Этносаралық төзімділік - біздің барша табыстарымыздың кілті МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
ІІ Негізгі бөлім 5
2.1 Этносаралық төзімділік - біздің барша табыстарымыздың кілті. 5
2.2 Тұрақтылық пен келісім – әрбір әкімнің, әрбір басшының, әрбір азаматтың күн сайынғы жұмысы! 7
2.3 Ұлттар достығы – біздің тыныс-тіршілігіміз 11
Қорытынды 16
Пайдаланған әдебиеттер 18
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Кез келген тәуелсіздікке қол жеткізген ел, оны әлем танымай дамудың даңғыл жолына түсе алмайды. Бұл – уақыттың талабы. Томаға тұйық өмір сүрудің уақыты өткен. Әлемдік интеграцияға қосыла отырып қана әр ел өзінің экономикасын дамыта алады, қауіпсіздік нығайтады, сол арқылы ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Бұл ең алдымен елдің сыртқы саясатына байланысты.
Бейбітшілік – адамзаттың асыл құндылықтарының бірі. Адамзат өмір бойы үнемі тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды .Бірақ нақты өмірде оған ешқашан толық қол жеткізген емес. Өткен тарихқа көз салсақ, адамзат қоғамы соғыстардан көз ашпады. Зерттеушілердің деректеріне қарағанда, соңғы 5.5 мың жылда жер бетінде небары 292 жыл ғана бейбітшілік «билік» етіп тұрыпты. Қалған уақыттың бәрінде «Тыныштық керек болса – соғысқа дайындал»-деген қағидамен өмір сүріппіз. Осы аралықта жер бетінде 15 мыңнан астам қантөгіс шайқастар өтіпті. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері жер бетінде бейбіт өмір орнады десекте, әлемнің түрлі аймақтарында ірілі-ұсақты соғыстар, қарулы қақтығыстар, лаңкестік әрекеттер жиі кездесуде. Батыстың бір ғалымыныңесептеуіне қарағанда өткен ХХ ғасырдың соңғы 45 жылында әлемде бар жоғы 12 ғана «бейбіт» күн болыпты. Кейінгі 40 жылдың ішінде ғана дүниежүзінде 250 соғыс болып, 354 млн. адам қаза тауыпты. Жетекші, озық, ауқатты мемлекеттер мен басқа да көптеген дамушы елдерден тұратын әлемде күні бүгінге дейін мемлекеттің негізгі мақсаттары белгіленіп қана қоймай, оларға қол жеткізудің ғылыми және өнегелі түрде негізделген тәсілдерінің жолдары мен құралдары, сондай-ақ заманауи адамзат өз таңдауы бойынша құратын жүйені дамытудың ең маңызды параметрлері көрсетілген ұзақ мерзімді әрі стратегиялық тұрғыда тексерілген іс-әрекеттер бағдарламасының жоқтығы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерін алаңдатпауы мүмкін емес.
Зерттеудің мақсаты: 1. Қазақ халқының тұрақтылық, бейбітшілік, келісім жағдайын зерттеп, оқушыларға ұғындыру.
Зерттеу міндеттері:
- Ел бірлігі - біздің барша табыстарымыздың кілті туралы анықтау;
Тұрақтылық пен келісім – әрбір әкімнің, әрбір басшының, әрбір азаматтың күн сайынғы жұмысы туралы мазмұндау;
-Ұлттар достығы – біздің тыныс-тіршілігіміз туралы айту;
Зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасының «Нұрлы Жол» жолдауы.
Зертеудің әдіс-тәсілдері.
Жұмыс барысында сипаттамалы, салыстырмалы, жүйелеу сияқты түрлері қолданылды.
Зерттеудегі ұстанымым:
Тақырыпты зерттеп мән- мазмұнына терең үңілу. Зерттеудегі жетістіктеріммен көпшілікпен бөлісу.
ІІ Негізгі бөлім 2.1 Этносаралық төзімділік - біздің барша табыстарымыздың кілті.
Этносаралық төзімділік - біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық ЭКСПO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы Жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!
Жолдаудың «Нұрлы Жол» деген атауының өзі мені қатты сүйсінтті. Бұл біздің елді нұрлы болашаққа бастайтын құжат деп қабылдауымызға болатын сияқты. Меніңше, Президент халыққа өте қажетті жолды нұсқағандай әсер алдым. Бүгінгі күні бүкіл әлем дағдарыстан арылмай тұр, оның үстіне геосаяси тұрғыдан күрделі жағдайға ұрынып қалды. Осындай жағдайда Елбасының дұрыс жол тауып, халықты жақсылыққа бастауы осы жол болар деген ой келді[1].
Жолдауда мектептерді жөндеуге және жаңалауға 20 млрд., жолдар салуға 70 млрд. теңге бөлінетіні нақ осындай ойларға жетелейді емес пе? Астанадан тарам-тарам жолдардың басталуы – жүректен шыққан тамырларының бейнесіндей болады деген образ да маған жақсы әсер етті. Халық арасында «жол – өмір» деген сөз де бар ғой. Және бұл жол шын мәнінде бәріне өмір беретін, жақсы тұрмысқа жеткізетін жолдар болмақ. Оған жолдарды салу барысында жаңадан 200 мыңдай жұмыс орындары ашылады деген сөз де дәлел емес пе?
Сондықтан бұл Жолдау біздің еліміздің жаңаша өркендеуіне жол ашатынына сенімім зор.
Қазіргі жаһандану жағдайында Қазақстанды әлемнен бөліп алып қарай алмаймыз. Дегенмен, Қазақстан өзін-өзі қорғау менталитеті деңгейіне жеткен ел ретінде танылып келеді. Соның ең басты нышаны бірнеше жыл бұрын осындай қаржы қиындықтарының қарсаңында Елбасы Ұлттық қор құру туралы тапсырма берді. Сол кездерде «Мұндай Ұлттық қордың бізге не керегі бар, мына араб елдері секілді халыққа бөліп бермейміз бе?» деген сәуегей пікірлер айтылып қалып жатты. Әрине, ол кезде ел әлі түсіне қоймаған кез, дәл қазіргі мұнайдың бағасы төмендеп, халықаралық нарықтың жағдайы алашұбар болып жатқан кезеңде ішкі экономикалық тұтастығымызды, саяси-әлеуметтік жағдайларымызды сақтап қалуға бірден-бір мүмкіндік беретін осы Ұлттық қордың қаржысы.
Сонымен қатар, «Нұрлы Жол» атты жаңа Жолдауды мен Қазақстан дамуының жаңа экономикалық стратегиясы деп қабылдадым. Өйткені, онда жолдың барлық түрлеріне назар аударылып және аса маңызды жаңа жолдар салу туралы тапсырмалар берілді. Жол дегеніміздің өзі – экономикалық дамудың қайнар көзі, әрі жаңа жұмыс орындары.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын тыңдап, мейірім қанғандай әсерде болдым. Олай дейтінім, Жолдау нағыз уақыт рухын сезіндірді, бүгінгі күннің әрқайсымызды толғандырған мәселелерін алдымызға алып шықты[2].
Нұрсұлтан Назарбаев қашаннан-ақ Қазақстан халқының бірлігіне үлкен маңыз беріп келеді. Қазақ халқының «Бір күн ұрыс-жанжал болған үйден қырық күн несібе кемиді» деген мақалы тегін айтылмаған. Кең-байтақ Қазақстанды мекендеген ұлт пен ұлыстардың татулығы мен бірлігі кез келген күрделі мәселенің кілті секілді. Ел бірлігі барда шешімін таппайтын іс жоқ.
Жолдауда Елбасы елімізді экономикалық дағдарыстан қиындықтарға ұрындырмай алып шығудың сара жолдарын айқындап, басым бағыттарын белгілеп берді десе де болады. Зейнетақыны, еңбекақыны көтермегенмен, оны төмендетпей экономикалық дағдарысты еңсеріп алуға бағыт ұсталатынын айтты. Дағдарыстың уақытша екенін, оны еңсерудің жолы қарастырылатынына сендірді. Егемен еліміз алған биіктер мен табыстар ұлтаралық татулық, өзара келісім мен бірліктің арқасында келіп отырғанын жастардың ойына сіңіру керектігі туралы пікірі де көптің көңілінен шықты деп ойлаймын. Бүгін еліміз бағыт ұстап отырған «Мәңгілік Ел» болудың нұрлы жолында барша қазақстандықтар жұмылған жұдырықтай қимылдап, ортақ Отанымыздың гүлденуіне үлес қосуы керек деуі де орынды. Болашақ – жастардың қолында екені де шындық. Жолдауда аға ұрпақтың қолымен жасалған құндылықтарды көздің қарашығындай сақтау қажеттігіне маңыз берді. Алда атап өтілетін Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақстан мемлекеттілігінің түпқазығы Қазақ хандығының 550 жылдығы сияқты мерекелерді қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бағытында ұйымдастыру туралы ойлары да ұтымды.
Әлемдегі экономикалық бәсекелестік бүгінгі таңда саяси текетіреске айналып бара жатыр. Америка мен Еуропаның Ресейге жасап отырған санкциялары, Ресей мен Қытайдың тығыз қарым-қатынас орната бастауы, міне, бұлардың бәрі қарқынды дамуға бет алған біздің еліміз үшін шұғыл шешімдер мен салиқалы тәуекелдерге дайын болуымызды ескерткендей. Елбасы бұл Жолдауында бұған дейінгі жолға қойылған реформаларды ілгері бастырып, әлеуметтік саланы қолдау және халықтың күнкөріс әлеуетін арттыру, жастарға жағдай жасау секілді көптеген стратегиялық қадам жасауды алға қойып отыр. Оның сыртында ел өміріне жаңа технологияларды кеңінен енгізіп, инновациялық жаңалықтарды етене қолдануымыз қажет[3].
Мемлекет басшысы бұған дейін Қазақ елі көптеген экономикалық-қаржылық дағдарыстардан жақсы шығып үлгергенін, ендігі жерде бүкіл әлем болып бастан өткеретін өзге де экономикалық қиыншылықтарға дайын болуымыз керектігін айтты. «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» деп аталатын бұл Жолдауда айтылған мәселелердің баршасына әсіресе партия белсенділері сергек қарап, алға қойылған ортақ міндеттерді бұлжытпай орындауға күш салу керектігін меңзеді. Қолда бар ресурстарды экономикалық жетістіктерге жету жолында тиімді жұмсауды нұсқап отыр.
2.2 Тұрақтылық пен келісім – әрбір әкімнің, әрбір басшының, әрбір азаматтың күн сайынғы жұмысы!
Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен біз өңірлерде, қалаларда, аудандарда, ауылдарда мыңдаған кездесулер өткіздік. Осыдан жиырма жылға жуық уақыт бұрын, Ассамблеяны құра отырып, біз әлемдегі барлық мәлім болған модельдерден де озық шыға білдік. Біз халықты ортақ патриоттық тұғырнамада топтастырудың бірден-бір сенімді тетігін таптық. Оның мәні әркімге де түсінікті және қарапайым адами сұраныстарды – жұмысты, отбасындағы әл-ауқатты, балалар үшін білім беруді, денсаулықты, тұрғын үйді, қауіпсіздік пен демалысты қамтамасыз етуге көмектеседі.
Біздің қоғамда ешкімнің де этностық артықшылығы жоқ және бәрі де Заң алдында тең. Барлық қазақстандықтар – бір туған жердің балалары. Біз бәріміз – біртұтас Қазақстан халқының әртүрлі және бірдей балаларымыз. Біздің бәрімізді бір мәселе толғандырады – бүкіл Қазақстан халқының әл-ауқаты. Біздің бәріміздің мақсатымыз бір – біздің ортақ Отанымыздың өркендеуі. Бұл біздің ортақ табысымыз, ортақ мақтанышымыз.
Бұл осы жылдар бойына Мемлекет басшысы ретінде мен жүргізіп келген, жүргізіп отырған және жүргізе беретін саясат[4].
Тұрақтылық пен келісім – әрбір әкімнің, әрбір басшының, әрбір азаматтың күн сайынғы жұмысы!
Оның қолдауы біздің Тәуелсіздігіміз тарихының барлық тағдыршешті сатыларында шешуші болып келді. Мен бірлік пен топтасқандықтың қоғамның ең басты құндылықтары екенін қайталаудан ешқашан жалықпаймын. Соның арқасында біз экономиканы көтердік, халықтың әл-ауқатын нығайттық, елдің болашағын көрсеттік. Біз 2030 Стратегиясының мерзімінен бұрын орындалуына қол жеткіздік.
Бүгінде біздің бірлігіміз – жаңа 2050 Стратегиясын жүзеге асырудың шешуші факторы. Ең дамыған мемлекеттердің 30-на ену – біздің мақсатымыз және барлық қазақстандықтардың ортақ тағдыры. Стратегияда біздің ұлы көпэтносты халқымыздың даналығы көрініс тапқан. Ол біздің бітімнің, рухани келісімнің айрықша мәдениетінің жоғары қағидаттарынан арқаулық табады.
Бірінші. Ол этностық, тілдік, діни және әлеуметтік айырмашылығына қарамастан, бүкіл қазақстандықтардың тең құқылығы. Бізде қысым жасаудың кез келген түріне, бейбітшілік пен келісімге қол сұғушылықтың кез келгеніне мейлінше жол жоқ және ол заңмен қатаң қудаланады.
Екінші. Ол біздің экономикамыздың дамуы, халықтың әл-ауқатының жақсаруы үшін ортақ жауапкершілік. Түрлі этностағы қазақстандықтар индустрияландыруға, шағын және орта бизнесті дамытуға, ғылымға, білім беруге, денсаулық сақтауға, спортқа белсенді атсалысады. Біздің экономикамызда ешкім этносына қарап бөлінбейді. Бәрі көпұлтты ұжымдарда тату-тәтті еңбек етеді.
Үшінші. Қазақстанда мемлекеттік тілдің рөлі, орыс тілінің ресми мәртебесі және барлық этностар мен олардың мәдениеттерінің тең жағдайда дамуы туралы мәселе шешімін тапқан. Биыл біздегі тілдер туралы алғашқы заңнамаға 25 жыл толады. Болашақта бүкіл азаматтардың мемлекеттік тілді білуі бізді бұрынғыдан бетер теңдестіріп, бірлікті нығайта түседі. Міне, ширек ғасырдан бері біз тіл саясатында айқын бағытпен келеміз – мемлекеттік тілді біртіндеп дамытудамыз және бүкіл этностар тілдерінің дамуы үшін жағдайлар жасаудамыз. Бүгінде тұрғындарының көпшілігі кем дегенде екі тілде сөйлейтін және ойлайтын елдер көп емес.
Қазақстан солардың қатарында, бұл біздің ұлттық байлығымыз. Біз үш тұғырлы тілді дамыту бағдарламасын жүзеге асырудамыз. Бізде 15 тілде 60 БАҚ жарық көреді, оның ішінде этномәдени орталықтардың 34 газеті мен 26 сайты бар[5].
Төртінші. Мемлекеттің зайырлылығы Қазақстанда бар барлық діндердің ұлы рухани мұраларына құрмет көрсетуден, әркімнің таңдау еркіндігінен арқаулық табады. Конфессияаралық толеранттылықтың мұндай ахуалы, сірә, әлемде еш жерде жоқ. Сонымен бірге, біздің еліміз зайырлы және дін мемлекеттен бөлінген. Біз сондай-ақ діни ұрандар ұстанған экстремизмді, діни ілімдерді сырттан саясиландыруға деген талпыныстарды, біздің халқымызға біз үшін бөгде діни көзқарастар мен идеяларды күштеп таңуды барынша теріске шығарамыз.
Ислам діні әу баста Жаратушыдан біздің ата-бабаларымызға қалай түссе, бүгінгі Қазақстанға дәл солай жетуін тарихтың өзі қамтамасыз етті. Қасиетті қазақ жерінде әсіредіншілдер ешқашан болмаған. Қазақ халқының рухани болмысы әрдайым гуманизммен және ішкі тұтастығымен ерекшеленеді. Ата-бабалардан мирас болған осынау ұлы қасиеттен айырылуға бүгінгі буынның ешбір хақы жоқ. Сондықтан, мен қазақ зиялыларын, рухани жетекшілерін, барлық және әрбір қазақты ұлы ұстаздардың ұлағатын ұмытпауға шақырамын. Біз ұрпағымызды жат ықпалдардан қорғауға, адасқандарды ақылға шақырып, оларды оқыс қадамдардан сақтандыруға тиіспіз.
Бесінші. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын қалыптастыру – қазақстандықтарды жұмыспен қамту, біздің бүкіл еңбекшілеріміздің өмір сапасы үшін басты шарт. Еңбек, жауапкершілік және тәртіп – тек осылай ғана бүкіл Қазақстан дами алады.
Алтыншы. Қазақстандық мәдениет елдегі бүкіл этностардың мәдени қатпарларының тығыз қарым-қатынасы арқасында қалыптасады. Бізде қазақ өнері мен дәстүрлері дамуда, сонымен бірге, бүкіл этностардың мәдени мұраларының дамуы да қамтамасыз етілген. Біз өз еліміздің, кез келген этносқа жататын біздің отандастарымыздың әлемдік өнерге, әдебиет пен спортқа қосқан үлестерінің артып келе жатқанын мақтан тұтамыз[6].
Жетінші. Қазақстан халқы Ассамблеясы – әрі іргетас, әрі бейбітшілік, рухани келісім мәдениетінің негізгі қағидаты. Ассамблея – бүкіл азаматтардың бүкілхалықтық өкілдері мүдделерінің инновациялық моделі және біздің жас демократияның табысты құралы. Ол бүкіл ел бойынша 820 этномәдени бірлестіктер қызметін шоғырландырады. Бұл дегеніміз 70 мың белсенділер. Ал осы жұмысқа барлығы 3 миллионнан астам адам қатысады.
Ассамблея халық егемендігін шоғырландырушы саясатүстілік органға айналды. Ассамблеяның депутаттық тобының құрамына бүкіл парламенттік партияның өкілдері болып табылатын 25 мәжілісменнің кіруі үлгі тұтарлық жағдай. Ассамблея мемлекеттік органдардың халықпен жемісті үнқатысуын, барлық этностар өмірлерінің өзекті мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етеді. Тек өткен жылы ғана Ассамблея 10 мың іс-шара ұйымдастырып, оларға 3,5 миллионнан астам адам қатысты. Көптеген өңірлерде Достық үйлері құрылып, жұмыс істеуде, оларда жыл сайын 720 мыңнан астам адам болып тұрады. Біздің Ассамблеяны 2020 жылға дейін дамыту Тұжырымдамасы жүзеге асырылуда. Сұрау салынған қазақстандықтардың 97,5 пайызы біздің Ассамблея біздің бүкіл халықтың мүдделерін бейнелейді деп есептейді. Бұл жақсы мойындау.
Қазақстандық бейбітшілік, руханият пен келісім мәдениетінің 7 арқаулық қағидаттары осындай. Бұл енді біздер өз ұрпақтарымызға ұлт байлығы ретінде беретін ортақ мәдени мұрамыз.
Мемлекет басшысы елдің ішкі мәселелерін жетік білгендіктен жыл сайынғы өзінің кезекті Жолдауларында қазақстандықтардың тұрмыс әлеуетін жақсарту мәселесіне ерекше көңіл аударумен келеді. Ол кісінің алға қойған мақсаттары мен міндеттері ел басшылығында жүрген азаматтардың күнделікті тікелей атқаруға міндеттелген нақты шаруалар. Сондықтан да, Елбасының бұл Жолдауында да әрбір ел азаматтары атқаруға тиіс міндеттер нақты жолданып отыр[7].
2.3 Ұлттар достығы – біздің тыныс-тіршілігіміз
«Ұлттар достығы – біздің тыныс-тіршілігіміз!» деп бір сөзінде Елбасы атап айтқандай, біздер бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан ұрпақпыз. Елдегі татулық пен тұрақтылықты сақтап, баянды етуіміз үшін әрқайсымыз аянбай еңбек етуге тиістіміз. Бейбіт өмір белесінен көз жүгірте отырып біз өз басшымызды құрметтейміз және мақтаныш етеміз. Сол себептен де, Президенттің әр Жолдауына жедел үн қатып, сындарлы баға беруге талпынамыз.
Елбасы келер жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялады. Көптеген ұлт өкілдерінің басын құраған Ассамблеяға 20 жыл толып отыр. Бірнеше буынды бауырмалдық пен туыстық сезімге тәрбиелеген бейбітшіліктің қазақстандық үлгісі өз жемісін беріп келеді. Еліміздегі өзге этностық мәдени бірлестіктер де бұл Жолдауға азаматтық қолдауын танытып, перзенттік үн қатады деп сенемін.
Бұл Жолдау бұған дейінгі жолдаулардан ерекше жағдайда жолданды. Бұрын Парламентте жасалатын мәлімдеме бұл жолы «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында халыққа жол тартты. Мұның ерекше болатындығы да сол – дәл қазір халықаралық ахуал саяси мағынаға кеңінен бой алдырған тұста елдегі саяси партия мінберінен халыққа сөз бағыттау көп жағдайда мәселеге тереңірек назар аударта түседі.
Әлемдегі экономикалық бәсекелестік бүгінгі таңда саяси текетіреске айналып бара жатыр. Америка мен Еуропаның Ресейге жасап отырған санкциялары, Ресей мен Қытайдың тығыз қарым-қатынас орната бастауы, міне, бұлардың бәрі қарқынды дамуға бет алған біздің еліміз үшін шұғыл шешімдер мен салиқалы тәуекелдерге дайын болуымызды ескерткендей. Елбасы бұл Жолдауында бұған дейінгі жолға қойылған реформаларды ілгері бастырып, әлеуметтік саланы қолдау және халықтың күнкөріс әлеуетін арттыру, жастарға жағдай жасау секілді көптеген стратегиялық қадам жасауды алға қойып отыр. Оның сыртында ел өміріне жаңа технологияларды кеңінен енгізіп, инновациялық жаңалықтарды етене қолдануымыз қажет[8].
Мемлекет басшысы бұған дейін Қазақ елі көптеген экономикалық-қаржылық дағдарыстардан жақсы шығып үлгергенін, ендігі жерде бүкіл әлем болып бастан өткеретін өзге де экономикалық қиыншылықтарға дайын болуымыз керектігін айтты. «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» деп аталатын бұл Жолдауда айтылған мәселелердің баршасына әсіресе партия белсенділері сергек қарап, алға қойылған ортақ міндеттерді бұлжытпай орындауға күш салу керектігін меңзеді. Қолда бар ресурстарды экономикалық жетістіктерге жету жолында тиімді жұмсауды нұсқап отыр.
Жолдаудағы халықты қуантқан ең басты жағдай деп баспана мәселесі бойынша жасалатын реформаны атап айтар едік. Елімізде пайыздық мөлшері төмен және бастапқы жарнасы төленбейтін жаңа бағдарлама іске қосылатын болды. Елбасы «Бізде қолжетімді баспана бойынша көптеген әдістер бар. Енді бізге оны басқа қырынан қарау керек. Мемлекет әлеуметтік арендалық баспана салып, оны халыққа сатып алу құқығымен ұзақ мерзімге жалға беретін болады. Қазіргі жүйе қомақты қаржыны талап етеді. Бастапқы жарнаны төлеткізеді, содан кейін банктер кіріптарлық пайыздарды бекітеді, яғни оның деңгейі 20 пайызға жетеді. Адамдар оны төлеуге қауқарсыз және проблемалар туындайды. Бұл бағдарламалар қалады, олар дәулетті адамдар үшін қалыпты. Ал жаңа бағыттағы бағдарламаны жас отбасылар мен баспанаға зәру азаматтар үшін жасап жатырмыз», – деді. Бұл бағдарлама болашақта Қазақстандағы баспана мәселесін толықтай шешеді деп сенеміз.
Биылғы Жолдаудың ел экономикасының инфрақұрылымдарын жақсартуға бағытталуы уақыт талабы екені, әлемдегі экономикалық жағдай әлі де оңала қоймай отырған шақта тиісті шаралар алдын ала ойластырылып, ұсынылуы көрегендік саясаттың жалғасы болып табылады деп санаймыз. Елбасының әрбір Жолдауы алдағы мақсаттарды айқын көрсетуімен ерекшеленеді. Бұл жолы инновациялық индустрияландыру трендін түзу әрі күшейте түсу, қамтымды экономика құру, шағын және орта бизнесті мемлекетті индустриялық және әлеуметтік тұрғыда жаңғыртудың басты құралы ретінде дамыту, қазақстандықтардың әлуетін еселейтін тың мүмкіндіктер жасау сияқты өзекті мәселелер көрсетілуі өсіп-өркендеуге зор серпін берері сөзсіз. Сондықтан Елбасының жаңа Жолдауын жылы қабылдадым. Металлургтер қауымы еліміздің көркеюі мен гүлденуі үшін жаңа бағытты қолдайтындығы анық[9].
Жастар – тәуелсіз елімізді әлемге танытқан, сонымен бірге, бүгіні мен ертеңін еңселендіруші, көшбасшылық, көрегенділік қасиетімен әлемдік ірі саясаткер деңгейіне көтерілген Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын қолдайтын бірден-бір ізбасары. Кеше Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы Жол» атты Жолдауын тыңдай отырып, өзімізге үлкен міндет жүктелгенін ұғындық.
Елбасы бұл Жолдауында әлем елдері кезігіп отырған дағдарыстан Қазақстан халқын аман-есен алып шығып, зейнетақы мен жалақы көлемін кемітпеудің маңыздылығына айрықша тоқталды. Шындығында, Елбасы Батыс елдері мен Ресейдің бір-біріне түрлі санкциялар салу арқылы әлем экономикасына үлкен қиындық келетінін жасырған жоқ. Таяу Шығыстың да экономикасы әлі тұрақтала қойған жоқ. Міне, осының бәрінің Қазақстан экономикасына қаншалықты әсері болады? Әрине, біз дербес елміз, бірақ әлем елдерімен экономикалық байланыс орнатпай, томаға-тұйық отыра алмаймыз. Ендеше, жан-жағымызда болып жатқан сан алуан дағдарыстың алдын алуға қарсы шараларды іске асырудың қажеттігі туындайды.
Елді тығырыққа тіремей, халықты қиындыққа ұрындырмай, бүгінгі экономикалық өркендеуімізді өрістете түсетін кешенді бағдарлама қандай болуы керек? Осы сауалды тарқатар болсақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел экономикасын одан әрі өркендетудің темірқазықтай басты бағдарын тайға таңба басқандай көрсетіп берді. Экономиканың әр саласына бағытталатын қаржы көлемін нақтылап, Үкіметке қажетті қаржыны Ұлттық қордан бөлуге нақты тапсырма жүктеді. Мәселен, шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелеуге 100 миллиард теңге бөлінеді[9].
Бұл, нарықтық экономиканың жаңа секторы үшін үлкен демеу емес пе? Өйткені, бүгінгі нарықтың талабы баяғыдай ірі зауыттар арқылы емес, шағын және орта бизнесті өркендету арқылы экономиканы тұрақтандыруға басым бағыт беріледі. Әлемнің бар елі осы жолмен өтіп келеді. Біздің елімізде шағын және орта бизнесті күнделікті тірлігіне айналдыруға ұмтылушылар көп. Соның арасында жастардың қатары да көбейіп келеді. Бизнестің бұл түрі тек ірі қалаларда ғана емес, аудандарда, тіпті ауылдарда кең тарала түсуде. Шағын және орта бизнес өкілдері арасында құндылықтарымыз бен төл мәдениетіміздің, қазақы отбасы мен ғасырлардан үзілмей келе жатқан дәстүріміздің тынысын ашуды көздегендерді байқап жүрміз. Демек, елімізде әр азаматтың, әсіресе, жастардың ерінбей, жалықпай еңбектенуіне, ел игілігіне қызмет етуіне тағы да үлкен қолдау жасалып отыр. Бұл жай ғана айта салынған емес, Елбасының, мемлекеттің тарапынан жасалған маңызды қолдау. Біз сан ғасырлардан бері аңсаған тәуелсіздігімізді бекем қылуға талпынып, сол жолда бірнеше ауқымды істерді атқарып келе жатқан айбынды елдің ұрпағымыз. Біздің мақсатымыз – Тәуелсіз Қазақ мемлекетінің егемендігін сақтау, еліміздегі ішкі бірлікті нығайтып, ұлттар татулығына селкеу түсірмеу, ең бастысы – отандық экономиканы өркендетуге лайықты үлес қосу.
Біздің басты құндылығымыз – төл тарихымыз, мәдениетіміз, тіліміз, дәстүрлі дініміз. Қазақ – ұдайы биікке самғатар асыл мұратқа ұмтылған, бар бақытқа жеткізер еңбектің қадірін білген ұлы халық. Бірлігі мен татулығы бекем, экономикалық өркендеуі алға арындаған еліміздің жастары Елбасы жүктеген сенімді ақтауға атсалысады, сөйтіп, мақсатымызға жетуге үлесін қоса береріне толық сенемін[10].
Қорытынды
Турасын айтайын, бейбітшілік пен келісімді нығайту – 2050 Стратегиясын жүзеге асырудың басты критерийі. Ағымдағы жүзжылдықта әлемнің қандай күрделі болатынын өзіміз жаһандық саясатта көріп отырған оқиғалар нақты бейнелеуде. Бүгінде Украинадан жетіп жатқан мәліметтерді жүрек сыздатпай оқу мүмкін емес. Бұл ел біздің ТМД бойынша жақын әріптестеріміздің бірі. Бізді өзара тиімді ынтымақтастықтың он жылдығы ғана байланыстырмайды. Бізге тарихтың ортақ парақтары да тән. Дүрбелең жылдарда Қазақстан біздің елімізге күштеп көшірілген, Ұлы Отан соғысы жылдарында эвакуацияланған және осында жүрек қалауымен өнеркәсіп алыптарын тұрғызуға және тыңды көтеруге келген жүздеген мың украиндар үшін екінші үйге айналды.
Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік - ол әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты. Бейбітшілік - ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық - күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік. Мен жастар - біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!
Біз Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.
Еліміздің басты құндылығы елдегі бейбітшілік пен бірлік, экономиканың тұрақтылығы, этносаралық татулық пен толеранттылық екенін жастар түсінуі тиіс. Отбасындағы береке, адамдардың қауіпсіздігі, еңбекпен қамтамасыз етілуі, яғни бейбіт өмірдің іргетасының беріктігі сайып келгенде тыныштыққа тәуелді екенін ешқашан ұмытуға болмайды. Елбасының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы біздің еліміздің ертеңінің жарқын, болашағының бақытты екеніне тағы да сендіре түсті. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы әрбір адамның өміріне әсер етуімен де бағалы. Бұл Жолдауда алға қойылған міндеттерді ынтымағымызды ұйыта түсетін, ілгерілеуімізге серпін беретін, рухани жаңғыруға жағдай жасайтын нұрлы жол деп білу керек.
Пайдаланған әдебиеттер
Егемен Қазақстан газеті 2014 ж
Жас Алаш газеті 2014 ж
Ақ жол газеті 2014, 2015 жж
Жамбыл-Тараз газеті 2015
http://www.forbes.com/profile/dinara-kulibaeva/
Назарбаев айтқан сөздері. Қазақстан Республикасының Президенті ресми сайтындағы Н.Назарбаевтың жеке парақшасы.