?аза? хал?ыны? ХХ ?асырды? басында?ы саяси – ?луметтік жа?дайы,1916 жыл?ы ?лт азатты? к?терілісті? Жетісу жеріндегі оша?тары, сол кездегі елді? ?иыншылы??а толы к?ндері на?ты деректерге с?йене отырып баяндал?ан. Сол ?а?арлы жылдары Бекболат ?шеке?лы халы?ты? жа?ына шы?ып елді ты?ыры?тан алып шы?у, ма?сатында белсенділік таныт?аны ж?не батырды? ?мір бейнесі ай?ын ??рсетілген.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?ылыми жоба та?ырыбы: «Бекболат ?шеке?лы»»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Алматы облысы білім басқармасы
«Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі
шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ғылыми жоба тақырыбы: « Бекболат Әшекеұлы»
Секциясы: Тарих
Орындаған: Назарова Камшат Маратқызы
10 «А» сынып
Ғылыми жоба жетекшісі: тарих пәні
мұғалімі Смағұлов Мақсат Серікұлы
2015 – 2016 оқу жылы
«Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 10 «А» сынып оқушысы Назарова Камшаттың «Бекболат Әшекеұлы» атты ғылыми жұмысына
Пікір
Оқушының ғылыми жұмысының «Бекболат Әшекеұлы» тақырыбында
жазған жұмысы өз мәніне және оқушы ғылыми еңбектерді қөп пайдаланып,
өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізген.
Қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы саяси – әлуметтік жағдайы, 1916 жылғы Ұлт азаттық көтерілістің Жетісу жеріндегі ошақтары, сол кездегі елдің қиыншылыққа толы күндері нақты деректерге сүйене отырып баяндалған. Сол қаһарлы жылдары Бекболат Әшекеұлы халықтың жағына шығып елді тығырықтан алып шығу, мақсатында белсенділік танытқаны және батырдың өмір бейнесі айқын қөрсетілген.
Бекболат Әшекеұлына оқушы жан – жақты талдау жасап көп ізденгені көрініп тұр. Осы тұлғаны зерттеу саласына байланысты оқушы көптеген
тақырыбына жазылған ғылыми жұмысын ғылыми – жоба жарысына ұсынылуға сай деп есептелінсін.
Пікір жасаушы: PhD., ассист профессор Шалбаев А.А.
Тезис
Тақырыбы: Бекболат Әшекеұлы.
Оқушының аты – жөні: Назарова Камшат 10 «А» сынып оқушысы
Алматы облысы, Қарасай ауданы,
«Шамалған станциясындағы қазақ орта
мектебі мектепке дейінгі шағын отралықпен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Секция : Тарих.
Ғылыми жетекшісі: Тарих пәнінің мұғалімі Смағұлов М.
Пікір жасаушы: PhD., ассист профессор Шалбаев А.А.
Сулейман Демирель атындағы Университет
Мақсаты: Бекболат Әшекеұлын жан – жақты зерттеу.
Міндеттерім: 1) Бекболат Әшекеұлын өмірі мен қызыметін
қоғамға кеңінен насихаттау.
2) Осы жұмыстың ғылыми жетекшісімен
бірге,отырып зерттеу жұмыстарын жүргізу.
3) Зерттеу жұмысы барысында нәтижеге жету.
Зерттеушілігі: І кезең. Ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша материалдар
жинау, жүйелеу.
ІІ кезең. Ғылыми зерттеу жұмысының жоспары бойынша негізгі бөлімін
жазып, нәтижелерін тұжырымдау.
Нәтижеесі:
Зерттеудің әдіс – тәсілі:
1.Тұлғаның өмір тарихы мен танысу.
2.Көтерілістің сипатына көңіл бөлу.
3.Жиналған мәліметтерді көпшілікпен бөлісу.
Ұсыныс: Ізденіс жұмыстарын тереңдете жүргізу мақсатында, қолда бар
мағұлматтарды кеңінен пайдалан отырып Бекболат Әшекеұлынң есімі халыққа жан – жақты насихатталынса.Мектептерге есімі берілсе бұл
жақсы игі іс болтыны анық.
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Көтерілістің шығу себептері
1. Бекболат Әшекеұлының өмірі
2. Бекболат Әшекеұлының
Көтеріліске басшылық жасауы
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Құрметті оқырман ұсынылып отырған жобада ХХ ғасырдын, алғашқы ширегінде халқымыздың басынан өткен. Қайғылыда қасіретке толы күндерінен, сыр шертетін оқиғалар мен тарихи түлғаға бағытталған зерттеулер жай етілмек. Қазақ даласы небір қиын – қыстау, күндерді бастан кешірген. Міне осындай аласапыран күндерде елді елдікке бсатайтын, ел қадірін жер қадірін түсіне білген, ұл қыздарымыз қаншама. Көптің көңілінен шығып ақыл парасатымен дараланып, сын – сынаққа шыдай білген жау жүректе өжет, қайсар мінезді батыр бабаларымыздың өмір сүргені шындық. Ер ел үшін туады, ер есімін ел сақтайды дегендей, ел жадында мәңгі ұмытылмас , тау тұлғалардың бар екені айдан анық. Ел басына күн туғанда, етігі мен су кешіп, егеулі найза қолға алып, еңку – еңку жер шалып , жапан түзде түнеп күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырлған. Мінекей осындай дара тұлғаларымыздың арасынан, Бекболат Әшекеұлының да алар орыны ерекше.
ХХ бірінші ширегінде әлемде алпауыт елдердің бір – біріне экономикалық, саяси қарсы тұруы, жетекші елдердің қарулы қақтығысына алып келді. Бұндай теке тіресудің соңы, адамзат адамзат тарихында болмаған, алапат бірінші дүние жүзілік соғысқа алып келді. Соғыс тек соғысушы елдерге ғана емес, осы елдердің отарларына да ауыр зардаптарын тигізді. Алпауыт елдер өз отарларын соғыс мүддесі үшін , аш қарақтықпен адам төзгісіз қанау үздіксіз жүргізіліп отырды. Төтенше салықтар мен қоса, жанама салықтар бірінен соң бірі енгізіліп отырды.ХХ ғасырдағы осындай қиямет ала сапыран, қазақ өлкесінде айналып өтпеді.
Бірінші дүние жүзілік соғыстың зардабы , қазақ халқына өз салқынын тигізіп қана қоймай ,қазақ тарихында ауыр зіл батпан қаралы оқиғаларын қалдырды . Қазақ халық сеңдей соғылысты әр алуан күн кешті. Қамқор болар пана іздеді міне осындай сәттерде елге сүйеу әлсізге тірек бола алатын, батылда батыр ұлдарын халық өзі тәрбиелеп, араларынан дүл – дүл етіп шығарып отырған.
Азуын айға білеген Ресей империясына, жүректері дауаламай қарсы көтерілген бабаларымыздың ерліктеріне таң қалмау мүмкүн емес. Бас кеспек болсада тіл кеспек жоқ, өзгенің бопсасына көнген халық емеспіз. Азуы алты қарыс жау болсада дала
ұлдары еш қашан, жаудан тайсалған емес. 1916 жылғы Ұлт азаттық көтеріліс
барша алашты қамтыды. Ұлт азаттық үлкенінен- кішісіне дейін ат салысқаны тарихи факті. Жалпы халықтық бұндай ауқымды да, орасан көтерілістерді
орыс империясына қазақтардан басқа ел сірә жасамаған. Қайта қозғалған дау жаман, іштен шыққан жау демекші, әр кездеде орыс үкіметін қолдаған топтарды да кезіктіруге болады. Бірақ соған қарамастан елдің бағына туған асыл азаматтар жұртты жарқын болашаққа үмітпен бастай білген.
Көтерілістің шығу себептері
ХХ ғасырдың басында ресей отаршыл үкіметі, қазақ даласын отарлауды жедел қарқынмен, жан таласа жүзеге асыра бастады. Бұл кезнңде Ресей Империясындағы әлуметтік қайшылықтар асқынып, Қазақстандағы аграрлық отарлау саясаты барынша күшейді. Орталық губерниялардан ұлттық шет аймақтарға орыс шаруаларын көшіру кеңінен жүргізілді.Қазақтардың « артық жерлерін» анықтайтын қоныстандыру басқармалары құрылды. Патша үкіметі қазақ халқының ен құнарлы жерін, мал жайылымдықтарын озбырлықпен тартып алды. Халықтың ауыр жағдайы мен санаспады. Сонымен қатар Қазақстан аумағында 15,6 млн гектар жерді алып жатқан казак әскерлері орналасты. 1893 – 1905 жылдары қазақтардан 4 млн десятина , 1906 – 1912 жылдары 17 млн десятина, ал 1917 жылға қарай 45 млн – нан астам десятина
жер тартып алынды. Қазақстанның жері Ресей империясының жері деп жарияланды. Қазақ өлкесіне капиталистік қатынастардың енуі, патша үкіметі
отарлық езгісінің күшейуі халықтың ұлттық сана – сезімінің өсуіне жеткізді.
Қазақ қоғамының ұлттық қозғалыс әр түрлі топтардан тұрды. Олардың негізгі бөлігін Петербургпен Мәскеу, Қазан, Томск, Варшаба,т.б. қалалардағы Жоғарғы оқу орындарын бітіріп келген ұлт зиялылары құрады.
Ұлт зиялыларының саяси идеялылық көзқарастарын « Айқап» журналымен «Қазақ» газеті айқын білдірді. «Айқап» журналы Мұхамеджан Сералиннің редакторлығымен 1911 -1915 жылдары шығып тұрды. Журналды шығаруға Ж.Сердалин, С.Торайғыров, Б.Қаратаев, Б.Майлин , С.Сейфуллин және т.б. белсене қатысып , мақалалар жазды. Журнал беттерінде жарияланған мақалаларда патша үкіметінің өлкеде жүргізіп отырған отаршылдық саясаты әшкерленді. көзқарасын білдірді.
Газет 1913-1918 жылдары шығып тұрған « Қазақ» газеті либерал демократиялық бағыттағы ұлт зиялыларының редакциясында ұлт азаттық қозғалысы көсемдері Ә. Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және басқалар қызмет етті. Ұлт көшбасшылары Патша үкіметінің меншігіне қаратып алған жерлерді қазақтарға қайтаруын талап етті, жерді сатуға қарсы шықты. ХХ ғасырдың басында Ресей империясының Бірінші дүниежүзілік соғысқа тартылуы, оның өзіне ғана емес ұлттық шеткері аймақтарының езілген халықтарына да ауыртпалық әкелді. 1914 жылы Бірінші дүниежізілік соғыстың басталуы салдарынан Ресей империясының экономикасы құлдырап, оның саяси дамуына кері әсер етті. Само державие соғыс жағдайында елдің ішкі және сыртқы саяси бағыттарын анықтауда қабілетсіздік танытты. Ресей экономикасы терең дағдарысқа ұшырады. Соғыс ұлттық шеттері аймақтардағы империя орталығындағы еңбекші халықтың жағдайын ауырлата түсті. Соғыстың басталуы тұрақты мобилизацияны талап етті, бұл өз кезегінде соғыстың барлық ауыртпалығын еңбекшілердің иғына түсірді. Ұлттық шеттері аймақтарда бұл отаршылдық езгіні күшейтті.
Соғыс жылдары Қазақстан экономикасына да ауыр із қалдырды. Арнайы соғыс салығы енгізілді. Орталық Үкімет орындарының барлық буындары қызмет бабын пайдалану етек алды. Көптеген тура және жанама салықтардан тыс қазақтардан мал мен киіз үйлер жиналды. Земстволық, жол және басқа онға жуық алымдармен ақшалай салық түрлері енгізілді. Мысалы: соғыстың үш жылының ішінде
Жетісу өлкесінде 34 млн сомның малы мен мал шаруашылығы өнімдері жиналды.Жоғарыдағы салықтармен қоса қазақтар майданға Қазақстан аумағы арқылы аттанған әскерлерге қажетті жабдықпен азық түлікті тегін беріп отыруға міндетті болды. Аймақ экономикасына миллиондаған соммен
есептелінетін орасан зор келтірді. Ауыл шаруашылық өндірісі күрт төмендеді. Қазақтармен қоныс аударушылардың өңделетін жер көлемі қысқаруының нәтижесінде астықтың бағасы еселеп өсті. Еңбекшілердің күйзелуі мен мұқтаждығы күн өткен сайын арта берді. Әскерге алынғандардың отбасыларына көмек дегенді желеу етіп еңбек міндеткерлігі
енгізілді. Жергілдікті халық жұмыс күші ретінде қоныс аударушылар деревниясындағы егіншілік жұмыстарын жер жырту, егін егу астық жинау т.б. орындауға тиісті болды. Қазақ жерлерін әсіресе жайылымдық жерлерді
тартып алу үрдісі жалғаса берді. Қазақтардан майданға қажетті ірі көлемде мал, киіз үй , жылқы ауыл шаруашылығы өнімдері алынды. Қазақтар майданға ет, нан, мал киіз үйді тегін жеткізуге міндетті болды.
Соғыстың басталуы әр түрлі салықтардың 3-4 есе , басқа жағдайда 15 есеге өсуіне әкелді.1915 жылдың соңында бұндай жағдайға наразылық жаппай сипат ала бастады. Көптеген болыстардың халқы салық төлеуден бас тартты. 1916 жылы Қазақтардың соғысқа тікелей қатынасуы жайлы мәселе көтерілді.
Қазақ зиялылардың бір бөлігі « Қазақ» газеті арқылы жастарды атты әскер бөлімдерінің жауынгерлік күші ретінде пайдалануды ұсынды. Бұл жағдайда
біріншіден: қазақтардың жерін қоныс аударушылардың тартып алуынан қорғау, екіншіден: әскери қимылдарына қатынасу шыныққан, үйретілген әскери мамандарды даярлауға мүмкіндік беретіні көзделді. Бірақ отаршыл
Үкімет « сенімсіз» бағыныштыларды қаруландыруды жөн көрмеді. Мұның орнына Ресейдің орыс емес халықтарын тыл жұмысына пайдалану жөнінде
шешім қабылданды.
Монархиялық билік шовинистік ұрандар көтеріп, қоныс аударушылардың беделді тобын қаруландырды, ұлт араздықты әдейі қоздыра бастады. Жер үлестері үшін қоныс аударушылар деревняларындағы дәулетті топтардың өкілдерімен қазақ ауылының еңбекші бұқарасының арасындағы күрес өршіді.
Соғыс жылдары халықтан әскери салық алынды. Оның түнінге шаққандағы көлемі 1 сом 84 тиын мөлшерінде белгіленді.Соғыс ауыртпашылығы Қазақстанда жұмысшылар мен шаруалар өрши түсуіне алып келді. 1916 жылы қаңтар айында Вернй, Семей қалаларында толқулар болып өтті.Жетісу облысы Лепсі уезінің бір қатар елді мекендерінде кедеилер мен ерлері майданға кеткен әйелдер жергілікті саудагерлер мен көпестердің дүкендерін талқандады. Сөитіп, патша саясатына наразы бұқараның ашық бой көрсетуіне әкелді, қарс шығу жалпы бұқаралық сипат ала бастады.Ресейдің орталығындағы рволюциялық дағдарыстың пісіп - жетілуі ұлттық шет аймақтарда,оның ішінде Қазақстанда да ерекше сезіле бастады.1916 жылғы 25 маусым күні «бұратана» халықтардың 19 – 43 жас аралығындағы ер – азаматтарын соғысып жатқан армия шебінде қорғаныс құрлыстарын салу мен тыл жұмысына алу жөніндегі патша жарлығы жарияланды.Алдын ала жасалған есеп бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен 500 мың адам алу көзделді.Міржақып Дулатоы 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығын «қанқұйлы» деп жариялады. Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов кез – келген қарсылықтың орасан адам шығындарына әкеліп соғатынын түсініп, 11 тамызда қазақ халқына үндеу жариялады.Онда тыл жұмыстарына адамдар жіберу майдан мұқтаждығына шақырылғандардың отбасы мен шаруашылықтарын толық күйзелу мен жазалаушылардың жойып жіберуінен сақтайтыны айтылды.Бірқатар элита өкілдері далада өсіп келе жатқан толқулар мен
Ресей империясы тұрақты әскері тарапынан болатын қырып жойюға қатты алаңдады. Жазалаушылардың алғашқы құрбандары бәрінен бұрын қорғансыз, балалар мен әйелдер болып, шаруашылықтың күйрейтіні, жергілікті тұрғындарға ату мен қорқытып – үркітудің басқа түрлерін аяусыз қолданатын әскери соттардың іске кірісетіні ескертілді. Үндеуге қол қоюшылар халықтың қайғысы мен алаңдаушылығына ортақ екендігін жазды. Бірақ даладағы толқулар күн өткен сайын ұлғайып көтеріліс стихиялы көрінісінен ұйымдасқан түрге ұласты. Халық әбден ашынып, даланың жер - жерлерінде топтасып қолға қару алып күресуге бел буды.
Қазақ даласындағы 1916 жылғы Ұлт азаттық көтеріліс осындай қордаланып қалған, саяси – әлуметтік,экономикалық дағдарыстың салдарынан туындаған қасірет еді.
1916 жылғы көтерілістің негізгі мақсаты ұлттық және саяси жағынан азаттыққа қол жеткізу, Қазақстанның барлық азаматтарына тең қарым – қатынас пен құрмнтті талап етуі еді.
Бекболат Әшекеұлының өмірі
Бекболат Әшекеұлы 1843 жылы Жетісу облысы Верный уезі,Жайылмыс болыстығының 11 ауылында Әшекей бидің от басында дүниеге келгін. Тектіден текті туады демекші, Бекболаттың әкесі Әшекей бй өз заманында Жетісуға белгілі батылда жау жүрек, дарындыда зейінді тұлға болған. Әшекей би он сегізінші ғасырдыңсоңы, мен он тоғызыншы ғасырдың алпысыншы жылдары өмір сүрді.Тегі Дулат тайпасының жаныс аталығынан. Әшекей Дайырбекұлы Жетісудың әлуметтік – саяси мәселелеріне белсене қатысқан жандардың бірі. Елдің ішкі – сыртқы жағдайының шиеленісіп кетуіне байланысты 1845 жылы Ұлы жүздің бір топ билері мен бірге Қараталда дуандық ашылуын сұрап, Ресей өкіметінің қарамағына өту туралы өтініш жасаған болатын. Алайда, патша әскерлері Жетісуға әскери экспидиция әкеліп, жаулап алу жолына түскенде Әшекей Дайырбекұлы Тойшыбек би Қасаболатұлы бастаған азаттық күреске қолдау танытып қана қоймай, өзі де сол азаттық күрестің бел ортасында жүрді.
1850 жылы әскери экспидитцияның жетекшісі капитан Гутковский Әшекей биге жолдаған хатында былай деп көрсетеді: «Әшекей Дайырбеков биге» «Аса қадірменді би, сіз әлі де бейбіт жөн жобаңызбен тек қана оз ауылыңызда ғана емес ,орданың басқа жерлерінде де сый – құрметке иесіз, сол ерекшелігіңіз үшін Сізбен танысуға ынтық болдым және Сізден халыққа ештеңеден қорықпай, емін – еркін көшіп –қонып жүру керектігін және бізді әр қашан жаулардан қорғайтын, әрі тәртіп орнататын дос деп түсіндіруіңізді сұраймын.Өзіңізге аман – саулық және игілік тілеуші Үлкен орда приставы қызметін уақытша атқарушы Гутковский»Бірақ Әшекей би мұндай алдаусыратқан хаттың мазмұнының астарында жаулаушылық саясаттың жатқанын аңғарып,қолға қару алып,туған жерін қорғау үшін бабалар туы астында жиналып, атқа қонған Тойшыбек би бастаған жерлестері жағында соғысуға бел буады.Бұл кез Ұлы жүз қазақтарының орыс әскерлеріне қарсы көтерілуге бел шешіп кіріскен кезі еді.Әшекей би жаныс руының жігіттерін жаппай қаруландырып,Рүстем төре руының астына жинап,Тойшыбек пен Қыпшақ Аққұлдың қолына әкеліп қосады.Қақтығыстар отаршыл үкіметтің пайдасына шешілген болатын. 1851 жылы патшалық Ресей жаулаушылық саясатты одан әрі жалғастырып, 1850 жылғы экспидицияға қарсы көтерілгендерді жазалау үшін Карбышев бастаған бақайшағына дейін қаруланған әскерй экспидитцияны аттандырады. Барынша кінәлілер қатарында Әшекей биді де тұтқындап,Омбыға жіберуге бұйрық берілді.
Сол тұста Әшекей би Тойшыбек бимен бірге шу бойына көшіп кетіп,қолға түспей қалады. Әшекей би 1860 жылы Қарғалы өзені бойындағы жасырын кеңеске қатысады. Онда қоқандықтар жағында Үшалматыны қорғау туралы шешім қабылданған болатын. Әшекей би бастаған қазақтар Қастек түбіндегі әскери бекініске қатысты шөпті өртеп кетеді.
Генерал – губернатор Гасфордтың бұйрығы мен 1860 жылы тамызда қоқандықтар мен байланыста болды деген айыппен Әшекей би тұтқындалып, 6 адамнан тұратын қарулы күзетпен Қапалға жөнелтіліп, сондағы түрмеге жабылады. Бірақ қазақ қана емес, қырғызға да танымалы Әшекей биді түрмеде көп ұстау патшалық Ресейдің отарлық саясатына қарс бас көтеріушілер саны көбейтіп жіберуге соқтыратынын түсінген Алатау округінің бастығы Калпаковский оны өз жағына тарту, әрі сеніміне кіру мақсатында түрмеден шығаруға бүйрық береді.Бірақ Колпоковскийдің әккі саясатының сырын ұғып қалған Әшекей би 1860 жылы күзде Кенесары ханның балалары мен Ұзынағаш шайқасына қатысады.Әшекей би қанша қуғын – сүргін көрсе де, бабалар аманаттап кеткен ақ туды көзінің қарашығындай сақтап,батыр ұлы - Бекболатқа аманаттап кетеді.Өз кезегінде Бекболат Әшекеұлыда әке жолын жалғастырған өжет батыр бола білді. Бекболат жастайынан еңбекке ерте араласты. Жастайынан қозы бақты кейін қой бақты,бірақ туа біткен алғырлығы мен ағаш шеберлігінде меңгеріп ұста атанды.Мал өсірумен қатар егін салу мен де айналысты.Бұл қажырлы еңбектер Бекболатты шыдамдылыққа,сабыр мен ұстамдылылыққа, төзімділікпен қайсарлыққа жетеледі. Әшекейден өрбіген ұрпақ бес ағайынды өсіп өнген жандар болатын. Бекболат жастайынан әділдікке бейім өсті, шыншылдыққа жаны құмар Бекболат көпшілік арасынан, ерекше көзге түсе білген. Халық айтса қалт жібермей айтады, Бекболаттың ел арасында әділдігі мен көзге түсуі, болашақ ел басқаруына алып келді.
1885 жылы 11 желтоқсанда Верный уезі бастығынан Қаскелең болыстығының 18 ауылы Бекболат Әшекеев бастаған ел басылары, старшындармен билері Қаскелең болыстығын екіге бөлу туралы ұсыныстарын білдіреді.Қаскелең болыстығының 1,2,3,5,7,9,13,14,15 және 17 ауылдарын Шамалған болыстығы, ал 4,6,8,10,11,12,16 және 18 ауылдарын Жайылмыс болыстығы деп атауды ұсынады.Осы ұсыныс бойынша 1885 жылы желтоқсан айында аталған болыстық екіге бөлінеді. 1885 жылдың 23 желтоқсанында өткен сайлауда Жайылмыс болыстығының алғашқы болысы болып,Жүнісбек Қасымов сайланады. Болысты сайлауға елу басы Бекболат Әшекеевте қатысады.Бұл өз кезегінде Бекболаттың ел ішіндегі абыройының бар екенінің айнымас дәлелі болып отыр.Қаскелең болысында 1886 – 1888 жылдарға арнап жүргізілген санақта Бекболат Әшекеев және Әшекеевтер әулеті 12 – ші ауылда түрған .
Санақ кезінде Бекболаттың жасы 39 – да, 1 – жылқысы, 1 – ірі қарасы , 10 – шақты қойы болған. Бұл құжатта Бекболаттың ауқатты емес екендігін анық көруге болады. Бұл құжатта Бекболаттың жан – жары Айымта жасы 38 – де, ұлы Әбділда 10 - да, қызы Күпіш 14 – те және бұл құжатта Бекболаттын бірге туған бауырлары Талқан, Орманбек, Сарманбек,Сатқын атты бауырларының есімдері берілген. 1891 жылы 9 шілдеде өткен алдағы үш жылдық сайлау кезінде Жайылмыс болыстығының 4 – ауылының биі болып, 45 жастағы Бекболат Әшекеев сайланады. 1897 жылы 17 – ші мамырдағы өткен алдағы үш жылдық (1898 – 1900 жж.) болыстық сайлауда Бекболат Әшекеев Жайылмыс болыстығының болысы болып сайланып, жасы 51 деп көрсетіледі. Жоғарыда аталған сайлау кезінде Бекболаттың жасы үш жасқа төмендетіліп көрсетілген. Бірақ Бекболаттың туған жылы 1843 – ші жыл дегенге сенуге болады себебі 1916 жылы Бекболаттың жасы 73 деген ақпараттар осының дәлелі секілді. Бекболат болыстық қызыметті атқара жүріп,мұсылмандардың қасйетті қажылық парызын , орындау мақсатында 1912 жылы 8 тамызда Жайылмыс болыстығының 4 – інші ауылының тұрғыны Бекболат Әшекеев Верный уезінің бастығынан Мекке мен Мадинаға боруға 6 – айлық шетел төлқұжатын сұрап рапорт жазады. Ал,Жайылмыс болыстығының болысы Сәт Ниазбеков Бекболат Әшекеевтің Мекке мен Мадинаға қажылыққа барып қайтуға өз тарапынан еш қандай қарсылық болмайтындығын және оның мемлекет алдында ешқандай қарызының жоқтығын, сонымен қатар Бекболат ауқатты және саяси сенімді адам, бұрын сотталмағандығын куәландырып қолын қойған, мөрін басқан куәлік береді. 30 шілдеде Жайылмыс болыстығының 4 – ауыл тұрғындары Әбділдә Бекболатов пен Талқан Әбішев Бекболатқа өздері тарапынан кепілдік беріп, егер Бекболаттың үстінен күтпеген жағдайда шағым жасалса, оған өздері жауап беретін кепілдеме беріп қолдарын қояды және болыстың мөрі мен растайды. Бекболат Әшекееы қажылық сапарға Жайылмыс Болыстығынан Кембай Ниязбековпен бірге аттанады. Бұл Бекболаттың жасы жетпіске таяп қалған кезі болатын. Бекболат ағаш ұсталығы мен қатар күй шертетін өнері де болғанын растайтын мәліметтер бар. Батырдың кенже қызы Күпіштің әженің айтуына қарағанда Әшекейде , Бекболатта Қаскелең тауында дүнйеге келген.Бекболаттың өзі де өскен ата.Оның Әбділда, Бибісара, Қатыш,Күпіш сияқты ұл қыздары «қиын күндердің» тауқыметін түгелдей тартқандар. Кейінгі жылдары артелъдерде,колхоздар мен совхоздарда жауапты жұмыстарда әке атына лайықты болғандар.Бекболаттың 1916 жылғы Жетісудағы көтерілісті бастауға бел буғаны, халқына деген сүйіспеншілігінің шексіздігі деп ұғынсақ дұрыс болар дегенге сай келеді.Себебі жасы егде тартып жетпістен асқанда атойлап атқа қонып қол бастауы, батырдың жаужүрек екендігінің бұлжыртбас дәлелі.
Бекболат Әшекеұлының көтеріліске басшылық жасауы.
Ресей империясының Бірінші дүние жүзілік соғысқа қатынасуы,қазақ халқынада ауыр зардаптарын тигізді. Салықтардың еселеп өсуі, жаппай шаруалардың жерлерін озбырлықпен тартып алуы, қарапайым шаруаларға ауыр зардаптарын тигізді. Халық арасында аштық етек ала бастады, толқулар мен ереуілдер отаршыл үкіметке күн санап арта берді. М. Тынышбаевтың мәліметі бойынша ,1916 жылы 25 маусымдағы птша жарлығы , Жетісу қалаларында 8 шілдеде белгілі болған. Облыстың жекелеген уездерінде 2 және 3 шілдеде келіп түскен. Қазақтарды тыл жұмысына алу туралы шыққан жарлық, шаруа халықтың ашу ызасын қоздырды.
Жетісу жеріндегі шруалар жаппай қарсылық білдіріп өздерінің солдаттыққа балаларын бермеуге бел шешіп кірісті. Жетісулықтар көтерілісті стихиялы түрде бастады ма? Жоқ.Отар приставы Гилевтің бірінші тамыз күні жазған хабарына қарағанда 7 шілдеде Үшқоңырда Жайылмыс қазақтарының съзі болды. 8 шілде күні Қарғалы,Бидалы, Күрті, Ұзынағаш болыстарының мыңнан астам қазақтары Үлкен саз жайлауына жиналды.Мал санағын жүргізуге келген чиновник Ивановқа қарсы пікір айтады. «Не істесе де балаларымызды солдатқа бермейміз» деп жазба түрде қарсылық білдіреді. Оған Әміре Төлеубаев бастаған 45 қісі қол қояды. Ереуіл басшылары 13 шілдеде Мерке,Үлкен Алматы болыстарының әйгілі адамдарын Верныйға шақырады. Жиналыс өткізеді. «Солдаттыққа бала беру үшін Жетісу қазақтарының босы қосылуын» талап етеді. Бірақ жиналыста патша чиновниктері халық атынан шағым жасаушылардың арыз талаптарын, қанағаттандытмай тастайды.1916 жылғы 7 және 8 шілдеде Верныйдың батыс жағындағы 40 километір жерде Үшқоңыр алқабында, Верный уезі Жайылмыш және басқада жақындағы болыстардың өкілдері арнаулы съзге жиналып, патша жарлығына көз қарас туралы мәселені талқылайды. Адамдар берілмесін, таудан жазыққа түспейік, өкімет орындары тарапынан күш қолдану шаралары жасалған жағдайда телеграфты қирату,тыл жұмыстарына шақарылушылардың тізімдерін, болыс басқармаларының кеңселерін өртеуге дейін барып, жойып жіберу жөнінде қимыл жасалсын деген жөнінде шешім қабылданады. Сонда бұл жерд Қазақтардың бірінші болып қару кезенбегені анық байқалып тұр. Шілде айының бас кезінде толқулар Верный уезінің Батыс және оңтүстік бөліктерін де қамтыды, оларада көтерісшілерге Бекболат Әшекеев, Тоқаш Бокин, Ақкөз Қосанұлы және басқалар басшылық етті.
1916 жылы жасы жетпістен асып кеткен Бекболат Әшекеев Жайылмыш болысы көтерілісшілерінің,басшысы болып тағайындалды, және үлкен жасағын басқарды.
Көтеріліс жасалған жағдайда деп съзге қатысушыларға қаруын әзір ұстауға және әр бір үй жанында кермеде ерттеулі ат тұруына ұсыныс жасалды. Верный уезі Ұзынағаш болысының Үлкенсаз мекенінде Жетісудың он бір болысы өкілдерінің 5 мыңнан астам адам қатысып,жоғарыдай шешім қабылдаған съз болып өтті. «Оқтың астына барғанша, осында өлгеніміз артық» деген қарар қабылданды.Көп кешікпей қарсыласудың енжар нысандары жер – жерде семсерлермен, аңшылық мылтықтарымен, суық қарумен қаруланғанкөтерісшілер жасағын ұйымдастыруға ұласты. Отар аймағы көтерілісінің Верный қаласынан батыстағы өзінше бір орталығына, Жетісу облысындағы орталығына айналды.Верный қаласы полицмейстерінің істерін атқарушы Поротиковтің 1916 жылғы 13 шілдеде Жетісу облысының әскери губернаторы генерал – лейтенант М.А. Фолъбаумға баяндағанындай, «Отар учаскесіндегі көптеген қазақтар барлық қазақтарды бір жерге шоғырландыру мақсатымен қырдан тауға көше бастады» 17 шілдеде Жетісуда және Түркістан өлкесінде соғыс жағдайы жарияланды.
Патша өкімет орындары мұнда ірі әскери күштер әкелді,әскери горнизондарды нығайтты, Жетісуға қоныс аударушы халықтың ауқатты топтарынан қазақ – қырғыз көтерісшілерін жазалау үшін қарулы отряттар құрылды. Жетісу облысы Жаркент уезі көтерісшілерінің Асы жайлауында,Қарқараның таулы алқабында,Самсы станциясында,Қастек,Нарынқол,Шарын,Жалаңаш, Құрам елді мекендері аудандарында, Лепсі уезінің Садыт - Матай болысында және басқа жерлерде патша жазалаушылары мен ірі қақтығыстар болды. Осындай жағдайларда Верный уезінің батысында Бекболат Әшекеев Жетісудың бытыраңқы көтерісшілер топтарын біріктіру үшін шаралар қолданды. Осы мақсат үшін ол 1916 жылғы 13 тамызда Ошақты деген жерде әр түрлі болыстар съзін шақырады, създе тыл жұмыстарына адамдар алу туралы жарлыққа өкімет орындарына қарулы қарсылық көрсетуге дейін барып бағынбауға шешім шығарылды. Бұл мәліметтерге қарағанда, Жетісуда көтерілістің ауқымды болғанын аңғаруға болады.Өз адамдары мен Үшқоңыр тауындағы Ошақты сайында орнығып алған Бекболат Әшекеев қарулы қарсылыққа дайындала бастады, сонымен бірге көтерісшілердің қатарын жаңа күштермен толықтыру жөнінде шаралар қолданды. Қырғыз жеріндегі Бішкектегі көтеріліс ошақтары мен байланыс орнату мақсатында шабарман Серікбай Аманжоловты жіберіп,көтеріліске көмекші қол 500 қырғыз ағайындардың келетіні туралы хабар алды.Ақшиге Кәрібай Аламанов жіберіліп, 3,7,17 ауылдардың жігіттері көтеріліске шақырылды. «Мұндай шақырудың себебі сол жерде жастар жиналған болатын. Бөлшектенбей және бір шешімге келу үшін Кәрібай Аламанов жіберілді , оның төңірегіне 70 шақты жігіт жиналды.
Жайылмыш болысының көтерісшілер мен оның басшысы Бекболат Әшекеевтің іс – қимылдары туралы мәліметтер алған соң уезд бастығы подполковник Базилевский жазалау отрядымен аталған болысқа жүріп кетті. 1916 жылдың 13 тамызында көтерісшілердің жазалаушы отрядымен қақтығыс болып, ол нашар қаруланған және ұрыс қимылдарын жүргізуден тәжірбиесі жоқ көтерісшілердің жеңілісімен аяқталды. Қақтығыс кезінде қарша бораған жаудың оғынан 40 астам адам оққа ұшып көтерісшілер көп шығынға ұшырады. Көмектің және басқа көтерілісшілердің дер кезінде көмекке жете алмай қалуы,қақтығысты жазалаушылар пайдасына шешіп берді.Осы оқиғаның қарсаңында Бекболатшылар жазалаушылар мен екі рет шайқасып көтерілісшілер көп шығынға ұшырады. Қаскелең станциясында ұйымдастырылған көтерісшілерді ыдырату және оның басшыларын тұтқындау жөніндегі комитет өз жұмысын бастады. Коп кешікпей әр түрлі ауылдардың өкілдері көтерілісшілердің қатарын тастап кете бастады.Көтерілістің басшылары, бірінші кезекте Бекболат Әшекеев қиын міндетті шешуге тиіс болды: не Қытайға кету керек еді, онда патша жендеттері олардың туыстарын жазалай бастайтын болды, не туыстары мен ауылдастарын құтқарып қалу үшін патша жендеттерінің қолына өз еркімен берілу керек еді.Бекболат Әшекеев екіншісін таңдады.Бекболат «ел басына түскен қорлыққа шыдамай» Шамалғанда тұратын танысы Төлегенов Балғабектің үйіне өзі келіп жауына беріледі. 18 тамызда чиновник Решетников Бееболат бастаған тоғыз адамды Ташкент көшесінің бойындағы түрмеге қамайды. Верный қаласы горнизоны бастығының міндетін уақытша атқарушы генерал – майор Грызаловтың 1916 жылғы 1 қыркүйектегі шешімімен Бекболаттың ісін Түркістан аймағындағы әскери соттың мүшелері, генерал – майорлар : Давидович пен Абрамов, полковник Симанович, подполковник Чертов жүргізеді. Хатшысы болып, кеңесші Некрасов тағайындалды.Батырдың жауаптарын Құрманбеков аударды. Қорғаушының міндетін А.А. Каткин атқарды.Сот мүшелері Бекболаттан бірнеше рет жауап алды. Бірақ халықтың адал ұлы, ер жүрек ардагері «Бүлікті ұйымдастырған да, бастаған да жалғыз өзім. Ешкіммен байланысым жоқ» деп өлім тұзағын саналы түрде қарсы алды.Көпшіліктің құрбаны болуға бекінді. 7 қыркүйек күні сот шешімінің үкімі жарияланды. «Жетісу аймағы 18 шілдеден бастап соғыс жағдайына енгізілгеніне қарамастан қол жинаған, Скатов пен Базилевитчтің отряттарына қарулы қарсылық көрсеткен» жетпіс үш жасар Бекболат Әшекеев дарға асылуға тиіс болды.Бұл шешімге Түркістанның генерал – губернаторы Г.Л. Фолъбаум қол қояды.
Арада екі күн өткен соң 9 қыркүйекте, үкімді орындау мақсатында боралдай деген жерге отаршыл үкімет халықты еріксіз жинап,Бекболатты серіктері мен қоса қолдары кісендеп жендеттер алып келді.
Солардың ішінде Бекболат Әшекеев айрықша көзге түсті, дараланды, ерлік көрсетті. Себебі, ол алдына қойған мақсатынан қайтпады, халқына берген уәдесінен тынбады.
«Рас мен соғысуға шықпақ болдым,
Басыңды жер астына тықпақ болдым.
Рас десең рас сөз мен айтайын,
Ақ патшаның тұқымын құртпақ болдым»
деп кімге қарсы шыққанын ашық, айтты топ алдында, көп алдында. Сөйттіде өзін – өзі өлімге қиды. Жай емес жарқын болашаққа сенді де саналы түрде, сабырлы түрде мойнын ажал тұзағына ұсынды .Бекболат Әшекеұлын
Ұзынағаш жазығына жерленген...
Бұл ерлік - Жетісудағы халық – азаттық көтерілісінің тарихындағы адалдықтың, азаматтықтың алғашқы үлгісі болды.
Бұл ерлік - республикамыздағы ұлт – азаттық қозғалыстың тарихындағы батылдық пен батырлықтың тамаша бастамасына айналды.
Бұл ерлік - азаттықты аңсаған мыңдаған азаматтарды төзімділікке тәрбиелеуге көмектесті.
Бұл ерлік - «дұшпанға жаныңды берсең де , сырыңды берме» деген халық даналығының символына айналды.
Қорытынды
ХХ ғасырдың басындағы Қазақ даласындағы қыйын – қыстау күндерде, бабаларымыз болашаққа сеніммен қарап, тәуелсіздікке ұмтылды.
Жүздеген жылдар бойы тәуелсі болуды армандап,осы асыл мұрат жолында
мыңдаған боздақтарымыз, құрбан болып нақақ қандары төгілді. Бірақта барлығы игі іс жолында болғандықтан, халқымыз бұндай ауыртпалықты шыдаммен көтере білді.1916 жылғы Ұлт азаттық көтеріліс ендің қайтпас, мұқалмас рухының өр екндігін тағыда дәлелдеді. 1916 жылғы Ұлт азаттық көтеріліс барысында, халқымыз көптеген адам төзгісіз қыйыншылықтарды
басынан өткізді.
Бүкіл Алаш болып жандарын шүберекке түйіп, тәуелсіздік үшін қолдан
келгенше аянып қалмады.1916 жылғы Ұлт азаттық көтеріліс қазақ халқы үшін өте ауыр жағдай болды.Ресей патша үкіметінің жерді тартып алуы, салықтардың шамадан тыс өсуі, бұқара халықтың күн көрісін нашарлатқаны анық.Бұл аз болғандай 1916 жылғы 25 маусымдағы, патшаның қазақтарды тыл жұмыстарына алу, жөніндегі жарлығы шығып жығылғанға жұдырық болғаны рас. Осындай аласапыран кезінде, елді тығырықтан шығарудың жолдарын іздеген, батыр бабаларымыздың ерліктері ұшан теңіз. Атап айтатын болсақ Торғайда Амангелді Иманов, Әбдіғаппар Жанбосынов Жетісуда Бекболат Әшекеев, Ақкөз Қосанұлы секілді қазақтың батылда батыр ұлдары халыққа кеңінен танылды.Қазақ даласындағы көтерілістің жеңілуі,басында айқын болды. Себебі жақсы үйретілген,соңғы қарумен қаруланған, саныда басым жауды талқандау қыйында күрделі еді. 1916 жылғы Ұлт азаттық көтеріліс бәрінен бұрын, қазақ халқының өсу демографиясына қатты әсер етті.Осы көтеріліске қатысқан қатысы бар деген желеумен жүздеген мың адам өлтірілді.Жетісу жерінен үш жүз мыңдай адам қытайға кетуг мәжбүр болды. Шет елдерге көшпеген дері, ағайын – туыс бауырларынан, жерлерінен айырылды.
Шындығына келсек бұның барлығын,көтере білген халық яғыни қазақ елі. Мінекей осындай қиыншылыққа қарамастан, қазақ елі дамудың сара жолы мен әлі күнге дейін жүріп келеді.Біздерді осындай жарқын болашаққа жетуімізге сара жол салып қалдырды.
Елім деп, жерім деп өз бастарын құрбандыққа шалған, батыр бабаларымызға шексіз алғыс.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақ совет энциклопедиясы
2. Ә. Сауытбекова «Алматы ақшамы» 2010 жыл (№ 93)
3. Қазақстан 1905 – 1917 жж
Алматы қаласының тарихы тұлғалар келбетінде Р.Е.Оразов
Тарихи тұлғалар Қазақстан 1905 – 1940жж
Өмір өткелдері Е.Естаев
Қаһарлы 1916 жыл 1том
Қаһарлы 1916 жыл 2 том К.Нүрпейіс 1998ж
Қазақ хандығының тарихы:Құрылуы,өрлеуі,құлдырауы.
Аяған Б.Ғ. , Әбжанов Х.М. , Исин А.И.
Алматы 2011ж
Қазақстан тарихы жоғары және арнаулы орта оқу орындарына
арналған оқулық (көне дәуірден 2005 жылдың басына дейін )
Толықтырылған үшінші басылым Ч.Мусин
Алматы 2005ж
«Бекболат поэмасы» И.Дәукебаев
Қазақстан тарихы Б.Ғ.Аяған М.Ж. Шаймерденова
Алматы «Атамұра» 2013ж
Махаева А.Ш. Тойшыбек би жәен оның заманы. – Алматы:Баянжүрек, 2006
111 – 112 бб.
Бүркітбаев Ү.С. Жетісуым – жеті құтым,ырысым – Алматы:Нұрлы әлем,