kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Калышева Роза Адиловна сш им БСырттанова Тарих сабағында ұлы ғұламалардың нақыл сөздерін пайдалану жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

5-6 сынып оқушыларын тарих сабағынан ұлы адамдардың істерін, нақыл сөздерін айта отырып, адамгаршілікке, батырлыққа тәрбиелеу жолдары көрсетілген

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Калышева Роза Адиловна сш им БСырттанова Тарих сабағында ұлы ғұламалардың нақыл сөздерін пайдалану жолдары»

ТАРИХ САБАҒЫНДА ҰЛЫ АДАМДАРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ.



5 - сыныптың «Қазақстан тарихынан әңгімелер» оқулығындағы «ҰлыЖеңіске қосылған үлес» атты тақырыпты алатын болсам. Сабақтың мақсаты: Қазақстандықтардың Ұлы жеңіске қосқан үлесі жайлы оқушыларға мағлұмат беру. Отан соғысының батырларының ерліктерімен таныстыру, сонымен қатар жеңістің тарихи маңызы жайлы білім алуға көмектесу, нақты мәліметтерді анықтай білу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасай отырып, өз беттерінше шығармашылық ізденіске дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту. Ұлы Отан соғысындағы ерлік көрсеткен батырларды үлгі өте отырып ерлік істерге, патриоттыққа тәрбиелеу, батырлардың ерлігін құрметтеуге үйрету.

Ұлы Отан соғысының 70-жылдығына орай бұл тақырыпты өтпестен бұрын, батырлардың өмір баяндары, жазған шығармалары, нақыл сөздері туралы мәлімет жинап келуге тапсырма берілген болатын.

«Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр, аты аңызға, сөзі нақылға айналған қаһарман тұлға – Бауыржан Момышұлының өмірінен мағлұмат аламыз»,- деп кезекті оқушыларға бердім. Оқушылардың бірі Бауыржан Момышұлының өмір баянынан, бір оқушы: «Бауыржаның соғыс тарихында болмаған 27 тактикалық жаңалығын», бір оқушы шығармашылығын, бір оқушы наградаларынан үзінді оқыды. Бауыржан Момышұлының қандай нақыл сөздерін білесіңдер?»,- деген сұраққа оқушылар бірінен кейін бірі: «Ерлік – тәрбие жемісі», «Солдаттың анасы – Отанның анасы», «Соғыстың заңы – өте қатал заң», «Ежелден ер тілегі – ел тілегі», «Адал ұл ер боп туса – ел тірегі», «Опасызда Отан жоқ», «Отанда опасызға орын жоқ», «Отаның үшін отқа түс – күймейсің», «Тәртіпке бас иген құл болмайды, Тәртіпсіз ер болмайды» т.б нақыл сөздерді майданға аттанайын деп тұрған сарбаздарға ұқсап, (әсіресе ұлдар) асқан батылдық, ерлік сезімдерімен айтып шықты. Мен оқушылардың бұл шабытына, шабыт қосқым келіп, одан әрі айтылмай қалған нақыл сөздерін тақтаға іліп, талдауға кірістім. «Жігіт болсаң, жігеріңді жасытпа, қайратыңа қайта мін», «Ұрыста тәуекел ету де – ерлік», Әрбір бұйрықтың орындалуы – бұлжымас шарт», «Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет етуден аянба», «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту». Оқушылар бұл нақыл сөздердің де мағынасының тереңде жатқанын былай деп жеткізді: «Қазақстанның болашағы біздерміз, мына біздің қолымызда, ата-бабаларымыз жаудан қорғап, аманат еткен еліміз үшін, жеріміз, тіліміз, тарихымыз үшін өмір сүрсек, біз алмайтын қамал болмас»,- деп бір сөзбен қорытындылады.

Бауыржан Момышұлының туған жерге деген сүйіспеншілігі туралы айтқан сөзін тақтаға іліп, оқып бердім. «Айнабұлақ! Мыңбұлақ! Өмірге тұңғыш келгенімде дүниеде теңдесі жоқ нәрлі суымен мені шомылдырған, мені жуындырған бұлақ. Мен алғаш суын ішкен, мені әлдилеп сүйген, маған сенген, туған жерім Мыңбұлақ... 
Біз де сүйек, еттен жаралған жанбыз. Біздің жанымызды тебіренте соққан жүрек болаттан құралған емес, бірақ біздің жүрек отты жүрек. Оның оты болатты ерітіп, жаңқадай жандыратын от. Біздің жүрегіміз – де қауіп – қатерді көтеріп, өлімді жеңетін бір жарақ, - ана сүтін ақтап, туған елді, Отанымызды сүю сезімі. Бізде ер атасы- махаббат, өмір тасы- халық, ел намысы- ер қолында, ер намысы- ел қолында. Біз намысты елдің ұлымыз.- Жеңілмес күшіміз сонда». Оқушылардың санасында Отанға деген сүіспеншіліктері оянғаны анық байқалып тұрды.


Үйге «Балалар сендер білесіңдерма М. Ғабдуллин 100 жылдығы




6 сыныптың «Ежелгі дүние тарихы» оқулығы бойынша өткен «Ежелгі Қытай мәдениеті» атты тақырыпты өткенде: Ежелгі  Қытай  мәдениеті, Конфуций  ілімі, Сыма Цяннның  тарихи  еңбегі  және  ғылыми  білім мен  өнер  табыстары  туралы  түсінік  беру; Оқушылардың  есте  сақтау, салыстыру қабілеттерін  дамыта  отырып,   өз   ойлары мен  пікірлерін жүйелеуге  үйрету;  Конфуций  ілімі  мен  қазақ  халқының дүниетанымындағы  ұқсастықтарға  тоқтала  отырып, оқушылардың  бойында адамгершілік   ұстанымдарын  қалыптастыруды мақсат етіп алып, Қытайдың данышпаны Конфуцийдің әдет-ғұрыптары нақыл өнеге сөздеріне тереңірек тоқталдым. «Кун-фуцзы (Конфуций) – б.зб 551 жылы дүниеге келіпті. Оның шын аты Кун-цю болған еді. Кун-цю көп оқыды. Өз халқының салт-дәстүрін өлең - жырларын жақсы білді. Қытай күнтізбесінің білгірі болды. Әсіресе жастардың бір бөлігі оны тыңдау үшін жиі келіп тұратын еді. Кун-фуцзы өсиеттері бізге «Нақылдар» деп аталған жинақ арқылы жетті». Данышпан Кун-фуцзының Гун, Лу және Чжан есімді үш тамаша шәкірті туралы оқулықта берілген мәтінді бір оқушы дауыстап оқыды. Оқушылар ақылдың жалқауға бақыт әкелмейтінін, ержүректің абайламаса өлімге апаратынын, қуаныш пен қызғаншақтықтың бірге өмір сүре алмайтынын біліп, іштей өздерінің мінездерін саралағандай болды.

«Жамандыққа  жақсылық жасау  керек  пе?» деп  сұрағанда, ол:  «Онда жақсылықтың  төлемі  қандай? Жамандыққа  әділдігіне  қарай  төлем  жаса,  жақсылыққа  жақсылық  жаса»-деген  екен. Конфуцийдің  даналығы  қазақ  халқының  дүниетанымына  өте  ұқсас  келеді: Оның  «Қайрымдылық бар  жерде  береке  бар» немесе «Қайырымы  жоқ  кісі  жарымайды.  Ол қуаныштың  не  екенін  шындап  сезіне  алмайды. Мейірімді  кісі  өзі  де  мейірім  көреді» (М.Кемелдің  аудармасынан) дегені  қазақ  халқының  «Ақкөңілден  армдық шықпас, арамдық  шықса  да  жамандық  шықпас» - деген  мақал-мәтелімен   ұқсастығын  байқауға  болады  немесе  «Білетін  кісі  күмәнданбайды, адамгершілігі  бар  уайымдамайды, батыр  кісі   қорықпайды» (М.Кемелдің  аудармасынан) - деген  Конфуцийдің  нақылы  қазақтың «Білген  кісі  тауып  айтады,  білмеген  кісі  қауіп  айтады» - деген  мақалымен   мағыналас  десе  де  болады.

«Адамгершіліктің ең биігі – үлкендерге құрмет. Конфуций ежелден қалыптасқан тәртіптерді сақтау керек деді. Отбасындағы жасы кіші балалар – жасы үлкендердің, барлық бала ата-наларын құрмет тұту керек. Ал ересектер кішілеріне туған әкесіндей көңіл бөліп, қамқор болуы тиіс. Қытайда отағасы қартайған кезде, отбасындағылар оған аса ілтипатпен қараған. Күн сайын таңертен балалары, келін-кепшіктері жиналып барып, қалай ұйықтап шыққанын, көңл-күйінің қандай екенін, тоңған-тоңбағанын сұрайтын болған. Қартты шомылдыруға апарғанда, үлкені су құйған құмарасын, кішісі шылапшыны мен сүлгісін ұстап жүрген. Балалары әрқашан ата-аналарынан не керегін сұрап отырған. Қытайлар үшін ұзақ жасау бақыт деп саналған. Жасы ұлғайған сайын кісінің ақылы арта арта түседі деп ойлаған. Марқұм болған ата-аналары мен ата-бабаларын құдіретті де қайырымды желеп-жебеушіміз деп қадір тұтты. Олардың құрметіне құрбандық беріп отырды». Бұл әңгімені тыңдағаннан кейін, оқушылардың бойында бұрыннан қалыптасқан үлкенге, ата-анаға деген құрметпен қамқорлық сезімдері айтпай-ақ сезіліп тұрды. «Балалар біз ұлы ғұлама, ақын, жыраулардың айтқан нақыл сөздерін, өлең-жырларын қайдан аламыз?»,- деп сұрақ қойдым. Қойылған сұрақтың жауабы тыңдалғаннан кейін, оқушылардың ынтасын «Қазынаның қайнар көзі - кітапта»,- дей отырып, Конфуцийдің ертедегі дана ойлардың дариясына сүңгуді үйренсін деп, шәкірттеріне көне кітаптардың мазмұнын айтып беріп отырдығын. Ол кітаптардың арасында аңыз, нақыл, өлең кітаптар да болдығын. Конфуцийдің шәкірттері көптеген кітаптардың ішінде жазылғандарды бастан-аяқ жатқа білгендігін», - баяндап бердім.

«Конфуций тәрбиелі адамды жүріс-тұрысынан, іс-әрекетінен, әдет-дағдысынан оңай айыруға болады деді. Әдепті қытай үйге аяқ киімін шешіп жалаңаяқ енеді. Еденге төселген сабаннан тоқылған төсеніштің үстінде аяқ киіммен жүру әдепсіздіктің белгісі деп есептелді. Қытайлар сол төсеніштің үстінде немесе сәкіге міндетті түрде аяқтарын жиып, өкшелерін астына жасырып жайғасты. Мүлдем тәрбиесіз адамдар ғана аяқтарын салбыратып немесе алдарына созып, көсіліп отырды. Кісінің сыртқы көрінісіне де көп мән берілді. Кісінің сыртқы тұлғасына әдет-дағдысына қарап-ақ, оның ақсүйек болмаса қарапайым адам екенін, атқаратын қызмет дәрежесін бірден айыруға болатын». Бұл мәтін оқушылардың бойына әдепті, тәрбиелі, ұқыпты қасиеттердің молынан қалыптасуына септігін тигізетіні анық.

















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс

Автор: Калышева Роза Адиловна

Дата: 22.02.2019

Номер свидетельства: 501008


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства