XIX-? ая?ымен XX-? ды? басында?ы Еуропа Азия ж?не Америка елдері.
XIX-? ая?ымен XX-? ды? басында?ы Еуропа Азия ж?не Америка елдері.
Жа?а индустриялы? кезе?. Бірінші д?ние ж?зілік со?ыс ?арса?ында?ы онжылды? Еуропа мемлекеттері ?шін ?леуметтік-экономикалы? ж?не саяси?згерістерге толы кезе? болды. ?нерк?сіп экономиканы? жетекші саласына айналды.
Индустрияландыруды? негізі болып саналатын ауыл ?нер к?сіп жедел дамып к?мір, темір, т?сті металл м?най ?ндіру мейлінше артты.
?нерк?сіпты? дамуы к?лік саласыны? ?ызметін ?ажет етіп, ірі теміржол магистральдарын салу ісі жал?асын тапты. Электр ?уатын тарату ??ралдарын ойлап табу-?ылымны? техниканы? дамуында, ?скери істі? ж?не адам т?рмысын жа?сартуда жа?а серпіліс жасады.
ХХ ?асырды? басында ?лыбритания, А?Ш, Германия, Франция, Бельгия елдері жа?а технологияны ?ндірісте пайдаланудан алды??ы ?атар?а к?терілді. Кемелер, тепловоздар, моторлар, автомобильдер, телефон ж?не радио, сондай-а? ?ша?тар ?азіргі заманны? символына айналды. ХХ ?асырды? басында?ы капиталистік шаруашылы?ты? дамуы жа?а сапалы с?ттермен айшы?талды, еркін б?секелестік монополия ?стемдігімен алмастырылды, нары?ты?-мемлекеттік экономиканы? формасы ны?айды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Жаңа индустриялық кезең.Бірінші дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы онжылдық Еуропа мемлекеттері үшін әлеуметтік-экономикалық және саясиөзгерістерге толы кезең болды. Өнеркәсіп экономиканың жетекші саласына айналды.
Индустрияландырудың негізі болып саналатын ауыл өнер кәсіп жедел дамып көмір, темір, түсті металл мұнай өндіру мейлінше артты.
Өнеркәсіптың дамуы көлік саласының қызметін қажет етіп, ірі теміржол магистральдарын салу ісі жалғасын тапты. Электр қуатын тарату құралдарын ойлап табу-ғылымның техниканың дамуында, әскери істің және адам тұрмысын жақсартуда жаңа серпіліс жасады.
ХХ ғасырдың басында Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Франция, Бельгия елдері жаңа технологияны өндірісте пайдаланудан алдыңғы қатарға көтерілді. Кемелер, тепловоздар, моторлар, автомобильдер, телефон және радио, сондай-ақ ұшақтар қазіргі заманның символына айналды. ХХ ғасырдың басындағы капиталистік шаруашылықтың дамуы жаңа сапалы сәттермен айшықталды, еркін бәсекелестік монополия үстемдігімен алмастырылды, нарықтық-мемлекеттік экономиканың формасы нығайды.
Еуропа елдерінің саяси құрылысы.Еуропа елдерінің мемлекеттік және қоғамдық құрылысында да, саяси өмірінде де маңызды өзгерістер болды. Батыс Еуропа елдерінде басқару формасы бойынша конституциялық биліктің түрі айқындалды. Басқарудың екі негізгі формасы –монорхияжәне республикақалыптасты.
Монорхия басқару формасы ретінде мемлекет басында монархтың тұруымен сипатталды. Монарх мұрагер мемлекет басшысы болып табылады. Ол өзінің бұл қызметін өмір бойы атқарады, тек өмірден өткенде ғана оны мұрагердің қолына өткізеді. Тарихта монархияның екі негізгі түрі –абсолюттік және конституциялықформалары белгілі.
Абсолюттік монархияныңформасы Ресейде, Австро-Венгрия мен Германияда орнатылды.
Конституциялық монархияныңайырмашылығы сол, мұнда мемлекет басшысының (монарх, король, император) билігі шектеулі. Мемлекеттегі жоғарғы билік мұндай жағдайда екі субьектіге тиесілі болады – монархқа және қандай да бір басқа сайланушы органға.
ХХ ғасырдың басында парламенттік монархия Ұлыбританияда, Норвегияда, Шветцияда, Бельгияда, Нидерландыда орнықты.
ХХ ғасырдың басында республика түріндегі демократиялық, саяси құрылымдар қалыптаса бастады. Оның басты ерекшелігі биліктің жоғарғы органдары халық сайлауында немесе өкілетті жалпыұлттық мекемелер мен парламент қалыптасатындығында еді. ХІХғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында басқарудың республикалық формасы Америка құрлығындағы АҚШда емес, Еуропа елдері арасында Францияда, Швейцарияда және Сан-Маринода болды.
Дүние жүзін бөліске салу мәселесі.ХХ ғасырдың басында дүниені бөліске салу державалар арасында аяқталған еді. Африка, Азия, Мұхит аралдары отарлаушы елдер арасында бөлісіп алынған болатын. Латын Америкасы, Қытай, Иран Туркия формальді түрде тәуелсіздігін сақтағанымен, Еуропаның капиталистік елдері мен АҚШ-қа экономикалық жағынан тәуелді болды.
АҚШ-тың Куба мен Филиппин аралдарын басып алуға ұмтылысы 1898 жылы испан-американ соғысының басталуына әкеліп соқты. Бұл – дүниені қайта бөліске салу үшін болған империалистік соғыстардың алғашқысы. Осындай соғысты 1899 жылы Англия Африканың оңтүстігіндегі Бур Республикасының аумағын басып алу үшін жүргізді. 1904 жылы Жапония мен Ресей арасында соғыс өрши түсті. ХХ ғасырдың басында дүние жүзін қайта бөліске салу үшін күрес шиеленісіп кетті. 1905 – 1906 жылдары Марокко үшін Германия мен Франция арасында соғыс оты тұтана жаздады.
Азия елдері.Азияныңөз өнеркәсібі болмаған, тәуелсіз елдері үнемі сыртқы күштердің қысымына ұшырап тұрған.
Қытай.ХХ ғасырдың басында Азиядағы ірі мемлекет – Қытай маньчжурлық Цин әулетінің билігінде болды. ХХ ғасырдың өзінде-ақ Батыс елдері Қытайдың орасан көп табиғи байлықтарына бақылау жасауға ұмтылған болатын.”Апиын соғыстарында” жеңіске қол жеткізген Батыс елдері Қытай үкіметін тең құқықсыз келісімшарттарға қол қоюға мәжбүр етті. Осы келісімшарт бойынша Қытайдың тұтас облыстары дерлік шетел алпауыттарының ықпалды аймағына айналды.
Қытайға шетелдік капиталдың қарқынды енүі тауар-ақша қатынастарының дамуына мүмкіндік берді. ХІХ ғасырдың 70-80 жылдарында Қытайда алғашқы ұлттық кәсіпорындар пайда болып, Қытай ұлттық буржуазиясы қалыптасты.
Корея.Қытай үлкен жеңіліске ұшыраған 1894-1895 жылдардағы жапон-қытай соғысы Кореяның жартылай отарға айналуының алдын алды. Кореяда іс жүзінде жапондық шапқыншылық режімі орнады. Жапониямен соғыста патшалық Ресейдің жеңіліске ұшырауы жапон империализмінің барынша құлаш сермеуіне мүмкіндік берді.1905жылы американ дипломатиясының қолдауымен Корея үкіметін қамқоршылық тұралы келісімшартқа қол қоюға мәжбүр етеді. 1910 жылы Корей монархы өкіметтен аластатылды. Енді Корея Жапон генерал-губернаторлығы болып құрылды. Елде жапонияның отарлық режімі нығайды.