Ту?ан ?лкені? м?ражайлары мен тарихи ескерткіштері- мектеп о?ушыларын патриотизмге т?рбиелеуді? бір ??ралы
Ту?ан ?лкені? м?ражайлары мен тарихи ескерткіштері- мектеп о?ушыларын патриотизмге т?рбиелеуді? бір ??ралы
Б?л материалда автор ту?ан ?лкені? м?ражайларын зерттеу м?селесіне ж?не оны о?у процесінде тиімді пайдалану м?селесіне то?талады. Материалда та?дау курсыны? ба?дарламасы да ?оса берілген. Материал толы?, ?рі о?ушыларды елжандылы??а, патриот болу?а т?рбиелеуге ?те тиімді. Авторды? жеке ?станымы бар.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Жергілікті мұражай экспонаттары мен оқу-әдістемелік материалдарды оқу-тәрбие үрдісіне пайдалану арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің мүмкіндіктерін айқындау
Оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің моделі негізінде таңдау курсының бағдарламасын жасап, оны эксперименттік байқаудан өткізу, нәтижесін саралау
Адамның “кіші Отаны”- туып-өскен туған өлкесі. Олай болса, Отанға деен махаббат бала бойына сол өзі туып-өскен өлкесін сүюден, туған жерін қадірлеп, қастерлеуден басталады. Туған өлкесінің тарихы мен тағылымын, жүріп өткен жолы мен парасатын, туған жерінің табиғаты мен қайталанбас ерекшеліктерін оқушы бойына сіңіру арқылы, біз, ұстаздар қауымы Қазақстан атты алып мемлекеттің, Ұлы Отанымыздың мықты патриоттарын тәрбиелейміз. Қазіргі уақытта, мектеп оқулықтарында әрбір аймақ, жергілікті өлкелер туралы мағлұматтар өте аз беріледі немесе жоқтың қасы. Осыған байланысты мен өз жобамда мектеп бағдарламасына қосымша мәліметтер ретінде пайдалануға болатын, туған өлкенің тарихы мен тағылымына арналған таңдау курсы бағдарламасының үлгісін ұсынып отырмын.
8-сыныпқа арналған “Туған өлке тарихы” таңдау курсының үлгі жоспары
№
Тақырыбы
1
Сағат саны
теория
2
Кіріспе. Туған өлке тарихы.
Өткізу формасы
практика
Торғай туралы тарихи деректер.
2
3
-
2
Халық батырлары және олар туралы мұралар
4
Шолу әдісі
2
5
2
Өлкеміздің тарихи мұражайлары
Проблемалық дәріс және семинар
6
Торғайдағы оқу-ағарту: ұстаздың ұлы тұлғасы.
2
4
3
7
Дәріс және жоба қорғау
2
Алаш алыптары. Біз оларды мақтан тұтамыз
8
Торғайдан шыққан саңлақтар
Дәріс және экскурсия
2
2
2
Дәріс және экскурсия
Тарихи орындар
2
9
Зияткерлік ойын және жорық
Тарихи ескерткіштер
2
2
1
Дәріс және дебат
1
1
20
барлығы
Дәріс және Ы.Алтынсарин мұражайына саяхат
Дәріс және сайыс сабақ
14
34
Мен педагогикалық талаптарды ескере отырып, педагог-ғалым А.С. Белкин ұсынған төмендегі бағыттар мен технологияларды пайдаландым. Олар мыналар:
Бірінші бағыт-танымдық бағыт.
Ол оқу әрекетінде табысты жағдаят туғызу.
Соның ішінде «Таным қуанышы» амалы елеулі нәтижелі болып шықты.
Мәселен, оқуда айтарлықтай жетістіктерге жете алмай жүрген оқушылар,
мектепке келгенде сабақ басталды деген сөзден қуаныш сезіміне бөленбейтіні белгілі.
Ал біз оларды оқудан тыс танымдық әрекеттерге тартып, оның нәтижесін көруге жағдай
туғызу арқылы, олардың танымдық әрекет қуанышына бөленуіне мүмкіндіктер туғыздық.
Сонымен қатар танымдық әрекеттің өз бетімен білім алуға, өзін-өзі тәрбиелеуге ұласатынының куәсі болдық.
Екінші бағыт «Эвристика» амалы арқылы қабілетті арттыру.
Мысалы, орташа оқушыларға оқу әрекеттерін
орындауға бағытталған тың тапсырмалар
бергенімізде олар жинаған материалдарды оқып,
зерттей отырып, жаңа болжамдар жасауға талпыныс жасады.
Мұғалім оқушының алдына күн өткен сайын күрделі міндеттер
қою арқылы оның ықтимал мүмкіндігін іске қосу көзделді, сөйтіп
әр оқушының дамуына қол жеткізілді.
Үшінші бағыт-аңғарымпаздық бағытына баулу
Тарих сабақтарында жергілікті жер мәліметтерін хабарлауда әдейі қателіктер жіберіледі. Осындай қатені кім бірінші боп байқауы және оның қате екендігін дәлелдей білуі талап етілді. Бұл әдіс оқушылардың сабақты мұқият тыңдауына игі ықпал етті және өзіндік пікір дәйектеріне сүйеніп, ойды дұрыс дәлелдеу мәдениеті қалыптасты.
Төртінші бағыт – танып-білуге деген қызығушылық тудыру.
Сыныптағы ең қабілеті төмен деген оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатын көздедік және оған қол жетті деуге де болады. Мұндай оқушыларға ауыл ақсақалдарына барып қосымша материал жазып келу, суретін және мақала авторын тауып келу, әдебиеттер тізімін жасап келу,мақалаға аннотация жазу т.с.с жеңіл тапсырмалардан бастап беріп, олардың жауапкершіліктерін, ұқыптылықтарын, жақсы тұжырымдарын міндетті түрде атап өту арқылы көзқарастарды жағымды жаққа бұру көзделді. Нәтижесінде сыныптар арасында «біз өлкемізді жақсы білеміз, бұл деген үлкен табыс» деген пікірлер қалыптасты.
Бесінші бағыт-педагогикалық-психологиялық ықпал ету.
Аталмыш бағыттың мақсаты оқушылардың елжандылық сезімдерінің дамуына педагогикалық – психологиялық жағымды әсеретуді көздеу. Мұнда «Бейтарап ақпарат», «Бітімгершілік», «Аяқталмаған тезис», «Қарсы дәйек» жәнет.б.амалдармен әдістерді қолдандым.
?
Алтыншы бағыт-шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Бұл бағытта оқушыларды зерттеушілік жұмыстарға баулу, танымы мен шығармашылығын дамыту арқылы азаматтық ұстанымын қалыптастыру көзделді. Шығармашылық жұмыс эвристикалық қиялдау бағытымен тығыз байланысты іске асырылды. Мәселен, «егер Ұлы Отан соғысы болмағанда, еліміздің дамуы қандай деңгейде болар еді?», «Осыдан жүз жыл бұрынғы Торғай мен бүгінгі Торғай», т.б. Мен негізінен мұражай материалдарын пайдалана отырып оқушылар бойында елжандылық қасиеттерді қалыптастыруды басты назарда ұстадым.
Эссе
Тақырыбы:
Қазіргі Торғай
Жетінші бағыт-сауықтыру, шынықтыру бағыты
Халықтық спорттық ойындарды үйреніп, оның шығу тарихын зерттеуге баулу, өз өлкесінен шыққан спорт шеберлерінің өмірі мен шығармашылығын таныту арқылы өлкесін, спортты сүюге тәрбиелеу.
Сегізінші бағыт-экологиялық бағыты.
Ол өз өлкесінің табиғатына деген сүйіспеншілік қалыптастыру, оны ластаудан және жойылып кетуден сақтау, өлкенің экологиялық жағдайын зерттеу, оны жақсарту жолдарын іздету арқылы өлкесіне деген сүйіспеншілігін арттыру көзделді.
Тоғызыншы бағыт-еңбек бағыты.
Ол әрбаланың бойына еңбекету дағдыларын қалыптастыру, еңбек адамдарына құрметпен қарау, кәсіп түрлерін таңдауға бағдар беру, өлкедегі еңбек ардагерлерінің өмірі мен еңбектегі жетістіктерін үлгі-өнеге ете отырып, өз өлкесінің азаматтарына мақтаныш сезім туғызуға тәрбиелеу көзделді.
Оныншы бағыт-пәндік-білімдік бағыты.
Ол география, тарих, биология, әдебиет, химия пәндерінен алған білімдеріне сүйене отырып,өз өлкесінің флорасын, фаунасын, жер байлықтарын, өндіріс орындарының табыстарын зерттеу арқылы елжандылыққа тәрбиелеу.
Он бірінші бағыт-отбасы бағыты
Бұл бағытта өз ата-анасының, әулетінің өмірі мен шежіресін зерделей отырып, отбасын сүю, отбасы ересектерінің жетістіктерін мақтан тұту сезіміне тәрбиелеу көзделеді.