kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама. ?аза? ханды?ыны? ?леуметтік-м?дени дамуы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? ханды?ы — ?аза?тарды?  XV ж?не XIX ?асырлар аралы?ында ?анат жай?ан, т?уелсіз ?лтты? мемлекеті. ?аза? ханды?ы ?аза? хал?ыны? ?асырлар бойы са?тап, ?ор?ап келген мемлекеттігіні? нышаны. Ата-бабамызды? найзаны? ?шымен, білекті? к?шімен ?ор?ап б?гінгі к?нге аманат етіп жеткізген ?лан-байта? жерімізді? ?асиеттілігін ??ыну ?рине б?рімізді? міндетіміз екені ха?. Ел басына к?н ту?анда етігімен су кешіп, ?лтара?тай жерімізді ?ор?а?ан батырламыз еш?ашан ?мытылмас. Осы­дан бірнеше ?асыр б?рын   ?озыбасы та­уы мен Шу ?зені аралы?ында Ке­рей мен Ж?нібек хан­дар баста?ан ?ш ж?зді? тай­па­ла­ры ?з ханды?тарын ??рып, та­рих сах­на­сын­да «?аза?» де­ген атау пай­да бол­ды. ?аза? ханды?ы туралы бізге жеткен на?ты жазба  деректерді?  бірі М?хаммед Хайдар Дулатиды? «Тарих-и-Рашиди» атты е?бегі. Жалпы б?л е?бек Мо?олстан ханды?ы тарихына арнал?ан. Алайда  сол кездегі саяси жа?дай?а байланысты  ?аза? ханды?ы туралы да к?п м?лімет келтірілген. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама. ?аза? ханды?ыны? ?леуметтік-м?дени дамуы. »

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ДАМУЫ



Бесбаева Анара Сауытбекқызы

Байзақ ауданы, Сарыкемер орта мектебі

тарих пәнінің мұғалімі


Қазақ хандығы — қазақтардың  XV және XIX ғасырлар аралығында қанат жайған, тәуелсіз ұлттық мемлекеті. Қазақ хандығы қазақ халқының ғасырлар бойы сақтап, қорғап келген мемлекеттігінің нышаны. Ол – ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды. Қазіргі кезде еліміздің егемендігі бекіп, іргесі нығайған сайын оның болашағы мен тарихына деген қызығушылықтар арта түсуде. Әсіресе, соңғы жылдарда “Қазақ мемлекеттілігі қай дәуірден басталады?”, “Қазақ хандығы қашан құрылды?” немесе “Қазақ хандығының құрылғандығына қанша жыл?” деген  нақты сауалдарға  көпшіліктің ынтасы ауып отыр. Ата-бабамыздың найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап бүгінгі күнге аманат етіп жеткізген ұлан-байтақ жеріміздің қасиеттілігін ұғыну әрине бәріміздің міндетіміз екені хақ. Ел басына күн туғанда етігімен су кешіп, ұлтарақтай жерімізді қорғаған батырламыз ешқашан ұмытылмас. Осы­дан бірнеше ғасыр бұрын   Қозыбасы та­уы мен Шу өзені аралығында Ке­рей мен Жәнібек хан­дар бастаған үш жүздің тай­па­ла­ры өз хандықтарын құрып, та­рих сах­на­сын­да «қазақ» де­ген атау пай­да бол­ды. Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба  деректердің  бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда  сол кездегі саяси жағдайға байланысты  Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген. Әбілғазы, Қадырғали Жалайыри өз  еңбектерінде Қазақ хандығы, оның билеушілері туралы мәліметтер қалдырды. Қазақ хандығы шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпелі тайпалардың бірыңғай этникалық тобы қазақ халқының  негізінде бірігуі арқылы XV ғасырдың орта шенінде құрылды. Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға қоныс аударған  қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Оларды өзбектер – «қазақтар» деп атады.[2] Алғашында Қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері,  Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді.  Ежелден осы алапты мекендеген  тайпалар Дешті-Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті.  Әбілхайыр хандығындағы аласапыран   соғыс салдарынан күйзелген  қазақ тайпалары бұл араға келіп ес жинап, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле   бастады.  Мұны көрген  Дешті-Қыпшақ  қөшпенділері Әбілхайыр хан қол астынан шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып, Қазақ хандығына қеліп  жатты. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Ал­тай мен Аты­ра­у­ды, кең байтақ Сарыарқаны ме­кен ет­кен, қаны бір түркі тай­па­ла­ры бір-біріне тез үйреніп, ар мен на­мы­с­ты алға қойған халық бол­ды. Алайда жаңадан құрылған Қазақ хандығының экономикалық негізі  әлсіз еді және бірсыпыра қазақ тайпалары Әбілхайыр хандығының, Моғолстанның,  Ноғай Ордасының және Батыс Сібір хандығының қол астында төрт хандыққа бөлшектеніп отырған болатын. Ал,  Әбілхайыр хан  болса, өзіне қарсы   шығып,  Жетісуға қоныс аударған қазақтардың өз алдына хандық құрып отырғандығына және оған көптеген  тайпалардың  ағылып барып жатқанына азуын басып, қылышын қайрап отырды. Жаңа кұрылған Қазақ хандығы құрамына,  яғни  батыс Жетісу өңіріне он шақты жыл айналасында екі жүз мыңдай саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы   кең   өріс-қонысты   керек  етті. Сонымен қатар, көшпелі елдің отырықшы егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық Сырдария жағалауыңдағы қалалармен сауда-саттық  қарым-қатынасқа   қолайлы жағдай жасау  маңызды мәселеге айналды. Бұл қарым-қатынастың  оңалуына тек  көшпелі ел   ғана емес   отырықшы аймақтардағы  халықтар да  мүдделі болды. [3]

Қазақ хандығы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан феодалдық мемлекет болды. Оның көшпелі және жартылай көшпелі далалық өңірінде патриархалдық-феодалдық қатынас басым болды, ал отырықшы, егінші аймақтарда феодалдық қатынас қалыптасты. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар далалық өңірлерде қой, жылқы, түйе және сиыр өсірді. Мал жылдың төрт маусымында табиғи жайылымдарда бағылды. Талай ғасырлық тәжірибеден туған шаруашылық басқару тәсілі жайылымдарды маусымға қарай пайдалану тәртібін қалыптастырды. Қазақ хандығы тұсында көшіп-қону өрісі түрліше болды, малы көп, әсіресе түйесі мен жылқысы бай малшылар алысқа көше алды. 200-300 шақырым жерде әр түрлі жайылым жерлер кездесіп отыратын Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда көшіп-қону әлдеқайда шағын болды. Әрбір рудың өзінің көш жолдары болды. Басқа рулар қол сұға алмады. Малдың дені қой мен жылқы болды. Қазақтар көбінесе еті семіз, қылшық жүнді, құйрықты қойлар өсірді. Қой еті негізгі тамақ болды. Қойдың сүтінен құрт, ірімшік, сүзбе, айран, сары май алды. Қой – ең бағалы шикізат ретінде жүн, тері, елтірі өнімдерін берді.[4] Сонымен қатар, өзімізге етене таныс жылқы малының да пайдасы зор болды. Шу-Іле аралығынан табылған жартастағы суреттерден екі, төрт, алты дөңгелекті арбалардың кескінінен жылқыны сонау сақ заманынан бері арбаға жегіп, көші-қонға пайдаланғанын да білеміз. Мал шаруашылығы үй-жайдың көші-қонға ыңғайлы болуын қажет етті. XV ғасырларда кез келген халықтың материалдық мәдениеті сол халықтың шаруашылығына байланысты болды. Сондықтан да материалдық игіліктер мал басынан алынатын шикізат көзіне байланысты жасалып отырды. Қазақ киіз үйі – сол бұрыннан келе жатқан материалдық мәдениеттің дәстүрлі жалғасы. Мұндай үйлердің сүйегін және оның сыртына жабатын үзік-туырлығын әрбір отбасы өздері жасап отырған. Жазба деректерге қарағанда, киіз үйлердің арба үстіне тігілген, жылжымалы түрлері де болған. Киіз үй негізгі үш бөліктен-шаңырақ, уық, керегеден тұрады. Үйдің ағаш есігі болады. Оң жағына ағаш төсек, төріне жүк аяқ, сандық, кебеже қойылған. Үйлердің ішкі жиһаздары адам таңғаларлықтай әшекейленген. Сондай-ақ Қазақ хандығы тұсында бұл аймақтардың дәстүрлі егін шаруашылығы үздіксіз өркендеп отырды.[5] Сырдария, Арыс, Шу, Талас өзендерінің алқабында суармалы егін шаруашылығы жақсы жолға қойылды. Өзен суларын тартып жер суландыратын каналдар мен арықтар болды. Қазақ егіншілері арпа, бидай, жүгері екті. Егіншілік саймандары, үй кәсібі мен қолөнер дамыды. Өрмек тоқу, тері илеу өнері, қойдың жүнінен шидем, түйенің жүнінен шекпен тоқылды. Ұсақ мал терілерінен киім жасалды. Ірі қара терілерін илеп, саптамалар тігілді. Киіз басу, текемет, сырмақ жасауға қой жүнін пайдаланды. Едәуір кең тараған қолөнер ұсталық еді, олар темірден өндіріс саймандарын, басқа соғыс қару-жарақтарын, алтын-күміс сияқты асыл металлдардан әшекейлі бұйымдарын, ер-тұрман саймандарын жасайтын шеберлер өз бұйымдарын дамытты. Қазақ халқының мәдениеті оның ұлттық тарихының өнімді өзегі, құрамдас бөлігі, маңызды саласы. Сондықтан оны игеру, өз алдына ғылым ретінде танып, оқып үйрену қазақпын дейтін әрбір адамның азаматтық парызы, қасиетті борышы, тұрмыс тіршілігінің таусылмас талабы, қажеттілігі. Мұндай қажеттілік пен талап ата-бабалары ғасырлар бойы арман етіп аңсаған елінің егемендігіне, тәуелсіздігіне қол жеткізіп, дербес мемлекет құрып, өз алдына отау тігіп жатқан қазақ халқының тағдырындағы өзгерістерден туындап отыр.

Қазақ халқының қалыптасуына байланысты, қазақ халқына тән материалдық және рухани мәдениеттің сипатты белгілері орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата-бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды. Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұралары т.б. ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық. XVI-XVII ғасырларда ауыз әдебиеті кең өріс алды. Қазақ халқы ауыз әдебиетінде келешекке деген ой-арманын, дүниеге көзқарасын білдірген, отбасына жақсылық сезімін тілеген. Ауыз әдебиетінің асыл қазыналарын жасаған, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырған халық арасынан шыққан дарынды ақындар, сал-серілер, жыраулар еді. Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары – Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVII), Марғасқа, Ақтамберді т.б. жыраулар.[2] Тауқыметті тағдыр қажытқан көшпенділерді бірегей халық ретінде топтастыру оңайға түскен жоқ. Бұл үшін ең алдымен билік туын берік қолға ұстау қажет болды. Халықтың бірлігін сақтау, елдің қуатын арттыру үшін дала халқының бірегейлік пен бостандыққа ұмтылысын ояту үшін ар мен ождан беріктігін, әділдік пен ақылгөйлікті ұстану қажет болды. Абзал болғанда ел басына күн туғанда халықты бастар адамдар да табылды.Сол бір қиын қыстау кезеңде ұлылық пен көргендікті ту етіп ұстаған ұлы тұлғалар да болды. Біз халықтың данагөйін, халықтың үш біртуар перезенттері Төле би, Қазбек би, Әйтеке биді жақсы білеміз. Олар халыққа тарихтың төте де бұралаң кезеңінде басы бірікпегендердің тас-талқан боларын жеткізе айтты. Үш ұлы би үш жүздің барша батырларын ұйымдастырып халықты біріктіре білді. Сол кезде қазақтың батырлар жыры мысалы: Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып келе жатқан шығармалар ретінде танылды. Қазақтың әлеуметтік-тұрмыстық дастандары да (Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Қыз-Жібек т.б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетті. Эпостық шығармалардың бәрінде бірдей халықтық сипат бола бермейді. Эпостық жырлардың қайсы біреулері феодалдық шонжарлардың, хандар мен сұлтандардың таптық мүдделеріне қарай бұрмаланған.  Өлең-жырлар, аңыздар, тұрмыс-салт жырлары, лирикалық өлендер, мақалдар мен мәтелдер, нақыл сөздер, афоризмдер, батырлық эпостар, әлеуметтік-тұрмыс поэмалары халықтың қоғамдық тұрмысына, еткен еңбегіне және тәуелсіздік жолындағы күресіне байланысты туып отырды.

Сондай-ақ, әуел бастан қазақ халқының әдет-ғұрпы негізінде тойланатын мерекелерінің бірі – «Наурыз» мейрамы. Қазақтар көктемде 22-наурызды күн мен түннің теңелетін кезеңін «наурыз тойы» - деп атап өтуді әдетке айналдырғаны мәлім. Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айналдырған. Қазақ халқынының ертеден келе жатқан дәстүрлердің ішінде қонақжайлылық, ас беру, түрлі той-думандар өткізудің маңызы зор болған. Халық арасында сәбидің жаңа туған кезінен бастап атап өтетін түрлі мерекелер қалыптасқан. Олар: бесік той, шілдехана, тұсаукесер, сүндет той т.б. Наурыз күнін жұрт бар жақсыларын киіп, үлкен қуанышпен қарсы алған. Бір-біріне жақсы тілектер айтып, ақ ниетпен бата беріскен. Наурыз күні жеті түрлі дәннен қосылған наурыз-көже дайындаған. Әр үйдің дастарханы бұл күні наурызкөжемен бірге ұлттық тағамдарға толады. Ойын-сауық ұйымдастырылып, түрлі мерекелік шаралар өткізілген. [6] Бұл әрине, қазіргі күнмен сабақтастығын тауып отыр. Себебі қазір де дәл осы күн қазақтар үшін жаңа жыл, жаңа күн. Ертеректе тойланған наурыз мерекесі бүгінде еліміздің ынтымақтастығының нығаюына, жаңа күннен жақсылық күтіп, келешекке үміттене қарап, салт-дәстүріміздің сақталып, жалғасын таба беруіне жол салды. Қазақ мемлекеттілігінің белгісі жалғасып қазақ елі бүгінгі күнде егемендігін алып, әлем сахнасында мақтанарлықтай маңызға ие болып отыр. Жас мемлекетіміз үшін біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар, өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін бүгінгідей мереке күні алға қарай тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың тыныш өмірінің негізін қалау үшін қазір де бұл бағыттағы іс-әрекетті жалғастыру керек. Қоғамдық өмір сабақтары мен Отанымыздың мүддесі қазіргі таңда патриоттық дәстүрге сай келе жатқан жаңа талаптарды қойып отыр. Ата-бабаларымыздың алдында тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр. Ендеше, әрқашан да әрқайсымыздың «кішкене отбасымыздан басталатын кең-байтақ ұлы Отанымыздың» тәуелсіздік күні құтты болсын, көк аспанымызда туымыз желбірей берсін деген тілек білдіргім келеді. Тыңдағандарыңызға рахмет!











































Пайдаланылған әдeбиеттер



1. Жолдаcбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақcтан 119-146-беттеp. [1]

2. Қазақстан таpихы. Очерк. 149-174-бб. [6]
3. Қазақcтан тapиxы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2 тарayлар. [5]
4. Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди. (Хақ жолындағылар тарихы). – Алматы: М.Х.Дулати қоғамдық қоры, 2003. 616 б. [2]

5. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 [4]

6. Рысбaйұлы К. Қазақстан Реcпубликасының таpихы, 4-бөлім [3]


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Баяндама. ?аза? ханды?ыны? ?леуметтік-м?дени дамуы.

Автор: Бесбаева Анара Сауытбековна

Дата: 12.01.2015

Номер свидетельства: 153885


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства