«Өткеніміз – өнеге, күткеніміз келешек»
Тарихи – интеллектуалдық ойын
«Өз тарихын сыйламаған халық өзін де сыйламайды».
Н. Ә. Назарбаев
Шараның мақсаты:
1)Оқушылардың тарих пәнінен алған білімдерін пысықтау;
2) Танымдық ой – өрісін дамыта отырып, оқушылардың тарихқа деген қызығушылығын арттыру;
Жоспары:
І. Блиц – турнир. Тарихи жұмбақтар
ІІ. Ерте орта ғасырлар мен дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттер
ІІІ. Бейнесауалдар
ІV. «Тарихты жақсы білеміз бе?»
ХІІІ-ХV ғасырдың І жартысындағы Қазақстан.
V. Кейінгі орта ғасырлардағы Қазақстан
VІ. Орта ғасырдағы мәдениет
VІІ. Қорытындылау
І тур. Тарихи жұмбақтар. «» тобына:
Сарайшық бас қаласы.
(Ноғай ордасы)
2. Екі ағайынды туады,
Шығыс пен батыста тұрады.
Батыста тұрған бауырдың
Қайсарлы он ұлы болады.
(Батыс Түрік қағанаты немесе Он оқ будун)
3. Он алтыншы ғасыр басы,
Ер атағы жаһан асты.
Бүкіл Азия діріл қақты,
Бұл хан талай елді алды!
(Қасым хан)
«» тобына тарихи сұрақтар
1.Сабалақ болып атанады,
Абылай есімі жарасады,
Түп есімі қалай аталады?
(Әбілмансұр)
2. Жалынды жиырмадан асқан кезі,
Елу бір пұтты бағындырған еді.
Қойған халық аты «Балуан Шолақ»,
Шынайы «Түйе балуан» есімін кім таппақ?
(Балуан Нұрмағамбет)
3.Күйлерімен күй атасы атанды,
Әрдайым домбырасы сайланды.
Адай күйін жүз ағызып қайланды,
Бірде «Кішкентай» күйімен байланды .
(Құрманғазы Сағырбайұлы)
ІІ тур. Ерте орта ғасырлар мен дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттер
1.Түрік қағанатының құрылған жылы:
2. Батыс Түрік қағанатының астанасы:
3. Батыс Түріктерде сот істерін атқарғандар:
4. Батыс Түріктерде сот істерін атқарғандар:
5. 704 – 756 жылдары өмір сүрген қағанат:
6. Түргеш қағанаты 20 әкімшілік аймаққа бөлінді. Әр аймақ
7 мыңнан әскер шығарды. Қағанатта барлығы қанша әскер болды?
7. Ерте орта ғасырларда қазақ жеріндегі қағанаттардың ішіндегі ең ұзақ өмір сүргені:
8. Оғыздардың астанасы?
9. Оғыз билеушісінің лауазымы:
10. Қимақ қағанатының орталығы:
ІІІ тур.Бейнесауалдар.
ІV тур. ХІІІ – ХV ғасырдың І жартысындағы Қазақстан
- «Отырар опаты» болған жыл:
- Қазақстанның көп бөлігі Шыңғысханның қай баласының ұлысына қарады?
- Алтын ордада исламды мемлекеттік дін деп жариялаған хан:
- Алтын ордада әскери істерді басқарушы:
- Ақ Орда мемлекетінің аумағы кімдердің інжуін қамтыды?
- 1368-1369 жж. Сығанақта өз атынан теңге соқтырған хан:
- Моғолстанның астанасы:
- Ноғай ордасының негізгі халқы:
V тур. Кейінгі орта ғасырлардағы Қазақстан
- Мұхаммед Хайдар Дулатидың дерегі бойынша Қазақ хандығының құрылған мерзімі:
- Керей мен Жәнібекке Жетісудың батысынан жер бөліп берген моғол ханы:
- 1470 жылы Жәнібек хан шабуыл жасаған қала:
- Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалар үшін Мұхаммед Шайбанимен қанша жыл соғыс жүргізді?
- М. Х. Дулатидың дерегі бойынша Қасым ханның әскерінің саны:
- Қазақ хандығының тарихында ең ұзақ таққа отырған хан:
- 1580-1582 жылдары билік құрған хан:
- Есім ханның кезінде 1613-1614 жылдары өзін хан деп жариялап, елді екіге бөлген сұлтан:
VІ тур. Орта ғасырлардағы мәдениет
- Көне түрік әліпбиі қанша әріптен тұрады?
- Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері:
- 12 жырдың қосындысынан тұратын кітап:
- Түріктер отбасына шапағатын тигізеді деп табынды:
- Айша – бибі кесенесінің салынған мерзімі:
- Әл – Фараби өмір сүрген жылдар:
- Отырардан 3 км жерде орналасқан, ХІV ғасырда салынған кесене:
- 1693-1787 жылдары өмір сүрген, Абылай ханның ақылшы биі болған жырау:
- «Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» деп жазған:
- Жеті мың жолдық «Еңсегей бойлы ер Есім» жырының авторы:
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!