kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Алаш партиясы тарих п?нінен

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Біз т?уелді болып е?бектеп басымызды иген де халы?пыз. Біз хал?ымыз?а мынаны т?сіндіруіміз керек:тіземіз ендігі жерде ешкімге б?гілмейді, б?дан былай еш?ашан е?кеймейміз де, тік т?р?ан ?алпымыз бойынша т?уелсіздігімізді са?тап ?алу ?шін біз жанымызбен, т?німізбен ?ызмет етеміз. Тіпті сол ?шін жанымызды пида ?ылу?а дайынбыз деп ?зімізді де жастарды да т?рбиелеуміз керек».                  

                                                                                        Н.?.Назарбаев.

«Алаш партиясы ж?не тарих та?ылымы»

      Еліміз т?уелсіздік алып,жариялылы? самалы ескелі бері т?л тарихымызда да жабы? та?ырыптар?а жол ашылып,б?рын?ы тоталитарлы? ж?йені? кейде айла-шар?ысымен,кейде к?штеп та?уымен мыз?ымастай орны?ып келген ?аса? тарихи ?діснаманы? к?бесі с?гілді.?и?аш пікір,о?аш ойларды? б?рысты?ы д?л?лденіп, бір сауса?ын ішіне б?ккен зымиян саясатты? бет пердесі сыпырылды.Тарихшыларымыз бір ауыз с?з айту?а батылы бармайтын б?кіл бір кезе?, д?уір тарихы ?айта ?аралып, бірте-бірте а?та?да?тарды? да орны толтырылуда. Соны? ішінде ?лі де болса шынайы ба?а беріліп, ты? деректерді? негізінде ?айта объективті зерттеуді талап етіп отыр?ан н?рсе Алашорда ?кіметі мен Алаш партиясыны? ?ызметі ж?не ХХ ?асырды? бас кезіндегі ?аза? зиялыларыны? ?ызметі мен ?ай?ылы та?дырлары. Б?л та?ырыпты к?птеген ?алымдарымыз зерттеп, ?здеріні? ?лкенді-кішілі е?бектерін жазуда.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Алаш партиясы тарих п?нінен »

«Біз тәуелді болып еңбектеп басымызды иген де халықпыз. Біз халқымызға мынаны түсіндіруіміз керек:тіземіз ендігі жерде ешкімге бүгілмейді, бұдан былай ешқашан еңкеймейміз де, тік тұрған қалпымыз бойынша тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін біз жанымызбен, тәнімізбен қызмет етеміз. Тіпті сол үшін жанымызды пида қылуға дайынбыз деп өзімізді де жастарды да тәрбиелеуміз керек».

Н.Ә.Назарбаев.


«Алаш партиясы және тарих тағылымы»


Еліміз тәуелсіздік алып,жариялылық самалы ескелі бері төл тарихымызда да жабық тақырыптарға жол ашылып,бұрынғы тоталитарлық жүйенің кейде айла-шарғысымен,кейде күштеп таңуымен мызғымастай орнығып келген қасаң тарихи әдіснаманың көбесі сөгілді.Қиғаш пікір,оғаш ойлардың бұрыстығы дәләлденіп, бір саусағын ішіне бүккен зымиян саясаттың бет пердесі сыпырылды.Тарихшыларымыз бір ауыз сөз айтуға батылы бармайтын бүкіл бір кезең, дәуір тарихы қайта қаралып, бірте-бірте ақтаңдақтардың да орны толтырылуда. Соның ішінде әлі де болса шынайы баға беріліп, тың деректердің негізінде қайта объективті зерттеуді талап етіп отырған нәрсе Алашорда үкіметі мен Алаш партиясының қызметі және ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының қызметі мен қайғылы тағдырлары. Бұл тақырыпты көптеген ғалымдарымыз зерттеп, өздерінің үлкенді-кішілі еңбектерін жазуда...

Алаш автономиялық үкіметі мен қазақтың тұңғыш ұлттық демократиялық партиясы-Алаш партиясының құрылғанына 91 жыл толды. Бүгіндері ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген қазақ халқы үлкен тарихи сынның алдында тұр. Ол аталарымыз аңсаған осы тәуелсіздігімізді баянды ету, мемлекетімізді әлемнің дамыған елдерімен теңестіру, қырғынды, қуғын-сүргінді, қорлық-зорлықты басынан аз кешпеген халықты бақытты ету, бүгінгі елде жүріп жатқан реформалардың нәтижесін, рахатын сезіндіру.

ХХ ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі, әрине Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және қазақ тарихында алатын орны болды.

ХХ ғасырдың басында Ресейде жаңа кезең өріс алды. Әсіресе, саяси өмірде қоғамды баурай бастаған революциялық қозғалысты, наразылықты тежеу, елді ,жалпы қамтыған энтузиазмды басқа арнаға бұру арқылы патшалық билік жаңа әдіс-айлаға көше бастады. Мысалы, 1905 жылғы «Қанды жексенбіден» кейін патшалық билік елде демократиялық еркіндікті кеңейту, бұқараның пікірін білу, халыққа еркін пікір білдіру құқын беруге әрекеттенді. Солайша патша Ресейде Мемлекеттік Думаны, яғни Ресей парламентінің шақырылатындығын хабарлады. Империя өміріндегі осындай үрдіс қазақтың да құлағына жетті. Осы кезде Ә.Бөкейханов бастаған зиялылар саяси өмірге белсене араласа бастады. Әрине, қазақ зиялыларының әрекеті бұдан бұрын-ақ басталып кеткен болатын. 1905 жылы Қазақстанның түкпір- түкпірінде дүниеге келген арыз-тілектер болашақ «Алаш» қозғалысының бағдарламалық негізі болатын. Кейін, 1917 жылы «Алаш»партиясы құрылған кезде 1905 жылы арыз-тілектерде айтылған талаптар бағдарламаға негіз болып енді.

1917 жылы бірінші төңкерістен кейін азаттық лебі есіп, Ресей құрамындағы азаттық аңсаған халықтар енді алдағы өз тағдырларын ойлай бастады. Болашақ Қазақстан қандай болуы тиіс. Халық арасындағы жағдай да үлкен жолайрықта тұрған тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындай еді. Тек қазақта ол кезде оқыған, білімді азаматтар аздау болатын. Елім деп еңіреген, ел болашағына терең толғанатын қазақ перзенттері жиналып, алдағы мақсат-міндеттерін айқындап алмақ болған.

1917 жылғы 21-28 шілдеде Орынборда І Бүкілқазақ съезі өтті. Күн тәртібіне 14 мәселе қойылды. Олар: мемлекеттік басқару жүйесі; қазақ облыстарының автономиясы; жер мәселесі; халық милициясын құру; земство; халыққа білім беру; сот; рухани-діни мәселелер; әйелдер мәселесі; құрылтай жиналысын шақыру және оған дайындық жайы; Бүкілресейлік мұсылман съезі; қазақ саяси партиясын құру; Жетісу облысындағы оқиғалар; Киевтегі Бүкілресейлік федеративтік кеңеске және Петроградтағы халыққа білім беру жөніндегі комиссияның жұмысына қазақтардың қатысуы туралы мәселелер. Делегаттар ұлттық автономия мәселесіне, жер мәселесінің шешілуіне, құрылтай жиналысына әзірлікке және қазақ саяси партиясын құруға баса назар аударды. Съезд шын мәнінде, қазақтың ұлттық саяси партиясы «Алаштың» съезі болып айқындалды. «Алаш» партиясына А.Байтұрсынов; М.Жұмабаев: Х.және Д.Досмұхамедовтер т.б. қазақтың алдыңғы қатарлы озық ойлы қоғам қайраткерлері кірді. Олар Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету ұраны төңірегіне топтасты. Міне, олардың ең басты мақсаты өз халқын отарлық езгіден қайткенде де азат ету болатын.

Осы жылы екінші төңкеріс болды.Кәдімгі Қазан төңкерісі. Саяси жағдай ауырлап, күрделеніп бара жатты. Қазақстанда 1917жылғы Қазан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси ауыр жағдайда өздерінің іс-әрекеттерін айқындап алу үшін ұлттық интеллегенция бастап, жалпы қазақ қоғамы Орынборда (1917жылғы 5-13желтоқсанда) ІІ Бүкілқазақ съезін өткізді. Оған Қазақстанның барлық облыстарынан дерлік өкілдер қатысты. Съезді М.Дулатов; И.Омаров, А.Байтұрсынов т.б. ұйымдастырды. Төрағасы Б.Құлманов болды.

Съезд делегаттары Уақытша үкімет құлағаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзі күрделеніп кеткен анархия жағдайында елді аман сақтау үшін «Уақытша халық кеңесі түріндегі билік құру, оған «Алаш-Орда» деген ат беру (төрағасы Ә.Бөкейханов, Ұлт кеңесі құрамына 25 адам кірді) сондай-ақ милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Алаш астанасы Семей қаласы болды. «Алашорда» жетекшілері бір жағынан елдегі билікті өз қолдарына алған Кеңес өкіметімен байланыс жасауға тырысты. Ленин, Сталинмен келіссөздер жүргізді. Мұның нәтижесінде Қазақ автономиясының мәдени мұқтажына Орталықтың көмегі, Бүкілқазақ құрылтайын шақыру, өлкеде азаматтық бітімге келу туралы уәделер болды. Кешікпей елде азамат соғысы басталды. Алашорданың ұстанар бағытын айқындау қажет болды. Олар өлкеде әлеуметтік-саяси негізі жоқ Кеңес өкіметінің көптеген көзқарастарымен келіспеді.Олар ең алдымен таптық күрес,ел ішіндегі саяси қырқыс емес, ұлттық мүддені көздеді. Сондықтан, Кеңес өкіметі оларды буржуазияшыл-ұлтшылдар деп атады. Олар шын мағынасында қазақтың «ұлтшылдары» емес, ұлтжанды азаматтары еді.

Большевиктік билік қазақ халқына қисапсыз қасірет әкелетінін Алаш басшылары 1917 жылы ескертті. Қазан төңкерісін «найзаның ұшымен, айбалтаның жүзімен болған» зорлық актісі ретінде қабылдаған Ә.Бөкейханов, әу бастан қазақ жұртын бас амандығын қамтамасыз етуге шақырды.«Есік алдынан дауыл, үй артынан жау келді!-деп дабыл қақты ол. Алаштың баласы, Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан соң, 200жылда,басыңа бір қиын іс келді!Ақсақал аға,азамат іні,отбасы араздық дауды қой;бірік,жұрт қызметіне кіріс! Алаштың басын қорғауға қам қыл!». Бірақ Алаш көсемінің сақтандыруынан қорытынды шықпады. Большевиктер Алаш үнін тұншықтыру үшін күш қолданумен қатар, Қазақ автономиясы идеясын өз пайдасына ұтымды жарата алды. Ақиқатына келгенде,қазаққа мемлекеттік құрылымы автономиядан төмен мәртебені ұсынуға жол қалмады.Соның өзінде үдерісті үш жылға созды.

1920 жылы құрылған Қазақ АКСР-і түрі жағынан ұлттық мемлекеттік құрылым көрінгенімен, мазмұны, өкілеттігі, миссиясы бойынша қуыршақ мәртебесінде қалғанын тарих тағылымы сан рет дәлелдеді.

Ұлт мүддесін ойлайтын азаматтар әр кезде де, әр елден де табылады. Саяси көзқарасы үшін қуғындауды тоқтату мақсатында оларға Кеңес өкіметі қысым жасамауға уәде берген еді. Көптеген Алаш партиясының азаматтары Кеңес өкіметі кезеңінде де саяси жағдайлар мүмкіндік бергенше ұлт мүддесіне қарай жұмыс істеді. Қазақ өлкелік бірінші комитетінің бірінші хатшылығына 1925 жылғы қыркүйекте Ф.И.Голощекиннің келуімен республиканың қоғамдық-саяси өмірі күрт өзгеріп кетті.Республикада«Кіші қазан» төңкерісін өткізуге идеологиялық негіз жасалды.Нәтижесінде күшпен ұжымдастыру,қуғын-сүргін қазақ халқын зор қайғы –қасіретке ұшыратты.1928 жылы осы айыппен 44 адам «буржуазиялық-ұлтшылдар» Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов бар бұрынғы Алашорда қайраткерлері тұтқындалса,1930 жылы М.Тынышбаев, Х.Досмұхамедов бар тағы да 40-жуық адам түрмегежабылды.

1937-1938 жылдары бұл үдеріс жаппай сипат алды.Қуғын-сүргінге енді тіпті большевиктерге мүлде қарсы болмаған Т.Рысқұлов, ؀

О.Исаев, О.Жандосов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, С.Асфендияров т.б.қазақтың бетке ұстар азаматтары ұшырап, барлығы да ату жазасына кесілді.

Осылайша ұлт үшін құрбан болған қазақ перзенттерінің кінәсіздігі тек Сталин қайтыс болғаннан кейін,ішінара ақтала бастады.Алайда бәрібір Алашорданың атын айтуға да болмайтын. «Алашорда»азаматтарының толықтай ақталуы тек 1986 жылдан кейін ғана мүмкін болды.Сөйтіп,қазақ халқы А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М. Дулатов, М. Шоқай, Ж.Аймауытов, Жаханша және Халел Досмұхамедов, Ш. Құдайбердиев т.б.көптеген перзенттерімен,олардың шығармаларымен қайта қауышты.

Жастарды азаттық рухында,еркін мінезге тәрбиелеу,ұлт мүддесіне адалдыққа баулу бүгінгі күннің өзекті міндеті.Ендігі жастар қорқатын ештеңе жоқ.Тәуелсіз Қазақстанның өскелең ұл-қыздары«соңы не болар екен?»дап тайсақтамай,Алаш аманатын соңына дейін жеткізуге кірісетін күн туды.

«Аманатқа қиянат – қылмыстың үлкені» деген халықпыз. Алаш аманаты олардың қаламынан туған еңбектерінде тиянақталған. Ендеше,Алаш зиялыларының шығармаларын жариялау – тәуелсіз Қазақ елінің қасиетті парызы. Өкінішке орай,бұл парыз күні бүгінге дейін толық орындалмай келеді.«Бұған кім кінәлі?» деген сұраққа жауапты әркім біледі.Қысқасынан қайырсақ,үш ғасырға созылған отарлық және тоталитарлық қыспақ ұлттық сананы улап,намысты таптап тастағанның бұлтартпас айғақ – дәлелі осы.

Үлкенді – кішілі үздіксіз террор салдарынан толық салтанат құрған сталинизм ұлт зиялысын қаусатып салғанмен,Алаш мұратын дербес мемлекет құру идеясын өлтіре алмады.Ол хрущевтік«жылымық»,брежневтік тоқырау тұсында да қазақ даласын елес болып шарлады.Әйткенмен,түбегейлі өзгерген қоғамдық қатынастар жаңа ұлттық идеяға сұранысты күн тәртібіне қойғанмен,оның «Оян,қазақ!», «Қазақ автономиясы»тәрізді кешенді нұсқасы түзілмеді, түзуге қылышынан қан тамған КОКП диктатурасы титтей де мүмкіндік туғызбады. Осындайда Ә.Бөкейханның айтқанын қапысыз ұққан тұлға шықпады. Әйтпесе сталиндік – голощекиндік зұлмат жылдары идеяға «Сақтан қазақ!» айналар ма еді,қайтер еді.Демографиялық апатқа ұрынбағанда тың игерумен жеткен мәдени – тілдік қысымға қарсы тұру әлдеқайда жеңілге түсер еді.Социалистік экономикадағы,

халықтың өмір салты мен мәдени – тілдік жағдайындағы кереғарлықтар ұлттық идеясыздықтан туындаған деп есептейміз.

Сөйтіп,соңғы алпыстан астам жыл бойында Алаш партиясының тарихына байланысты тұжырымдалған ресми көзқарас та,объективтік шындыққа негізделген ғылыми көзқарас та жарық көрмеді.

Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Алаш партиясының құжаттарымен танысуға ғалымдардың қолы жетті.Осының нәтижесінде аталмыш тақырыпқа байланысты екі іргелі монографиялық еңбек жарық көрді.Белгілі ғалым К.Нұрпейісов «Алаш хәм Алашорда» атты еңбек, М.Қойгелдиев«Алаш партиясы» атты еңбек жазды.Алаш қозғалысы,Алаш қайраткерлерінің өмірбаяны,қызметі,шығармашылығына арналған ғылыми және ғылыми – көпшілік мақалалар жарық көрді. Аталмыш еңбектердің ішінен бізге К.Нұрпейісовтың еңбектерінің үлкен көмек болғанын атап айту қажет. Осы еңбектерді пайдалана отырып, біз Алаш партиясының құрылуының алғышарттары, құрылуы, оның бағдарламасы жөнінде мәлімет алып отырмыз.

Қазақстан тарихы тарихнамасында Алаш тақырыбы өте маңызды өзекті мәселелердің бірі.Қазақ тарихында ХХ ғасырдың басында дүниеге келген Алаш қозғалысы ерекше және теңдесі жоқ оқиға еді. Халқымыздың екі ғасырға жуық уақытта өрістеткен ұлт азаттығы үшін күресте Алаш қозғалысы ерекше орын алады.Алашқа дейін Ресейдің отаршылдығына қарсы жүргізілген ұлт – азаттық қозғалыстар жеңіліске ұшыраумен келді. Мұның негізгі себептерінің бірі қозғалыстардың саналылығының жеткіліксіздігінде деп есептейді. Алаш қозғалысына келсек, оны қазақтың алдыңғы қатарлы ұлт зиялылары, яғни өздерінің алдында тұрған мақсаттарына әбден пісіп жетілген күрес тәсілдерін дұрыс тұжырымдай білетін арыстай азаматтар басқарды. Алаш қозғалысы саяси сипатта болды, екіншіден Алаш қозғалысының тарихы Кеңес дәуірінде ерекше бұрмаланды. Сол себептен, Алаш қозғалысының тарихын зерттеуге құлшыныс барлық уақытта толастамады. Бүгінгі таңда Алаш қозғалысының негізгі мәселелері ғылыми шешімін тапты. Бұл Алаш тақырыбында алдағы уақытта да зерттелетін көмескі мәселелердің барын жоққа шығармайды.

Қорытынды.

1997 жылы Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу туралы Елбасының арнайы Жарлығы шыққан болатын. Содан бері елімізге ортақ құндылық, отаншылдық мақсатты өміріне Ту етіп көтерген Алаш арыстарының тәуелсіз жолындағы алғашқы тырнақалды істерін, есімдерін халық арасында кеңінен насихаттау, тарихымыздың ақтаңдақ беттерін қазақ жадында қайта жаңғырту шаралары басталып, үрдіс алып кеткенді. Белгілі алаштанушылар Алаш қозғалысының тарихына қатысты тың деректеріне негізделген ақиқаттардың бетін аша бастады.

Алаш және ол дәйектеген ұлттық идеялар өткенімізді нұрландырып қана тұрған жоқ,болашағымызға да сәулесін шашуда.

Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай,«қазақ зиялыларының жеке басының қасіретімен қатар өрілген қызметі өзінің бірегей құбылыс ретіндегі тұжырымды деңгейімен ғана емес, азаттық, адамгершілік деңгейімен де осы заманмен үндес».

Тарих тағылымы – біздің дамуымыздың басты факторларының

бірі.Дамуымыз барысының өзі бізді бабаларымыздың өмірі мен ісіне байыптап үңіліп, олардың жеңістерін бағалап, жеңілістерінен сабақ алу, даналығын бағамдап, олар ашқан ақиқатты пайымдау қажеттігіне әкеліп тіреді. Еліміздің өткенінен сабақ ала отырып, бүгінгі жаңаруларда жаңылыспауға тиіспіз.

Тәуелсіз Қазақстанды өркениетті іргелі елге айналдыру барысында Алаш қозғалысының құнды да қасіретті тарихынан алар түйін аз емес. Солай болып та тұр. Ол Н.Ә.Назарбаевтың« Тарих толқынында» атты еңбегінің жеке бір тарауы« Алаш мұрасы және осы заман аталуы осының дәлелі»,- дей келіп, Елбасының аталған мақаласындағы: « Бұл ұлттық қана емес, патриоттық ұйым, алдына қойған мақсаты қазақ қоғамын бірте – бірте өзгертіп, оны осы заманғы шындыққа сай бейімдеу еді», - деген түйінді сөзін тілге тиек етемін.

Халқының бостандығы мен азаттығы, болашағы мен бақыты жолында жан сала күрескен, сол жолда құрбан болған Алаш ардақтыларының сан салалы идеялары бүгінгі тәуелсіз Қазақстан жағдайында бірте – бірте жүзеге асуда. Сондай – ақ еңселі Елордамызда тәуелсіз ұлттық мемлекет құру жолында асыл ғұмырларын құрбандыққа шалған Алаш қозғалысының саси топ басшыларының алаң – аллеясы жасалып, онда ардақтыларымыздың мүсіндері лайықты орын тауып жатса, нұр үстіне нұр болар еді.






Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. К.Нұрпейісов «Алаш һәм Алашорда». Алматы – 1995 ж.

2. М.Қ.Қойгелдиев « Алаш қозғалысы» .Алматы – 1995 ж.

3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауы 2007 ж.

4. К.Аманжолов. « Түркі халықтарының тарихы» - Алматы, 1999 ж.

5. М.Қозыбаев, !.М.Қозыбаев «Қазақстан тарихы» - Алматы,1994 ж

6. М.Қ.Қозыбаев. «Ақтаңдақтар ақиқаты» . Алматы - 1992 ж.

7. М.Құл –Мұхаммед«Алаш бағдарламасы:қиянат пен ақиқат –

Алматы – 2002 ж.

8. К.Әбуев.« Қазақстан тарихының ақтаңдақ беттерінен» - Алматы.

9. Егемен Қазақстан. 13 маусым – 2008ж.

10. Қазақстан тарихы, әдістемелік журнал. 8 тамыз 2007 ж.

11. Егемен Қазақстан. 23 қыркүйек 2008 ж.

12. Қазақтар. Тарихи тұлғалар. І том Алматы – 2003 ж.

13. Орал өңірі. 30 қыркүйек, 2008 ж.

14. Дала мен қала . 20 қараша 2008 ж.














Батыс Қазақстан аймақтық «Алаш мұрасы жастар көзімен» атты ғылыми тәжірибелік конференцияға арналған ғылыми баяндама












Дайындаған: Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі Ерекешова Н.Т.












8




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Алаш партиясы тарих п?нінен

Автор: Ерекешова Назгул Темурбулатовна

Дата: 03.11.2015

Номер свидетельства: 247253


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства