1 мектепте биология кабинеттері жабдықталды. Мыңға жуық оқушы өндірістік бригадалар мен мектеп жанындағы тәжірибе участоктерінде еңбек етті.

Қараш ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы сегізжылдық мектеп жанындағы тәжірибе участогі республикалық байқауда ең таңдаулылар қатарында аталды. Мектептің озық тәжірибесі Қазақ КСР Оқу Министрлігінің педагогика ғылымдарының ғылыми – зерттеу институты шығарған. «Ауыл мектебінде оқу-тәрбие жұмысына басшылық» жинағында көрініс тауып, республика көлемінде озық тәжірибе ретінде таратылды. Тәжірибе участогіне тікелей басшылық жасаған биология – география пәнінің мұғалімі, мектеп директоры Сіләм Хасенов 1955 жылы «Оқу-тәжірибе участогінде практикалық жұмысты үлгілі ұйымдастырғаны үшін» Қазақ КСР Оқу Министрлігінің грамотасымен, соңынан «Тың жерді игергені үшін» медалімен марапатталады.

Білім берудің жаңа мазмұынына көшу процесінде белгілі бір ғылым саласындағы жұмысқа оқушылардың бейімділігін қалыптастыратын факультативтік сабақтар пайда болды.

1975 – 76 оқу жылында факультативтік сабақтармен 1050 оқушы қамтылды. Оқу жылының қорытындысында аудан көлемінде балалардың сабақ үлгерімі 99,1 пайызға жетті. 22 мектеп, 62 сынып, 500-ден астам мұғалім оқу жылын толық үлгеріммен аяқтады. Оқу сапасын арттыруда № 235, 236, Абай (Ш), Горький атындағы, Бақыршық, Суықбұлақ орта мектебі, Черниговка, Қараш, Некрасов атындағы сегізжылдық мектептердің мұғалімдер ұжымы жақсы табыстарға ие болды.

ХХ ғасырдың 60-80 жылдары табиғаты әсем Бөке бөктерінде орналасқан оқушылардың жазғы «Достық» лагері үлгілі ұйымдастырлыумен аты алысқа мәлім болып аудан «Артегі» атанған болатын.

70 жылдары мектеп практикасына кабинеттік жүйе бойынша оқыту кең өріс ала бастады. Бұл жүйе бойынша Қызылағаш орта мектебінің ұжымы алдыңғы орынға шықты. Мұнда кабинеттердің байқауын өткізу дәстүрге айналған. Нәтижесінде аудан бойынша бұл ұжым кабинеттік жүйені қолдану бағытында алдыңғы орындардан көріне білід. Мұнда алғаш рет ауданда лингафон кабинеті жұмыс істеді. Кабинеттерді тиімді пайдалана білуде Т.Үркімбаева, И.Иманғалықов, С.Серікбаев, А.Рахымбаева, А.Жұмақанова, Г.Әбдилдинова, Р.Малғаждарова, т.б. ынталы жұмыс істеді.

Мектептерде кабинеттер құру мен жабдықтауда кәсіпорындардың, совхоздардың, мекемелер мен ұйымдардың көмегі зор болды. Бақыршық мектебінің негізінде өткізілген «Кабинеттік жүйеге көшу жағдайында мектептегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру» тақырыбндағы семинар – кеңестің маңызы зор болды. Семинарға қатысушылар оқу кабинеттерін ұйымдастыру жүйесімен, көрнекі және техникалық құралдарды және дидактикалық материалдарды жүйелеу және сақтау тәсілдерімен, сол сияқты оларды қолдану методикасымен танысты.

1976 жылы Жарма өңіріндегі мектептерде металл өңдейтін 13, ағаш өңдейтін 14, аралас 4 шеберханалар болды. Орта және сегізжылдық мектептердің бәрінде тәжірибе учаскелері жұмыс істеді. Мысалы, 1984 жылы Қызылағаш мектебіне 23 оқушыдан тұратын «Өркен» атты өндіріс бригадасына 6000 тоқты белгіленіп берілді. Оқушылар кезекпен бағып, күтіп әр бастың күндік салмағын 60 грамм орнына 117 граммға жеткізді. Сөйтіп бір жарым ай ішінде 268 центнер қосымша салмақ алады. Әрбір оқушы 350 сомнан еңбек ақы қаратты.

Сол жылдары өзіндік шығармашылық ізденіспен көзге түсіп, өз қолтаңбасымен танылған ұстаздар қатарында Н.Оразбаева, М.Шақпақбаева, Н.Карпачева, А.Хрунина, З.Нұрсәтенова, Л.Сәрсенбина, М.Рысақов, А.Құмаров, т.б. бар. Мұғалімдердің сапалы құрамы да жылдан-жылға жақсара түсті. 1980 жылы аудандағы 66 мектепте еңбек ететін 1196 мұғалімнің 890 да жоғары білім болды. Ал, 1975-76 оқу жылында 1110 мұғалімнің тек 610 да ғана жоғарғы білімі бар еді.

Қарасу орта мектебінің картоп – көкөніс өсіретін бригадасы нәтижелі жұмысымен көзге түсті. Мысалы, 1985 жылы олар бекітіліп берілген 5 га жердің әр гектарынан 12 ц. өнім алып, 30 мың сомға таза пайда келтіреді.

1980-жылдардың екінші жартысында мектеп реформасын жүзеге асыру, алты жасарларды мектепке қабылдау, «Информатика және электрондық-есептеу техникасының негіздері», «Өндіріс негізі», «Семья тұрмысының этикасы мен психологиясы» сияқты жаңа пәндердің енгізілуі білім бөлімі, мектептер ұжымы жұмысының негізгі мазмұнын құрады.

1984 жылы Жарма өңіріндегі мектептерден 29 адам автомашина жүргізу, 285 механизатор, 27 құрылысшы мамандығы куәлігін алып шықты. Осы жылы 1150 оқушы өндіріс бригадалырында, 880 оқушы еңбек және демалыс лагерінде, 3456 оқушы мектеп жанындағы учаскелерде, 640 оқушы маусымдық бірлестіктерінде еңбек етті.

Еңбекшілердің мәдени өмірінде басты бір буын халық университеттері болды. Алғаш Жарма жерінде халық университеті Бөкеде 1961 жылы ашылды. Мұнда өнер, білім қайраткері туралы сабақтар мүмкіндігінше өтіп, артынан көркем фильммен, әнмен, бейнелеу – сурет шығармаларының көрмесімен т.б. көрнекті құралдармен пысықталып отырды. Мсәелен, «Ш.Уәлиханов – қазақ халқының тұңғыш ғалымы» деген тақырыпта лекция соңынан «Оның күні келеді» фильмі, М.Шолохов туралы әңгіме болғанда «Тынық Дон» фильмі көрсетілді. Қоғамдық негізде жұмыс істеген бұл университеттің жұмысын бес адамнан құралған комиссия басқарды. Оның құрамында кеніш интеллигенттері Қ.Әділғазин, К.Нұрсұлтанов, К.Балтабаева, Н.Франачев және кеншілер клубының меңгерушісі, драма театрының әртісі П.Селиховтар кірді.

Университет сабақтарының ойдағыдай өтуіне кітапхана, клуб жанындағы 46 адамнан құралған көркемөнепаздар үйірмесі үлкен көмек көрсетіп отырды.

Халық универсиеттері жоғары өнер оқу орындарының міндетін атқармаған, оның лекциясының тақырыбы тыңдаушылардың тілегіне қарай белгіленді. Мұндағы мақсат – тыңдаушылардың өз бетімен әдебиет пен өнерді, басқа ғалымдарды үйретуге дағдыландыру.

Тарихтың өзекті арнасы – жеке тұлғалардың, тарихи қайраткерлердің туған еліне, халқына сіңірген еңбегін, олардың қоғамдық-саяси және әлеуметтік процестердегі ролін ашу болып табылады. Киелі Жарма өңірінен шыққан, республика көлемінде аса танымал ақын – жазушылардың қатарына Тұрсынхан Абдырахманова, Қалихан Алтынбаев, Әзілхан Нұршайықов, Мәуітқазы Зүкенов және т.б. жатқызамыз.

Тұрсынхан Абдірахманова – Қазақстанның халық жазушысы, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, филология ғылымының докторы, Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, көрнекті ақын. Ол 1921 жылы 5 қарашада Жарма ауданы Бөке ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Абай елінде 1941 жылы мұғалім, мектеп директоры болып бастады. Абай, Аягөз, Шар аудандарында партия, комсомол жұмысында болды.

1950 – 1954 ж.ж. «Қазақстан әйелдері» журналында, 1963 – 1966 ж.ж. республикалық Баспасөз комитетінде, 1969 – 1986 ж.ж. ҰҒА-ның әдебиет институтында жемісті еңбек етті. Тұңғыш өлеңдер жинағы 1959 ж. «Ән» деген атпен жарияланды. Оның қаламынан жиырмадан астам жинақтар туындап, оған әннен-әнге «Шырқау», «Кілт», «Сыр сандық», «Кемел», «Мерей», «Көгершін көңіл» өлеңдері, «Дала қызы», «Анар», «Қыз көл» т.б. поэмалары кірді.

«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен,грамоталармен марапатталды. 1984 жылы «Қазақстан халық жазушысы» деген атаққа ие болды.

Келесі - ақын Қалихан Алтынбаев 1927 жылы Семей облысы, Жарма ауданы, Ақжал мекенінде дүниеге келген.

Анасы – білгір, сөзге шешен болған, ал әкесі – білімді, дарынды, домбырада шебер ойнап, қазақ қиссаларын жатқа айтады. Болашақ ақын домбыра үнімен уанып, бесігін жырын жастай тыңдап өскен. Оның ақындық жолға түсуіне әсер еткен нағашысы Сапарғали Әлімбетов. Он бес жасында халық ақындары Төлеу Көбдіков пен Сапарғали Әлімбетовтың қасына еріп, Жарма, Аякөз, Шұбартау аудандарын аралап, соғыстан күйзелген ел көңілін көтеріп, ерлікке, еңбекке шақырған өлең, жыр айтып, «Бала ақын» атанды.

Алғаш өзінің ақындық өнерін 1947 жылы өткізілген колхозаралық айтыста «Еңбекші» колхозы атынан шыққан Көсембек Байқұтановпен сайысқа түскенде сынайды. Осы өнер сайыстарынан соң Қалихан Алтынбаев айтыс қағысына өздігінен мықтап дайындала бастайды. Содан бері 29 рет, оның 9-ы республикалық, қалғандары облыстық, аудандық ақындық сайысына түсіп, соның 26-ында жеңімпаз атанды.

Қалихан облыс аудандарында айтысып жүріп, 1957 жылы 30 жасында республикалық айтыс сахнасына алғаш шықты. Мұнда бірден көтеріліп, дауылпаз ақын Тәңірберген Әміреновпен жыр сайысына шықты. Осы жылы Қалихан айтыс шымылдығын ашты деуге болады.

Ауданым аты шулы Жармам менің,

Самал тау, сырнайы өзен арнам менің

Секілді жаңа Семей сыяды үшеу

Жеріме жеке бөліп алғаш менің

Кен қазып, мал өсіріп, егін еккен

Кәсібім, қаракетім, алуан менің

Айтыстары мен өлеңдері «Ақындар жыры», «Қазақтың қазіргі халық поэзиясы», «Жамбыл және қазіргі қазақ поэзиясы» т.б. жинақтарында басылды. Ақынның 1983 жылы «Дала бесік», 1985 жылы «Қиял қанатында», 1997 жылы «Қалбатау» атты таңдамалы жинағы жарық көрді. Оның шығармашылығы туралы белгілі ғалымдар, өнер адамдары Ғ.Мүсірепов, Е.Ысмайылов, М.Қаратаев, Ә.Нұршайықов т.б. ретті пікірлер айтқан.

Ақын 1958 – 1987 ж.ж. Жармадағы «Молшылық үшін» , Көкпекті аудандық газеттерінде еңбек етті. Қазақстан Жазушылар Одағының «Абай» журналының ақылдастар алқасының мүшесі, «Көкпекті ауданының құрметті азаматы».

Ол туған өлкеге, жеке тұлғаларға байланысты бірнеше зерттеу мақалаларын жариялады.

Әзілхан Нұршайықов – жауынгер жазушы, журналист. 1922 жылы 15 желтоқсанда Жарма ауданы, Ақбұзау ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Қапанбұлақ ауылында мұғалім болудан бастады. Ұлы Отан Соғысына қатысты. Семейде, Павлодарда, Алматыда қазақ баспасөзінің дамуына үлкен үлес қосты. Қазақ энциклопедиясында, ҰҒА-ның әдебиет институтында еңбек етті. «Алыстағы ауданда», «Ертіс жағасында», «Менің Қазақстаным», «Махаббат жыры», т.б. кітаптары бар. «Махаббат қызық мол жылдар», «Аңыз бен ақиқат» туындылары оны жұртшылықтың алғысына бөледі. «Қазақстан халық жазушысы», Қазақ ССР-і Мемлекеттік сыйлықтың және А.Фадеев атындағы күміс медалінің лауреаты.

Қазақстан КП-ның Х съезінде делегаты, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасына бірнеше мүше болып сайланды. 2 дәрежелі Отан соғысы, 3 дәрежелі Даңқ, Халықтар Достығы, «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдардың иегері.

Аудан орталығындағы бір көшеге жазушы есімі берілген. 2000 ж. шығармалар жинағы жеке кітап болып шықты.

Зүкенов Мәуітқазы – 1933 жылы қазіргі Қызылағаш округіне қарасты «Аққұлын» бұлағының бойында туған. Ақын, журналист, ұстаз. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қызылағаш мектебінде мұғалім, «Қалбатау» совхозы жұмысшылар комитетінің төрағасы, «Рауан - Восход» - газеті редакторының орынбасары болып қызмет атқарды. «Михайловка», «Скотовод» совхоздарында халық театры мен ұлт аспаптар оркестрін құрды. Бірнеше ән шығарды. 1999 ж. әр жылдары жазған өлеңдері, поэмаларынан үзінділер кірген «Бес белес», 2000 жылы соғыс майдангерлерінің ерліктері жайлы «Дала қырандары» кітабы шықты. Ол 9 рет аудандық, облыстық айтыстарға қатысып, жүлде алды.

Осыдан, Жарма ауданының 1950-1990 жылдар аралығындағы мәдени жетістіктерінің жоғары деңгейде болғанын көреміз, себебі осы өлкеде құрылған оркестр, театрлар тек аудан көлемінде ғана емес, бүкіл одақтық көлемде үлкен табыстарға жеткен. Жиналған көптеген деректік материалдарда көбіне коммунисттік – идеологиялық көзқараста болғанын да көруге болады.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
ХХ ?асырды? 50-90 жылдарында?ы Жарма ауданыны? м?дени дамуы.

Автор: Темирханова Шынар Мухтархановна

Дата: 19.10.2015

Номер свидетельства: 241582


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства