kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Болыс ?бдікерім Ережеп?лы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шайм?рат Айдын Шайм?рат?лы

?Р Шы?ыс ?аза?стан Облысы, ?скемен ?аласы «№ 1 орта мектебі» КММ, тарих п?ні м??алімі

Болыс ?бдікерім Ережеп?лы

      ?аншама жылдар бойы тарих ?ойнауында ?алып есімі еленбей келген, «халы? жауы» саналып жал?ан айыптауларды? ??рбаны бол?ан  болыс ?бдікерім Ережеп?лыны? ?мірі, хал?ына жаса?ан игі істері жайында еліміз т?уелсіздік ал?аннан кейін тере?ірек зерттеуге м?мкіндік туды. ?бдікерім Ережеп?лы 1867жылы  ?азіргі Шы?ыс ?аза?стан облысы Катон-?ара?ай ауданы Шы??ыстай жерінде д?ниеге келеді.

      Б??тырма ?зеніні? созыла келіп Ертіске ??яр арнасыны? екі жа?ы егіндік, ??нарлы ал?ап та, Шы??ыстай ?лкесі - Шы??ыстай (Ш??гіштай) болысы деп атан?ан. Б??тырманы? екі жа?ында?ы Алтайды? ?демі сілемі – Шабанбай аталады. Шабанбайды? Мар?ак?л ма?ы – Тарба?атай атан?ан. Есбол, Мая, Ж?нібек атал?ан елін ?келіп орналастыр?ан ?лкеде ?аратай елі бір жарым ?асыр ?мір с?реді, ?сіп ?неді. Есболдан –М?метек, Жанмырза туып ?ссе, Жанмырзадан  - Ережеп ?те а?ылды, елін бас?аруда ?те жайлы азамат болады. Ережепті? ?біл?азы, ?бдіраза?, ?бдікерім атты балалары болды.

?бдікерім Ережеп?лы – руы Найман, Найман ішінде ?аратай.  Ас?ан зерек, ?з заманынан озы? ту?ан ?бдікерім о?у, білім, ?ылым?а жа?ын болып ?седі.

      ?кесі Ережеп – ?з д?уірінде аса д?улетті, е?бекшіл, арабша «??ран-хаким» ?ліппесінен сауатты, ?лтжанды адам бол?ан. Осы тіршілігіні? ар?асы болса керек, баласы ?бдікерімді ?з ортасынан ашыл?ан б?рын?ы заманда?ыдан ?згеше жа?ашалау медіресеге беріп о?ытады.

Бала ша?ынан е?бекшіл ?бдікерім медіреседе о?ып ж?рген кездерінде ал?ыр, зерек о?ушы болып к?зге т?седі. Дарынды жеткіншек к?не т?рік тілі, араб, парсы тілдері ме?геріп, сауат ашып, осы ?ш ?лкен ?лт тілдеріндегі басылымдарды толы? о?ып, ??а алатын де?гейге жетеді. ?осымша ?здігінен ?йреніп, орыс тілін жетік ме?гереді.

      С???ыла жас азаматты? таби?и талант иесі екенін мойында?ан хал?ыны? с?рауымен,  патшалы? Ресейді? ?кімет орындары Екатерина ІІ патшаны? «б?ратана ?лттарды билеуді? амалы – ?зін-?зіне  бас?арту» дейтін саясаты бойынша ?бдікерімді ?отан?ара?айда?ы Шы??ыстай (Ш??гіштай) еліне болыс етіп сайлайды.

      Осы мансап?а та?айындал?аннан кейін, ?бдікерім ?зін болыс сайла?ан патша ?кіметіне ?ызмет істей ж?ріп, ??зырында?ы елді бас?арып, халы?ты? ?амын жейді. Жарлы-жа?ыбайлар?а к?п к?мек к?рсетіп, жа?аша ?лгідегі мектеп ашып, «тауда туып, таста ?скен, а?айыннан бас?а ?скен, бірін - бірі а?ды?ан, ?ара??ыда ?а??ы?ан» ?аймана ?аза?ты? к?зін ашуды армандайды.

      Жастайынан білімге ??мар ?бдікерім ?зінен ілгері жаса?ан ?аза? хал?ыны? парасатты ?лы а?арушысы Ыбырай Алтынсарин мен ?аза?ты? ?лы а?ыны  Абай ??нанбай?лыны? шы?армаларымен таныс бол?ан, сонымен бірге  а?ын, философ Ш?керім ??дайберді?лы, ?лт зиялылары Ахмет Байт?рсын?лы, Міржа?ып Дулат?лы, ?лихан Б?кейхан?лы, Ма?жан Ж?мабай?лы, С?лтанмахм?т Торай?ыр?лы секілді сол д?уірдегі ?аза? хал?ыны? озы? ойлы зиялыларына жа?ын болып, оларды? шы?армашылы?ымен етене танысады. Жігіт а?асы, жасында ела?асы, ?рі шешен, ?рі сері, о?ан ?оса а?ынды? таланты та?ы бар жан-жа?ты, кемел ойлы азамат?а айналды.

      1904 ж. Шы??ыстайда орысша-?аза?ша о?ытатын т?рт сыныпты? мектепті ?з ?аражатына салдырып ашады. Онда сол кезе?дегі білімі жо?ары орыс м??алімдері  ?стазды? еткен. Мектепте бастап?ыда сауаттарын арабша аш?ан ?аза? балалары, кейіннен орысша о?ытыл?ан. М??алімдікке жо?ары д?режелі білімді орыс азаматтары ша?ырыл?ан. Соларды? бірі – Михаил Комаров осы мектепте 50 жыл ?стазды? етеді. Кейіненен Ке?ес Ода?ы тарапынан ерен е?бегі ескеріліп «Ленин орденімен» марапатталады. ?зіні? с?рауы бойынша Шы??ыс­тай ауылында?ы ?аза? «а?айындары» Михаил Григорьевичті ?аза? зира­тына жерлейді.

     Кейінде б?л о?у ордасынан Алтайды? с?лу таби?атын, а??ылда?ан а?к??іл хал?ыны? болмысын т?ртк?л д?ниеге таныт?ан жазушы – Оралхан Б?кей, шежіреші – Бошай Кітапбаев, КСРО халы? м??алімі, ?стаздар ?улетіні? негізін салушы – ??маш Н?р?алиев, ?аза?стан Журналистер ода?ыны? м?шесі – ?айырды Назырбаев, Т?леген Ра?ымжан?лы, ?Р Мемлекеттік сыйлы?ыны? лауреаты – ?лібек Ас?аров, жазушы, „Алаш„ сыйлы?ыны? иегері – Дидахмет ?шімханов, белгілі ?алымдар – Т?леухан Бияров, С?рсен Аманжолов, а?ын – Ба?ытжан Раисова сынды ?аза?ты? ма?дайына біткен ма?таныштары осы білім ордасынан білім алады.

      Тау етегінен сар?ырап а??ан ?ос б?ла?ты? ортасына орналас?ан  Алтайды? ?ара?ай а?ашынан ?иылып салын?ан «?ос ?о?ыр ?йдегі» мек­тепте  ?аза?­ты? дарынды а?ыны С?лтанмахм?т Торай?ыров ?бдікерім болысты? арнайы алдыртуымен ?стазды? етіп, денсау­лы?ын Алтайды? сары ?ымызы, сары ?азысымен т?зейді. С?лтанмахм?т Торай?ыров ?стазды? еткен жылдарында ?бдікерімні? с?лу ?ызы Ба?ила?а ?ашы? болып, ?осыла алма?ан ?ос ?ашы?ты? та?дырын суреттеген «?амар с?лу» романын жазады.

      С?лтанмахм?тты? ?лтшыл ж?регін иліктірген  ?бдікерім кім? ?бдікерім Шы??ыстайды жиырма бес жыл ?збей билеген болыс. Ке?естік кезе?де ?алыптас?ан т?сінік бойынша, би-болыстарды? дені ?ара халы?ты? ?стінен к?н к?рген шонжарлар, сойыл со?арлар еді ?ой. ?лтшыл, ?аза?шыл мінезбен алас?р?ан а?ынны? «шонжарлар» ?кіліне неге б?йрегі б?ра ?алды?

    Б?йрегіні? б?р?аны ?бдікерім – ел арасында тынышты?ты са?тап, аталасыны? ?ана емес, б?кіл ауылдасыны? ?ам-?арекетін ойластыра ж?ретін, езуші мен езілушіні? ?ас-?аба?ын алдын ала болжап, ?ажет кезінде ?ділет жолын ?стана білетін ??кірегі ояу,к?зі ?ара?ты болыс. Болысты?-Шы??ыстай болысын отыз жыл билеген Ережептен ?ал?ан м?ра. ?бдікерім ол м?раны ?ара болысыны? ?амына ?ана пайдаланба?ан. ?рі текті жерден шы??ан, байлы? та бар, ел с?зін с?йлеуге де ?ста, оны? ?стіне ?зі де зерек, ауыл молдасынан ал?ан білімін ?мір мектебімен ?штастыра білген. ??ірде сыйлы. Ондай адам ?лкені билеген Ресей шенеуіктеріне де керек. Демек, ол екі жа??а да тиімді. Осындай беделіне с?йеніп, ?бдікерім болыс ауыл айма?ына к?п ?арайлас?ан. Мемлекеттік дума?а екі  д?ркін сайланып, ел с?зін жо?ары?а  жеткізе  де білген. Сонымен бірге, сол ?иын-?ыстау кезе?де ?ара??ы ?аза? ?амымен орыс миссионерлерімен, орыс ?кіметімен тіл табысып, екі арада  о?у оша?тарын ашу?а м?мкіндік ал?ан Ы.Алтынсарин ?рдісін Шы??ыстай ??ірінде ал?аш жал?астырушы да осы ?бдікерім Ережепов.

     ?зі де осы ?оз?алысты? шапа?атын к?рген еді. ?кесі Ережеп  болыс ?лдарыны? ішінен к?п ?міт ететін ?бдікерімді де Санкт-Петербургті? орман шаруашылы?ы институтына т?сірген болатын. М?ндай о?у орындарыны? есігі тек т?релерді?, я?ни патша ?кіметі «бізге керек» деп ?й?ар?ан белді, беделді топты? балаларына ?ана ашы? еді. Ережеп болыс ебін тауып, ?аратаяк шаруаны? баласы М?некейді? М?стафасын ?лыны? ?асына ?осып жібереді. ?уелі дайынды? курсынан ?тіп, кейін институтты? бірінші курсын ая?та?ан ?бдікерім о?уын одан ?рі жал?астыра алмады. ?йткені, патша ?кіметі «т?ртібі ?нама?ан» со? Ережептін ?зін т?рмеге отыр?ызып ?ойды. Б?л кезде орыс тілін к?дімгідей ме?геріп ?ал?ан, с?зге ж?йрік, адамдармен ?арым-?атынас жасау?а ерте т?селіп келе жат?ан ?бдікерім орыс шенеуіктеріні? ?рі ?ара?ан бетін бері б?р?ыза алды. Біра?, ?кінішке орай, ол Санкт-Петербургтегі о?уын одан ?рі жал?астыра алмады. ?аратайлы?тар ?бдікерімні? елде ?алып, болысты?ты ?з ?олына алуын ?алады. Осы ?ызметті ол ?збестен, жо?арыда айтыл?андай,жиырма бес жыл ат?арды.

      ?зі о?уын жал?астыра алмаса да, ол ?аза? балаларыны? о?ып білім алуына к?ш салды. Осы т?р?ыдан ал?анда, оны Ы.Алтынсарин ба?ытын ?стан?ан демократ-а?артушы деуге де болады.

      Б?лай деуді? та?ы бір себебі бар. Боданды??а бас иіп, мойын?а ?амытты ілген со? орыс империясыны? дегеніне к?нбеуге шара бар ма!? Осындай «іш ?азандай ?айнап, к?ресерге д?рмен жо?» ша?ты? ?зінде ?бдікерім ?иялай шауып, жол таба білді. Е? алдымен ел ішіндегі бірлікті, тынышты?ты са?тау?а к?ш салды. Ал ?аймана ?аза?ты? ?ыр?асы  да, ?ашанда  жер дауы  мен жесір дауынан басталатыны белгілі. ?бдікерім Шы??ыстай болысына ?арасты ?аратай еліні? ??рылтай жиналысын ша?ырды. ?арал?ан м?селе біреу; «?йелге ке?шілік беру ??м жесір дауын жо?алту».

      «Жесір дауыны? болуына себеп ?аза? ?ызыны? те?іне берілмеуі ??м жастай атастырылып ?ойылуы, жастай атастырылып ?ойылу?а себеп – ?аза? ?ызыны? мал?а сатылуы. Б?л істерді? барлы?ы да ?ате екендігі мойындалып ел болып мынадай приговор жасалып, ж?рт?а ?шкерелеуге ??м сол приговор бойынша іс ж?ргізуге ?аулы етеді:

  1. ?аратай елінде енді м?нан былай ешкім ?л мен ?ызын жастай атастырып ?оймайды. Егер атастырып ?ойса, ?скен со? с?ймеймін деген жа?ына ел жа?сыларынан р??сат, мал берген жа?ыны? малы айып?а салауат кетеді.
  2. Ержеткен ?л мен  ?ыз бірін-бірі к?ріп, м?н-жайларын а??арысып, ризалы? білдірместен, б?рын екі жа?ты? ?келері ??далы? с?йлеспейді.
  3. Б?рын?ыша ?ыры? жеті п?лен байтал, п?лендей деген ?алы?мал ??м к?де м?лде ?алады. ?ркім ?з ?алабына ?арай ?ызына беретін жасауды? сомасындай ?ана к?йеуден ша?ындап мал алады.
  4. Біреумен к??іл ?осып ?аш?ын ?ыз ?айтарылмайды, айып-еншісіз тиісті малы бергізіледі.

?аулы?а ?бдікерім, ?бдіраза?, М?са, ??сайын, Есімхан баста?ан  он алты адам ел атынан ?ол ?ой?ан. Б?л ?аулы тас?а басылып, газеттерге, б?кіл ?аратай еліне таратыл?ан. М?ны С?лтанмахм?т Торай?ыров та ескі салтты? жа?аруы, ?сіресе м??да?та?ы ?аза? ?йелдеріні?  к?з жасын к?ру, оларды ?амау-т?неуден босатуды? басы деп ба?алап, ?аламыны? ?уатымен ?уана жариялады. Б?л т?р?ыда ал?анда да ?бдікерім  Ережепов ?з кезе?іні? ?релі ойлы, ?негелі істі? адамы екенін д?лелдейді.

      ?лихан Б?кейхановпен, Абайды? інісі Ш?к?ріммен, баласы Т?рар??лмен жа?сы ?арым-?атынаста болады. Тіпті Санк-Петербургте Орман шаруашылы?ы академиясында ?.Б?кейхановпен бір жыл бірге о?иды. ?лихан ар?ылы ол к?птеген ?аза? зиялыларымен танысып, табысады. ?аза? зиялылары  Семейде 1918 жылы Алаш партиясыны? ??рылтай съезін ша?ыр?анда Ш??гіштай болысынан делегат ретінде ?бдікерім мен М?са ?атысты.

      К?кірегі ояу, замауи с?ранысты сапалы т?рде болжай білгендіктен, ?бдікерім Ережеп?лы ?з балаларын да ?алалы? о?у?а беріп, сауаттарын ерте аштыру?а тырыс?ан. ?лы ?а?ан Уфада?ы «?алия» медресесін ?здік бітіріп, ту?ан ауылында?ы Шы??ыстай мектебіне келіп ?стазды?  еткен. ?аза? ?дебиетіні? классигі Б. Майлинмен жа?а?ы «?алия» медресесінде бірге о?ы?ан.

      Ал балалары ?амбар Санкт-Петербургтен за?гер маманды?ы бойынша университет бітірсе, Шабдан М?скеу коммерциялы? инситутын бітірген болатын. Ал к?йеу баласы ?азез ?албанов Санкт-Петербург университетіні? за? факультетін бітіріп, за? саласында к?птеген жылдар бойы ?ызмет ат?ар?ан еді. Олар Алтай?а бар?аннан кейін аба? керейді? т?рт биіні? біріні? м?рагерлік орнында?ы ?анапия М?ми?лыны? ауылын паналап, бар?ан еліні? м?дениет істеріне де ?зіндік ?лестерін ?осады.

       Болыс ?бдікерім Ережеп?лыны? ?ле?дері, дастандары халы? аузында ?алды. ?бдікерім Ережеп?лыны? «Бозша тор?ай» атты дастаны бар екендігі ж?рт?а м?лім. Б?л тамаша дастанды 1981 жылы Алтай айма?ты? IV кезекті а?ындар айтысы кезінде Сансызбай Додан?лынан жазып алын?ан.

?бдікерім Ережеп?лыны? бір кезде ?з ортасында «Алты Арыс сыйлайтын» орасан зор ??рмет-беделге ие, абыройлы ру басыларыны? бірі бол?анын «О?ашай мен Камиланы? айтысы» атты тарихи м?радан да толы? а??ару?а болады.

      XX ?асырды? 30 жылдарында Ке?ес  ?кіметіні? сола?ай саясаты салдарынан ?аза?, орыс, татар, ?збек,т?рік, ?ыр?ыз ?лттарынан шы??ан ау?атты, о?ы?ан адамдарды «халы? жауы», «байшылдар» деп жал?ан айыптаулармен жаппай аластау?а кірісті. Оларды? алды??ы бір б?лігін ?удалап, кейінен ату жазасына б?йырып, одан ?ал?андарын «итжеккенге» ?ара ж?мыс?а айда?анын тарихтан білеміз.

       С?йтіп, осы д?рбеле?нен ?рейленген ?бдікерім, Дар?анбай, Ыс?а? болыстар, та?ы бас?а да ?аза?ты? игі жа?сылары ?у?ын-с?ргінге ?шыра?аны себепті, 1930 жылдарды? бас шенінде к?ршілес ?ытай?а бас сау?алап, Алтай айма?ына ?ашып ?туге м?жб?р болды. Кейін XX ?асырды? 30-жылдарды? орта шенінде ?з ж?ртына ?айтадан жасырын ?тіп, балалары ?амбар, Шабданды ертіп ?ытайды? Алтай айма?ыны? орталы?ы Сарс?мбеге оралады. Осы кезде Ш?к?рім ?ажыны? ?лы Зият та Жеменейдегі Май?апша?ай шекара ?ткелі ар?ылы Алтай айма?ына ?ашып ?теді. Жа?сыны жатсынбайтын, жаманды жас?амайтын «ке? ?олты? Керей елі» оларды жар?ын ж?збен ?арсы алады. ?сіресе, бір кезде Абылай?а та?ын т?сіп берген ?білпейіз т?рені? ?рпа?ы, Алтай айма?ыны? губернаторы Ш?ріпхан, К?кен ?улеті, М?ми бейсіні? ?рпа?тары – ?анапия бейсі, М?нкей секілді ел басылары оларды ??рметтеп, ?анатыны? астына алады. ?бдікерімні? Ш?ріпхан дуто?мен кездесуі шамамен 1933 жылды? со?ы еді.

Біра? ?лкедегі Шэн Шицай ?кіметі Ке?ес Ода?ыны? тапсырмасымен ?бдікерім болысты «пар моншада ыс тиіп ?лді» деген сылтаумен ?ас ?ылып,  у беріп ?лтіріледі.

      С?йтіп,  ?аза? баласын о?ыту?а бастама к?теріп, мектеп ашып, а?арту саласына е?бек сі?ірген, халы? жанашыры бол?ан есіл ер ?бдікерім Ережеп?лы Ке?ес ?кіметіні? сола?ай саясаты салдарынан ?апалыста ?аза болады. ?бдікерім Ережеп?лы ?айтыс бол?аннан кейін бір жылдан со? екі ?лы да т?т?ындалып, ату жазасына кесіледі.

?олданыл?ан ?дебиеттер тізімі:

  1. Б. Кітапбаев. То?ыз та?балы Найман. ?скемен, 2007
  2. ?аратай еліні? а?ындары. ??растыр?ан: ?. Назырбаев. Астана, 2005
  3. Алтайды? алтын ал?асы. ?. Назырбаев. Астана, 1998
  4. С. Торай?ыров. Шы?армалары. Алматы, 1967
  5. Щербик Г.А. Катон?ара?ай ауданыны? тарихы. ?олжазба
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Болыс ?бдікерім Ережеп?лы»

Шаймұрат Айдын Шаймұратұлы

Шығыс Қазақстан Облысы, Өскемен қаласы «№ 1 орта мектебі» КММ

тарих пәні мұғалімі


Болыс Әбдікерім Ережепұлы


Қаншама жылдар бойы тарих қойнауында қалып есімі еленбей келген, «халық жауы» саналып жалған айыптаулардың құрбаны болған болыс Әбдікерім Ережепұлының өмірі, халқына жасаған игі істері жайында еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін тереңірек зерттеуге мүмкіндік туды. Әбдікерім Ережепұлы 1867жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданы Шыңғыстай жерінде дүниеге келеді.

Бұқтырма өзенінің созыла келіп Ертіске құяр арнасының екі жағы егіндік, құнарлы алқап та, Шыңғыстай өлкесі - Шыңғыстай (Шәңгіштай) болысы деп атанған. Бұқтырманың екі жағындағы Алтайдың әдемі сілемі – Шабанбай аталады. Шабанбайдың Марқакөл маңы – Тарбағатай атанған. Есбол, Мая, Жәнібек аталған елін әкеліп орналастырған өлкеде Қаратай елі бір жарым ғасыр өмір сүреді, өсіп өнеді. Есболдан –Мәметек, Жанмырза туып өссе, Жанмырзадан - Ережеп өте ақылды, елін басқаруда өте жайлы азамат болады. Ережептің Әбілғазы, Әбдіразақ, Әбдікерім атты балалары болды.

Әбдікерім Ережепұлы – руы Найман, Найман ішінде Қаратай. Асқан зерек, өз заманынан озық туған Әбдікерім оқу, білім, ғылымға жақын болып өседі.

Әкесі Ережеп – өз дәуірінде аса дәулетті, еңбекшіл, арабша «Құран-хаким» әліппесінен сауатты, ұлтжанды адам болған. Осы тіршілігінің арқасы болса керек, баласы Әбдікерімді өз ортасынан ашылған бұрынғы замандағыдан өзгеше жаңашалау медіресеге беріп оқытады.

Бала шағынан еңбекшіл Әбдікерім медіреседе оқып жүрген кездерінде алғыр, зерек оқушы болып көзге түседі. Дарынды жеткіншек көне түрік тілі, араб, парсы тілдері меңгеріп, сауат ашып, осы үш үлкен ұлт тілдеріндегі басылымдарды толық оқып, ұға алатын деңгейге жетеді. Қосымша өздігінен үйреніп, орыс тілін жетік меңгереді.

Сұңғыла жас азаматтың табиғи талант иесі екенін мойындаған халқының сұрауымен, патшалық Ресейдің үкімет орындары Екатерина ІІ патшаның «бұратана ұлттарды билеудің амалы – өзін-өзіне басқарту» дейтін саясаты бойынша Әбдікерімді Қотанқарағайдағы Шыңғыстай (Шәңгіштай) еліне болыс етіп сайлайды.

Осы мансапқа тағайындалғаннан кейін, Әбдікерім өзін болыс сайлаған патша үкіметіне қызмет істей жүріп, құзырындағы елді басқарып, халықтың қамын жейді. Жарлы-жақыбайларға көп көмек көрсетіп, жаңаша үлгідегі мектеп ашып, «тауда туып, таста өскен, ағайыннан басқа өскен, бірін - бірі аңдыған, қараңғыда қаңғыған» қаймана қазақтың көзін ашуды армандайды.

Жастайынан білімге құмар Әбдікерім өзінен ілгері жасаған қазақ халқының парасатты ұлы ағарушысы Ыбырай Алтынсарин мен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармаларымен таныс болған, сонымен бірге ақын, философ Шәкерім Құдайбердіұлы, ұлт зиялылары Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Сұлтанмахмұт Торайғырұлы секілді сол дәуірдегі қазақ халқының озық ойлы зиялыларына жақын болып, олардың шығармашылығымен етене танысады. Жігіт ағасы, жасында елағасы, әрі шешен, әрі сері, оған қоса ақындық таланты тағы бар жан-жақты, кемел ойлы азаматқа айналды.

1904 ж. Шыңғыстайда орысша-қазақша оқытатын төрт сыныптық мектепті өз қаражатына салдырып ашады. Онда сол кезеңдегі білімі жоғары орыс мұғалімдері ұстаздық еткен. Мектепте бастапқыда сауаттарын арабша ашқан қазақ балалары, кейіннен орысша оқытылған. Мұғалімдікке жоғары дәрежелі білімді орыс азаматтары шақырылған. Солардың бірі – Михаил Комаров осы мектепте 50 жыл ұстаздық етеді. Кейіненен Кеңес Одағы тарапынан ерен еңбегі ескеріліп «Ленин орденімен» марапатталады. Өзінің сұрауы бойынша Шыңғыс­тай ауылындағы қазақ «ағайындары» Михаил Григорьевичті қазақ зира­тына жерлейді.

Кейінде бұл оқу ордасынан Алтайдың сұлу табиғатын, аңқылдаған ақкөңіл халқының болмысын төрткүл дүниеге танытқан жазушы – Оралхан Бөкей, шежіреші – Бошай Кітапбаев, КСРО халық мұғалімі, ұстаздар әулетінің негізін салушы – Құмаш Нұрғалиев, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі – Қайырды Назырбаев, Төлеген Рақымжанұлы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Әлібек Асқаров, жазушы, „Алаш„ сыйлығының иегері – Дидахмет Әшімханов, белгілі ғалымдар – Төлеухан Бияров, Сәрсен Аманжолов, ақын – Бақытжан Раисова сынды қазақтың маңдайына біткен мақтаныштары осы білім ордасынан білім алады.

Тау етегінен сарқырап аққан қос бұлақтың ортасына орналасқан Алтайдың қарағай ағашынан қиылып салынған «Қос қоңыр үйдегі» мек­тепте  қазақ­тың дарынды ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров Әбдікерім болыстың арнайы алдыртуымен ұстаздық етіп, денсау­лығын Алтайдың сары қымызы, сары қазысымен түзейді. Сұлтанмахмұт Торайғыров ұстаздық еткен жылдарында Әбдікерімнің сұлу қызы Бағилаға ғашық болып, қосыла алмаған қос ғашықтың тағдырын суреттеген «Қамар сұлу» романын жазады.

Сұлтанмахмұттың ұлтшыл жүрегін иліктірген Әбдікерім кім? Әбдікерім Шыңғыстайды жиырма бес жыл үзбей билеген болыс. Кеңестік кезеңде қалыптасқан түсінік бойынша, би-болыстардың дені қара халықтың үстінен күн көрген шонжарлар, сойыл соғарлар еді ғой. Ұлтшыл , қазақшыл мінезбен аласұрған ақынның «шонжарлар» өкіліне неге бүйрегі бұра қалды?

Бүйрегінің бұрғаны Әбдікерім – ел арасында тыныштықты сақтап, аталасының ғана емес, бүкіл ауылдасының қам-қарекетін ойластыра жүретін, езуші мен езілушінің қас-қабағын алдын ала болжап , қажет кезінде әділет жолын ұстана білетін қөкірегі ояу,көзі қарақты болыс. Болыстық-Шыңғыстай болысын отыз жыл билеген Ережептен қалған мұра. Әбдікерім ол мұраны қара болысының қамына ғана пайдаланбаған. Әрі текті жерден шыққан, байлық та бар, ел сөзін сөйлеуге де ұста, оның үстіне өзі де зерек, ауыл молдасынан алған білімін өмір мектебімен ұштастыра білген. Өңірде сыйлы. Ондай адам өлкені билеген Ресей шенеуіктеріне де керек. Демек, ол екі жаққа да тиімді. Осындай беделіне сүйеніп, Әбдікерім болыс ауыл аймағына көп қарайласқан. Мемлекеттік думаға екі дүркін сайланып, ел сөзін жоғарыға жеткізе де білген. Сонымен бірге, сол қиын-қыстау кезеңде қараңғы қазақ қамымен орыс миссионерлерімен, орыс үкіметімен тіл табысып, екі арада оқу ошақтарын ашуға мүмкіндік алған Ы.Алтынсарин үрдісін Шыңғыстай өңірінде алғаш жалғастырушы да осы Әбдікерім Ережепов.

Өзі де осы қозғалыстың шапағатын көрген еді. Әкесі Ережеп болыс ұлдарының ішінен көп үміт ететін Әбдікерімді де Санкт-Петербургтің орман шаруашылығы институтына түсірген болатын. Мұндай оқу орындарының есігі тек төрелердің, яғни патша үкіметі «бізге керек» деп ұйғарған белді, беделді топтың балаларына ғана ашық еді. Ережеп болыс ебін тауып , қаратаяк шаруаның баласы Мөнекейдің Мұстафасын ұлының қасына қосып жібереді. Әуелі дайындық курсынан өтіп, кейін институттың бірінші курсын аяқтаған Әбдікерім оқуын одан әрі жалғастыра алмады. Өйткені, патша үкіметі «тәртібі ұнамаған» соң Ережептін өзін түрмеге отырғызып қойды. Бұл кезде орыс тілін кәдімгідей меңгеріп қалған , сөзге жүйрік, адамдармен қарым-қатынас жасауға ерте төселіп келе жатқан Әбдікерім орыс шенеуіктерінің әрі қараған бетін бері бұрғыза алды. Бірақ, өкінішке орай, ол Санкт-Петербургтегі оқуын одан әрі жалғастыра алмады. Қаратайлықтар Әбдікерімнің елде қалып, болыстықты өз қолына алуын қалады. Осы қызметті ол үзбестен, жоғарыда айтылғандай,жиырма бес жыл атқарды.

Өзі оқуын жалғастыра алмаса да, ол қазақ балаларының оқып білім алуына күш салды. Осы тұрғыдан алғанда, оны Ы.Алтынсарин бағытын ұстанған демократ-ағартушы деуге де болады.

Бұлай деудің тағы бір себебі бар. Бодандыққа бас иіп, мойынға қамытты ілген соң орыс империясының дегеніне көнбеуге шара бар ма!? Осындай «іш қазандай қайнап, күресерге дәрмен жоқ» шақтың өзінде Әбдікерім қиялай шауып, жол таба білді. Ең алдымен ел ішіндегі бірлікті, тыныштықты сақтауға күш салды. Ал қаймана қазақтың қырқасы да, қашанда жер дауы мен жесір дауынан басталатыны белгілі. Әбдікерім Шыңғыстай болысына қарасты Қаратай елінің Құрылтай жиналысын шақырды. Қаралған мәселе біреу; «Әйелге кеңшілік беру һәм жесір дауын жоғалту».

«Жесір дауының болуына себеп қазақ қызының теңіне берілмеуі һәм жастай атастырылып қойылуы, жастай атастырылып қойылуға себеп – қазақ қызының малға сатылуы. Бұл істердің барлығы да қате екендігі мойындалып ел болып мынадай приговор жасалып, жұртқа әшкерелеуге һәм сол приговор бойынша іс жүргізуге қаулы етеді:

  1. Қаратай елінде енді мұнан былай ешкім ұл мен қызын жастай атастырып қоймайды. Егер атастырып қойса, өскен соң сүймеймін деген жағына ел жақсыларынан рұқсат, мал берген жағының малы айыпқа салауат кетеді.

  2. Ержеткен ұл мен қыз бірін-бірі көріп, мән-жайларын аңғарысып, ризалық білдірместен, бұрын екі жақтың әкелері құдалық сөйлеспейді.

  3. Бұрынғыша қырық жеті пәлен байтал, пәлендей деген қалыңмал һәм кәде мүлде қалады. Әркім өз қалабына қарай қызына беретін жасаудың сомасындай ғана күйеуден шағындап мал алады.

  4. Біреумен көңіл қосып қашқын қыз қайтарылмайды, айып-еншісіз тиісті малы бергізіледі.

Қаулыға Әбдікерім, Әбдіразақ, Мұса, Құсайын, Есімхан бастаған он алты адам ел атынан қол қойған. Бұл қаулы тасқа басылып, газеттерге, бүкіл Қаратай еліне таратылған. Мұны Сұлтанмахмұт Торайғыров та ескі салттың жаңаруы, әсіресе мұңдақтағы қазақ әйелдерінің көз жасын көру, оларды қамау-түнеуден босатудың басы деп бағалап, қаламының қуатымен қуана жариялады. Бұл тұрғыда алғанда да Әбдікерім Ережепов өз кезеңінің өрелі ойлы, өнегелі істің адамы екенін дәлелдейді.

Әлихан Бөкейхановпен, Абайдың інісі Шәкәріммен, баласы Тұрарғұлмен жақсы қарым-қатынаста болады. Тіпті Санк-Петербургте Орман шаруашылығы академиясында Ә.Бөкейхановпен бір жыл бірге оқиды. Әлихан арқылы ол көптеген қазақ зиялыларымен танысып, табысады. Қазақ зиялылары Семейде 1918 жылы Алаш партиясының құрылтай съезін шақырғанда Шәңгіштай болысынан делегат ретінде Әбдікерім мен Мұса қатысты.

Көкірегі ояу, замауи сұранысты сапалы түрде болжай білгендіктен, Әбдікерім Ережепұлы өз балаларын да қалалық оқуға беріп, сауаттарын ерте аштыруға тырысқан. Ұлы Қаһан Уфадағы «Ғалия» медресесін үздік бітіріп, туған ауылындағы Шыңғыстай мектебіне келіп ұстаздық еткен. Қазақ әдебиетінің классигі Б. Майлинмен жаңағы «Ғалия» медресесінде бірге оқыған.

Ал балалары Қамбар Санкт-Петербургтен заңгер мамандығы бойынша университет бітірсе, Шабдан Мәскеу коммерциялық инситутын бітірген болатын. Ал күйеу баласы Ғазез Қалбанов Санкт-Петербург университетінің заң факультетін бітіріп, заң саласында көптеген жылдар бойы қызмет атқарған еді. Олар Алтайға барғаннан кейін абақ керейдің төрт биінің бірінің мұрагерлік орнындағы Қанапия Мәмиұлының ауылын паналап, барған елінің мәдениет істеріне де өзіндік үлестерін қосады.

Болыс Әбдікерім Ережепұлының өлеңдері, дастандары халық аузында қалды. Әбдікерім Ережепұлының «Бозша торғай» атты дастаны бар екендігі жұртқа мәлім. Бұл тамаша дастанды 1981 жылы Алтай аймақтық IV кезекті ақындар айтысы кезінде Сансызбай Доданұлынан жазып алынған.

Әбдікерім Ережепұлының бір кезде өз ортасында «Алты Арыс сыйлайтын» орасан зор құрмет-беделге ие, абыройлы ру басыларының бірі болғанын «Оңашай мен Камиланың айтысы» атты тарихи мұрадан да толық аңғаруға болады.

XX ғасырдың 30 жылдарында Кеңес үкіметінің солақай саясаты салдарынан қазақ, орыс, татар, өзбек,түрік, қырғыз ұлттарынан шыққан ауқатты, оқыған адамдарды «халық жауы», «байшылдар» деп жалған айыптаулармен жаппай аластауға кірісті. Олардың алдыңғы бір бөлігін қудалап, кейінен ату жазасына бұйырып, одан қалғандарын «итжеккенге» қара жұмысқа айдағанын тарихтан білеміз.

Сөйтіп, осы дүрбелеңнен үрейленген Әбдікерім, Дарқанбай, Ысқақ болыстар, тағы басқа да қазақтың игі жақсылары қуғын-сүргінге ұшырағаны себепті, 1930 жылдардың бас шенінде көршілес Қытайға бас сауғалап, Алтай аймағына қашып өтуге мәжбүр болды. Кейін XX ғасырдың 30-жылдардың орта шенінде өз жұртына қайтадан жасырын өтіп, балалары Қамбар, Шабданды ертіп Қытайдың Алтай аймағының орталығы Сарсүмбеге оралады. Осы кезде Шәкәрім қажының ұлы Зият та Жеменейдегі Майқапшағай шекара өткелі арқылы Алтай аймағына қашып өтеді. Жақсыны жатсынбайтын, жаманды жасқамайтын «кең қолтық Керей елі» оларды жарқын жүзбен қарсы алады. Әсіресе, бір кезде Абылайға тағын түсіп берген Әбілпейіз төренің ұрпағы, Алтай аймағының губернаторы Шәріпхан, Көкен әулеті, Мәми бейсінің ұрпақтары – Қанапия бейсі, Мәнкей секілді ел басылары оларды құрметтеп, қанатының астына алады. Әбдікерімнің Шәріпхан дутоңмен кездесуі шамамен 1933 жылдың соңы еді.

Бірақ өлкедегі Шэн Шицай үкіметі Кеңес Одағының тапсырмасымен Әбдікерім болысты «пар моншада ыс тиіп өлді» деген сылтаумен қас қылып, у беріп өлтіріледі.

Сөйтіп, қазақ баласын оқытуға бастама көтеріп, мектеп ашып, ағарту саласына еңбек сіңірген, халық жанашыры болған есіл ер Әбдікерім Ережепұлы Кеңес үкіметінің солақай саясаты салдарынан қапалыста қаза болады. Әбдікерім Ережепұлы қайтыс болғаннан кейін бір жылдан соң екі ұлы да тұтқындалып, ату жазасына кесіледі.



Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Б. Кітапбаев. Тоғыз таңбалы Найман. Өскемен, 2007

  2. Қаратай елінің ақындары. Құрастырған: Қ. Назырбаев. Астана, 2005

  3. Алтайдың алтын алқасы. Қ. Назырбаев. Астана, 1998

  4. С. Торайғыров. Шығармалары. Алматы, 1967

  5. Щербик Г.А. Катонқарағай ауданының тарихы. Қолжазба




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Болыс ?бдікерім Ережеп?лы

Автор: Шаймурат Айдын Шаймуратулы

Дата: 02.02.2016

Номер свидетельства: 286694


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства