kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Елдікті? бастауы,Ерлікті? ар?ауы-?аза? елі!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?уелсіздікті? -25 жылды?ына ж?не ?лы Отан со?ысыны? 71жылды?ына арналады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Елдікті? бастауы,Ерлікті? ар?ауы-?аза? елі!»

«ЕРЛІКТІҢ АРҚАУЫ, ЕЛДІКТІҢ БАСТАУЫ –ҚАЗАҚ ЕЛІ!»


«Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба

жолымен алдық деп ойлаймын»

Н.Ә. Назарбаев


Қазақстан ыдыраудың соңына дейін Кеңес Одағын сақтап қалу үшін күресті. Бірақ республиканың бұл ниетіне одақта болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өзгерістер қарсы тұрды. Сондықтан Қазақстан да өзінің тәуелсіздігін жариялау шараларына кірісті.атап айтқанда, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда республикамыздың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Сөйтіп, бар әлемге Қазақстанның егемендігін жариялады.

Тәуелсіздік алу қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшаңдатты, мұның өзі елдегі болып жатқан оқиғалармен тығыз байланысты еді. Осы кезден бастап Қазақстан басқа республикалармен бірге іс жүзінде орталыққа қарсы оппозицияға айналды. Қазақстанның бастамасы бойынша Белоруссиямен, украинамен, Ресеймен және басқа республикалармен бір-бірінің егемендігін, қалыптасқан шекараларды, орнатылып жатқан өзара пайдалы экономикалық байланыстарды мойындау туралы екі жақты келісімдер жасалды.

1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республикада жалпы халықтың қатынасуымен Президент сайлауы өткізілді. Дауыс беру қорытындысыбойынша Н. Назарбаев Президент болыпсайланды.Осыкезде Президент болыпсайланды. Осы кезде Президенттің Жарлығымен бұрын Одаққа бағынған кәсіп орындар мен ұйымдарды республика үкіметініңқармағына беру, мемлекеттің сыртқы эканомикалық қызметініңдер бестігін қамтамасыз ету, елімізде алтын қорын жасау туралы және т.б. заңдар шығарылды. Солжылғы 10Желтоқсанда Елбасы жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы болып өзгертілді. 1991 ж.16 желтоқсанда Қазақстан республикасы Жоғары Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Ол өзінін жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттерімен халықаралық құқықтың принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді.

Респуликаның мемлекеттік тілі-қазақ тілі, ал орыс тілі ұлтаралық байланыс тілі болып белгіленеді.Сөйтіп,1991 жылғы 16 желтоқсанда республика тәуелсіз күні ретінде бүкіл Әлемге танылады.

Халқымыздың ғасырлар бойғы арманын жүзеге асырған Қазақстан тәуелсіздігіне биыл міне 24 жыл! Ал сол Тәуелсіздік тұғырына жету жолында талай жыл күреспен арпалысып келдік. Тіпті, ол күрес бір сәт те толастаған емес, теңіз толқыны сияқты қат-қабат жарға соғып жатты. Ел тәуелсіздігі үшін ата-бабаларымыз басынан қиын күндерді өткеріп, кең байтақ жерімізге көз алартқан жауға қасқая қарсы тұрды. Әрісіне бармай-ақ, қоялық, 20-шы ғасырдың өзінде көтерілістің басым көпшілігі отаршылдыққа қарсы бағытталды. 1986 жылғы Желтоқсан ұлттық қозғалысы да сол көтерілістердің заңды жалғасы болатын.

Желтоқсан желі, желтоқсан ызғырығы қаншама жасөскіндерді ерте солдырды. Көзі тірі жүргендердің жүрегіне жазылмастай жара салғаны да рас. Өйткені, бұл оқиға туралы қай-қайсысынан сұрай қалсаң, ауыр күрсініспен еске алады. Сондағы әрбір минуттар есімізде, бүгінгідей көз алдымызда. Бірақ, еске жиі түсіру біз үшін қиын дейді желтоқсаншылар.

Алматы алаңындағы оқиға кеңестік жүйенің саясатына наразылық білдірген жастардың да халықтың да есінде. Себебі, сол ызғарлы желтоқсанда қазақ елінің болашағы үшін алаңдап, бейіт шеруге шыққан жастардың талайы нақақтан нақақ зәбір көрді. Бірақ сағы сынбады. Аңсаған армандары орындалып, қазақ елі тәуелсіз ел атанды. Бүгінде сол егемен еліміздің тәуелсіздігіне де 24 жыл толып отыр.

Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы - қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 24 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» - деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша  әлем танып отыр.

Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі.

Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.

Бәрімізге белгілі Қазақ хандығы 1465-ші жылдан бері қаншама батырларымыз, хандарымыз, халқымыз көптеген қиыншылық, ашаршылық, жоқшылық т.б. неше түрлі оқиғаны басынан өткізді. Бірақ соған қарамастан ел үшін, атамекен жер үшін жан алысып, жан берісіп ақыры Аллаға шүкір, біздің тәуелсіздігімізді қорғап, туымызды көкке желбіреттік. Ата-бабаларымыз қаншама ғасырлар бойы қорғап қалған жер, қазір біздің сүйікті еліміз туған жеріміз тәуелсіз Қазақстан Республикасы.

Биыл Елбасымыз әрі көшбасшымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2015жылда тойланатын 4 атышулы мерекні Ұлытауда сөйлеген сөзінде де атап кетті! Біз сол мерейтойларды неге атамасқа? Себебі осынау зұлмат, зобалаң жылдарды бастан кешірдік, өткіздік, қаншама аға-апаларымыз,ата-әжелеріміз сол қанды-төгісті майдандарда жанын қыип өмір кешіп келді.Қаншама қиындықтарды бастан өткерседе біз әлі де әйгілі елдердің басын озып,ешқандай қиындықтарға мрйымай, дес бермей келе жатқан елміз!Сол себептен осы Қазақ елінде тұрғаныма және туылғаныма зор мақтанышпен мақтан етемін!

Қазір міне, 2015-ші жыл Қазақ хандығының құрылғанына 550-жыл және Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70-жыл толды. Қазақстан халқы Ассамблеясына және Ата Заңымызға – 20 жыл толуына орай атаулы мерейтойларды өткізуде. Еліміздің құрылуы мен ұлы жеңіс, ұлтымыздың жадында мәңгі қалады жәнеде отан үшін жанын құрбан еткен батыр-бабалырымыздың ерліктері мәңгі есте ұмытылмастай болып қалады.

Қалың елім қазағымның жанарында жанып тұрған оты бар жалынды, жігерлі жастары! Отан сүю-әрбір ет-жүрегі, қан-тамыры қазақ деп соғатын қазақжанды, елжанды, ұлтжанды ұландардың баға жетпес борышы.Яғни, мына біздердің туған жер,туған елден бұрын,адамдардан бұрын,ар алдындағы парыздарымыз. Сондықтан, парыздарымызды асқақ абыроймен, аса адал орындау арқылы ұлтымыздың іргетасын бірге нық тұрғызайық. Еңселі еліміздің ертеңі біздердің қолымызда!Қазақстанды биікке жетелейік, жеткізейік, - деп өз сөзімді қорытындылағым келеді. Еліміздің Туәелсіздік Мерейтойы мерекміз тагы да баршамызға құтты болсын деймін!!!Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай әрдайым!!!Жастарға айтарым тек қана алға!!!   


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  • Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. — Алматы: Раритет, 2010. — 448 б.

  • Абрахманов С. Тәуелсіздік шежіресі. — Алматы: Атамұра, 2006. — 392 б.

  • Назарбаев Н.Ә. “Тарих толқынында” Алматы 1999

  • Н.Ә.Назарбаевтың жолдауларынан......

  • Қани М. Қазақтың көне тарихы – Алматы: Жалын, 1993




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Елдікті? бастауы,Ерлікті? ар?ауы-?аза? елі!

Автор: Жолмухамбетова Венера Жумашевна

Дата: 27.05.2016

Номер свидетельства: 330805


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства