kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Доклад на тему: "А. Иманов"

Нажмите, чтобы узнать подробности

«А.Имановты? жастарды патриотты? ж?не азаматты? т?рбиелеу негізі ретіндегі р?лі»

Карашинова Алмаг?л Серікбай?ызы

А.??нанбаев атында?ы №6 жалпы білім беретін

орта мектепті? тарих п?ніні? м??алімі

     Аманкелді ?дербай?лы Иманов (1873-1919 жж.) - халы? батыры, ?аза? хал?ыны? 1916 жыл?ы ?лт-азатты? к?терілісін ?йымдастырушыларды? бірі, Иман батыр Дулат?лыны? немересі. Тор?ай уезіні? ?айдауыл болысында (?азір ?останай облысы Аманкелді ауданы) кедей малшыны? отбасында ту?ан. ?кесі шаруа ба??ан, момын кісі болса, шешесі ?алампыр ?а?у?ызы медресе бітірген. ?жесі ?алампыр немересіні? ата д?ст?рін ?ста?ан ?л болатынын бірден таныпты. Немересіне атасыны? сауытын кигізіп, ?ылышын ?статып, басын байла?ан ш?пті шаптырып, шауып келе жатып, к?місті жерден ?а??ызып, тере? су т?біне таста?ан патша бейнесі бар сомды?ты ал?ызады екен. Аманкелді ?уелі ауыл молдасынан 2 жыл о?ып, кейін Тасыбай, Т?шма?амбет ишандарды? медресесіне т?сті. Медреседе 4 жыл о?ы?ан ол т?рік, парсы, араб тілдерін ме?герді. ?кесінен 7 жасында жетім ?алып, жо?шылы? тау?ыметін ерте тарт?ан Аманкелді бала кезінен ?ділетсіздікті жаны с?ймей ?сті.

   ?ліби Жанкелдин Аманкелдіні? ?ш ?асиетін ерекше ба?алапты. Біріншіден, Аманкелді діндар жан еді. Бес мезгіл намазын ?аза жібермейтін. Екіншіден, к?зі ?ажап еді, ?адалып ?ара?анда к?зіні? н?ры ??мені?нен ?тіп кететін. Амалсыздан, к?зі?ді тайдырып ?кетуге м?жб?р болатынсы?. Ал к?здеп ат?анда, ??ралайды к?зінен тигізетін ?ас мерген еді. ?шінші, орта бойлы, д??ес м?рынды, жай ?ара?анда ?алы? ?аза?тан ?згешелігі жо? сия?ты. Аманкелдіні? ?иын-?ыстау, алма?айып кезде та??аларлы? тап?ырлы?ы бар еді. Бас кессе де, тіл кеспегі жо?ын білген ол кімні? алдында да б??ып, бой таса жаса?ан емес, на?ыз топжар?анны? ?зі болатын (1). Шын м?нінде батыр болып жаратыл?ан жан нар т?уекелшіл, ?ткір, ?ктем, ??ралайды к?зінен ат?ан ??ла мерген, шешен де к?сем бол?ан. Шапша?, ?алы? топ алдында еш жаннан сескенбейтін ж?рек ж?т?ан батыр. Аманкелдімен, Кейкімен ?лт-азатты? к?терілісінде бірге бол?ан сарбаздардан «Аманкелдіні? к?зі мерген, Кейкіні? ?олы мерген» деген ілтипатты с?з ?ал?ан (2).

    Ол ел ішіндегі дау-шар?а ерте араласып, сол себепті Ресей империясыны? жергілікті билеушілеріні? ?удалауына ?шырап, 1896-1911 жылдар аралы?ында бірнеше рет т?рмеге ?амалды. Е?бекші халы?ты? тарт?ан ?ай?ы-?асіретін, ауыр т?рмысын к?рді. Оны? самодержавиеге байлар мен билерді? езгісіне деген ?шпенділігі осы кезден-а? ?алыптаса бастады. Бай?о?ыр к?мір кенінде темір ?стасы бол?ан жылдары орыс ж?мысшыларымен араласып, тапты? сана-сезімі оянды. Социал-демократтарды? жергілікті жердегі большевиктер тобымен ты?ыз байланыс жасап, шаруалар б??арасыны? ?лт-азатты? к?ресін бас?арушы ретінде б?кіл Тор?ай даласына ата?ы жайылды. «Ардагер Аманкелді-ерді? ері» деп ?астерлеген хал?ы батырын. Кеме?гер Досай ?ажы 1916 жылы  батыр бабамыз?а а? батасын беріпті:

. Бостанды? ?шін ту ?стап,

Батыр?а ?мір тілейік!

?а?арман ?ол-сарбаздар,

К?к тілгендей жар?ылдап,

Найза?айдай т?нейік!

?арсы келген д?шпанды,

Жермен жексен к?мейік!

Батыр киген а?сауыт,

О? дарысын демейік.

Алтын жап?ан а? жебе,

К?здеген жерден д?л тиіп,

Д?лдеп т?йреп найзамен,

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Доклад на тему: "А. Иманов"»

«А.Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі»

Карашинова Алмагүл Серікбайқызы

А.Құнанбаев атындағы №6 жалпы білім беретін

орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі


Аманкелді Үдербайұлы Иманов (1873-1919 жж.) - халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі, Иман батыр Дулатұлының немересі. Торғай уезінің Қайдауыл болысында (қазір Қостанай облысы Аманкелді ауданы) кедей малшының отбасында туған. Әкесі шаруа баққан, момын кісі болса, шешесі Қалампыр Қақуқызы медресе бітірген. Әжесі Қалампыр немересінің ата дәстүрін ұстаған ұл болатынын бірден таныпты. Немересіне атасының сауытын кигізіп, қылышын ұстатып, басын байлаған шөпті шаптырып, шауып келе жатып, күмісті жерден қаққызып, терең су түбіне тастаған патша бейнесі бар сомдықты алғызады екен. Аманкелді әуелі ауыл молдасынан 2 жыл оқып, кейін Тасыбай, Тәшмағамбет ишандардың медресесіне түсті. Медреседе 4 жыл оқыған ол түрік, парсы, араб тілдерін меңгерді. Әкесінен 7 жасында жетім қалып, жоқшылық тауқыметін ерте тартқан Аманкелді бала кезінен әділетсіздікті жаны сүймей өсті.

Әліби Жанкелдин Аманкелдінің үш қасиетін ерекше бағалапты. Біріншіден, Аманкелді діндар жан еді. Бес мезгіл намазын қаза жібермейтін. Екіншіден, көзі ғажап еді, қадалып қарағанда көзінің нұры өңменіңнен өтіп кететін. Амалсыздан, көзіңді тайдырып әкетуге мәжбүр болатынсың. Ал көздеп атқанда, құралайды көзінен тигізетін қас мерген еді. Үшінші, орта бойлы, дөңес мұрынды, жай қарағанда қалың қазақтан өзгешелігі жоқ сияқты. Аманкелдінің қиын-қыстау, алмағайып кезде таңқаларлық тапқырлығы бар еді. Бас кессе де, тіл кеспегі жоғын білген ол кімнің алдында да бұғып, бой таса жасаған емес, нағыз топжарғанның өзі болатын (1). Шын мәнінде батыр болып жаратылған жан нар тәуекелшіл, өткір, өктем, құралайды көзінен атқан құла мерген, шешен де көсем болған. Шапшаң, қалың топ алдында еш жаннан сескенбейтін жүрек жұтқан батыр. Аманкелдімен, Кейкімен ұлт-азаттық көтерілісінде бірге болған сарбаздардан «Аманкелдінің көзі мерген, Кейкінің қолы мерген» деген ілтипатты сөз қалған (2).

Ол ел ішіндегі дау-шарға ерте араласып, сол себепті Ресей империясының жергілікті билеушілерінің қудалауына ұшырап, 1896-1911 жылдар аралығында бірнеше рет түрмеге қамалды. Еңбекші халықтың тартқан қайғы-қасіретін, ауыр тұрмысын көрді. Оның самодержавиеге байлар мен билердің езгісіне деген өшпенділігі осы кезден-ақ қалыптаса бастады. Байқоңыр көмір кенінде темір ұстасы болған жылдары орыс жұмысшыларымен араласып, таптық сана-сезімі оянды. Социал-демократтардың жергілікті жердегі большевиктер тобымен тығыз байланыс жасап, шаруалар бұқарасының ұлт-азаттық күресін басқарушы ретінде бүкіл Торғай даласына атағы жайылды. «Ардагер Аманкелді-ердің ері» деп қастерлеген халқы батырын. Кемеңгер Досай қажы 1916 жылы батыр бабамызға ақ батасын беріпті:

... Бостандық үшін ту ұстап,

Батырға өмір тілейік!

Қаһарман қол-сарбаздар,

Көк тілгендей жарқылдап,

Найзағайдай төнейік!

Қарсы келген дұшпанды,

Жермен жексен көмейік!

Батыр киген ақсауыт,

Оқ дарысын демейік.

Алтын жапқан ақ жебе,

Көздеген жерден дәл тиіп,

Дәлдеп түйреп найзамен,

Жау қабырғасын сөгейік.

Алмас қылыш қолда ойнап,

Жауды өлімге бөгейік.

Батырға ерген ерлерге,

Батагөй болып жебейік!.. (3)
Батырдың ұйымдастырушылық және қолбасшылық таланты 1916 жылғы Ресей императорының маусым айындағы жарлығына наразылық ретінде Торғай даласында бұрқ еткен ұлт-азаттық көтеріліс барысында айқын көрінді. 1916 жылғы қарашада 13 болыс (6 болыс қыпшақ, 6 болыс арғын және 1 болыс найман) өкілдері Қоғалыкөлде бас қосып, құрылтайда Әбдіғаппар Жанбосыновты Торғай уезінің ханы, Аманкелдіні көтеріліс қолбасшысы (сардарбек) етіп сайлады. Нияз ханнан Әбдіғапарға, Иман батырдан Аманкелдіге жалғасқан дәстүр жолы ұлт-азаттық қозғалысының ұрпақтар сабақтастығын дәлелдеді. Көтерілісшілер сапына Ырғыздың, Қостанайдың, Ақтөбенің, Байқоңыр руднигінің, Шоқпаркөл тас көмір кенінің және Орынбор-Ташкент темір жолдарының жұмысшылары келіп қосылды. Әбдіғапар мен Аманкелдінің ұйымдастырушылық іскерлігінің нәтижесінде көтеріліс саяси сипат алды және әскери-ұйымдық жағынан нығайып, оған қатысушы сарбаздар қатары 50 мың адамға жетті. Аманкелді Торғай, Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе уездерінен, ішінара Сырдария, Ақмола және Семей облыстарынан көтеріліске шыққан қазақтардың басын қосып, оларды қару-жарақты қолдана білуге және ұрыс жүргізу тәсіліне үйретті. Ат үстінде шауып келе жатып мылтық ату, қоян қолтық соғысу, қылыштасу, найзаласу, мергендік әдістері үйретілді. Сонау бағзы заманнан келе жатқан атты әскердің соғыс әдістеріне мән берілді. Әсіресе ен даланы дүбірлетіп, лап қою не болмаса дәл жау шебіне жеткенде үшке бөлініп, екі қапталдан қусыра қысып алып соғу, жау әскерін мыңдап айдаған жылқының көтерген шаңына қақалтып, жау шетіне ойран салу, төбе-төбенің басына мергендерді қойып, күнге шағылысқан сары ала погонды офицерлерді атып түсіріп, жауға психологиялық нұқсан келтіріп, жау шебін содан кейін бұзу, тие қашып соғысып, жауды шөл далаға әкетіп, шаршату, жер рельефіне қарай тығырыққа тіреп, жау отрядын жойып жіберу сияқты соғыс әдістерін кеңінен үйретті. Мергендік мектебін Кейкі батыр басқарса, соғыс тактикасына жүзбасы, мыңбасыларды Аманкелді машықтандырды. Осылайша кешегі мал баққан жігіттерден тәртіпті, тегеурінді армия құрды. Қару-жарақ шеберханаларын ұйымдастырып, өзін көтерілісшілердің қабілетті әскер басшысы ретінде танытты, жазалаушыларға қарсы қарулы күресті Қазан революциясы жеңіп шықканға дейін жүргізді. Ендеше Аманкелді ұлт-азаттық қозғалысының тарихын, дәстүрін өте жақсы білетін ел ағасы, халық данасы.

1916 жылы тамыз-қыркүйек айларының аралығында А.Иманов басқарған партизан отрядтары жазалаушы отрядтарға қарсы бірнеше сәтті ұрыстар жүргізді. 1916 жылы 21 қазанда 4 мыңға жуық көтерілісшілер Татыр көлінің маңында казак жүздігімен және Торғай уезінің бастығының полиция отрядымен ұрыс жүргізді. Бұл көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында ең ірі шайқастың бірі болатын. Көтерілісшілердің арасында қалыптасқан үздіксіз байланыс болатын. Оларды қару-жарақпен қамтамасыз ету үшін бірнеше ауылдарда құрылған ұстаханаларда қару-жарақтар, оқ-дәрілер дайындалып, қылыш, найза, айбалталар соғылды. 1916 жылы 25 қазанда А.Иманов басқарған 15 мыңға жуық көтерілісшілер Торғай қаласын қоршауға алды. Торғай және Ырғыз уезіндегі жағдай күрт төмендеді. Торғаймен байланыс үзіліп, қала тегіс қоршалды. Қарашаның алғашқы жартысында Торғай уезіндегі көтеріліс бүкілхалықтық сипат алды. 6 қараша күні көтерілісшілер шабуылды бастап, қаланың жартысын басып алды. Бірақ зеңбірекпен атқылаған соң шегінуге мәжбүр болды. Қарашаның аяғына қарай көтерілістің негізгі тобы Торғайдан шегініп, Батпаққарада шоғырлануға мәжбүр болды. Патша әскери бас штабының бұйрығы бойынша  Қазан әскери аймақтық майдан шегінен алынған бірнеше әскери бөлімдерден генерал Лаврентьевтің экспедициялық корпусын жасақтап, көтеріліс ауданына жіберілді. Ұлт-азаттық көтеріліске қатысқаны үшін 3 мың адам жауапқа тартылып, оның 201 адамы өлім жазасына, 162 адамы каторгаға айдалды. Соған қарамастан айбалтамен, құс мылтықпен және басқа қарулармен қаруланған көтерілісшілер жазалаушылардың негізгі күшін қыспаққа алып, Торғайды айналасына 100 шақырым радиуспен қоршап алды. 22-23 ақпанда Доғал-Үрпек жазығында көтерілісшілер жазалаушыларға қарсы соңғы рет ұрыс салды. 27 ақпанда жазалаушы отряд Торғай қаласына қарай шегініп, Доғал-Үрпек, Батпаққара мекенін көтерілісшілер қолына тастап шықты. 1917 жылы 8 наурыздан бастап Уақытша Үкіметтің А.Иманов пен оның сарбаздары жөніндегі істі тоқтату қаулысына қарамастан жергілікті үкімет өкілдері Аманкелдіні тұтқындауды талап етті. 1917 жылдың шілдесінде билер соты А.Имановты 10 жылға Сібірге айдауға кесті.

Аманкелді Торғай облысында Кеңес өкіметін орнатуға белсене ат салысып, ауылдық және болыстық Кеңестерді ұйымдастыру жұмысына басшылық жасады. 1918 жылы Орынбор қаласында өткен Торғай облысы Кеңестерінің 1- съезіне қатысты. Кейін Аманкелді Торғай уезінің әскери комиссары болды, ауыл кедейлерінен, Қарсақбай мен Байкоңыр жұмысшыларынан Қазақстандағы алғашқы ұлттық Қызыл Әскер бөлімдерін құрды, ақгвардияшыл бандыларға қарсы күрес жүргізді. 1918 жылы желтоқсанның екінші жартысында Аманкелді отрядтары Ә.Т.Жангелдин басқарған экспедициялық отряд бөлімшелерімен бірлесіп Торғай каласын азат етті. Алашордашылар 1919 жылы көктемде Торғайда төңкеріс жасады. 18 - мамырға қараған түнде Аманкелді тұтқынға алынып, айуандықпен өлтірілді.
Империализм қайшылықтарының шегіне жете шиеленісуінің нағыз айғағы болған бұл көтеріліс патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталып, халық бостандығын көздеді. Отандық тарихта ерекше орын алып, еркіндік сүйгіш қазақ халқының өз тәуелсіздігі үшін жан аямайтынын анық көрсетті. Хас батыр Аманкелдіге Ж.Жабаев, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Б.Майлин, орыс жазушылары П.Кузнецов, Л.Соболев, Д.Снегин т. б. шығармаларын арнады. Украин жазушысы О.Десняк «Тургайский сокол», адыгей қаламгері И.Раевский «Амангельды и Алим» повесін, Ғ.Мүсірепов, В.Иванов, Б.Майлин бірлесіп «Амангелді» фильмінің кино сценарийін жазды. Суретшілер Ә.Қастеевтің, Қ.Телжановтың, Н.Б.Нұрмұхамедовтің, В.Шамшиннің Аманкелдіге арналған полотнолары, X.Наурызбаев т. б. мүсіншілердің батыр туралы мүсіндік портреттері көпшілікке кеңінен танымал. Жергілікті айтыскер ақын Қабден Байқасынов өз арнауында былай жырлаған:

Ел ескерген еңбегн,

Қалайша айтпай, шыдайын.

Аманкелді, Әліби

Қаһарман еді-ау қан кешкен,

Көрсе де байлар қоқайын (4).

Елін, жерін қорғайтын перзент тәрбиелеуде туған жерін қасық қаны қалғанша қорғаған Аманкелдідей батырдың ерлігін өнеге қылып, кеңінен насихаттау-міндет.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Манаш Қозыбаев «Жау шаптым ту байлап», 184-бет, Алматы қ., «Қазақстан» баспасы, 1994 жыл.

  2. Ахметхан Байжан «Аманкелді Иманов пен Кейкі батыр» (деректі хикаяттар) 113-бет, Алматы қ., «Тоғанай Т» баспасы, 2011 жыл.

  3. Жаңбыршы Жаңғабылов «Досай қажының Аманкелді атамызға берген батасы», 4-бет, «Аманкелді арайы» аудандық апталық газеті, №10 (7550) 15.03.2013 жыл.

  4. Қабден Байқасынов «Аманкелді айбаты», 166-бет, Қостанай қ.,«Шапақ» баспасы, 2009 жыл.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Доклад на тему: "А. Иманов"

Автор: Карашинова Алмагуль Серикбаевна

Дата: 27.02.2016

Номер свидетельства: 299729


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства