Барлыбек Сырттанұлы (1866—1914). Тұлғаның осындай елшіл, мемлекетшіл қасиеттері мені қызықтырды және оның бүгінгі күнменен астасып, сабақтасып жатқан салихалы сөздері күннен-күнге ынтықтыра түсті. Ол қандай сөздер деп таңқалып отырған боларсыз, айтайын: Барлыбектің жазып қалдырған қарапайым сөздерінің бүгінгі күні теориялық-ұғымдық категорияға, глоссарийлік тірек сөзге айналғандығы. . 1908 жылдың күзінде Патшалық биліктің ұлық қызметіндегі Барлыбек Сырттанұлы саяси көзқарасына байланысты «сенімсіз кадр» ретінде танылып, қысыммен отствакаға шығарылады.