kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыныптан тыс-шара: «Ерлік-елге м?ра, тарих?а ку?»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?  т?рі; Интеллектуалды?  сайыс саба?.

Типі: « Атаж?рт»    интеллектуалды? тарихи танымды? ойын.

К?рнекілік ??ралдары;    интерактивті  та?та, карта, ?лестірме ?а?аздар,хандар суреттері  

П?наралы? байланыс: ?дебиет, география, бейнелеу.

К?тілетін н?тиже:     

 а)  ?аза? еліні? тарихын тере? білу;

 ?)  Тарихи т?л?аларды ?лгі  т?ту;

 б)  ?аза?станны? дамуына ?з ?лесін  ?осу;

 в)  Бірт?тас ?аза? мемлекетіні?  ??рылуы туралы  білім мен т?сінік ?алыптастыру;

 г)  Ал?ан білімдерін сараптай, талдай, отырып ж?не болаша?ты  ба?дарлай алады;

        Жоспары:

  •  
  1.  ?анат ?а?ты кезе?і. Топ басшыларыны?  сайысы.2 минут ішінде 20 с?ра??а жауап береді;
  2. «Білімділер сайысы»  ?пайы к?п топ бастайды. (пікір-сайыс);
  3. «Шары?тау кезе?і»   Семантикалы?  кесте.  Д?рыс жауап?а «с?йкес сан жазамыз»;
  4. «Ойлан тап»; Суреттегі хандарды? кім екенін аны?тау;    
  5.  Ж?ргізуші с?зі: С?лемдесу топтармен  таныстыру;
  6.  ?діл?азылар ал?асымен таныстыру;
  7. Ойынды бастау;

?ортындылау. ?діл?азылар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс-шара: «Ерлік-елге м?ра, тарих?а ку?» »

Сабақтың тақырыбы: «Ерлік-елге мұра,тарихқа куә»

Мақсаты:

Білімділік:оқушыларды қазақ халқының қалыптасу тарихымен ,қазақ хандығының құрылуы, оның алғашқы аумағы мен алғашқы қазақ хандары туралы мәліметтермен оқушыларды жан-жақты таныстыру.

Дамытушылық: тарихи құжаттарды оқу арқылы оқушылардың қазақ хандығын құру туралы өз пікірлерін айтып,мәселені тарихи шындық тұрғысынан бағалау қабілеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік:қазақ мемлекетін құрған қазақ хандарының іс-әрекетінің негізінде оқушыларды ұлттық патриоттық тәрбиеге баулу Отанына ,оның тарихи тағдырына деген құрмет қалыптастыру.

Әдісі: баяндау,сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі; Интеллектуалдық сайыс сабақ.

Типі: « Атажұрт» интеллектуалдық тарихи танымдық ойын.

Көрнекілік құралдары; интерактивті тақта, карта, үлестірме қағаздар,хандар суреттері

Пәнаралық байланыс: әдебиет, география, бейнелеу.

Күтілетін нәтиже:

а) Қазақ елінің тарихын терең білу;

ә) Тарихи тұлғаларды үлгі тұту;

б) Қазақстанның дамуына өз үлесін қосу;

в) Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы туралы білім мен түсінік қалыптастыру;

г) Алған білімдерін сараптай, талдай, отырып және болашақты бағдарлай алады;

Жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Қанат қақты кезеңі. Топ басшыларының сайысы.2 минут ішінде 20 сұраққа жауап береді;

  2. «Білімділер сайысы» Ұпайы көп топ бастайды. (пікір-сайыс);

  3. «Шарықтау кезеңі» Семантикалық кесте . Дұрыс жауапқа «сәйкес сан жазамыз»;

  4. «Ойлан тап»; Суреттегі хандардың кім екенін анықтау;

  5. Жүргізуші сөзі: Сәлемдесу топтармен таныстыру;

  6. Әділқазылар алқасымен таныстыру;

  7. Ойынды бастау;

  8. Қортындылау. Әділқазылар алқасына сөз беру;

  9. Мұғалімнің қортынды сөз;





Ата. Балғынбек Сұлтанов

Керей менен Жәнібек хан бастауымен құрылған,

Қасым ханның тұсында Еуропаға танылған

Қазақ деген хандықтың ұрпақтары атанған,

Армысыздар ағайын кешімізге жыйналған.

Жүргізуші: Жанар. Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

Биылғы жыл еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекеттің яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл.

Отан ,туған жер, атамекен,елім , деген жүрек тебірентіп сезімді оятатын , қасиетті сөздер мен туған жердің тарихы шежіресін білу-әрбір ұрпақтың азаматтық борышы. «Ерлік елге мұра - тарихқа куә» тақырыбы аясында өтетін «Атажұрт» интеллектуалды тарихи танымдық ойынын бастауға рұқсат етіңіздер.



Гүлзира Бердіханова.

Сан ғасырлар тарихынан кешегі,

Туған жердің шежіресі өседі

Менің елім Қазақстан Отаным,

Болашағы бізбен бірге өседі.

Жүргізуші: Ануар

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай танымда, жат дауыста

Біреу озып келеді қатарынан

Біреу қалып жатады асығыста.



Жүргізуші: Жанар

Ойын толқын жатқанда асып тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып,

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсе де, жеңілседе, қалма жасып.



Жүргізуші: Ануар

«Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз.

Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз! Ал,ендеше

сайыскерлерімізді ортаға шақырып қарсы алайық.

1 топ –«Хандар әулеті » Топ басшысы-Мадиханова Ағылай.

2 топ- «Билер билігі» Топ басшысы-Овезбаева Айжан

3 топ -«Ұрпақтар бірлігі» Топ басшысы-Ерболатова Светлана



Жүргізуші: Жанар

1-кезең. Қанат қақты кезеңі. Топ басшыларының сайысы.2 минут ішінде 20 сұраққа жауап береді.

1. IX-X ғасырларда «қазақ» атауы әлеуметтік мағынада қолданылған жер?

(Шығыс Дешті Қыпшақта)

2. . «Алаш» сөзі шамамен қай ғасырларда алғаш рет айтылады?

(IX-X) ғ.ғ

3. Қазақ жүздерінің құрылу себебін жазған ғалым?

(Ш.Уәлиханов)

4. XIII ғасырға дейін «қазақ» атауының қолданып келген мағынасы?

(Еркін адамдар)

5. .Қазақ халқының құрамына енген ру тайпалар өздерінің ең-таңбаларын салған жартас?

(Таңбалы Нұра)

6. «Қазақ» сөзі этникалық мағынға ие бола бастаған ғасыр?

(ХIV ғасыр)

7. Керей мен Жәнібек сұлтандар бөлініп кеткен хандық?

(Әбілхайыр хандығы)

8. Қазақ хандығының құрылған уақыты туралы мәлемет беретін тарихи шығарма?

(Тарихи Рашиди)

9. Қазақ хандығының алғашқы территориясы?

(Шу мен Талас өзендерінің маңы)

10.XV ғасырдың аяғында Қазақ хандығының негізгі қарсыласы?

(Жүніс хан)

11.Қазақ хандығында 1538-1580 жж. билік құрған хан?

(Хақназар хан)

12.Баба сұлттаның астыртын жіберген адамдарды Хақназар ханды өлтірген жыл?

(1580)

13.Қастаспай дос болып өзара көмектесу жөнінде ант беріскен шарт жасасқан хан (Хақназар,II Абдаллах)

14.Есім ханның билік құрған жылдары? (1598-1628)

15.XVII ғасырдың басында қазақ хандығында бір мезгілде билік құрған екі хан? (Есім ,Тұрсын)

16.XVII ғ екінші жартысында қазақ хандығынын астанасы? (Түркістан)

17.1628-1652 хан тағына отырған Есімханның баласы: (Жәңгір)

18. Орбұлақ шайқасы болған жыл? (1643)

19. Тәуке ханның билік құрған жылдары? (1680-1715)

20. Тәуке хан үш жүздің басын қосып құрылтай өткізілген жер? (Күлтөбе

Ерболат

Ғасырдың құрдасы,

Ақындар жырлаған

Көненің сырласы,

Тарихты тыңдаған

Шежіре шертеді,

Кешесі әр тасы

Ғажайып ертеңі,

Жетісу алқасы.

2-кезең. «Білімділер сайысы» Әр топ қазақ хандығының құрылуы жайында сұрақтар таңдайды.

1. Қазақ хандары Керей , Жәнібек, Тәуке, Есім,Хақназар,Қасым, Тәуекел т.б билік құрған жылдары мен қызметі туралы түсінік беру.

2. Қазақ хандығы қай елдермен дипломатиялық байланыста болған?

3. Қазақ хандығы тархындағы ең басты немесе жетекші тұлғалар кімдер?

4.Тәуке ханның тұсында Қазақ хандығында қандай атақты билер мен батырлар болған?

5. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығының ең басты ата заңы қалай аталған? ( оны кімдер құрған?)

6. Алты алаш деген кім?

7. «Қазақ» деген этимологиялық ортақ атау қашан және қалай пайда болды?

Жүргізуші; Жанар Болмаса да оқыған тарихшы атаң, Жинады ескілерден тарих хатын Мақсатым , кейінгі ұрпақ ұмытпаса Айтылған аталардың аманатын.

Сондықтан балам, сен де өз тарихыңды білуге тиістісің,сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз Қазақ руларының басын қосып , халық болып қалыптасуын бастады.

4.Көрініс.«Сұлтандар кеңесі» Керей-Талғат , Жәнібек-Жарас, Ақсүйектер басшысы-Қосай.

( Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді )

-Ассалаумағалейкум, ағалар.

-Уағалейкумсалам төрлетіңіздер.

Ақсүйектер басшысы - Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей-берекетсіздік басып алды. Хан-екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті.Әскери дайындықсыз, батырларды қудалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?

Жәнібек; -Ия сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.

Керей;-Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.

Жәнібек;-Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?

Керей: Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып,Ұлы жүзбен біргейік.

Сұлтандар; Біз дайынбыз бастаңыздар көшті.Біз сіздермен біргеміз.

Жәнібек: Керей ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзіңіз бір бата беріңіз.

Керей: Жолыңды Алла қолдасын,

Жаманшылық болмасын

Кетілмесін тұлпарынның тұяғы,

Қайырылмасын сұңарыңның қияғы,

Барған жерде құшақ жая қарсы алсын

Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы

Жалпақ емес, жақсы жермен танысқан

Алла жебеп ұшқан құспен жарысқан,

Көңілің шат, ат-көлігің арымай,

Отбасыңмен аман-есен табысқан.

Әумин !

3. «Шарықтау кезеңі»

Жүргізуші: Жанар Семантикалық кесте. Дұрыс жауапқа «сәйкес сан жазамыз»

1

Ж Жәнібек пен Кере Керей

Тұсы Тұсында Қазақ хандығындағы халық саны миллионға жетті


2

Бұры Бұрындық хан

Өзін Өзін қазақ және қалмақ ханымын деп санаған


3

Қасы Қасым хан

Сәтті Сәтті жүргізген сыртқы саясаты нәтижесінде Ташкент қаласы




200 ж 200 жылға Қазақ хандығының құрамына енді.


4

Тақы Тақыр хан

«Жеті « Жеті жарғының» авторы


5

ХақнХақназар хан

«Көш « Көшпелі өзбектер» мемлекетінен бөлініп шықты.


6

Шығ Шығай хан

1480- 1480-1511 ж. Хандық етті


7

Тәуе Тәуекел хан

Жетіс Жетісуға қашып барып Моғолстан қолына қарсы қырғыздармен одақ жасас ты.


8

Есім Есім хан

1643 1643ж. Жоңғардың 50 мың әскерін жеңді.


9

Жәңг Жәңгір хан

80 жа 80 жасында хан тағына отырды.


10

Тәуке Тәуке хан

42 ж 42 жыл хандық құрды. Қазақ хандығын қалпына келтірді.




4. «Ойлан тап» сайысы . Суреттегі хандардың кім екенін анықтау.

Ақбота: Түріктің бір бұтағы қазақ еді, Қайсар мінез ,өр еді, ғажап еді Жәнібек ,Керей хандар басын қосып Өмірге келген еді қазақ елі.

Светлана;

Алтай мен Атыраудың арасында

Жетісу, жеті өзеннің сағасында,

Бірігіп Ұлы, Орта,Кіші жүз боп

Хандық құрды қазақ өз даласында.



Жүргізуші; Ануар

Көрініс : « Бақ қайда барасың , ынтымаққа барамын»

Төле би : Иманкулов Радик

Әнет баба : Арыстангалиев Абай.

Баба ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады.

Төле: «Қайткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ?»

Әнет баба: Балам мынаны сындырып көрші.

Төле би: Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.

Әнет баба: Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы?

Төле би: Ортасынан буылған шыбықты шешіп біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді.

Әнет баба : Бұдан не түсіндің балам?-дейді.

Төле би: Түсіндім, бұл мысалыңыздың мәнісі ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да, ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші ,бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.

Әнет баба : -Бәрекелде, балам, дұрыс таптың . Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың дегенде,ынтымаққа барамын» - дегеннің мәнісі осы.

Жүргізуші: Ануар

Елбасы 2015 жыл –ұлттық тарихымызды ұлықталатын жылы екенін еске салды.

2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Асссамблеясы мен Конститутциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өттік.

Қортынды: Мұғалім сөзі.

Армысыздар бүгінгі «Ерлік –елге мұра, тарихқа куә» атты сайысымызға қатысушы оқушылар және қонақтар!

Қазақ хандығы –бүгінгі Қазақстан Республикасы мен көрші аймақтардың территориясында 1465-1847 ж аралығында құрылған мемлекет . Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі территорияны, Сырдария мен Амудария өзендерінің

аралығын , Хорасан жерін қамтыған.

Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы дала демократиясына негізделген.Мемлекет басшысы –хандар саяси билік жүргізетін. Олар төре тұқымынан шыққан сұлтандар арасындағы таңдау негізінде сайланатын.

Қазақ хандығының тұңғыш ханы –Керей, соңғы ханы –Кенесары Қасымұлы.



Өткенім бар өкініш жасыра алмай

Тарихым бар жазылған ғасырлардан,

«Қазақ» деген ел барын әйгілейік

Орындалсын аңсаған асыл арман.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Сыныптан тыс-шара: «Ерлік-елге м?ра, тарих?а ку?»

Автор: Калмаганбетова Светлана Артикбаевна

Дата: 01.06.2015

Номер свидетельства: 216756


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства