Просмотр содержимого документа
«Т?ркия та?ырыбы бойынша саба? жоспары »
Сабақтың тақырыбы. Түркия.
Сабақтың мақсаты;
Білімділік;Түркия халқының ұлт – азаттық күресінің негізгі себептерін ашу, Мұстафа Кемалдың қызметі, реформалардың маңызын, тәуелсіздіктің жариялануы, екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Түркиядағы жағдай туралы білімдерін қалыптастыру;
Дамытушылық:негізгі деректермен жұмыс, оқушылардың қажет ті ақпараттар алу машығын қалыптастыру логикалық ой – өрісін жетілдіру, танымдық қызығушылығын дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды дүние тарихына құрметпен қарауға, доcтыққа, бір – бірін түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:топпен жұмыс
Көрнекілік:интерактивті тақта, оқулық, карта, слайд, таратпа қағаздар, бағалау бетшесі
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
“Ой қозғау” Мұстафа Кемал
Топқа бөліну
1.Анадолы, 2.Сакария, 3.Сивас, 4.Анкара
II. Жаңа тақырып
І. Ұлт - азаттық күрестің басталуы
ІІ. Түркияның тәуелсіздігінің жариялануы
ІІІ. Кемал үкіметінің реформалары
ІҮ. Түркия екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
Тәуелсіз Түркия
1920 жылы Түркияның тәуелсіздігі мен тұтастығы жарияланды
1921 жылы 16 наурыз Кеңес - Түркия достық келісімі жасалды
1924 жылы шілде Лозаннада 7 мемлекет Түркияның аумақтық бүтіндігін мойындады
1924 жыл 20 сәуірде Түркияның жаңа Конституциясы қабылданды
1923 жыл 29 қазанда Түркия Республикасы жарияланды