Просмотр содержимого документа
«Презентайия на тему "Универсиада 2017"»
Универсиада — дүниежүзілік студенттік спорт ойындары. Универсиада – Халықаралық Университеттік Спорт Федерациясының ( ағылш . International University Sports Federation (FISU) ) ұйымдастыруымен студенттер арасында өтетін халықаралық жарыс. Бұл дүбірлі доданы «Бүкіләлемдік студенттік ойындар» немесе «Бүкіләлемдік университеттік ойындар» деп те атайды. Мыңдаған талантты жастардың басын қосатын бұл ойындар екі жылда бір болып тұрады. Яғни бір жылы қысқы спорт түрлерінен өтсе, келесі жылы жазғы ойындар ойналады .
Тарихы
1923 жылы студенттердің халықаралық конференциясында қабылданған. Екінші Дүниежүзілік соғысқа дейін көпшілік сипаты болған емес. 1945 жылы Универсиада Бүкіл әлемдік жастар демократиялық федерациясымен қайта туындады. 1957 жылдан бастап Универсиада халықаралық спорт жарыстарының ең үлкенінің бірі болып табылады. Спорт тарихындағы тұңғыш қысқы Универсиаданың тұсауы 1960 жылы Францияның Шамони қаласында кесілді. 28 ақпан мен 6 наурыз аралығында өткен бұл халықаралық додада 4 алтын , 2 күміс , 1 қола медальмен Франция көш бастады. 3 алтын, 1 күміс, 1 қоланы қанжығаға байлаған Кеңес Одағы екінші орын иеленді. Содан бері екі жылда бір болатын қысқы Универсиада төрткүл дүниенің төрт бұрышында 25 мәрте өткізілген. Соңғысы 2011 жылдың 27 қаңтары мен 6 ақпан аралығында Түркияның Эрзурум қаласында жалауын көтерді. Дәрежесі жөнінен тек Қысқы олимпиадаға ғана жол беретін Универсиаданың 2013 жылғы астанасы – Словенияның Марибор қаласы. Бұл қала 2011 жылы жоғарыда аталған Түркиялық қаламен тартысқа түссе де,мақсатына тек осы жолы ғана жетіп отыр. Ал 2015 жылы дүние жүзінің жас таланттарын Испанияның Гранада қаласы қабылдайды. [1] Жұпсыз жылдары жаздық Универсиада жүргізіледі ( жеңіл атлетика , гимнастика , жүзу , волейбол , баскетбол , су полосы, теннис , суға секіру және фехтование), жұп жылдары — қысқы ( шаңғы спорты , мәнерлеп сырғанау және хоккей ). Универсиада жеңімпаздары алтын, күміс және қола медальдарымен марапатталады. Универсиадаға студенттер , аспиранттар және ЖОО түлектері қатысады Универсиада қатысушылардың жастары — 17-ден 28 жасқа дейін
Универсиаданы Алматыда өткізу туралы ресми шешім 2011 жылғы 29 қарашада Брюссельде Халықаралық университеттік спорт федерациясында (FISU) өткен дауыс беру нәтижесінде қабылданды. Осылайша, Алматы бұрынғы кеңестік кеңістік елдерінің ішінде бірінші болып, 2017 жылы өтетін XXVIII қысқы Универсиаданың астанасына айналды. Бұған дейін 1973 жылы Мәскеу және 2013 жылы Қазан қаласы жастардың тек жазғы спорт ойындарын қабылдаған болатын. Универсиада туын Алматы қаласына беру салтанатты рәсімі 2015 жылғы 15 ақпанда Испанияның Гранада қаласында өтті.
Алматыда өтетін 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиаданың тұмары ретінде сұңқар таңдалды. Тұмарды ұсынушылардың пікірінше, сұңқар жылдамдықты, жеңілдікті, күш-қуат пен жеңіске деген құлшынысты бейнелейді.
Универсиада Алауы Эстафеталар бірнеше қалаларда болып өтті
Универсиада Алауын Өскеменде қайықпен Ертіс арқылы алып жүрді
Қысқы универсиада Алау эстафетасы Петропавл қаласында өтті
Қысқы универсиада Алау эстафетасы Қостанай облысында өтті
Ақмола облысында 2017-Қысқы Универсиаданың Алау Эстафетасы өтті
Қарағанды қаласында Эстафета Алауы жағылды
БАС АҚПАРАТТАР:
Алматыдағы 2017 жылғы қысқы Универсиадаға 55 елден 2 мыңға жуық спортшы қатысады.
Жарысты ұйымдастыруға 3 мың ерікті жұмылдырылады (шет ел мен Қазақстанның әр өңірлерінен).
Жарыс уақытында 30 мыңға жуық шет елдік қонақ пен турист келеді деп күтілуде .
Алматы – студенттер қаласы.Қазақстанның әрбір 4-ші студенті оңтүстік астанада білім алуда.
Қысқы Универсиаданы 80 елден 1 млрд адам телеарналардан тамашалайды.
СПОРТТЫҚ БАҒДАРЛАМА:
2017 жылдың 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында 28-шіБүкіләлемдік қысқы Универсиада болады. 2017 жылғы қысқы Универсиада 12 спорт түрінен өтеді:
биатлон,
шаңғы спорты,
кёрлинг,
коньки спорты,
шаңғы қоссайысы,
шаңғымен жарыс,
шаңғыментұғырдан секіру,
сноуборд,
мәнерлеп сырғанау,
фристайл,
шайбалы хоккей,
шорт-трек.
Жарыс 8 спорт нысанында өтеді:
«Шымбұлақ» тау-шаңғы шипажайы
«Медеу» спорт кешені
«Сұңқар» шаңғы трамплиндер кешені
Б.Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы
«Алатау» шаңғы-биатлон кешені
Мұз сарайы
Мұз аренасы
Алматының орталығындағы уақытша спорт кешені.
СПОРТ НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ:
Мұз сарайы
Мұз сарайы ең бірінші рет өз жұмысын 2017 жылғы қысқы Универсиада кезінде бастайды. Ареналар, студенттік ойындар аяқталғаннан кейін де қолдануға болатындай мақсатпен арнайы жасалған. Универсиаданың ашылу және жабылу салатанаты, керлинг, мәнерлеп сырғанау жарыстары осында өтеді. Мұз сарайы кәсіпқой спортшылар дайындық жасауға келетін спорттық нысан болады. Аренаның мүмкіндіктерін кез-келген адам қолдана алады. Қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатымен бұл нысанда өнімді сақтау мен қызмет көрсету саласындағы қазқамту 50 пайызды құрайды. Құрылыс жұмыстарын «Базис» құрылыс компаниясы жүргізуде. Құрылыс жұмыстарына 1500 қазақстандық жұмылдырылған.
Мұз аренасы
2017 жылғы 28-інші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада уақытында Мұз аренасы ерлер арасында шайбалы хоккейден жарысты қабылдайды. Спорт кешені көп функциялы. Мұз аренасы 3000 көрермен сиятын трибунадан және 300 көрерменге арналған кіші аренадан тұрады. Бұл жер волейбол, баскетбол, шағын футбол жәнет.б. спорт түрлері алаңына трансформациялана алады. Қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатымен бұл нысанда өнімді сақтау мен қызмет көрсету саласындағы қазқамту үлесі 51 пайызды құрайды. Құрылыс жұмыстарына «Азия Жаңа Арена» құрылыс компаниясы қатысуда. Құрылыс жұмыстарына 1200 қазақстандық және 80 отандық компания жұмылдырылған.
Атлеттер қалашығы
Атлеттер қалашығы 8-9 қабатты 8 ғимараттан және 14 қабатты 4 ғимараттан, орталық алаңнан, 800 орынды асханадан, бассейн, медициналық орталықтан, кинотеатр және тұрмыстық қызмет көрсететін бөлмеден, 2 қабатты, инфрақұрылысы дамыған, Универсиадаға қатысушыларға қызмет көрсететін платформадан тұрады.Қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатымен бұл нысанда өнімді сақтау мен қызмет көрсету салсындағы қазқамтудың үлесі 50 пайызды құрайды. Құрылыс жұмыстарына «Элитстрой» құрылыс компаниясы қатысуда. Құрылыс жұмыстарына 2000 қазақстандық құрылысшы жұмылдырылған.
Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) өкілдері
Олег Матыцин, Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) Президенті: «Универсиадаға дайындық барлық бағытта жүріп жатыр. FISU тарапынан бағдарламаны жүзеге асыруда ескертпелер жоқ. Қазақстанда спорттық инфрақұрылым жедел дамыуда. Қазақстан Республикасының Президенті, ел Үкіметі, Алматы әкімдігі, спортқа бей-жай қарап жатқан жоқ. Универсиада- Қазақстан үшін әлеуметтік жоба екенін аңғарып отырмыз. Яғни, Қазақстан жарыстарды құр өткізіп қоймай, Универсиада аяқталғаннан кейін барлық спорт нысандарының халықтың пайдасына жарауын ойлағаны қуантады.
Милан Августин, Қысқы универсиадалар FISU директоры:
«2017 жылғы қысқы Универсиада нысандарының керемет үлгіде екеніне көз жеткізгенбіз. Мұз сарайына мұз төсеу үшін ең озық технологиялар қолданылуда. Универсиадаға салынып жатқан нысандар, спорттың дамуына үлкен рөл атқармақ. Бірінші рет Универсиада ойындарына арналып, Атлетикалық қалашық салынып жатыр. Бұл жерде жарыс кезінде 5000 адам орналастырылады. Алматыдағы Универсиада, бұрыңғылардан әлдеқайда өзгерек болмақ».
Қазақстан спортының өкілдері
(спортшылар, бапкерлер, ардагер спортшылар)
Нұрберген Жұмағазиев, шорт-тректен Қазақстан құрамасының капитаны: 2017 жылғы қысқы Универсиадаға сақадай-сай дайынбыз. Қазір Голландияда оқу-жаттығу жиындарында жүрміз. Келер жылы Алматыда өтетін дүбірлі додада тек алтын алу үшін барымызды саламыз. Біздің команда мықты жігіттерден жасақталған. Сондықтан өзімізге сенеміз. Универсиада мен үшін Олимпиада ойындарымен пара-пар. Өйткені бұл жарыстарға Олимпиада ойындарына қатысып жүрген командалар келеді. Ал олардың арасынан топ жару, Олимп шыңын бағындырумен тең.
Виктор Ким, ҚР керлинг ассоциациясының Президенті: «2017 жылғы қысқы Универсиадаға дайындық қызу жүруде. Біз қазір сол жарыста қызмет ететін төрешілерді, мұз төсейтін мамандарды шетелдерге жіберіп, дайындап жатырмыз. Керлингке қажетті құрал-жабдықтарды сатып алудамыз. Келер жылы өтетін қысқы ойындар ел спортының дамуына оң әсерін береді