«Интерактивті о?ыту технологиясыны? ?діс-т?сілдерін тарих ж?не ?о?амтану саба?тарында ?олдану ар?ылы о?ушыларды? білім сапасын арттыру жолдары ».
«Интерактивті о?ыту технологиясыны? ?діс-т?сілдерін тарих ж?не ?о?амтану саба?тарында ?олдану ар?ылы о?ушыларды? білім сапасын арттыру жолдары ».
Доклад для учителей истории и обществознания казахстанских школ. В докладе описаны интерактивные методы обучения, инновационные технологии, задания с применением методик новых технологий. Применяя на уроке инновационные технологии учащиеся ведут активную работу, критически мыслят, составляют флипчарты по темам.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Интерактивті о?ыту технологиясыны? ?діс-т?сілдерін тарих ж?не ?о?амтану саба?тарында ?олдану ар?ылы о?ушыларды? білім сапасын арттыру жолдары ». »
Батыс Қазақстан облысы
Зеленов аудандық білім беру бөлімі
«Интерактивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін тарих және қоғамтану сабақтарында қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары ».
(Егіндібұлақ ЖББ орта мектебінің тарих және қоғамтану пәні
мұғалімі Б.И. Убаевтың іс - тәжірибесінен)
2014 жыл
Зеленов аудандық білім беру бөлімінің АӘК сараптамалы кеңесі отырысымен басылуға ұсынылған (хаттама № 1 8.01.2014ж.)
Құрастырған: Б.И. Убаев – тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі.
Пікір жазған: А.А. Амангазиев – Зеленов аудандық әдістемелік кабинетінің тарих және қоғамтану пәндерінің әдіскері.
Бұл кітапша тарих және қоғамтану сабақтарында оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру үшін тиімді.
Кітапшада көрсетілген оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер негізінде оқыту, тәрбиелеу барысында оқушылардың білім сапасын көтеруге, сабақты тиімді ұйымдастыруға, өмірлік ситуацияларды моделдеуді, ролдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу процесінің қандайда бір қатысушысын немесе идеяны /яғни,жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты/ ерекшелеуді шектейді. Бұл моделге адамгершілікпен,демократиялық жолмен келуді үйретеді, коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген,оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыруға көмегін тигізеді.
Қазақстан Республикасының ұстаздарының негізгі мақсаты – қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой-өрісі жоғары жеке тұлға дайындау.
Қоғамның дамып-өркендеуі, оның әлеуметтік-мәдени этностық ерекшеліктерін толық меңгеріп, өзгерістер, жаңалықтар, ұғымдар туралы болып жатқан барлық мәселелерге мән бере отырып, салауатты өмір салтын құруда, білім беру саласындағы инновацияны меңгеруде, қоғамымызды ізгілендіруде мұғалімдерге, олардың кәсіптік сапаларына, білімділігі, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілеттілігі, мәдениеті, парасаттылығы, т.б. қасиеттеріне байланысты екендігін, мұғалімдік мамандықтың жан-жақты білімді, шынайы сезімтал болуды, шәкірттеріне шексіз сүйіспеншілікті беруді талап ететінін, еңбегінің нәтижесі әр күн сайын балаларға қуаныш әкелгенде ғана жемісті болатынын ұғындыру.Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиенің озық әрі өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерін оқушылардың бойында қалыптастыру, этнопедагогика материалдарын ұтымды пайдалану – аса маңызды міндеттердің бірі. ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттық дәстүрлерде тәрбиелеудің заңды объективті қажеттігі туды. Қай заманда болсын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатындығы белгілі. Егеменді Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оның ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтармен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;… оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне оқыту мен тәрбие берудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияны игерген, психологиялық, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолын салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болуды талап етеді. Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан-жақты ізденістің нәтижесінде білім беру саласында жаңа педагогикалық технологиялардың саны да, сапасы да өсіп келеді. Технология – белгілі бір істегі адамның әдісі, шеберлігі. Осы шеберлік арқылы мұғалімнің өз сабағын оқушыға жоғары сатыда жеткізуіне мүмкіндік береді. Мұғалім үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса жаңашылдыққа жақын болғаны. Өзгелердің үлгісін өз ісінде пайдалана білсе, оған өзіндік қолтаңбасын қосып отырса – оқушы тәрбиелеу мен білім берудегі жетістігі сол болмақ. Қазіргі педагогикалық әдебиеттерден 50-ден астам оқыту технологиялары қолданысқа енгізілгені белгілі болып отыр. Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, жаңаша құрылымы бар демократиялық қоғам құруға кіріскеніне біршама уақыт өтті. Еліміздің болашағын жасайтын жастар білімімен қатар шығармашылық қасиеті жоғары, өзіндік көзқарасы бар, елге тұлға болатын азаматтар болуы керек. Ал ол азаматтарды оқытып, тәрбиелеп шығаратын негізгі орта – мектеп. Сондықтан қазіргі мектеп ішінара қайта құруларға жол беріп, көп істерде оң өзгерістерге қол жеткізуде. Тарих пәні мұғалімдерінің міндеті – мәдениетті түрде білімді, іскер, жеке тұлғаны дамыту, ұлтымыздың рухын көтеру, осы мақсатқа жететіндей тиімді жол іздеу.
Интерактивті оқыту
Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады
пасссивті- оқушы оқытудың «объектісі» рөлін атқарады ( тыңдау және көру)
активті (белсенді)оқушы оқытудың «субъектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс,лабораториялық-практикалық жұмыс )
интерактивті- inter akt(әрекеттесу).Оқыту процесі барлық оқушылардың тұрақты белсенді өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Оқушы мен мұғаалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады.
Интерактивті оқыту моделін пайдалану- өмірлік ситуацияларды моделдеуді, ролдік ойындарды қолдануды,мәселені бірлесіп шешуді қарастырады,Оқу процесінің қандайда бір қатысушысын немесе идеяны /яғни,жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты/
ерекшелеуді шектейді. Бұл моделге адамгершілікпен,демократиялық жолмен келуді үйретеді.
Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік,өзін-өзі толықтыратын , барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген,оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.
Интерактивтік оқыту технологиясы .
Жұптасып жұмыс істеу.
Карусель (Айналмақ)
Шағын топтармен жұмыс.
Аквариум
Аяқталмаған сөйлем.
Миға шабуыл.
Броундық қозғалыс.
Есептеу ағашы.
9) Рөлдік(іскерлік) ойын
10) Өз позицияңды ұстан
11) Дискуссия
12) Дебаттар.
Тарих және қоғамтану пәндерін оқытуда
инновациялық технологиялар жүйесі – білім сапасын
арттырудың кепілі.
Интерактивті оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі.
Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларынойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін,жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.
Мысалы оқушыларға «Карусель» деп аталатын мынадай жұмыс түрі қатты ұнайды. Екі сақина жасалады.Ішкі және сыртқы сақиналар.Ішкі сақина –бұл қозғалмай отырған оқушылар. Сыртқы сақина-бұлар әрбір 30 секунд сайын ауысып тұрады. Осылайша,олар бірнеше минутта бірнеше тақырыпты айтып шығады және әрқайсысы өзінің дұрыстығына әңгімелесушінің көзін жеткізуге тырысады.
Аквариум технологиясының мәнісі сонда,бірнеше оқушы шеңбер ішінде ситуацияны жасырады (разыгрывают) ,ал қалғандары оларды бақылап тұрып әректтеріне талдау жасайды.
Броундық қозғалыста оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп берілгентақырыбы бойынша ақпарат жинайды.
Есептеу ағашы – сынып сандары бірдей 3 немесе 4 топқа бөлінеді.Әр топ өз сұрақтарын талдап, ағаштың өздеріне тиісті тармағына (ватман парақ) жауап жазады,содан соң топтар орындарын ауыстырып,көршісінің ағашына өз идеяларын жазады.
« Өз позицияңды ұстан » деп аталатын интерацияның да пайдасы бар.Қандай да бір ұйғарым,көзкарас оқылады,содан кейін оқушылар «ия» немесе «жоқ» деген аймаққа бөлінгентақтаға (плакатқа) барады.Мүмкіндігінше олар өз позицияларын түсіндіргені дұрыс.
Мұғалім мен оқушының интерактивтік шығармашылығы шектелмейді.Оны қойылған мақсатқа дұрыс бағыттай білудің маңызы зор. Бүгінгі шығып жатқан әдістемелік инновациялар оқытудың интерактивтік әдісімен байланыстырылған.
Интерактивтік оқыту-бұл,ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады.
«Интерактивтің» негізгі сипаттмалары қандай? Интерактивтік оқыту-бұл танымдық әрекеттің арнаулыұйымдастыру формасы.ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту түрі.Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің жетістіктерін,интеллектуалдық белсенділігін сезетіндей,оқу барысының өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы (компортный) шарттарын жасау.Интерактивтік оқытудың мәннісі сыныптағы барлық оқушы таным процесімен қамтылады,олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылытүсінугежәне қарсы әсер етуге (рефлексия) мүмкіндік алады.Таным прцесінде , оқу материялын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мыныны білдіреді, әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді,білім,идея, әрекет ету тәсілдерін алмасуүздіксіз жүреді.сонымен қатар, бұл процесс өзара қолдау және қайырымдылық атмосферасында жүреді Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық прцестің өзін дамытыды,оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.
Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін – ұйымдастыру және сұқбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.
Интерактив бір қөзқарастың немесе бір ғана сөйлеушісінің басым болуы жағдайды болдырмайды. Сұқбаттасып оқыту барысындаоқушылар сыни ойлауды,тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, дискуссияғақатысуды,басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары, рөлдік ойындар қолданалады, құжаттармен және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды, шығармашылық жұмыстар пайдаланылады.
Интерактивтік оқыту формаларына нені жатқызуға болады ? Бүгінгі күні әдіскерлер мен шығармашыл-ұстаздар топтық жұмыстың көптегентүрін жасап шығарды. Олардың ішінде кең таралғандары – «үлкен шеңбер», «аквариум», «миға шабуыл» (мозговой штурм), «дебаттар».Алдынғы сабақтардағы білімдері немесе өмірде алған тәжірибелері негізінде аздаған хабары бар қандайда бір мәселе толығыменталқыланатын болса ғана ,интерактивтік оқыту формасының тиімділігі жоғары болады.одн басқа,қарастырылатын тақырып жабық немесе тар мағыналы болмау керек.Мысалы,ұрлық үшін жауапкершілік қандай болуы керек немесе салық мөлшері қанша болуы керек деген сияқты сұрақтарды топ алдында талқылаудың мағынасы жоқ. Талқыланатын мәселенің деңгейі тар экономикалық ( құқықтық,саяси,тарихи,т.б) сұрақтардан мәселені кеңінен қоюға көшуге мүмкіндік жасайтындай болуы керек.
Оқыту концепциясы мен технологиясы.
Оқыту барысында кем дегенде мазмұндық (нені оқыту), процесуалдық (қалай оқыту), мотивациялық (оқушылар әрекетін қалай белсенді етуге болады) және ұйымдастыру (оқушы мен мұғалім әрекетннің құрылымын қалай жасау керек)жағын бөліп қарауға болады Осы жақтардың әрқайсысына бірқатар концепция сәйкес келеді.
Мазмұндық жағына – мазмұнды қарым-қатынас,оқу материалын күрделендіру, оқу пәндерін кіріктіру /интеграция/, дидактикалық бірліктерді ірілендіру және т.б.
Процесуалдық жағына-программалау концепциясы, проблемлық, интерактивтік оқыту т.б.
Мотивациялық-оқуы барысы мотивациялық қамтамасыз ету концепциясы, танымдық қызығушылық қалыптастыру, т.б.
Ұйымдастыру-гуманитарлық педагогика идеялары, педагогикалық еңбектестік концепциясы, оқу пәніне «шолу», орталықтандырылған (концептировонные) оқыту.
Осы концепциялардың бәрі өз кезегінде технологиямен қамтамасыз етіледі.
Мысалы, проблемалық оқыту концепциясы: проблемалы-сұқбатасып оқыту, проблемалы-тапсырмаларлық, проблемалы-алгоритмдік, проблемалы-контекстік, проблемалы-модулдік, проблемалық-компьютерлік оқыту.
Интерактивтік оқыту технологиясы мен концепциясы интерекция (ағлш.Interaction-өзара әсер, бір-біріне әсер ету) құбылысына негізделген. Оқыту барысында жеке тұлғалар арасында танымдық қарым-қатынас орнап, оның субъектілерінің бәрі өзара қатынасқа түседі. Әр оқушының жеке жұмысы мен оңың жеке тұлғасын дамыту адамдарының бір-бірімен сөйлесу және өз ара әрекеттесу барысында жүзеге асады.
Осы концепциясы жақтаушылардың ойынша, осындай ситуацияның жиі қолданылатыны және ыңғайлы түрі оқу ойындары болып табылады.Ойындар педагоққа оқытудың (білім, білік, дағды) қолданылуын, жаттығу мен өнделуін, әркімнің мүмкіндігін ескеруді, білім деңгейі әртүрлі оқушыларды ойынға тең дәрежеде қатыстыру нәтижелерін мүмкіндік береді. Сонымен қатар ойндарда барынша эмоциялық-тұлғалық әсер ету, комуникативті біліктілік пен дағды қалыптастыру, қарым-қатынас құндылығы сиясы мүмкіндіктер бар.Сондықтан оқу ойындарын қолдану мектеп оқушыларының жеке және тұлғалық сапаларын тәрбиелеуге қолайлы.
Интерактивтік оқыту технологисы – деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоцияналдық және басқада жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, оқушыларға педагогиклақ әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалым мен оқушының іс әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.
Интерактивтік оқыту технологиясын қолданатын оқыту процесінің құрылымында мына кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:
1.Бағыттау. Ойынға қатысушылар мен эксперттерді дайындау кезеңі. Мұғалім жұмыс тәртібін ұсынады, оқушылармен бірге сабақтың басты мақсаты мен тапсырмаларын жасайды, оқу проблемасын құрастырады.
2. Ойын-сабақты өткізуге дайындық. Бұл ситуация, нұсқаулар, қойылымдар мен басқа да материалдарды оқыту кезеңі. Мұғалім сценарий жасайды, ойын тапсырмарына, ережесіне, ролдерге, ойын бөлімдеріне, ұпай санау тәртібіне (ойын таблосы құрылады) тоқталады. Оқушылар қосымша ақпарат жинайды, мұғаліммен ақылдасады, ойын барысын және мазмұнын өзара талқылайды.
3. Ойынды өткізу. Бұл кезеңде ойын процесінің өзі жүзеге асады. Ойын басталғаннан кейін ешкімнің оған араласуға және бағытын өзгертуге қақысы жоқ. Тек жүргізуші ғана қатысушының әрекетін бағыттап отырады, егер ол бастапқы мақсаттан ауытқып бара жатса. Мұғалім ойынды бастағаннан кейін, аса қажет болмаса оған қатынаспауы керек. Бұл жерде мұғалімнің міндеті; ойын әрекеттерін, нәтижелерін, ұпай санауды бақылау және түсініспеушілік болған жағдайда түсіндіру, оқушылырдың сұрағына жауап беру немесе өтініші бойынша оның жұмысына көмектесу.
4. Ойынды талқылау. Ойын нәтижесін талдау, талқылау және бағалау кезеңі. Мұғалім талқылау жүргізеді, оның барысында эксперттер сөйлейді, қатысушылар өз пікірлерін айтады, өз позицияларын және шешімдерін қорғайды, қорытынды жасайды, ойын барысында туындаған қиындықтары, идеясы туралы әңгімелейді.
ИОТ-сын пайдалану әр оқушының іс-әрекетін сабақтастыруға (өзара әсерлесудың бүтіндей жүйесі пайда болады: мұғалім-оқушы, мұғалім-сынып, оқушылар-сынып, топ-топ, топ-оқушы), оның оқу әрекетін және тұлғалар арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік береді.
Интерактивті әдістің түрлері
Оқу-мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы дамуы мектептегі пәндік сабақтар мен оның өздігінен оқуына, қызыға іздене оқуымен тығыз байланысты.
Оқушының оқу әрекеті-күрделі,жан-жақты үрдіс,ол оқушының барлық әрекетін,рухани күштерін керек етеді.оқушының ақыл-ойеңбегі белсенді әрекет болуға тиісті.оқушының өздігінен,қызығып оқуы жемісті болуы үшінақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыру керек.ол үшін танымдық ойындарды ойнатудың маңызы зор.
Тарих сабағында оқушының оқу әрекетін қалыптастыру,негізінен жаңа білімді меңгеру,алынған ғылыми түсініктерді шығармашылықпен пайдалану,оқушыны танымдық мәндегі тапсырмаларды орындау барысыпда өздігіненой қорытындысын жасайтын материалдармен қаруландырады.Сол үшін мен тақырыпқа сай арнау лы тапсырмалар дайындап,оны оқушылардың қалай қабылдай тындығына бақылау жасадым,өткен тақырыпқа байланысты бірнеше нұсқада құрылған тапсырма – ойындармен жұмыс жүргіздім.
Оқу материалын терең меңгеруге тек оқушылармен жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде қол жеткізуге болады.Сондықтан оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда мына қағидаларға сүйендім.
Ойындар пәннің мәніне,тақырыпқа логикалық байланыста болуы керек 2)Берілген тапсырмалар ,ойын сұрақтары оқушылардыңойлау қабілетін дамытарлықтай болуы тиіс
Ойын түрлері ,танымдық ойындар жаңа сабақты түсіндіруде,бекітуде, білім тексеруде және қайталауда да қолданылады.
Алғашқы қағида бойынша ойындар түрі маңызды тақырыпқа құрылады.мысалы өткен тақырып бойынша ой-өрістерін дамыту ,сөздік қорларын байыту.
Екінші қағида бойынша оқушылардың ойлау қабілетін қажет ететін тапсырмалар пайдалынады.
Оқытудың басты талабы-сабақ сапасын арттыру. Бұл-сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіріп,білімдік,танымдық,тәрбиелік міндетін жаңа сапалы деңгейге жеткізу.
Білімді игеруде шәкірттердің белсенді танымдық іздемпаздығы айтарлықтай рөл атқаратындығын күнделікті іс-тәжірибе дәлелдейді.
Танымдық ойындар оқушылардың тақырыпты толық меңгеруін ,өз ойын жеткізе білуін,ақыл-ойын,логикалық ойлауын қалыптастырады.
Сонымен бірге нашар үлгіретін,үндемей отыратын оқушылар да ойын кезінде жақсы жауап беріп сабаққа қызығушылығын білдіреді.
Рөлдік ойын.
Рөлдік ойын бұл шағын театр қойылымы сияқты , тек онда актерлер рөлінде оқушылар ойнайды. Бұны көп ретте импровизациалау деп те атайды.рөлдік ойынның мақсаты-оқушыларды өздері көз алдарына елестете алмайтын жағдай лармен таныстыра отырып,түрлі өмірлік жағдайларды түсінумен қатар,олардан шығудың жолдарын таба білуге үйрету.Мәселен, «тонаушы» қойылымында жәбірленуші рөлін ойнаған оқушы,қарулы тонаушылық дегеннің не екенін түсінумен қатар оны сезінеді.
Оқулықтағы «Қылмыс ұғымы. Қылмыс үшін жауапкершілік» сабағында рөлдік ойын өткізу үшін оқушыларды бірнеше шағын топқа бөлеміз. Мыслы,әр топқа әртүрлі тапсырма береміз.1-топ «кінә» ,2-топ «теріс қылық» 3-топ «құқық бұзушылық»,4-топ «қылмыс» белгілерін оқушылар рөлмен көрсетсін .Бір топ өз рөлдік ойынын көрсеткенде басқа топ оның құқық бұзушылықтың қайсысына жататынын анықтасын.ол үшін біз,алдын ала әр топқа сипатты жағдайларды құрастырып келеміз. Топ мүшелері берілген рөлді бәрі немесе тек 1-2 адам арқылы көрсете ме, оны өздері шешсін.
Жалпы рөлдік ойынды қалай өткізуге болады?
1.Мұғалім оқушылармен бірге бір жағдайларды таңдайды,белгілі бір көріністі жоспарлайды. Оны өткізуді оқушылармен бірге таңдайды.
2. Рөлдік ойынға қатысатын оқушылар санын бірден шешіп алады,осы жердемұғалім ұялшақ,үндемейтін оқушылардың белсенділігін көрсету үшін оларды да рөлдік ойынға қамтиды.
3.Рөлдік ойынды қандай қалыпта өткізуді де шешіп алуға болады.Мүмкін алдын ала оқиғаның тарихын бір оқушыоқып шығады.оны басқа оқушы көрініс қылып көрсетеді.басқа бір жолыоқушылрдыалдын-ала шағын топқа бөліп, жағдайларды әр топқа үлестіріп, оны барлық топ мүшелерінің ойнап көрсетуін талап етуге болады. Мысалы,сот ойынын көрсеткісі келсе, топ мүшелерінің біреуін сот, адвокат (қарғаушы) ,айыптаушы (прокурор) ,жәбірленуші т.б. қылып рөлді үлестіруге де болады.
4.Мұғалім рөлдік ойынның дайындығы мен оны көрсетудің уақытын алдын ала айтуы керек.Қажет болса,сынып ішінднгі парталар мен орындықтардың да орнын ауыстыруға болады.5.Рөлдік ойын өткізіп жатқан уақытта ойын тым шиеленесіп кетсе ,мұғалім дереу оны тоқтатып ,жалпы оқушылармен талдау жүргізуге болады.
6. Рөлдік көрініс көрсетіліп біткеннен кейін міндетті түрде мұғалім оқушыларға ең алдымен олардың өз рөлдерінен шығуларын қайта-қайта ескертіп барып ,жалпы талдау қажет.Бұнда мұғалілім әр оқушының белсенділігі мен қабілетін,туындаған жағдайдан шыға білетін жолды дұрыс таңдай алғанына қатты назар аударуы керек.
7. Рөлдік өйында әр персонаждың дұрыс немесе дұрыс емес орындалғанын баса айтып көрсетудйң қажеті жоқ,бұнда оқушын туындаған жағдайдан қалай шықты,оны басқалары қалай түсінді сол керек.Соңында барлық оқушылардыңортақ шешімге (консенсус ) келуін мақсат етукерек. Мұғалім үшін әрқашанда оқушылармен рөлдік ойындар өткізгенде олрдың намысына тиетін, материалдық жағдайларына қатысты,ұлтарралық араздық пен алауыздық тудыратын жағдай ларды қарастырмау керек.
Ой-талқы
Ой-талқы әдісі белгілі бір жағдайды шешудің жолын табуда қиыншылық тудырған сәтте қолданылады. Қысқа уақыттың ішінде бірнеше идеяларды жазуға болады.Мысалы
-Екі оқушы арасындағы кикілжіңді шешу
-Қосымша сабақтар қажетпе,жоқ па?
Жаңа материалды оқуға көшу үшін бастапқы білім керек пе?
Аяқталмаған әңгімені аяқтату үшін қолдану.
Бұны қалай өткізуге болады?
1.Мұғалім тақырып таңдайды,ол тақырыптың түрлі жауаптары болуы мүмкін Соны оқушылардан сұрап, көрінетін жерге жазу керек. Мысалы,құқықтық сауатсыздықты жою үшінмыналар қажет...
2.Мұғалім сыныпта айтылған барлық ойларды жазуы керек .Айтылған ойды түзету сынауға болмайды. Мақсатымыз- барлық оқушыны сөйлету. Оқушы ойы-еркін шығармашылық ойлау болуы тиіс.
3.Ой талқыны барлық ойлар айтылып, ұсыныс болғаннан кейін аяқтау қажет.
Оқулықта барлық сабақтар тақырыбына ой талқы өткізуге болады.дегенмен бір мысал:ол «Қазақ тарихы сабақтарында жауап берудегі келеңсіздіктерді ата»
-қатыссыз қыстырма сөздерді көп қолдану
-жүйесіздік
-ойдың тиянақсыздығы
-қос сөздерді орынсыз қолдану
-кібіртіктеу
-ынтығу
-тұтығу
-толық емес сөйлеу
Осы тақырыпта ой талқы өткізуге болады.
Диспут.
Дистут оқушылардың өз ойларын ретімен айту ,түзету,сонымен бірге басқа диспутқа қатысушыларды назар қойып тыңдағанға үйретеді.Сонымен бірге сөйлеу мәдениетінің ережелерін сақтау мен басқаларға шыдамдылылық (толеранттық) танытуға да ықпал етеді.диспут барысында жаңа идеялар мен түрлі нәтижелер туындау мүмкін.Оқулықтағы «ұжымдастыру кезеңі» атты тақырыбында сол саясаттың дұрыс ,дұрыс еместігін анықтау мақсатында диспут ұйымдастыруға болады.
Мұғалім бірнеше жауабы бар тақырыпты таңдап,сыныпқа жариялайды.Сол тақырыпқа қажетті материалдарды алдын ала беріп қоюға болады. Материалда дәләл мен дәйектер болуы тиіс.
* Оқушыларды қарама-қарсы пікір ұстанатын топқа бөлу керек.
* Ең алдымен диспутты бастамас бұрын өз топтарында айтылатын ой мен оның шешімдерін ойластырып алған жөн.Егер консенсусқа келе алмаса ерекше пікір ұстануға да болады.
* Оқушылар бір-бірін белсенді түрде тыңдауы тиіс. Әр айтылған ойдың жақсы жақтарын баса айту керек.
* Диспуттан соң, кім нені түсінді, қандай ойға келді, мадақтауға тұрарлық қандай пікірлер айтылды, соны қорытындылау керек.
* Әр оқушыдан « диспутты жақсарту үшін не қажет деп ойлайсың» деп сұрау керек.
* Диспуттан соң шығармашылық ереін тест алып, бағалауға да болады.
Жұппен немесе шағын топпен жұмыс.
Оқушыларды жұпқа немесе шағын топқа бөліп жұмыс істету олардың арасында ынтымақтастық пен серіктестікті тудырумен қатар, басқа адам ойымен де есептесу қажет екенінде түсіндіреді.
Жұппен және шағын топпен жұмыс тез, жаңа идеяларды ұсынумен қатар белгілі бір жағдайды нәтижелі шешуге де мүмкіндік береді.Оқулықтағы «Моральдың негізгі санаттары»атты сабақта оқушыларды ең алдымен жұпқа бөліп,олардың мораль санаттарының қандай түрлерін білетінін сұраңыз. Сосын олардың ортақ ойларын білгеннен кейін ,оларды4-5 шағын топқа бөліп ,санаттар тақырыбын үлестіремін.1-топ «ар», 2-топ «намыс», 3-топ «эгоизм» ,4-топ «альтруизм».Оқушылар әр топта осы санатттарға негізгісипаттама берсін.Сосын осы санаттар араластырып жазылған жағдайларды беріп,одан әрі топ оның қай санатқа жататынын тапсын. Дұрыс тапқан топ пен оның мүшелерін бағалаймыз.
Жұппен немесе шағын топпен жұмысты қалай өткізуге болады?
1.Оқушыларды жыныстарына қарай араластырып бөлеміз. Олрды жыл мезгілдері (қыс, көктем, жаз,күз) , апта күндері (дүйсенбі,сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма),түске қарай (қызыл, сары,көк,жасыл,ақ),жеміс атаулары (алма,алмұрт,шие, шабдал,өрік) т.б.бойынша бөлуге болады.
2.Егер сынып ішінде парталар мен орындықтарды қозғауға келмесе,шағын топқа бөлінген оқушыларды бір-біріне бетпе-бет қарап отыруылары сұралады.
3.Әр топ ішіндегі оқушылар өздері уақытты бақылап отыратын ,шағын топ жұмысының тұсаукесерін айтатын оқушыныөздері даңдасын. Әр топ мүшелерінің өз міндеттерін ортақ бөліп алғаны жөн.
4. шағын топқа берілетін тапсырма немесе жаттығуды нақты, қысқа және анық беру керек. Бірнеше рет өзгерту түсініксіздікке әкеледі.
5. шағын топ жұмыс ісеп жатқанда мұғалім сыныптың артқы жағында кедергі жасамайын жерде тұруы қажет. Топ жұмысын өз қалауы бойынша уақытынан тыс тоқтатуға болмайды. Топ жұмысын сырттан бақылап, олардың белсенділігін арттыратын және сергітетін нәселерді мұғалімнің айтуына болады.
6. шағын топ жұмысы бағалануы тиіс. Оқушыларды сөйлетіп ол үшін қандай нәрсе маңызды болғанын сұраған жөн.
Дәстүрлі және интерактивті оқыту әдістерінің
салыстырмалы кестесі.
Салыстыру критерийлері
Дәстүрлі әдістер
Интерактивті әдістер
Ақпарат мөлшері немесе игеретін мәлімет
Қысқа уақыт ішінде үлкен ақпарат мөлшерімен оқып, танысуға болады.
Аз ғана ақпарат мөлшерін оқыту үлкен уақыт мөлшерін алады.
Оқыту тереңдігі
Білім мен үсінікке негізделген
Білім, түсінік, қолдану, анализ, синтез, бағалау. Оқушылар танымының барлық деңгейін меңгере алады.
Игеру немесе меңгеру пайызы
әдетінше онша жоғары болмайды
Жоғары болады
Оқыту үрдісіндегі бақылау
Оқытушы оқыту материалының мөлшері мен тереңдігін, оған кететін уақытты бақылай алады.
Оқыту материалының мөлшері мен тереңдігін оқытушы бақылай алмайды. Нәтижелері әр түрлі.
Оқытушының рөлі
Оқытушының жеке қасиеттері көлеңкеде қала береді де, ол тек қана «білім көзі» ретінде ғана қалады.
Оқытушы оқушылар алдында өзінің жеке және кәсіптік қасиетерін аша алады және көрсетеді.
Оқушының рөлі
Пассивті: оқыту үрдісінде маңызды шешімдерді өз бетінше қабылдай алмайды.
Белсенді: оқушылар маңызды шешімдер қабылдай алады, әрі өмірлік тәжірибелерін пайдлана алады.
Оқытудың мүдделеу көзі
Сыртқы (баға, педагог, ата – ана, қоғам)
Ішкі: оқушының өзі оқыту үрдісіне қызығады.
Бағалау
Қарапайым, 5-балдық жүйе
Күрделі, бағалауда жаңа критерийлердің енгізілуін қалайды.
Тарих сабағында интерактивті оқыту әдістерін
қолданудың ерекшеліктері.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты бағдарламасын іске асыруға белсене қатысатындар, кең байтақ Қазақстанның байлығына ие болатындар, сол байлықты өз иелігіне жұмсайтындар, сөз жоқ, қазіргі мектеп қабырғасында жүрген біздің оқушыларымыз екеніне ешкім күмән келтіре алмайды. Менің де мұғалім ретінде алдыма қойған мақсатым – оқушыларға ұлттық педагогикалық тәрбие мен білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру оқушының қызығуын, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы ұлттық әдет-ғұрыпты бойына сіңіруге дағдыландыру – әрбір ұстаздың абыройлы борышы. Бұл ретте өзім сабақ беретін тарих сабағымда оқытудың көптеген әдістерінен құралған интерактивті оқыту технологиясының тиімді әдістерін қолданамын.
Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, “жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.
Интерактивті ағылшын тілінен аударғанда inter – аралық, action – әрекет.
Баланың жеке өздігінен ізденуіне мүмкіндік беру;
Топтасып оқып үйренуге жағдай жасау;
Өздерін – өздеріне бағалату;
Іс – әрекет барысында білім алу;
Оқушы өз ойын еркін айту үшін мұғалім мына тәсілдерді қолдануы тиімді.
Алғыс сезіміңізді білдіріп, үнемі көтермелеп отыру;
Ешқашан “жауабыңыз дұрыс емес” демеңіз, ондай жағдайда тек сыныптан келісесіздер ме деп сұрау;
Зейінсіз енжар оқушыны анықтау, мүмкін оларда ой не ғажайып пікір болуы.
Осыған орай өзім сабақ беретін 5-11 сыныптарда осыған сәйкес өз тобымда ұйымдастырылған іс –әрекетті Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың «Дамыта оқыту технологиясы», В.Ф. Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы», Ж. Қараевтың «Деңгейлеп оқыту технологиясы», М.М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» т.б. технологияларының элементтерінің жиынтығы оқытудың интерактивті оқыту технологиясының әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруға ықпал жасаймын. Ең алдымен әрбір сабақтың өтуіне мұғалім үшін әдістемелік көмек технологиялық карта жасаймын.
Заман талабына сай оқыту мен тәрбиенің соңғы түрлерін жедел игеріп, кәсіби шеберлікті ұштап отыру ұстаздың басты парызы. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында: қазіргі білім берудегі басты мәселе-білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді де жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау екені атап айтады. Болашақтың бүгіннен де нұрлы, шуақты болуына тікелей ықпал етіп, адамзатты алға апаратын күш білімінде ғана, деген ұранымен оқу үрдісін ұйымдастыру қажет. Мақаланың тақырыбын таңдағанда алдымен қазіргі заманның оқу барысында өзектілігін және талаптарын ескерте отырып тарих сабағының сапасын жаңа дәреже жоғарлату мақсаты қойылды. Нарықтық экономика шарттарында дамып жатқан біздің қазіргі білімі, алдымен оқушыларға деген мұғалімнің педагогикалық әсері: қазіргі заманыңдағы өмір шарттарына бейімделген; бәсекелестікке қабілеттілігі; шығармашылықпен ойлайтын тұлғаны қалыптастыру бағыттау қажет.
Оқушылардың тарих сабағында шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жаңа технологияларды ұтымды пайдалану қажет. Оқыту технологияларының құрылымдық элементтеріне мыналар жатады: мақсат, мазмұн, әдістер, формалар, құралдар, оқушы, оқытушысы, нәтиже.
Оқыту технологияларына тән белгілер:
негізділігі (кез келген технологияның өзіндік философиясы, өзіндік тұжыдымдамасы болуы шарт);
жүйелілігі (құрылымдық элементтердің бір тұтастығы);
тиімділігі (қысқы мерзімде аз шығынмен жоғары нәтижеге жеткізу тиімділігі).
«Оқыту технологиясы» ұғымын нақтылау және оларды іріктеп ала білудің өзектілігі бүкіл оқыту үрдісінің түпкілікті нәтижесінің технологияның дұрыс таңдалып алынуына тәуелдігімен түсіндіріледі. Педагогикалық технология тарих сабағы бойынша оқу үрдісімен мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрылымына мыналар кіреді:
а) тұжырымдық негізі;
ә) оқыту мазмұндық бөлімі;
оқутудың нақты және жалпы мақсаты;
оқу материалдарының мазмұны;
б) үрдістік бөлім – технологиялық үрдісі;
оқу үрдісін ұйымдастыру;
оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары;
мұғалімнің материалдарды меңгеруді басқарудағы іс-әрекеті.
Барлық технологиялардың мақсаты – пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру болып табылады. Оқушылардың шығармашылық біліктілігін дамыту мақсатында жүргізілетін тарих сабақ түрлерінің сызба 2-де төменде берілген .
Тарих сабағының педагогикалық технологиялардың түрлеріне тоқталатын болсақ белсенді қолданатындар бұл жобалау, пікірсайыс, мәселелік оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту және т.б. Жоба әдісі педагогикалық технология ретінде қарастырылды және оқу барысында оның маңыздылығы ашылды. Жоба әдісіне ізденіс, зерттеу, мәселелік әдістер, шығармашылық жұмыстар жатады. Нәтижеге жету үшін оқушыларды дербес басымен ойлау, мәселелерді тауып оларды шешуге үйрету, бұл үшін әр түрлі салалары бойынша балалардың білімдерін қолдану қабылеттерін, нәтижесін болжау себеп-салдарлық байланысын орнату икемділігін дамыту керек. Жобалау әдісі үнемі оқушылардың дербес іс-әрекетіне бағытталған - жеке дара, жұптық, топтық. Қазіргі ақпараттық заман талап ететін жобалау әдісін қолданудың негізгі талаптары талқыланып, оқытушылар жоба әдісін қолдану барысында жобалардың түрлерін анықтады. Әдістің негізінде студенттердің танымдылық біліктіліктерін, өз білімдерін дербес басымен құрастыру икемділігін және ақпараттық кеңістігінде баулу, сын тұрғысынан ойлау икемділігін дамытуы жататындығы айқындалды. Жобалау ұғымы негізінде – мәселесінің нәтижесіне болжау бағыттылығы жатыр. Нәтиже тәжірибелік және теориялық шешімі арқылы қалыптасады. Нәтижеге жету үшін балаларды дербес басымен ойлау, мәселелерді тауып оларды шешуге үйрету керек, бұл үшін әр түрлі салалары бойынша балалардың білімдерін қолдану қабылетттерін, нәтижесін болжау себеп-салдарлық байланысын орнату икемділігін дамыту керек .
Жобалау әдісін қолданудың негізгі талаптары:
Зерттеу шығармашылық жоспарында мәнді мәселелінің болуы, бұл мәселені шешу үшін зерттеу ізденісі жөнінде оқушылардың біліктілігі.
Оқушылардың дербес іс әрекеті (жеке дара, жұптық, топтық).
Жобаның мазмұнды бөлігін құрастыру (әр кезен бойынша нәтижелерін белгілеу).
Іс әрекеттің белгілі бірізділігін алдын ала карастырылатын зерттеу әдістерін пайдалану: («ми шабуыл», «донгелек стөл» арқылы )мәселені және оның зерттеу міңдеттерін анықтау;
мәселені шешу жолдары болжау; зерттеу әдістерін талқылау (статистика, эксперимент, бақылау және т.б.);
ақырғы нәтижелерін рәсімдеу әдістерін талқылау (презентации, қорғау, шығармашылық есептер, көріністер және с.с.);
алған мәліметтерді талдау және жүйелеу, жинау;
қортындылау, нәтижелеу және презентациялау,
зерттеудің жаңа мәселелерді шығару.
Жобаның тақырыптарын тандау түрлі жағдайларда әр түрлі болу мүмкін: оқытқан пәні бойынша, мұғалім мен оқушушылардың мамандық қызуғышылары, мүдделері және қабылеттерін ескерту қажет, немесе сабақтан тыс іс әрекетіне байланысты болу мүмкін. Әрине, жобаның тақырыптары мектеп бағдарламасы бойынша оқушылардың білімдерін тереңдету мақсатымен берілу қажет.
Қазіргі нарықтық экономика шарттарында жастарда бәсекелестікке қабілеттілігін дамыту мақсатымен қоғамдық – тарихи сабақтарын жүрізу барысында пікірсайыс технологиясын қолдану қажет. Жаңаша оқытудың коммуникативті пікір алмасу түрі оқушының жетекшілік позициясын нығайтып, сыныпта ашық өзара қатынастарды қамтамасыз етіп, бірлесіп алуда жауапты іс-әрекет жасауға мүмкіндік береді. Бүгінде «Пікірсайыс» бағдарламасы оқытудың басқа инновациялық әдістемелер қатар қанатын жайды. Интерактивті әдістерге негізделген пікірсайыс технологиясы қазақстандық білім беру жүйесінде жасалып, мұғалім мен оқушылардың арасындағы қарым-қатынасты авторитарлық стильден ашық талқылау мүмкіншілігі бар жағдайға өтуге көмектеседі. Пікірсайыс арқылы көптеген мақсаттарға жетуге болады оқушылардың білім деңгейін жоғарлату, ауызша сөздік қорын дамыту, сауатты сөйлеу, сын көзбен қарау, шыншылдықпен қарау т.б.
Пікірсайыс технология – қарым-қатынасқа негізделеді: мұғалім-оқушы. Қазіргі таңда білім жүйесінде үлкен салмақ оқушының өзіне түседі. Пікір сайыста оқушы оқытушысының түсіндіргенің меңгеріп ғана қоймай, мұғаліммен тікелей пікірталасқа көшеді. Пікірталас технологиясын мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласында қойып отырған талаптарына сай, оқу үрдісіне қажетті әдіс оқушылардың тәртібіне, ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі әсер етеді. Пікірсайыс технологиясын сабақ процесінде қолдануы кіріспе бөлімнен тұрады, мұнда студентер қаралатын мәселені айқындап алады, өйткені студенттер талқыланатын мәселе бойынша білімі болмаса, пікірталасты өз мәнінде өткізе алмайды . Осыдан кейін мәселені шешу жолдарын шешу жолдарын шешендіктен дәлелдеп, барлық тындаушылардың алдында қорғауы тиіс.
«Пікірсайыс» технологияның жетістіктері:
шешендік дағдыны жетілдіреді; өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйретеді; анық, әсерлі, нақты сөйлесуге баулиды;
достық, жылылық, сыйластық, пікір сыйлау, құрметпен қарап, пікір таластыруға үйретеді; пікірсайыс кезінде оқушы бір мезгілде жазу және ойлау, айту қабілетін жетілдіреді.
Пікірсайысты оқу үрдісінде пайдаланудың пайдасы жоғары, өйткені «пікірсайыс» - философиялық, психологиялық, саяси, лингвистикалық ғылым; «пікірсайыс» - пікірталас, шешендік өнер.
Сонымен жаңа оқу технологияларды және интерактивті әдістерді оқу үрдісінде қолданудың нәтижесінде оқушылар жинақталған тәжірибиесін сыртқа шығарып, оны өмірінде пайдалана алады. Жалпы заман талабына сай білім беру қашан да өзектілі мәселе. Шығармашылық қабілеті мол, жан-жақты дамыған адамзат тәрбиелеуде жаңа педагогикалық технология ауадай қажет.
Интерактивті оқыту технологиясы бойынша сабақ үлгілері.
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі парсы патшалығы.
Пәні: Дүниежүзі тарихы. Сыныбы:6
Сабақтың мақсаты: 1.Ежелгі парсы тайпалары және олар құрған патшалық туралы, Кир мен Дарийдің парсы тайпалар одағын күшейтіп, басқару жүйесін жетілдіргені туралы мағұлмат беру.
2.Оқушыларды өз бетінше ізденіп оқуға, тірек сызбалар құра білуге, қорытынды жасау дағдыларын одан әрі дамыту.3.Өз елін, жерін сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
«Команда таңдау» әдісі бойынша тақтаға «Білгірлер», «Тапқырлар» сөз тізбектеліп жазылып, оқушылар кезекпен өздері қалаған команданың астына өз есімдерін жазады.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Финикия мен Палестинаның табиғат жағдайлары қандай?
2. Финикия неге қала — мемлекеттері деп аталды?
3. Израил-иудей мемлекеттері туралы не білесіңдер?
Үй тапсырмасын қорытындылау.
III. Сергіту сәті. «Кім көп біледі?» ойыны.
Әр топтан екі оқушы шығып, үлестірмелі карточкадағы 5 сөзге анықтама беріп, қай мемлекетке қатысты екенін айтады.
IV. Жаңа сабақ.
Ой қозғау. Сөзжұмбақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
П А Р С Ы
1. Хетт мемлекетіндегі көктем құдайы
2.Египеттегі Ніл өзенінің құдайы
3.Вавилонның қамқоршы құдайы
4.Шумерліктердің Ай құдайы
5.Храмда қызмет ететін дін иелері
Интерактивті тақтадан «Парсы патшалығының құрылуы» туралы бейнетаспа көрсетіледі. Оқулықтағы «Ежелгі парсы патшалығы» тақырыбын үш бөлікке бөліп, әр топқа жеке тақырыпшалар беріліп, 10 минут ішінде топ мүшелері оқиды, талқылайды, қорытындылайды. Әр топтан топ басшылары шығып, плакат жобаларын қорғайды.
«Алғырлар» тобы — Парсы патшалығының құрылуы
Парсы патшалығының құрылуы
«Тапқырлар» тобы — І Дарий, оның ішкі және сыртқы саясаты
І Дарий, оның ішкі және сыртқы саясаты
Екі топ — Заратуштра ілімі
Заратуштра ілімі
Жақсылық Жамандық
Ахурамазда Аихра Манью
Хронологиялық жұмыс — сәйкестендіру
Б.з.б 530 жылы І Дарий парсы патшасы болды
Б.з.б. 522 жылы І Дарий сақтарға қарсы жорық жасады.
Б.з.б. 518 жылы Кир сақтарға жорық жасады.
Сөздік жұмыс — толықтыру
«Авеста» — …. парсылардың ең көрнекі әдеби шығармасы
«Дарик» — …. алтын теңге
Заратуштра – …. діни ілім
Оқулықтағы қосымша материалдармен жұмыс
(Бір оқушы оқып, мәтін ой — талқыға салынады )
V. Сабақты бекіту
Мәтін – тарихи қақпан( «Парсы патшалығы» мәтінінде тарихи қателер жіберілген, оқушылар сол қателерді табу қажет)
Парсы патшалғы
Парсы тайпалары одағын арий деп аталған рудан шыққан көсемдер басқарды. Солардың ішінде Дәуіт есімді қабілетті көсем болды. Ол парсы тайпаларының одағын күшейтіп басқару жүйесін жетілдірді. Кир б.з.б 530 жылы сақтармен соғыста басынан айрылды.
Б.з.б 522 жылы Камбиз парсы патшасының тағына отырды. Алдымен елді 20 аймаққа бөлді. Әр аймақты әкімдер басқарды. І Дарий енгізген үлкен жаңалықтың бірі — әлемдегі ең таза алтын теңге шығару болды, ол солид деп аталды.
VI . Оқушылардың білімін бағалау
VII. Үйге тапсырма:
«Парсы-сақ қатынасы» тақырыбында эссе жазып келу.
Тақырыбы: Сақтар. Ғұндар.
Пәні: Қазақстан тарихы. Сыныбы: 6
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі- Оқушылардың алған білімдерін толықтыру,өткен сабақтарды пысықтау ретінде қосымша деректер арқылы сақ,үйсін,ғұн тақырыбы бойынша қайталау.
Дамытушылығы- Оқушының ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін ашатын сұрақтар қою және сұрақ-жауап әдісі бойынша сабақтың тақырыбына сай білімін толықтыру.
Тәрбиелігі- Ежелгі тайпалардың тарихын, шаруашылығын, мәдениеті мен білімін пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі:Білім-білік дағдыларын қалыптастыратын аралас сабақ.
Жаңа сабақ ты бастар алдында мен сыныпты үш топқа бөлемін.
1-топ: Сақтар.
2-топ: Ғұндар.
Жоспары:
1 Ауызша дөңгелек үстел. Әр топ өзінің атын қорғайды.
2. «Алғыр оқушы» ойыны. Әр топ бір-біріне 5 сұрақтан қояды.
3. Кім айтқан? Тарихшылардың айтқан ойлары.
4. Сергіту кезеңі. Ребустар шешу.
5. Сәйкестігін тап.
6. Сөзжұмбақ .
7. «Жұлдызды сәт ойыны»
Ауызша дөңгелек үстел. Бұл тапсырманы екі топта орындайды. Мұнда негізінен әр топтың оқушылары өз саласы бойынша сақ,ғұн тақырыбына мағлұмат береді. әр топ басшылары өзінің тобын қорғайды.
«Алғыр оқушы» Әр топ 5 сұрақтан қояды.
I.Сақтар.
1.Ғұндар неше руға бөлінеді? /24/
2.Ғұндарда жеке меншік болды ма? /Иә/
3 Сақ қоғамы қанша топқа бөлінді?/ /3топқаЖауынгерлер,абыздар,егіншілер мен малшылар/
4 Б.з.б.сақтарға қарсықандай парсы патшасы жорық жасады?/ /Дарий,Александр Македонский/
5Алтын адамның жасы қаншада?/17-18 жас/
II.Ғұндар.
1Үйсіндердің астанасы қай қала болды?/Қызыл аңғар Чигу қаласы/
2.Ғұндардың билеушісінқалай атаған? /Шаньюй/
3Сақ патшайымын атаңыз /Томирис/
4 Сақтардың қандай түрлері болды? /сақ-тиграхауда, хаомоварга парадарайя/
5 Қазақстанда сақ зерттеулерін кім жүргізді? /Археолог Ақышев/
Кім айтқан? Тарихшылардың айтқан ойлары.
1. «Мен сендерді адастырып, қырғиға ұшыраттым,елімді аман алып қалдым,мен дегеніме жеттім,енді қолдарыңнан келгендерді істей беріңдер». Жауабы: /Шырақ/ Сақ тобына.
2. «Олар соғыстан кейін тыныш әрі қамсыз тіршілік етеді, әркім қолында барымен қанағат етеді» дейді.Жауабы:/Прииск Византия елшісі/ Ғұн тобына.
4. Сергіту кезеңі. Ребустар шешу.
5. Сәйкестігін тап.
6. Сөзжұмбақ .
7. «Жұлдызды сәт ойыны»
Сұрақ ғұндарға.
1.Ғұндарда қанша ру болды?
2.Ғұндарда жеке меншік болды ма?
3 Мемлекет басында кім болды?
4. Құлдар қандай жұмыстарға пайдаланылды?
5. Кімдер түменбасы бола алатын еді?
6. Түменбасы кімдерді тағайындайды?
7. Бұхара халық кімдерге тәуелді болды?
8. Ғұндарда лауазым мен шен қалай беріліп отырды?
9. Салық кімдерге салынды?
10. Ғұн әскерлерінің негізі кімдерден құралды?
Сұрақ сақтарға.
Сақтар қанша топқа бөлінеді?
Сақтар қандай шаруашылықпен айналысқан№
«Алтын адм қай жерден табылған»
Парсы матшасының аты кім?
«Алтын адамның жасы қаншада»
Дариді алдаған жылқышының есімі.
Сақ қоғамын атаңдар?
Сақтарды зерттеген грек тарихшысы.
Ирандық жазбаларда сақтарды қалай атаған?
10. Шірік Рабат қаласы қай жерде орналасқан?
Сабақты қорытындылау /Мөлдір журнал/
Сабақты бағалау.
Үй тапсырмасы:Өткен тақырыпты қайталау.
Тақырыбы:Қазақ халқының қалыптасуының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихи кезеңдері.
Пәні: Қазақстан тарихы. Сынып: 10
Сабақ мақсаты:
Білімділігі: Ежелгі ру – тайпаларға сипаттама бере отырып, олардың даму тарихын, қоғамдық құрылысы мен саяси жағдайларын түсіндіру. Алғашқы мемлекеттердің әлеуметтік – экономикалық жағдайына тоқталу.
Дамытушылығы: өзіндік дайындықтарын пайдалана отырып, картамен, терминдермен жұмыс жүргізе білуге, қорытындылаумен сипаттауға, өз тарихи білімдерін толықтыруға дамыту.
Тәрбиелілігі: өз халқының тарихына деген құрмет сезімдерін қалыптастыра отырып, Отансүйгіштікке, ұлтжандыққа тәрбиелеу.
Түрі: ізденіс, зерттеу сабағы
Типі: жаңа тақырыпты меңгеру
Әдісі: интерактивті оқыту
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, электронды оқулық, ҚР картасы, тірек –сызбалар, тесттік сұрақтар жинағы.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру сәті. Топқа бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру. /параграф №7 «Сақтардың қоғамдық құрылысы және мәдениеті»/
а/ фронтальді тексеру арқылы:
Сұрақтары: 1. Сақ тайпалары қандай топтарға бөлінеді?
2.Осы топтардың мекендеген жерлері?
3.Сақтардың ескерткіштерін атаңыз?
4. Қоғамдық құрылысы қандай?
5.Сақтардың атақты Алтын адамы қай обадан табылған?
ә/ Топтарға А-4 парағы беріледі. Парақтарда 10 сұрақтан, соған жауап беріп топтан бір адам айтады.
б/ Интерактивті тапсырмалар: 2,3,4
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Сақтардың қоғамдық құрылысы, мәдениетін біліп, енді біздің Отанымыз Қазақстанның ұлан – байтақ жерін мекендеген тайпалардың қазақ ұлтының құрылуына үлкен роль атқарғанын айта кеткен жөн. Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Қазақ халқының қалыптасуының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихи кезеңдері». «Этнос» сөзі «белгілі бір халық» немесе «ел» деген ұғымды білдіреді. Ал, халқымыздың этностық құрамы түркі тілдес ру – тайпалардан құралған. Кез – келген халық бірнеше мыңдаған жылдарды басынан өткізе отырып, этностық дәрежеге көтеріледі. Антропологиялық зерттеулерге қарағанда, қазақьардың этностық үдерісі қола дәуірінде қалыптасып, темір дәуірінде сақ, қаңғлы, үйсіндерде одан әрі дами түсті. Әсіресе ғұн тайпасының батысқа қарай жылжыуы Қазақстан жеріндегі ру – тайпалардың тарихи , мәдени дамуында терең із қалдырды. Ерте орта ғасырлардағы қазақ халқының негізгі қалыптасуының тарихи кезеңдері. /электрондық оқулық/.
Сонымен, қазақтардың біртұтас этнос болып қалыптасу үдерісі шамамен 4 мың жылға созылды. Тарихи хронологиялық жағынан ол Ежелгі дәуір, ерте орта және соңғы орта ғасырларды қамтыды. Түркі тектес халықтардың ата – бабалардың қоныстаған аумағы. Археологиялық зерттеулер б.з.д. 3 ғ/да Солтүстік Азиядағы моңғол үстіртінің солтүстік бөлігінде түркі тектес халықтарының өмір сүргендіктерін дәлелдеген.
Анимация: ½.
Қазақ этносы халық болып қалыптасуының барысы:
4 мың жылға жуық уақытқа созылды.
Төрт түрлі тарихи кезеңде тілдік, этностық, антропологиялық, мәдени – тарихи дамуды басынан кешті.
Сақ , үйсін, қаңғлы, қыпшақ, найман сияқты этностық топтар қазақ этносын негізін құрады.
Осындай тарихи даму кезеңдерін басынан өткізген ру – тайпалар 15 ғ/ң басында қазақ халқының қалыптасуына негіз болды.
Сабақты бекіту:
Сұрақтар:
Этнос дегеніміз не?
Қазақ халқының негізін құраған ежелгі тайпалар мен рулар туралы не білесіңдер?
Қазақ халқы өзінің қалыптасу тарихында мәдени – тарихи дамудың қандай кезеңдерін бастан өткізді?
Үйсін, қаңғлы тайпалары қазақ халқының қалыптасуында қандай роль атқарды?
Интерактивті тапсырмалар: 2/4
6.Тарихи сынақ хат.
/топтарға тапсырма үйлестіру, көшбасшылары жауап береді/
1.«Құндылықтар тренингі».
2.Стикерлерге «Сабақта маған не ұнады» пікір жазу.
Үйге тапсырма: параграф №8
Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Интереактивті оқытудың тиімді жақтары:
Оқушылар ақпарат алумен қатар өздерінің белгілі бір мәселені шешу жолын қисынды түсіндіріп береді. Оқушылар ойларының тереңдігіне талпынады. Мұғалімнің жетешілігі арқылы білімдерін әрі қарай дамытады. Осыған орай тарих сабағында өзім қолданып жүрген интерактивті оқыту технологиясы -білім берудің болашақ көкжиегін кеңейтетініне сенімім зор. Қорыта келе айтарым, мұғалім ізденісі білім кепілі. Демек жаңа технологиямен қаруланған мұғалім ғана, өркениетті ел болашағын тәрбиелей алады.
Жаңа технологияны білім беру саласында тиімді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі. Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ – ұлттың ұлт болып қалуының кепілі.
Әдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» Жолдау
2. Қазақстан Республикасының Білім Заңы
3. Құдайбергенева К.С. Инновациялық тәжірибе
орталығы- педагогикалық технология көзі. Алматы // 2001. -75б.
4. Білімдегі жаңалықтар // 2007. №4 26-28 б.
5.“Қазақстан мектебі” журналы №8, 2004 жыл
6. Қазақстан тарихы – әдістемелік журнал . Алматы 2006-2010ж.ж