kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ор?ыт Атаны? на?ыл с?здеріні? та?ылымы ж?не т?рбиелік идеялары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Рухани ?мірімізді? тарихында бір д?уірді? болмыс-бітімін, таным- т?сінігін айшы?тай т?сетін айры?ша т?л?алар болды. Соларды? бірі, бірегейі-т?ркі халы?тарыны? арасында есімі ежелден танымал-?ор?ыт ата. Шы?ыс Т?ркістаннан бастап Кіші Азия?а дейінгі т?ркі халы?тарыны? ауызша да, жазбаша да ж?дігерлерінен ойып орын ал?ан ?ор?ыт бейнесі бір ?ана к?ркемдік д?ниені? жемісі еместігі, м?ны? астарында берісі на?тылы тарихи т?л?а, арысы т?тас ?о?амды?-?леуметтік, саяси, діни д?ниетаным тамыр тартып жат?ан д?уірлік ??былыс жат?анды?ы даусыз. Байыптап ?араса?, исламнан б?рын?ы идеология мен таным-т?сінікке ?атысы бар т?л?аларды? ?уаттысы да, ж?ртшылы??а ке?інен м?ш??р бол?аны да - ?ор?ыт есімі. VІІІ ?асырда Сыр бойында ?мір с?рген ?ор?ыт Ата - ежелгі т?ркілерді? к?рнекті а?артушысы, ойшылы, ?рі а?ын, сазгер, ?рі к?йші, тарихта ерекше рухани із ?алдыр?ан, халы? даналы?ын жинаушы. ?зіні? философиялы? тол?амдарында ?мір м?селелерін к?терді. М??гі ?лмеуді? жолын ?иялымен іздестіреді. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ор?ыт Атаны? на?ыл с?здеріні? та?ылымы ж?не т?рбиелік идеялары»

Қорқыт Атаның нақыл сөздерінің тағылымы және тәрбиелік идеялары


Өмірбекова Әйгерім – Атырау қаласы Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы


Рухани өміріміздің тарихында бір дәуірдің болмыс-бітімін, таным- түсінігін айшықтай түсетін айрықша тұлғалар болды. Солардың бірі, бірегейі-түркі халықтарының арасында есімі ежелден танымал-Қорқыт ата. Шығыс Түркістаннан бастап Кіші Азияға дейінгі түркі халықтарының ауызша да, жазбаша да жәдігерлерінен ойып орын алған Қорқыт бейнесі бір ғана көркемдік дүниенің жемісі еместігі, мұның астарында берісі нақтылы тарихи тұлға, арысы тұтас қоғамдық-әлеуметтік, саяси, діни дүниетаным тамыр тартып жатқан дәуірлік құбылыс жатқандығы даусыз. Байыптап қарасақ, исламнан бұрынғы идеология мен таным-түсінікке қатысы бар тұлғалардың қуаттысы да, жұртшылыққа кеңінен мәшһүр болғаны да - Қорқыт есімі. VІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген Қорқыт Ата - ежелгі түркілердің көрнекті ағартушысы, ойшылы, әрі ақын, сазгер, әрі күйші, тарихта ерекше рухани із қалдырған, халық даналығын жинаушы. Өзінің философиялық толғамдарында өмір мәселелерін көтерді. Мәңгі өлмеудің жолын қиялымен іздестіреді. Қорқыт ата поэма, күйлер шығарып, оны қобызда орындайтын болады. Сол себепті де «Қорқыт ата шығармаларын» «Қорқыт Ата кітабы» деп атайды. Себебі, Қорқыт Ата айтқан жырлар, дастандар жинақталып, 12 тараудан тұратын кітапта батырлық, елдік, адамгершілік туралы оқиғалар жырланады.

«Қорқыт Ата кітабы»- бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ аса көрнекті жазба ескерткіші. Бұл еңбекте тәлімдік мәні күшті афоризмдер, қанатты сөздер мен тағылымдық-танымдық идеялар, өсиет сөздер көптеп кездеседі. Кең даланы еркін мекендеп, салтанатты, салауатты өмір кешкен көшпенділер “Адамзат өмірінің мәні неде?” деген философиялық мәселеге ұрпақтар сабақтастығы адамзат тіршілігінің мақсаттарының бірі екендігі туралы түсінікке әкеліп салған. Қорқыт Ата мұрасындағы адам мәселесі, оның өмір сүру қағидалары, мақсат-мұраттары және қоғам мен ұлттық болмыс хақындағы әлеуметтік- тұрмыстық толғаныстарына алып келеді. Онда халқының болашағы, жалпы адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді сақтау, тәлім-тәрбие, ата салтын, дәстүрін құрметтеу мен қастерлеу мәселелері өз болды. Қорқыт Атаны жалпы түркі халықтарының мәдени-дәстүрінің негізін салушылардың бірі деп қарастыруға болады. Қорқыт ата дана-ақылшы ретінде, біріншіден, даналық толғаныстары мен тұжырымдары, өсиетнамалардан, ғибратнамалар арқылы көрінсе, екіншіден, жырларының идеясы мен ішкі формасынан, үшіншіден, әрбір жыр соңындағы қорытынды сөздерінің ақыл-кеңестері мен батасынан сезімдік сипатты тәлімдік-тәрбиелік ой толғаныстарынан байқатады. Қорқыттың этикалық әлемі-бұл қазақ халқы қоршаған табиғатқа, ұлы Отанға және оның батырлық өткеніне деген сүйіспеншілігін жиған ұрпақтардың жалғастырушы желісі, әдептілік дәстүрлердің тірі жалғасы, болашаққа сеніммен қараудың таусылмас қайнар көзі және даналықтың қазынасы. Ойшыл- сәуегейге жас та, кәрі де және одан өмірлік ауыртпалықтардан айығуға, жанына тыныштық және жүрек теріне жылылық таба білді. Қорқыт ата өзінің ел-жұртына тағы мынадай өсиет айтқан: «Жол қиындығын көрмеген, жабы мінген жігітке Кавказ арғымағын мінгізуден келер пайда жоқ. Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білмеген қорқаққа қылыш сермеп серп етпе. Жер қадірін ел біледі, ер қадірін ел біледі. Құлын құдыққа түссе құрбақа құлағында ойнайды. Көп қорқытады, терең батырады. Қыз анадан көрмейінше үлгі алмас, ұл атадан көрмейінше үгіт алмас. Ежелгі жау ел болмас, ескі мақта жіп болмас, қонақ келмес үйдің қирағаны жақсы, жылқы жемес шөптің шықпағаны жақсы, адам ішпес ащы судың ағысты жылғаларды қумағаны жақсы, атаның атын былғайтын ақылсыз ұлдың тумағаны жақсы. Адам қанша қажетсінгенімен, ол өз үлесінен артық жей алмайды», т.б.[3].

Қорқыт Ата философиясында ұрпақтар сабақтастығы қағидасына ерекше мәнберген. Ұрпақтар сабақтастығы адамзат болмысының басты қағидасы бола отырып, қазіргі заманғы кейбір өркениетті елдердегі бұл қағиданың бұзылуы олардың болмыссыздығына әкеліп, адамгершілік өлшемдерге қайшы келеді. “Салор қазан үйінің шабылғаны туралы әңгімесінің баяны” жырында ұрпақтар сабақтастығы қағидасының тәрбиелік-тәлімдік мәнін төмендегіше суреттейді: Қарлы таулар қартайса, шөп бітпес, Арналы өзендер қартайса, су келмес, Биелер қартайса, құлын бермес, Ей, кәпір әйел қартайса, ұл бермес.

Баланың өмірге келуін салтанатты түрде атап өтуі және адамзаттың әлемнің бөлшегі ретіндегі тұтастық туралы дүниетанымдық көзқарастары тұжырымдалды. Осы жерден көне Рим философы Цицеронның да: «Бала болмаса, адам мен адамның табиғи байланысының болуы да мүмкін емес. Бұл байланыс жойылса, ортақ тіршілікте ұштасып жатқандығын байқау қиын емес»- деген ойымен Қорқыт сөздерінің ұқсастығын көреміз.

Оның дидактикалық тұрғыдан берілетін нақыл сөздерінің, оның ішінде ата- салтын қастерлеу, жалпы адамзаттық, адамгершілік құндылықтар туралы айтқан қағидалары бүгін де өз мәнін жойған жоқ. Мәселен, ата дәстүрі мен салты, жанұя тәрбиесі, тәрбиедегі үлгі-өнеге туралы өсиетнамалары мен қатар жырларында да жақсы айтылады. «Қыз анадан көрмейінше өнеге алмас», «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес», «Ата малынан не пайда, баста дәулет болмаса».

Қорқыт атадан қалған тағы бір нақыл сөздерінен мысал келтірсек: «Тәңірге сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды. Тәңірі пендесінің маңдайына не жазса, сол болады». «Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардың өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді», «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басы құрап, үйінен дәм беруге де жарымайды», «Ананың көңілі балада болар», «Ақылсыз баладан ата дәулетінен қайран жоқ», «Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі», «Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып, тумағаны жақсы», «Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді», «Өтірік сөз өрге баспайды, өтірікші болғаннан, жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық».

Қорқыттың ой-пікірін философиялық тұрғыдан тұжырымдайтын нақыл сөздер, өсиеттер, қанатты сөз тіркестері өте көп. Қорқыт ата есімімен байланысты осындай үлгі-өнеге сөздер ел аузында көп сақталған. Мәселен ата салты, оның сабақтастығы мен өмір сүру тәсілі: қабылдап алу, сақтау, кейінгіге жеткізу сияқты уақыт бойынша ұрпақтар алмасуының кезеңдеріне негізделген үш сатысы туралы өсиетнамаларымен қатар жырларынан да көрінеді. Оны Қорқыт атаның өсиет-нақыл сөздерінен көз жүгірткенде анық байқаймыз. Отбасындағы әйел рөлін түсінуге қатысты қызықты идеялардың өзара алмасуы мен ой толғаулардың үндестігін Қорқыт Атадан да байқауға болады. Қорқыт бойынша, әйел-үйдің тірегі, «ондай әйел өзінің күйеуі аңға шығып кетіп, үйге түзден қонақ келсе, ол қонақты тамақтандырады, шөлін қандырады, дем алдырады да жібереді. Бұл Айша мен Фатима тектілер, мұндайлардың тіпті мыңы өсе берсін, ондай әйел сенің ошағыңа да келетін болсын» Қорқыт кітабының кіріспе сөзінде әйел төрт түрлі болады, оның басы құт әйел, соңы – қанағаты жоқ әйел, одан қалса елін ығыр қылытын кесір әйел, тірлігін ұқсатпайтын салақ әйел деген.

«Әйел төрт түрлі болады», - депті Қорқыт. «Оның бірі – ниеті қураған әйел, екіншісі – ынсапсыз әйел, үшіншісі – үйдің құты болған әйел, төртіншісі – кесір әйел». Әйел біткеннің ең жаманы – сол.

Отбасының құты болған әйел даладан қонақ келсе, үйінде ері болмаса да, оған сусын беріп, бар дәмін алдына қояды, сыйлап аттандырып салады. Бұлар Айша мен Фатимадан бата алған әйелдер. Хан ием, мұндай әйелдер мыңдап өссе де, көп емес, бәлкім аз. Сіздің ошағыңызға осындай әйелдер кез болсын.

Одан соңғысы – ынсапсыз, қанағатсыз әйел. Ондай әйел таңертең төсегінен тұрып, беті-қолын жумастан тоғыз тоқаштың бәрін аударыстырып, ең тәуірін таңдап жейді, аузын томпайтады, бір шелек айранды басына көтеріп, қарынды қампитады, содан соң маңдайын сабалап жылана бастайды да: «Қараң қалғыр, осы күйге мен қайдан душар болдым. Бір күн қарным тойып ас ішпедім, жүзіме күлкі келмеді, аяғыма ілген башпағым болмады, бетімнен перде түспеді. Ерім өліп басқа біреуге тисем, бағым ашылар еді, сол үмітім өшпесін», - дейді. Хан ием, ондай әйел мың болса да, өсіп өнбесін, сіздің ошағыңызға кез бола көрмесін.

Одан соңғысын салақ әйел дейміз. Ондай әйел төсегінен тұрған соң беті-қолын жуады, шатырдың ол шеті мен бұл шетіне қарайды да, күбіні апыл-ғұпыл пісіріп, көрпе-төсегін жинайды. Содан соң «шүу!» - деп ауыл кезіп, түс қайта үйіне оралады. Келсе, үйі ұрланған, қазан-аяғын ит жалаған, бие-бұзау сүйкеніп, қорада байлаулы қалған сиыры мөңірейді. Келе сала әйел көршілеріне барып, шаптыға бастайды: «Ау, қыздар-ау, Зылихам, Зүбайрам, Рубайдам, бикештерім. Уа, азамат туған жігіт-желеңдерім, Айна-Мәлік, Құтлы-Мәлік, қайда едіңдер? Ойбай-ау, үйім құлап қалыпты, түнде қайда жатамыз? Мені ерігіп жүр дедіңдер ме? Зәру жұмыс болған соң кетіп едім ғой. Үйіме неге көз қырын салмадыңдар? «Көрші ақысы – тәңірі ақысы деген қайда?» - деп безек қағады. Хан ием, ондай әйел мың болса да, өсіп өнбесін, сіздің ошағыңызға кез болмасын.

Ең соңғысы – адам тілін алмайтын кесір әйел. Үйге түзден бір ұятты қонақ келіп, ері оған: «Орныңнан тұрып, нан әкел, жейік, қонағың да жесін» - десе, әйелі еріне: «Үйде піскен нан жоқ» - дейді. «Барыңды бер» - десе, әйелі «Не сандалып отырсың, үйіңнің әлдеқашан қу молаға айналғанын білмеймісің? Үйде ұн жоқ, диірменге кеткен түйе қайтқан жоқ оның не әкелері де белгісіз. Дастарханымды жемесе, өзге берерім жоқ», - деп бармағын көрсетеді, еріне сыртын беріп, дастарханды кісі алдына лақтырып тастайды. Ондай әйелге мың сөз айтсаң, соның бәріне де жауап қатады, бірақ ерінің айтқанын құлаққа ілмейді. Ондай әйелді Нұх пайғамбардың көз жасынан пайда болғандар дейміз. Хан ием, сізді Алла осындай әйелдерден сақтасын, ондай әйел сіздің ошағыңызға кез болмасын.[3, 22-23 бб].

Қорқыт ата әйелдің түрлерін салыстыра сипаттап, әйел-ананың қоғам дамуына негіз болатындай ұлағатты болуын уағыздайды.

Қорқыт жырларында әйел ананың ақыл-ойы, ерге беріліп, ел үшін ерлік жасауы, ана абыройы қастерлене баяндалады

Жақсы әйел ерінің бар жоғын білдірмей, елге аға бола алады дейді. Мұнысы мақал емес, нақыл сөз. «Атаның атын былғаған жетесіз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырылдап тумағаны жақсы. Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді», – дейтін ұлы бабаның нақыл-өсиет сөздерінде өткен заман кескіні, үй-тұрмыс жағдайы, ата-ана, ұл мен қыз, күйеу бала, табиғат көрінісі, хайуанаттар тіршілігінен түсінік беріп, өмір туралы философиясы мен ажалмен алысқан аңыздарында оптимистік сарын бар. Ұлы баба арманы, мұраты адамзатқа жер бетіндегі өмірдің мәнін ұғындыру, адамдар жүрегіне қайсар рух пен кемел ізгіліктің дәнін себу арқылы асыл қасиеттер дарыту.

Қорқыт ата өзінің жырлары арқылы ұрпақтарын алауыздықтан аулақ болуға, еңбекті құрметтеуге, ерліктің қадірін біліп, батырлыққа бейімдейді.

Дүниетанымдық, тәлім-тәрбиелік мәні зор ұлттық педагогикамыздың бастауы болып табылатын Қорқыт атаның жырлары мен өсиет сөздері, күйлері мен аңыз әңгімелері жалпы адамзаттық тәрбие ұлағаттарына үлкен үлес болып қосылады. Қорқыт ата- халық ұстазы болды. Әулие атамыздың асыл мұраларын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, қасиетті еңбегінің қадірін арттырып, қастерлей береміз. Өйткені, ол- этностық тәлім-тәрбиенің алатын бастауы.

«Қорқыт ата кітабында” және «Қорқыт жырларында” Қорқыт айтқан афористік қорытындылар да бар. Мысалы:

«Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас», «Ақын тілді, ат тұяқты келеді», «Ескі темір біз болмас, ескі мақта бөз болмас, ежелгі жау ел болмас, өткен өмір оралмас, өлген кісі тірілмес», «есекті жүгендегенімен жылқы болмас», «қорқаққа қылыш жұмсаудың қажеті жоқ” .

Қорқыт ата- дана, ақылгөй ата болуымен бірге дарынды жырау, майталман күйші, қазақтың музыка аспаптары қобыз мен домбыраны алғаш жасаушысы, өз заманының кемеңгер ойшылы. Қорқыт ата өз ел-жұртының аянышты ауыр халін көріп, одан елді құтқаруды, мәңгі бақи өлмейтін бақытты өмірді аңсайды, төңіректің төрт бұрышын кезеді. Бірақ көктемде жапырағы жайқалып шешек атқан шөптердің қүз келісімен сарғайып солғанын, бір заманда аспанмен тілдескен асқар таулармен мыжырайып шөгіп бара жатқанын, мәуелі ормандардың жапырағы төгіліп, қайғымен қамығып бас шайқағанын көреді; адамзат, жан-жануардың мұң-зарын естиді. Ол қайда барса да көр қазып жатқандарға жолығады, ол ең ақырында: дүниеде өзгермейтін еш нәрсе жоқ, «сынбас темір жоқ, өлмес өмір жоқ” деген қорытындыға келеді де, өлмейтін өмірді халықтан іздейді. Өмірінің соңғы кезін домбыра-қобыз тартып, күй шығарумен өткізеді. Ең ақырында қобыз күймен көз жұмып, артындағы ұрпаққа өлмес күйлерін қалдырады».[5] «Қорқыт күйлері” дейтін күйлер қазақ халқы арасында күні бүгінге дейін ардақталып, ойналып келеді. Қорқыт жырының қорытындысы: «өмір барда өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір жоқ, сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады, тек мәңгі-бақи өлмейтін, ұмтылмайтын нәрсе адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі” дегенді аңғартады.

Баланы балғын шағынан бастап оқытып, жақсылап тәрбиелеу, яғни кішкентайынан тіл алғызу, үлкендерді сыйлауға, ата-ананы қастерлеуге үйрету. Қорқыт атаның асыл сөздерінің көбінде тәлімдік идеялар ұшырасады. Өскелең ұрпаққа ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін беруге ерекше көңіл бөледі.

Қорқыт қобызды алғаш жасаған және сонымен күй тартқан адам екен. Қорқыт жырында қобыздың қандай заттардан және қалай жасалатыны былай суреттеледі:

Қарағайдың түбінен
Қайырып алған қобызым.
Үйеңкінің түбінен
Үйіріп алған қобызым.
Ақ қайыңның безінен
Қағып алған қобызым.
Әзегінен қара емен
Ойып алған қобызым.
Қыл құйрығын тұлпардың
Ішек қылған қобызым.
Таутекенің мүйізін
Тиек қылған қобызым.

Қорқыт аңыз бойынша, желмаясына мініп алып, өзінің, елінің өмірін тілеп жүргенде көз жеткізгені — өзекті жанның бөрінің де ерте ме, кеш пе, бұл өмірден озатындығы. Содан қазақта Қайда барсаң да Қорқыттың көрі деген нақыл қалған. Ақыры Қорқыт:
“Өлімді тоқтатса, тек өнер ғана тоқтатар ”, — деп, Сырдың суына кілем жайғызып, бірнеше күн мен түн бойына отырып, өзінің Өмір деген күйін тартқан, деген аңыз бар.

Қорқыт күні-түні тоқтамай күй тартқанда, өлім де бір сәт тоқталыпты деседі. Күні-түні күй тартып әбден шаршаған Қорқыт бір сәт қалғып кетеді. Сонда судан бір қарашұбар жылан шығып, Қорқытты шағып алыпты-мыс. Бұл аңыз-жырдан біз не ұғамыз?

Біріншіден, Қорқыт — шамандық дін өкілі.
Екіншіден, бұл аңызда адам баласының мәңгілік өмір жөніндегі арманы жатыр.
Үшіншіден, өмірді ұзартса, артында қалатын өнері ғана ұзартады деген идея жатыр.

Осы аңыздан Қорқыт атаның өмір сүйгіштік дүниетанымы күнделікті күйкі тірліктің шеңберінен шыға білу және адамзат үшін әрбір тіршілік сәтінің құнды екенін ескерту, қайталанбас уақытты қадірлеуге шақыру, сол арқылы өмірді мәңгілік етуді аңсағандығын білеміз.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
?ор?ыт Атаны? на?ыл с?здеріні? та?ылымы ж?не т?рбиелік идеялары

Автор: ?мірбекова ?йгерім

Дата: 22.09.2016

Номер свидетельства: 345151


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства