Просмотр содержимого документа
«Есболтану интеллектуалды? сайыс»
Маңғыстаулық Марғұлан атанған өлкетанушы, педагог, өлкенің мәдени өмірінде елеулі із қалдырған тұлға- Е.Өмірбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай өткізілетін «Есболтану» атты интеллектуалды сайыстың мақсаты: Өскелең жас ұрпаққа туған жері үшін тер төккен аталары туралы жан жақты мағлұматтар беру, білімділігі мен зейінділігін дамыту, жетілдіру.
Көрнекілігі: Е.Өмірбаев Маңғыстау бабалар мекені Қарашаңырақ Алматы ,2011 жыл, Маңғыстау энциклопедициясы, «Ақкетік арайы» газеті 2011 жыл, 16.09. кітап көрмесі, слайд
«Ауылдың профессоры», «Маңғыстау Марғұланы» , « түбек тарихының тамыршысы» атанған тарихшы, мәдениет қайраткері Есбол Өмірбаев ғасыр жасап ұрпағына мол өшпес мұра қалдырды. Украин мен қазақтың арасына достық көпірін салған Есбол Аталарың бауырмалдылық пен туыстықтың символына айналды.
Есағаң жүрген жолдарда тарих тұнып тұр,
Ізденіп талай, сапары сәтсіз болмас құр.
Есағаң салған соқпақ жолдарды бетке алып,
Жүрсінші талай құндылық тапты шашар нұр.
Қатпар да қатпар маңдайды басқан әжімің,
Бүгінде міне айналды асыл мұраға
100 жас жасап жатқанда сенің ұрпағың.
Ізіңді басты үлгі қып биік, өр тұлға.
«Есболтану» интеллектуалды сайысының жүрісі:
1. Таныстыру. Әр сыныптан қатысқан оқушылар өздерін таныстырады.
2. Бәйге ( 1 минут ішінде 20 сұраққа жауап беру. Е.Өмірбаевтың өмірбаянынан сұрақтар қойылады.)
1.Есбол Өмірбаев қай жылы Украинада Т.Г.Шевченконың туғанына 100 жыл толуына орай өткізілген жиынға делегат болып қатысты?-1961жылы
2.Т.Г.Шевченконың Маңғыстауда айдауда болған жылдары -1850-1857 жж
3.Қаратау сапары кезінде қариялардан жиналған материалдар негізінде жазылған еңбегі қалай аталды?- «Қызыл кітап»
4.Есбол Ата өз еңбектерін кімдермен бірігіп жазды?-С.Шалабаев, Қ.Сыдиықов ,А.Костенко.
5.Есболдың қызығушылығын тудырған Т.Г.Шевченконың еңбегі- «Қазақ қызы Катя»
6.Есбол Өмірбаев Тарастың қандай еңбегінде қазақ балаларының өмірін суреттегенін талдап, анықтады?- «Байғұстар»
7.Есбол Тарас салған суреттерге орай түбектің әр аймағына неше рет сапарға шықты?-26 рет
8.Т.Г.Шевченко жайында өмірге келген еңбегі-«Гүлденеді дала»
9.Түлкілі сайдың Қарлыбас шатқалынан табылған жәдігер- «Таңбалы тас»
10.Маңғыстауда Кеңес өкіметін орнатуға қатысқан революционерлер туралы жазған еңбегі-«Октябрь арайында»
«Мені таны»
(Е.Өмірбаевтың ғылым жолын қуған шәкірттері туралы портреттеріне қарап тану)
1.Түрікменстан Республикасы Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, геология- минерология ғылымының докторы,1940-1950 жылдары Форт-Шевченко қаласында орта мектепте білім алған ,Абайдың қара сөздерін түрікмен тілдеріне аударған-Құрман Аманиязов.
2.Жерлесіміз, Маңғыстаудан шыққан мұнай тақырыбында тұңғыш қалам тербеткен жазушы, публицист, журналист, «Сүйінғара» романының авторы- Маршал Әбдіхалықов.
3. Хирург,медицина ғылымының докторы, профессор,ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі,150-ден аса ғылыми еңбектің авторы,жерлесіміз –Намаз Ізімбергенов
Қорытынды: Маңғыстаудың тарихын, мәдениетін зерделеп, өз қолтаңбасын тас беттеріне қалдырған Атамыздың бүгінгі ізбасарлары туған өлке тарихын келер ұрпаққа жеткізеді деп есептейміз. Өзі кетседе, мұрасы кейінге ұрпаққа жеткен Есбол Өмірбаев тұлғасы біздің есімізде мәңгіге қалады.
Дана халқымыз айтқандай:
Батырдың айбаты қалады,
Ердің қайраты қалады,
Дананың сөзі қалады,
Халқына еңбек еткен,
Дегеніне жеткен
Армансыз кезі қалады.
Сырлас болған түзбенен,
Жоқтар сені бар ұлан.
Қалдың мәңгі бізбенен
Маңғыстаулық Марғұлан ға арналған интеллектуальды сайысымыз аяқталды.