Сабақтың тақырыбы:
§21. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.
7 сынып
Дайындаған тарих пәнінің мұғалімі
Киясов Тұрарбек Бахтыгерейұлы
(2015 жыл)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты:
Оқушыларға Қазақстанда Монғол империясының үстемдік етуі, империяның басқыншылық саясаты мен оның зардаптарының әсері жайында толық мағлұмат беру.
Тәрбиелік мақсаты:
Қазақ тарихындағы осы бір оқиға арқылы оқушыларды патриоттыққа, елжандылыққа, саяси сауаттылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты:
Оқушылардың белсенді ойлау қабілетін арттыру, алған білімдерін қажетіне сай пайдалана білуге, өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру.
І.Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
а) Амандасу, с ынып оқушыларын түгендеу.
б) Сынып оқушыларын тақырыпқа байланысты мемлекеттердің аттарымен топтарға бөлу.
1- топ «Түргештер»,
2-ші топ «Қарлұқтар»,
3-топ «Қыпшақтар».
ІІ.Бойқыздыру – оқушылардың қызығушылығын ояту (5 мин)
Терминдердің мағынасын ашу:
Ташнау, Ғаныш, Терракота, Мешіт, Кесене,
Тотемизм, Боғра хан, Ислам,
Ұлы Жібек жолының тарихи шеңбері?
Цитадель, Шахристан, Рабад,
Отырар қаласының ежелгі атауы?
Зергерлік кәсіп,
«Дешті Қыпшақ» сөзінің мағынасы.
ІІІ. Өткенді қайталау : 5 мин )
Сын тұрғысынан құрылған сұрақтарға жауап беру:
І топ
Әбунасыр әл-Фараби, Әбу Райхан әл-Бируни, М. Қашғари, Ж.Баласағұн, Қожа Ахмет Йасауи
? Бұл есімдерді не байланыстырады?
ІІ.Топ
Аравия түбегі, Иран, Сирия, Палестина, Египет, Ирак, Атлах, Оңтүстік Қазақстан, Жетісу
? Бұл географиялық атауларды не байланыстырады?
ІІІ.Топ
542, 552, 603, 603-704, 682-744, 704-756, 756-940, 942-1212 ж.ж
? Бұл даталарды не байланыстырады?
ІV.Үй тапсырмасын тексеру: (5 мин)
- 1.Монғол мемлекетінің құрылуы. Монғол мемлекеті қалай империяға айналды?
- 2.Монғол империясының қоғамдық құрылысы
Үй тапсырмасын қорытындылау
V. Жаңа сабақ: (§21) (20 мин)
І топ – Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.
Тапсырма: «Анықтау»
1. Неліктен монғолдар Қазақ жеріне қызықты?
2. «Отырар опаты» - хронологиялық әңгіме құрастырыңыз.
ІІ топ – Жаулап алу зардаптары.
Тапсырма: «Зерттеу»
1. Әлеуметтік – экономикалық дамуына тигізген зардабы.
2. Монғолдар шапқыншылығының қазақ мемлекеттігнің қалыптасуына тигізген зардабы.
ІІІ топ - Ұлыстардың құрылуы.
Тапсырма: «Географиялық мозаика» құрастыру
1. Ұлыстардың географиялық орналасуын анықтау
2. Ұлыстар – әкімшілік бөліністер болғанын дәлелдеу.
Бекіту сұрақтары: (3 мин).
- Қазақстанды монғолдар қай кезде жаулап ала бастады?
- Қандай қалалар қарсылық көрсетті?
- Монғол шапқыншылығының зардаптары.
- Қазақстан жері қандай монғол ұлыстарына кірді?
Қорытындылау
Қорытындылау
Бағалау
Үйге тапсырма: § 21,
Жошы және оның ұрпақтары туралы мәліметтер жинастырып келу.
Ұнамаған тұстары бар...
Маған бәрі ұнады, рахмет!
Мүлдем ұнаған жоқ