Алашты? аяулы азаматы, белгілі ?о?ам ж?не мемлекет ?айраткері, ?за? жылдар бойы ?аза?станны? ?леуметтік-м?дени саласыны? ?ркендеуі жолында аянбай е?бек етіп, халы? ??рметіне б?лене білген Шыра?бек ?абылбаев Ке?естік д?уірде жасап, ?міршіл тоталитарлы? ж?йе мен коммунистік идеологияны? шектеулеріне к?не, т?зе ж?ріп ?з хал?ына адал ?ызмет ете білген жан.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Хал?ына ?ызмет еткен Шыра?бек ?абылбаев»
Тақырыбы:«ХАЛҚЫНА ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ШЫРАҚБЕК»
Алаштың аяулы азаматы, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, ұзақ жылдар бойы Қазақстанның әлеуметтік-мәдени саласының өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп, халық құрметіне бөлене білген Шырақбек Қабылбаев Кеңестік дәуірде жасап, әміршіл тоталитарлық жүйе мен коммунистік идеологияның шектеулеріне көне, төзе жүріп өз халқына адал қызмет ете білген жан.
Ш.Қабылбаевтың туып өскен ортасы бұрынғы Семей облысы, Абыралы ауданындағы Қайнар селосының маңындағы Қарашоқы деген жер. Жастайынан жоқшылықтың зардабын көріп өскен ол, басында ауыл мектебінде оқып, кейін Семей қаласындағы педтехникумға түсіп, білімін өз бетімен оқып одан әрі жалғастырады. Бұл кездегі Семей қаласы – қазақ зиялыларының жинақталған жері, әрі Алашорданың шығыс бөлімінің орталығы, мәдениеттің де шоғырланған жері болып саналатын. Ол кезде педтехникум сияқты оқу орны білім іздеп келген ауыл жастары үшін қол жетпейтін армандай көрінетін. Шәкең оқыған техникумда сол кезде Әбікей Сәтбаев, Мұхтар Әуезов сияқты қазақтың озық ойлы өкілдері дәріс берді.
Осындай ортада жүріп оқып, білім алу Шәкең сияқты зерек ауыл баласына қатты әсер етті. Педагогтар дайындайтын техникумда ол қазақ зиялыларының бай мәдени мұраларын оқып, зерделей жүріп орыс тілі мен әдебиетін де жете меңгеруге мүмкіндік алып, заман талабына сай маман болып шығуға тырысты. Жігерлі жастың бұл еңбегі зая кеткен жоқ, техникум қабырғасында жүргенде алған білімі мен тәрбиесі оның кейін түрлі қызмет баспалдақтарынан сүрінбей өтуіне зор көмек жасады.
Ол Семейдің педтехникумын 1931 жылы ойдағыдай бітіріп, қызмет жолын бастады. Арнайы педагогикалық оқу орнын бітірсе де, оған халыққа білім беру жүйесінде қызмет істеуге мүмкіндік бола қоймады. Өйткені елдегі азамат соғысы аяқталғаннан кейін қызыл армия жүйесінде түрлі әскери реформалар жүргізіліп, ұлт аймақтарында ұлттық әскери бөлімдер мен құрамаларды жасақтау ісін үкімет қолға алып, Кеңес мемлекетінің қорғаныс қабілетін нығайту мәселесі күн тәртібіне қойылды. Шәкеңнің оқуды аяқтау кезі осындай шаралармен тұспа-тұс келуімен бірге, өзінің әскери борышын өтеу мақсаты тұрды. Ол 1932 жылы әскер қатарына шақырылып, Алматы қаласына орналасқан қазақ ұлттық атты әскер полкінің құрамында жауынгерлік дайындықтан өтіп шыңдалды. Қазақ ұлттық әскери полкі орналасқан Алматы қаласы Қазақ республикасының жас астанасы ретінде жаңа ғана бой түзеп келе жатқан кезі болатын. Шәкең осы қаланың жасыл желекті әсем көшелерін қызықтай жүріп, өз өмірінің аяғына дейін оның тұрғыны болып қалатынын, ол кезде қайдан білсін.
Армия қатарындағы қызметі аяқталысымен жас офицер ОГПУ, НКВД жүйесіндегі қызметтерге тартылып, түрлі дайындықтардан өтіп, арнайы курстарда оқып, чекистік мамандықты меңгерді. 1934-1938 жылдары Ішкі істер халық комиссариатының және қауіпсіздік органдарының түрлі басқармаларында әртүрлі қызметтер атқарды. Ол кезде бұл салада қызмет атқаратын білімді қазақ ұлтының өкілдері тым аз болатын.
Ол 1938 жылдан бастап Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің құрамында партиялық қызметте болды. Бұл қызметті Шәкең 1954 жылдың тамызына дейін істеп, онда ол қызмет баспалдақтарының түрлі сатыларынан өтті. Партияның орталық аппаратында ұзақ жылдар бойы жауапты қызмет атқару Шәкеңнің саяси жағынан шыңдалып, оның партиялық ұйымдастыру жұмысы жағынан іскерлігін арттыра түсті. Ол қызмет бабымен республиканың облыс, аудандарын аралай жүріп, елдің, жердің тарихы, оның адамдары жөнінде, әсіресе басшы кадрлары жөнінде кең мағұлматы бар жан болатын. Оның бұл көрген-білгендері, оқығаны мен тоқығандары республиканың партиялық, ал кейіннен Ішкі істер министрлігін басқару қызметі кезінде оның тәжірибелі басшы екенін елге таныта білді.
1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысы кезінде өшпес даңққа бөленген әскери құрамалардың бірі 316-атқыштар дивизиясы болғаны бәрімізге жақсы белгілі. Генерал И.В.Панфилов басқарған бұл әскери күш 1941 жылы шілде, тамыз айларында Алматыда жасақталып, сол жылдың күзінде майданға аттанғантын.
Қазақстан үкіметі 1941 жылдың желтоқсан айында алғашқылардың бірі болып, Мәскеу үшін болған шайқаста асқан ерліктің үлгісін көрсеткен, сөйтіп гвардиялық құрама деген құрметті атаққа ие болған, Алматыда жасақталған, бұрынғы 316 атқыштар, ал кейін, 8-ші гвардиялық дивизия болып аталған құраманың жауынгерлеріне сәлем-сауқат тиелген эшалон жөнелтуді ұйғарды. Оны апаратын делегация құрамының бастығы етіп Қабылбаев Шырақбекті тағайындайды. Шәкең бұл кезде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде бөлім меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқаратын. Делегацияның құрамына республикаға белгілі, тылда қажырлы еңбектерімен көзге түскен халық өкілдері кірді.
Жаңа жылдың қарсаңында Мәскеу маңына барып жететін эшалонға тәтті-дәмді тағамдар, Алматының жеміс-жидектері, жеке сәлемдемелер тиелді. Құрамында 15 вагоны бар, бұл поезды азық-түлікпен, сәлем-сауқатпен тағамдармен жабдықтау ісін Алматы облысының еңбекшілері өз міндетіне алды.
Панфиловшы-жауынгерлердің арасында 12 күн болып, майдан өмірімен танысып қайтқаннан кейін делегация мүшелері кәсіпорындарда, ауыл еңбеккерлерінің арасында кездесулер өткізіп майдандағы жерлестерінің жауынгерлік істері жайлы әңгімелер айтып, баспасөз беттерінде мақалалар жазып, радио арқылы сөйлеп, майдан мен тылдың өзара байланысын насихаттаумен болды. Бұл тылдан майданға барған қазақстандық алғашқы делегация еді.
Біз жоғарыда Шәкеңнің Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті құрамында қызмет атқара жүріп түрлі қызмет баспалдақтарынан өткенін айттық. Бұл қызметтердің бәрінде ол іскер қызметкер, ысылған басшы ретінде өзін көрсете де білді, республика партия-кеңес жүйесі активінің арасында кеңінен танылып, үлкен беделге ие болды.
Өзінің қызмет жолын Ішкі істер халық комиссариатының қауіпсіздік жүйесінде қызмет істеуден бастап, кейін ұзақ жылдар бойы ККП Орталық Комитетінде әртүрлі жауапты жұмыстар атқарып, көптеген тәжірибе жинақтаған Ш.Қабылбаевты Үкімет 1954 жылы тамыз айында Қазақ КСР Ішкі істер министрі етіп тағайындайды.
Ішкі істер министрлігінің атқаратын рөлі ерекше. Ол қоғамдық тәртіпті нығайтып, азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қорғауда маңызы айрықша зор орган. Сондықтан да болар органның кейбір қызметкерлері жаңа министр біздің жүйенің қызметімен жете таныс емес, ол соңғы жылдары Орталық Комитеттің әкімшілік органдар жөніндегі бөлімін басқарғанымен, кабинетте отырып үйренген адам ғой деп сәуегейлік құрғандар да болыпты.
Шәкең министр болып алғаш келгенде басшылық құраммен кездесу өткізіп, сөз сөйлейді. Бұл туралы оның қызметтес серіктерінің бірі болған, ішкі істер қызметінің ардагері отставкадағы милиция генерал-майоры Құлахмет Халменов өзінің естелігінде былай деп жазды:
“Выступление произвело на нас огромное впечатление. Оно убеждало присутствовавщих в том, что предстоит работать под началом знающего, интеллигентного человека, всесторонне образованного, судя по всему, принципиального, требовательного руководителя...”.
Орталық Комитетте көп жылдар құқық қорғау ұйымдарына жетекшілік ететін бөлімге басшылық ете жүріп, ол көп нәрсені үйренді. Ол өзі тәртіпті, таза, турашыл болумен қатар, Жоғарғы Сот сияқты мекемелердің жұмысымен, оларда істейтін адамдармен жақсы таныс бола жүріп, бұлардың қызметі туралы Орталық Комитет Бюросына материалдар дайындай жүріп, көп нәрсені үйренді.
Шәкеңді жақсы білетін, онымен көп жылдар бірге қызметтес болған серіктері оның адамдарды ұлтына, алыс-жақынға, руға, жерлестікке бөлмей, әркімді іскерлік қабілетіне қарай бағалай білгендігін атап көрсетеді. Мысалы, Шәкең министр болып тұрған кезде, оның бірінші орынбасары болып істеген, отставкадағы милиция генерал-майоры А.Жданов былай деп жазды: “Ш.К.Кабылбаев пользовался непререкаемым авторитетом у личного состава органов внутренних дел Казахстана. Люди знали, что министр может за неродивость строго взыскать, но в то же время может и защитить от необоснованных обвинений, клеветы, наговоров”.
Шәкең министр болған жылдарда, ішкі істер органдары жүйесінде күрделі өзгерістер мен реформалар жасау қажет болды. Мұндай мәселелерді жүзеге асыру тез орындала салатын шаруа емес. Бұл іс ішкі істер жүйесіндегі барлық кадрлардың күш жігерін дұрыс жұмылдыра отырып, жүзеге асыруды талап етті.
Адамның өмір жолында кедергі мен бөгеттердің кездесетіні белгілі. Теміртау қаласындағы металлургия комбинатын Қазақстан магниткасы деп те атайды. 1959 жылдың жазында комбинат құрылысына көптеген жұмысшы шеттен әкелінді. Олар уақытша жазғы палаткаларға орналастырылды. Жергілікті әкімшілік органдарының қырсыздығынан жаңа келген жұмысшыларға дұрыс материалдық жағдайлар жасалмады, азық-түлік жетіспей, тіпті, шілде мен тамыздың ыстық күндерінде ішетін ауыз судың өзі уақытында жеткізіліп берілмей, адамдардың зығырданын қайнатты. Осының салдарынан 1959 жылы тамыз айының алғашқы күндері ызаланған жұмысшылар бүлік шығарып, азық-түлік дүкендерінің есік-терезелерін қиратып, оларды тонап, автомашиналарды төңкеріп тастап, өртеп, милиция органдарына шабуыл жасады. Осы бүлікті басу кезінде оқ атылып, адам шығынына жол берілді, бұзақылар ауыздықталды. Осы кезде республика ішкі істер министрі қызметін атқарып жүрген Ш.Қабылбаев жазықсыз жазғырылып, орнынан босатылды.
Теміртау оқиғасы сияқты жұмысшылардың наразылық акциялары кеңес елінің басқа да қалаларында болғанын біз білеміз. Мысалы, 60-жылдары Новочеркасск қаласында зауыт жұмысшыларының наразылық шеруі болып, күшпен басылды. Мұндай фактілер басқа да жерлерде кездесті.
Шәкең Теміртау мәселесі бойынша орнынан алынып, істі болып жүрген кездің өзінде бұрынғысынша байсалды, сергек, алыс жақынға бірдей қамқор қалпынан жазған жоқ. Бұл оның халық арасындағы беделін арттыра түсті. Теміртау оқиғасына байланысты қозғалған іс республика Жоғарғы Сотында қаралып, ол кінәсіз деп танылып, біржола ақталды. Арада біраз жыл өткеннен кейін, 1967 жылдың 12 сәуірінде ол екінші рет Қазақ КСР Ішкі істер министрі болып тағайындалып, көп кешікпей оған Ішкі қызметтің генерал-лейтенант атағы берілді. Бұл сол кездегі республика ішкі істер министріне берілген ең алғашқы жоғарғы атақ болатын.
Мен Шәкеңмен әсіресе оның өмірінің соңғы жылдары жиірек кездесіп жүрдім. Оның өскен, қызмет істеп есейген ортасы үлкен тәрбие мектебі екенін өз басым бұрыннан білетінмін, сондықтан да болу керек оның тұлғасынан тектіліктің белгісі көрініп тұратын.
Шәкеңнің министр кезінде Қазақ кеңес энциклопедиясының 6-томына кіретін “Қабылбаев Шырақбек” деген мақаланы өзінің тілегі бойынша маған жазуға тура келді. Бұл том 1975 жылы жарыққа шықты, кейін ол кісіге мен сіздің бірінші биографыңызбын деп қалжыңдайтынмын. Әрине, Шәкең сияқты адамға биограф болу қадірлі де құрметті. Өйткені бұл өмір жолы үлкен кітапқа арқау болатын нәрсе. Сөз ретіне қарай айта кетелік, 2004 жылы “Шырақбек Қабылбаев” деген естеліктер жинағы жеке кітап болып шықты. Бұл еңбекке Шәкеңді білетін және онымен қызметтес болған қоғам және мемлекет қайраткерлерінің, туыс-жекжаттарының жылы лебізді естеліктері кірді.
Шәкең республикаға белгілі зиялы қауым туралы, әдебиет пен өнер қайраткерлері жөнінде, олардың әдеби туындылары туралы жүйелі түрде тартымды әңгімелер айтар еді. Мұнымен бірге орыс әдебиетінің классиктері туралы да сөз қозғайтын. Өзінің әдеби әлемі, қазақ өнері мен мәдениеті жөнінде терең мағлұматы бар жан болатын.
Дауылды ХХ ғасырда жасап, кеңестік дәуірдің ыстық-суығын көріп, барлығына төзе жүріп, қазақ елінің әлеуметтік, мәдени дамуына үлкен үлес қосқан аяулы азамат Ш.Қабылбаев 1976 жылы 5 шілдеде дүниеден өтті. Тоталитарлық жүйе мен коммунистік идеологияның барлық шектеулеріне қарамастан еліне адал қызмет етіп, халықтың мұң-мұқтажына назар аудара білген Шырақбен аға сияқты ұлағатты адамның іс-тәжірибесі қазіргі жаңа заманның түлектері үшін де үлгі-өнеге екенін ұмытпаған жөн.